Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет7/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Қазақ хандығы деп аталады. Қазақ ру-тайпалары Қазақ хандығы 
құрылғаннан бастап халық болып қалыптасты. 
Қазақ хандығы бірде тұтас, бірде жүз-жүз болып бөлініп, XVІІІ 
ғасырдан бастап, біртіндеп Ресейге қосыла бастады. Қазақ хандығы 
тұсында да халық қоғамдық тұрмысына лайық, қабілеті келгенше жаңа, 
өз мәдениетін, әдебиетін, өзінің халықтық әдеби тілін жасады. 
Қазақтың ертеден келе жатқан дәстүрлі ауыз әдебиеті, көбінесе 
бұрынғы әдет-ғұрыпқа, қоғамдық тірлік, шаруашылыққа байланысты әр 
кезде туған салт өлеңдері, кәсіп жырлары, батырлық дастандары бар еді. 
Осылар тағы да дамыды. Мысал ретінде айтқанда, қазақ хандығы тұсында 
«Қобыланды батыр», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Сайын» сияқты 
эпостық жырлар, «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» «Қыз Жібек» секілді салт 
жырлары жасалды.


24
Сөз болып отырған дәуірде қазақтың Асан Қайғы, Мұхамед Хайдар 
Дулати, Қадырғали Жалаири сияқты ойшылдары, тарихшылары; 
Сыпыра жырау, Шалгез, Қодан тайшы, Қазтуған, Доспамбет, Марқасқа, 
Ақтамберді, Жиенбет, Тәтіқара, Үмбетей, Шал, Бұқар сияқты ақындары 
мен жыраулары болған. Осыған қарағанда, бұл дәуірде көшпенділік 
жағдайға байланысты, қазақ халқының ауыз әдебиеті, соның ішінде 
эпостық, салттық жыр-дастандары, ақындық, жыраулық өнері молырақ 
дамығаны байқалады.
Қазақ хандығы дәуірінде шығарылған көркем әдебиет туындылары 
көбінше бұрынғы қыпшақ диалектінде шығарылды да, жазба әдебиет 
нұсқалары, ғылыми еңбектер бұрынғы кітаби тілде жасалды. Осылар 
негізінде қазақтың әдеби тілі қалыптасты.
Қазақ халқы ХІХ ғасырда Ресейге қосылып болды. Ресейге 
қосылғаннан бастап өскен, капиталистік қалыпқа жеткен ХХ ғасыр 
басында оның жоғары сатысында – империализмге ұласқан елдің әсер-
ықпалымен қазақ халқының саяси-әлеуметтік тұрмысы, шаруашылығы 
мен мәдениеті өзгерді. 
ХІХ ғасырда, ХХ ғасырдың басында қазақ тілінде кітаптар көп 
басылды, газет-журналдар шығып тұрды; қазақтың жаңа оқығандары, 
озат идеялы орыс мәдениетінен үлгі алған адамдары Шоқан, Ыбырай, 
Абай, Сұлтанмахмұт, Мұхаметжан, т.б.шықты.
Бұл дәуірде қазақ халқының жаңа әдебиеті: демократияшыл, 
ағартушылық идеялы, сыншыл реалистік әдебиеті туып, өркендеді. Онда 
әдебиет жанрларының жаңа түрлері, көркем проза, публицистика пайда 
болды. Бірді-екілі драмалық шығармалар көрінді.
Ал Қазан төңкерісінен кейін қазақ халқы қоғамдық дамудың 
социалистік жолына түсті. Сонымен, жинақтап айтқанда, қазақ халқының 
бұрын-соңды әдебиетінің тарихын былай жүйелеген дұрыс деп білеміз.
І. Бұрынғы әдебиет (V-XV ғасырлар арасы). Қазақ ру-тайпаларының 
ежелгі ру-ұлыс дәуірлеріндегі әдебиеті. Көбінше сол замандардағы түркі 
ру-тайпаларымен бірге жасаған ортақ әдебиет.
ІІ. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХV-ХVІІІ ғасыр арасы). 
Қазақтың өзіндік әдебиеті.
ІІІ. Қазақтың ХХ ғасырдағы жаңа, сыншыл реалистік әдебиеті.
ІV. Қазақтың ХХ ғасыр басындағы (1900-1920 жылдарындағы)
әдебиеті.
V. Қазақ халқының Қазан төңкерісінен кейінгі әдебиеті. Біз қазақ 
халқы әдебиетінің тарихын дәл осы жүйемен жасауды, оқырман 
көпшілікке осы жүйеде талдап, таныстыруды жөн көреміз. 
1955 жыл.


25


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет