ДЕВИАЦИЯ (көнелатын. devіatіo – ауытқу) – жалпыға ортақ қалыпты нормадан ауытқу, яки жеке адамның немесе топтың осы жалпыға ортақ қалыпты нормадан ауытқып, оның жалпы қоғамға немесе белгілі бір топқа жағымсыз әсері болатын әлеуметтік әрекеті. Бұл термин мәдениеттануда субмәдениетті түсіндіру үшін қолданылады.
ДЕГРАДАЦИЯ (франц. degradatіon – құлдырау) – бірте-бірте төмен- деу, құлдырау; жағымды қасиеттердің төмендеуі немесе жоғалтуы. Мәде- ниет деградациясы, белгілі бір мәдениеттің тұрақты элементтерінің (қалып- тары мен идеалдарының) құлдырауын немесе жоғалып кетуін білдіретін ұғым-термин.
ДЕГУМАНИЗАЦИЯ, бейгумандық – қоғамдық өмірдегі рухани, адам- гершілік және гумандық құндылықтарды жоғалту немесе мойындамау, қабылдамау, адамдарды сыйламау, оның адамгершілік қасиетіне менмендік таныту. Өнердегі Д. ұғымын ғылыми айналымға енгізген – Ортега-и-Гассет. Өнер шығармаларынан бейгумандық әсер қалдырар деген жерлерін алып тастау керек деген ой Ницшенің «тіпті қарабайыр, адам өмірін бейнелеуде сол өмірдің өзін сүреңсіз қалпында бере салған» деген тұжырымымен түйінде- леді. Д. өнерде ХХ ғ-да пайда болған авангардтық-модернистік ағымға социо- логиялық және эстетикалық талдау жасау барысында кеңінен қолданады.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет фило- софиясы. – Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007.
198
ДЕИЗМ (лат. Deus – құдай) – құдайдың болғандығын, кейіннен өз заңдары бойынша дамитын дүниенің бейнесіз алғашқы себебі ретінде мойындайтын ілім. Д-нің негізін қалаушы – 17 ғ. ағылшын философы Г. Чефтсбери. Құдайдың әлеммен және адаммен байланысын мойындай- тын теизмнен, құдайды табиғатқа сіңістіретін пантеизмнен және құдайдың болғандығын бекерге шығаратын атеизмнен Д-нің айырмашылығы бар. Шіркеулік дүниетаным үстемдік еткен кезде Д. көбінесе атеизмнің жасырын формасы, материалисттердің діннен аластауының қолайлы әдісі болды. Францияда – Вольтер, Руссо, Англияда – Локк, Ньютон, Толанд, Германияда
– Лейбниц, Лессинг, ал Россияда – И.И. Панин және т. б. Д. өкілдері болды.
Достарыңызбен бөлісу: |