376
ТАРИХИ-ӘДЕБИ
ШЫҒАРМАЛАР ЖАЙЫНДА АҚПАРАТ
«Ақиқат сыйы» – тарихи- әдеби шығарма. Авторы – Ахмед Иүгінеки
(Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд). Түпнұсқасы сақталмаған. ХІҮ-ХҮ
ғасырларда жасалған үш түрлі көшірмесі бар. Оның ішінде ең ескісі
– 1444 жылы Самарқанда Арсылан Қожа
тархан Әмірдің жазу шебері
Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайынның көшіріп жазған
нұсқасы. Хатқа түскен нұсқасының жалпы көлемі – 508 жол. Бұл мұра
қазір Стамбулдағы Айя-София кітапханасы қорында сақтаулы. Екінші
нұсқасы Стамбулда 1480 жылы Шайх зада Абд ар-Раззақтың ұйғыр және
араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. «Ақиқат сыйының»
үшінші арабша нұсқасы ХІҮ ғасырдың аяғында немесе ХҮ
ғасырдың
басында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбулдағы Топ-
Қапы сарайында сақтаулы. Ә.Құрышжанов, Б.Сағындықов сынды тілші-
ғалымдар «Ақиқат сыйының» қазақша тәржімасын жасаған.
«Авеста» – Авеста Зорастра
дінінің қасиетті кітабы, Иран жерінде
Аршак дәуірінен басталған және әсіресе
Сасанилер кезінде бірнеше
діни реформалар барысында қалыптасқан қағида болып табылады.
Авестаның мәтіні көне парсы тілінен өзгеше және бірқатар белгілері
бойынша неғұрлым кейінгі шығыс иран (соғды, хорезм, сақ және т. б.)
тілдеріне жақын көне иран тілінде жазылған.
Авестаның көп бөлігі
жоғалған, ұмытылған. Ғалымдардың болжамынша, 1/7 бөлігі ғана біздің
заманымыздың ІІІ ғасырында Аршак әулеті дәуірінде жинақталып, кітап
етілген.
«Білге Қаған ескерткіші» – Орхон түркі жазба ескерткіштерінің
ішіндегі көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені әрі аса ірі «мәңгі тас»
(көне түркі тілінде – «Беңгү таш» ) қатарына жататын ескерткіш кешен.
Ескерткіш Екінші Шығыс Түрік қағанатының атақты қағаны —
Білге
қағанға арналған. Көне түркі бітігіндегі «Білге қаған» деген сөздің мән-
мағынасы – «білікті, билік-төрелікті ұстай білген, сұңғыла-білгір қаған»
деген ұғымды білдіреді. Ескерткіштің тілі «таза» сақталған, кірме сөздер
өте аз дерлік. Сол себептен түркі этностарының тілдік табиғатын, тарихи,
әдеби, этнографиялық сыр-қырын анықтай зерттеу үшін қайталанбас
дара мұра. ҮІІІ ғасырдан қалған тілдік және әдеби жәлігерлер.
Достарыңызбен бөлісу: