Шығ.: Толық шығ. жин., Қ-о., 1933; Таңд. шығ. – А., 1957, 1987; Избр. – А., 1958; Шығ. жин. 3 томдық. – А., 2002–05.
ТОТЕМШІЛДІК – ру-тайпаның белгілі бір жан-жануарлармен, өсім- діктермен тылсым туыстық байланысы бар деп білген ежелгі наным-сенімі. Бұл атау Солт. Америкада тұратын оджибве тайпасының «ототем – оның тегі» сөзінен шыққан. Зерттеушілер Т-ті адамдардың тұрмыс-салтында ерекше орны бар жануарларды киелендіріп, қасиетті деп санауымен, тіптен табынуымен байланыстырады. Т-тің алғашқы кезеңдерінде бұл наным тотемдік хайуанды тамаққа пайдалануды да жоққа шығармады. Кейіннен Т-ке әлеум., қандас туыстық қарым-қатынастармен байланысты түсініктер енді. Ру-тайпа мүшелері өздерінің арғы тегін белгілі бір хайуанмен байланыстырып, оны қолдап, жебеуші күш деп білді. Т. аясында көптеген тыйымдар туындады, олар қазіргі ғылым тілінде табу деп аталады. Т-тің ертедегі адамдардың қоғамдық өмірінде өзіндік маңызы болды. Ол адамдардың белгілі бір ортақ нанымға тоқайласып, ортақ тыйымдар мен ырымдарға жүгініп, ынтымақтасуына ықпал етті. Т-тің неғұрлым айқын белгілері бар наным-сенімдік түрлері америкалық үндіс тайпалары мен австралиялық аборигендерде сақталған. Қазақ халқының салт-дәстүріндегі табулар мен тыйымдар бұрынғы Т. нанымдарына меңзейді. Мыс., Түрік қағандығы кезеңінде түркілердің арғы тегі көк бөрі деген сенім болды. Қасқырды тікелей өз атымен атамай «ит-құс» деп атауы осының мысалы.
469
Сондай-ақ белгілі рухани адамдардың, батырлардың тұлғасы аңыз-әңгімеге арқау болып, оларды ерекше күш-қайрат пен қалыптан тыс қабілеттің иесі деп сенумен байланысты, оларға көмектесетін ғажайып киелі жануарлардың барлығына да сенген. Мәселен, Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) бурасы, Жәнібек батырдың жолбарысы, Абылай ханның, Райымбек батырдың бурасы, т. б. Бұл нанымдар ол жануарларды тікелей тотемдік мағынада қабылдамағанымен, айрықша рухани дәрежеге ие адамдарға ерекше қасиетті жануарлардың қапысыз қызмет жасап, қалыптан тыс рухани деңгейде түсінісетіндіктерінің ишарасы болған. Батырлар жырларындағы, ертегілердегі кейіпкерлердің астындағы атымен немесе басқа жануарлар- мен тілдесуі де, ерекше рухани кемелдікке жеткен адамның ұшқан құс, жүгірген аңның тілін біледі деген сеніммен үндеседі. Сондықтан Т-ті аң- құсқа табыну деп үстірт қарамай адам мен табиғаттың ерекше үйлесімін бұзбай өмір сүрген адамдардың жаратылыс дүниесінің киелілігін сезіне білуімен түсіндіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |