Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет84/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   401
treatise187525

113


ӘРЕКЕТ – (араб. – харекет, амал, тәсіл) адамның кейде әлеуметтік топтың әлдебір істі атқаруға белсене кірісуі. Ә. қажеттіліктен, талпыныстан және мақсатқа жетуге қажетті біліктілік пен тәжірибелік дағдылардан құралады. Адамды әрекетке ұмтылдыратын негізгі күш ниет. Ә-тің сыр- сипатын түсіну үшін ниетті мақсаттан ажырата білу керек. Мақсат дегеніміз
– Ә. арқылы әлдебір нәтижеге жету болса, ал ниет сол нәтижеге жетуге итермелейтін күш. Сондықтан Ә-ке баға беру ниеттің сипатын айқындаудан басталады, яғни ниет кез келген Ә. сырын ашудың «кілті» болып саналады. Демек, Ә. қажеттіліктен, тек ниеттен ғана құралмайды. Ә. кезінде адам мақсатқа жетудің әр алуан құралдары мен мәліметтерді пайдаланып, түрлі амал-тәсілдер, есептер т. б. қолданылады. Бұларды игере білу барысында қалыптасатын біліктілікті, кәсіби дағды мен шеберлікті иелену басты шарт. Жалпы адам табиғатына тән Ә-тің ойын, оқу-іздену, еңбек түрлері бар.


ӘСЕР – өлшемділігі энергия мен уақыттың немесе жол мен қозғалыс мөлшерінің көбейтіндісіндей болатын физикалық шама. Ә. – психикалық құбылыстардың пайда болып, дамуына себепкер болатын қандай да пси- хикалық процестер мен қасиеттер арқылы туады. Ә-ден тыс, әсерге тәуел- сіз ешбір психиканың болуы мүмкін емес. Біздің психикамызға ықпал ететін объективтік дүниенің әсерлері тікелей және жанама, кездейсоқ жә- не жоспарлы, жағымды және жағымсыз т. б. бірнеше салаларға бөлінеді. Олардың кейбіреулері қарапайым психикалық процесс түйсікті тудырса, екіншілері одан күрделірек процесс қабылдауды, ал қайсы біреулері бұлардан да күрделі әрі сапалы процестер мен қасиеттердің қалыптасуына себепкер болады. Сыртқы дүниенің Ә-інен пайда болған психикалық процесіміз сол әсердің тек пассивті бейнесі ғана болып қоймай, сол сыртқы ортаға саналы түрде әсер етуімізге, сол арқылы табиғатты өзімізге белсенді түрде бағындыруымызға да көмектеседі.


ӘСЕМДІК – материалдық және рухани дүниенің адамды ләззатқа бөлейтін сипаты, эстетикалық ұғым. Ә. әдемілікпен тектес. Бірақ әдемілік объектілердің сыртқы және ішкі қырларын бірдей қамтыса, Ә. құбылыс- тардың сыртқы көзге түсетін және пішіндік ерекшеліктерін эстетика- лық тұрғыдан қабылдауға жатады. Ә. ең алдымен, тепе-теңдік, тұтастық, үйлесімділік, ырғақтылық, мақсатқа сәйкестілік, түс пен жарықтың белгілі бір мөлшері т. б. табиғи өлшемдермен айқындалады. Ә-тің осындай табиғи өлшемдерін эстетикалық түйсінуде адамның сезім мүшелерімен қатар, оның ішкі түйсігі мен ақыл парасаты ерекше рөл атқарады. «Пішіннің сыртқы Ә-дігі» (Гегель) оның ішкі мазмұнымен сәйкес келмеуі мүмкін. Жылтырағанның бәрі әдемі емес. Керісінше, сыртқы сұрықсыздық пен сиықсыздық тасасында жоғары жан сұлулығын кездестіру әбден мүмкін.


114

Ізгілік пен жылылықтан алыс Ә. кейпіне ежелгі қазақ аңыздарындағы Пері қызы, грек мифологиясындағы Нарцисс бейнелері жатады. Ә-ті рухани сұлулықтан алшақтатып жіберген дұрыс емес. Өмір мен өнерді Ә. рухани қуаныш пен ләззатқа бөлей отырып, қоғамда зор танымдық және тәрбиелік рөл атқарады. Адам дүниені Ә. үлгісінде қайта құруға ұмтылады. Адамның түрі де, киімі де, жаны да, ойы да әсем болуы керек. Шынайы Ә. адамның шығарм. дарыны мен қабілетін дамыта отырып нағыз әдемі және сұлу тұлға мұратына ұмтылуына жігерлендіреді. Қазақтың дәстүрлі дүниетанымында Ә. өмір мұратына айналып, оған үлкен көңіл бөлінген. Мыс., қазақтар киелі әйел құдай Ұмайды өте әсем, сұлу және қайырымды, жарқын жүзді, күміс шашы аспанды жарқыратқан, күн сәулесі мен кемпірқосақ нұрына шомылған, қолында балаларды қорғайтын алтын садағы бар жас келіншек немесе қыз ретінде таныған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет