Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет100/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Тоныкөк (Тоңыұқық) (646-741) – Екінші Шығыс Түркі 
Қағанатының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан 
ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір 
болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес 
қосқан кемеңгер. Түркі жұртының азаттыққа қол жеткізіп, жеке 
дербестік ел болып отыруына айтулы еңбек сіңірген дала кемеңгері 
Білге Тоныкөк өзінің бағасын, тарихтағы орнын өзі қашатып, 
жаздырып кетті. Тоныкөктің қай жылы өлгені белгісіз. Тарихшылар 


368
741 жылдың шамасында 95 жасқа жетіп қайтыс болған деген болжам 
айтады. 
Шыңғыс хан (1162-1227) – Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет 
құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі 
ру басшысы Есүхей батырдың отбасында туған. Оның аты Тэмүүжин 
(моңғ.) болған. Ол дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен барыс 
жылы (1206) барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, 
«Шыңғыс хан» лауазымын алды. 
Перғауын, фараон — Құран кейіпкері, Мысыр патшасының аты. 
Аллаһ оған уағыз айтуға Мұсаны жіберген. Фараон Зулаутад деп 
те аталады. Құранда Перғауын өзін-өзі тәңірі санайтын, Мұсаның 
айтқанына сенбейтін, қатігез, озбыр ретінде көрінеді. Дінге 
сенетіндерді қудалайды. Мұса мен оның қандастары Мысырды тастап 
кетпек болғанда, соңынан әскер алып қуады. Бірақ теңіз көтеріліп
топан судың астында қалады. Тек жантәсілім сәтте ғана тәубасына 
келеді. 
Халифа, халиф (орынбасар) – Аллаһ елшісінің орнын басушы
мұсылман қауымының басшысы. Мұсылман қауымына Әбу Бәкір 
басшылыққа сайланғаннан кейін «халифа» терминдік мәнге ие болды. 
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың ең жақын, алғашқы төрт халифасын 
(Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли) сүнниттер «әулие халифалар» деп 
таныды. Олардың өмірі мен ісі мұсылмандарға үлгі-өнеге болып 
саналды. 


369


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет