III.Қорытынды
Аңыз адам және киелі орындардың тарихи танымды қалыптастырудағы маңызы.
Сарыбек әулиенің айтуынша, Бекет ата 4 жерден мешіт салдырған. Ең әуелі Аралдағы Баялы мешітін оқу бітіріп елге келгесін өзі салдырыпты. Бұл мешітте Әлім-Адай қақтығысы басталғанға дейін ауыл балаларын оқытқан. Әлімдермен ара ашылып, үнемі барымта, кісі өлтіру оқиғалары етек алып, ел арасының тыныштығы бұзыла бергесін, Адайлар бұл маңнан іргесін көтеріп Бекет те мешітін тастап кетуге мәжбүр болыпты.
Ортаазиялық мұсылман қауымында: «Мадинада – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет» деп басталатын сыйынуында айтылатын Бекет Ата Мырзағұлұлы осы топырақта жұмыр басты пенде болып жаратылып, Пір дәрежесіне жеткен тарихи тұлға. Ол заманда да жаратылысы бөлек, жан дүниесі жұмбақ, көңілінің көріпкелі бар кісілерді шеттету, қадіріне жетпеу болғанын ескерсек, екі аяқты пенденің өзі ортасынан биікте самғауы, қалың жұртшылық сыйынатын кие иесіне айналуы үшін – қаншалықты қадір – қасиет, ақыл мен айбар, зерделік пен парасат керек десеңші!Соның бәрі Бекет Атаның бойынан табылған ғой!
Күні бүгінге дейін Пір атамыз туралы қомақты дүниелер баспа бетін көрді. Ол туралы аңыз-әңгімелер де ел аузында ауыз әдебиетінің бір үлгісі ретінде қалыптасқан. Ата еңбегі—мәңгілік мұра.Біз оны үлгі тұтуымыз керек.
Алдан тіреу,арттан сүйеу үздеп,ұлтына ұлағат болар асылдарымыз бен абзалдарымызды түгендегенде тар жерлерде талай тарыққанға медет болған Пір Бекеттің атын,алдымен аруағын ұлықтап жатырмыз.Жаратқанға бұл үшін қанша шүкіршілік айтсақ та ,артықтық етпес.
Ендеше,ұлысқа ұран болған Бекет атаның аруағы бәрімізді де қолдағай!
Осы жұмыспен айналысу барысында менің айтар ұсынысым:
1.Пір Бекет туралы бүлдіршіндердің ұғымына жететіндей мультфильмдер түсірілсе;
2.Пір Бекет атаның атына орай аудандық мүшайралар сайысы ұйымдастырылса;
3.Өлкемізді тану мақсатында мектеп бағдарламасында арнайы пән ретінде оқытылса;
4.Мектеп кабинеттерінде Бекет атаны дәріптейтін арнайы бұрыш жабдықталса;
5.Байшағырдағы Бекет ата мешіті туралы баспа беттерінде терең мәліметтер беріліп,
6.Байшағырдағы ата мешіті кең көлемде тереңірек зерттеліп оқырман назарына ұсынылса нұр үстіне нұр болар еді!
Достарыңызбен бөлісу: |