Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы»



бет7/9
Дата29.10.2022
өлшемі5.16 Mb.
#463586
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бекет ата

Байшағардағы мешіті
Бекет атаның Үстірт жызықтығындағы Байшағырға жақын мешіті бар екендігі туралы кезінде Ата ұрпақтары Жортуылұлы Мақсым мен Сәулеұлы Ермекбай марқұмдар айтқан деректерге сүйене отырып, осы мәселеге кеңірек тоқтала отырайық. Бекет ата Хиуа мен Бұхараға, сондай-ақ Қожа Ахмет Иассауи жерленген қасиетті Түркістанға зиярат жасауға бара жатып, немесе сол барған сапарларынан елге оралып келе жатып Шығыс Үстірт жазықтығындағы өзі салдырған шағын үйіне соғып, жолшыбай намаз оқып, дем алып өтеді екен.
Ақтөбелік зерттеуші Сәрсенбай Ерқасымов: «атаның мешіттерінің саны жетеу болуы керек,ол жетіқарақшы формасын қайталауы тиіс» дегенді айтыпты.
Ел жадында қалған әңгімелерде Жем бойындағы Ақмешітте Бекет ата бала кезінде,Бейнеуде жігіт шағында,Баялыда елдің көші-қон уақыттарында болған.Өмірінің соңғы жылдарының көбін Оғыландыда өткізген.Бекет ата ескерткіштері-оның дарынды сәулеткерлігінің,биік талғамының куәсі болып табылады.

2.3 Бекет Ата туралы аңыздар:
Ағайындары ақ қар, көк мұз, ала боранды қаһарлы қысты ойдағы елде өткізу үшін Маңғыстауға қарай маңдай түзегенде Бекет Ата аз ғана азығымен Ақмешітте қалып қояды екен. Қыста бұл жер Маңғыстауға қарағанда әлдеқайда суық болса да, суық та, азықтың аздығы да атаны алаңдатпайтын болған. Ақпанның ашулы аязы ақырып тұрған бір күні шай қайнатып ішейін десе, көздегі су мұз болып қатып қалса керек. Соны көрген Ата Аллаға сыйынып, аят оқып, саусақтарының ұшын тигізгенде құдіреттің күшімен қатқан мұздың көбісі сөгіліп, мұздай су қайнай жөнеліпті.
Қалың елдің бір аймақтан екінші аймаққа көшуі, онда орнығуы қашан да қақтығыссыз бітпеген. Адай елінің Маңғыстауға қоныстана бастаған кезінде Бекет Ата түрікмен батырлармен талай жекпе-жекте кездесіп, күш сынасыпты.Солардың бірі Бекдұрды батырмен болған тартыста екі батыр бірін-бірі ала алмай, біршама уақыт жұлқысып, жеңісе алмай ақыры мәмлеге келуді ұйғарады. Аттарынан түсіп, ант берісіп, төс түйістіріп достасады. Екі ел арасында достық қарым-қатынас жасауға уәде берісіп, қылыштарын сындырып, құранға маңдайларын тигізіп, еліне имандылық дәнін егіп, жақсылыққа бастауға ниет етеді.
Бекдұрды батыр Қызылқұмнан мешіт салып, түрікмендерді құдай жолына бағыттаса, Бекет Ата Бейнеуден мешіт тұрғызып, бала оқытады, ел арасында татулықты насихаттайды, телі мен тентекті ақ жолға бағыттайды.
Бекет Ата үлкен емші де болған адам. Қандай ауру болса да назарын салса, сауығып кетеді екен. Бірде ауылдас азаматтың жалғыз ұлы күтпеген жерден қатты ауырады. Әлгі адам алып-ұшып Атаға келіпті де, өлердегі сөзін айтып, ұлын емдеуін өтініпті. Таң намазын оқитын мезгіл жақындап қалған уақыт болса керек. Ата ойланып, толғанып, намазға үлгермейтінін білсе де, баланы қарауға ниет қылыпты. Ауруды емдеу біршама уақыт алғандықтан таң намазының уақыты өтіп кетіп, кейін қаза қылған намазын өтеуге тура келіпті. Өзінен де өзгенің мүддесін жоғары ұстаған адамгершіліктің хас шыңына бұдан артық қандай дәлел керек?
Бекет Ата Ақмешітте отырған жылдардың бірінде мұсылман қауымының жаңа жылы Наурыз айы басталысымен кәрі нағашысы тама Есет батырдың ауылына көрісе барып, қайтып келе жатса Жем өзенінің кенеріне сыймай тасып жатқанының үстінен шығады. Жыра-жыраны құлай еңіске қарай ағып, ойпат жерді толтырып, Жем бойын жағалай отырған елдің берекесін алып тұрған топан су Бекет Ата өзенге жақындай бергенде Алланың әмірімен екі айырылып, өтуге мұрсат беріпті. Ата өтіп келе жатқан өзеннің табаны құрғақ болып тұрыпты да, өткеннен кейін судың деңгейі көтеріліп, бұрынғы қалпына қайта келіпті.
Ел арасында Бекет Атаның барар жеріне лезде баратыны туралы көптеген әңгімелер тараған. Соның растығын мына бір әңгіме айна қатесіз дәлелдейді.
Бірде араб елінен Хиуаға келеген бір ғұлама Бекет Атаны көріп қалып:Мен бұл кісіні Меккеден жиі көретіндіктен Араб елінің адамына балайтынмын. Қателескен екенмін, бақсам бұл Хорезм жақтың адамы екен ғой,-депті, таңданысын жасыра алмай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет