38
656 жылдың қақаған қысын пайдаланып, Қытай империясы Батыс
қағанатқа төтеннен шабуыл жасайды. Тұтқиылдан лап берген есепсіз
күшке төтеп бере алмаған нушебилер, дулаттар бірінен соң бірі жеңіліп,
олардың басшысы Халлығ қалған қолымен Іле өзеніне шегінеді. Сөйтіп,
он оқ халқынан бүтіндей қол үзген ол шегінгеннен шегініп, ақыры Шу
өзенінде тізе бүгеді.
Бірақ Халлығ соңына баласын ертіп, аздаған атты әскерімен жауды
адастырып, оңтүстікке қашып кетеді. Шаш (Ташкент)
қаласына
жақындағанда әбден титық тап, болдырған аттары төрт аяқтап табандап
тұрып алыпты. Шаш қаласының тарханы бұларды ұстап, қол-аяғын
байлап, қуғыншылардың қолына берген екен. Сөйтіп, Халлығ 659 жылы
зындан түбінде азап шегіп, жалғыздықтың тақсыретінен дүние салады.
Ал, көп жылдар өктемдік еткен қытайлар 692 жылға дейін дулаттар
мен нушебилердің 60—70 мыңдаған кісісін қырып тынады.
Осыдан
бастап Түрк қағанаты күйреді деп есептеледі.
Әбден қорлық көрген түрктер VII ғасырдың аяғында Қытай
империясына қарсы көтеріліске шығады. Әдепкіде біраз табысқа
жеткенмен, Қытайдан жаңа күш келіп, Қарақұмға шегінген көтерілісшілер
ақырында, аштыққа ұрынады.
Бірақ түрк халқы бұл жолы жеңілгенмен, тойтарыс алдық деп босқа
қарап отырмаған. Бір жылдан соң
Гудулу (Құтлығ) басқарған түрк
халқының жаңа толқыны қайта өршиді. Құтлығ —
әскери білімі бар,
айла-тәсілге жетік кісі болса керек. Ол тоз-тоз болған түрк халқын қайта
жиып, дана Тоныкөкті соңына ертіп, 683 жылы Қытай басқыншыларынан
түрк жерін азат етеді. Осы әрекеті үшін халық Құтлығты Елтеріс (елді
теруші, жинаушы мағынасында) хан деп атап кетеді.
Түрк халқын құрап іргелі ел еткен Елтеріс 693 жы лы дүние салады.
Соңында әлі де балағатқа жетпеген, әжетке жарай қоймаған екі ұлы
қалады. Сондықтан да таққа оның інісі-Мочур (
Қапаған) отырады.
Қапаған тым арманшыл, қиялшыл, қатал кісі болыпты. Ол бір кезде
даңқы жайылған Түрк қағанатындай мемлекет орнатуды арман етеді.
Оның тым әсіре қаталдығы халық наразылығын күшейтіп, ақыры
Қапаған 716 жылы көтерілісшілердің қолынан қаза табады.
Бұл жағдай Елтеріс ханның буыны бекіп, бұғанасы қатайған заңды екі
мұрагері — Білге мен Күлтегінді таққа әкеледі.
Кішісі — Күлтегін өте ер болған. Қарлұқтармен арада болған соғыста
(711—715) даңқы жайылған жас ба тыр бұрыннан келе жатқан ата дәстүрін
бұзбай, «Білге хан» деген ат беріп, таққа өзінің ағасын отырғызады. Ал,
Білге
хан болса, інісі Күлтегінді әскер басы етіп сайлайды. Басқаша
айтқанда, бұл шын мәніндегі Қаға нат иесі деген сөз еді.
Билікті түгел қолдарына алған Елтеріс (Құтлығ) Қағанның үйелмелі-
сүйелмелі екі ұлы (Білге мен Күлтегін) саясатты әуелі ағасы Қапағанмен
39
сыбайлас болған ақсақалдарды жоюдан бастайды. Бұрын-соңды соғысқа
араласып жүрген кәрі тарландардан Елтерістің тұсында да көрегендігімен
көзге түскен, Қапағанға да кеңесші болған Тоныкөкті ғана ақылшы
етіп қалдырып, оған Баға Тархан (мемлекеттік кеңесші) атағын береді.
Қарт данышпан бұл кезде 70 жаста еді. Көп кешікпей айлакер Тоныкөк
өз қызын Білге Қағанға қосады. Сөйтіп, осы үшеуінің тұсында түрк
халқының даңқы қайта жер жарады.
731 жылы Күлтегін қайтыс болады. Батырдың азасына ат қойып ел-
елден келген көңіл айтушыларда есеп болмаған. Батырлығының куәсі
ретінде оның басына мәңгілік ғажап ескерткіш орнатылды.
Көп кешікпей, 734 жылы дүниеден Білге Қаған да өтеді. Оны
сатқындар у беріп өлтіреді.
Таққа отырған Иоллығ-тегін әкесі
Білге ханның ба сына зәулім
ескерткіш орнатады. Сөйтіп, ағасына да, әкесіне де арнап тасқа қашап
олардың ерліктерін дәріптеген жоқтау-мадақ жырын жазады.
Иоллығ-тегін ақын әрі тарихта болған адам. Ол 739 жылы өз ажалынан
қайтыс болады.
Міне, Түрк халықтарының тарихына қатысты және біз осы кітапта
жариялап отырған Орхон жырларында (Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштері)
бейнеленген тарихи оқиғалардың желісі осындай. Біз мұны негізінен
Н. Я. Бичуриннің «Собрание сведений Азии в древние времена (М.—I
т, 1950—1953), А. Н. Бернштамның «Собрание сведений о народах
обитавших в Средней Азии в древ ние времена» (Москва, т. I—III, 1950—
1953); Л. Н. Гумилевтің «Древние тюрки» (Москва, 1967) деп аталатын
еңбектеріне сүйеніп жаздық.
Түрк
қағанатының құрамына енген, бертінде түрк халықтарына
ұйытқы болған және Орхон ескерткіштерінде аталатын рулар, тайпалар
өте көп. Олардың басты-бастылары жайында қысқаша мынаны айтуға
бола ды:
Достарыңызбен бөлісу: