Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк



бет43/63
Дата26.09.2022
өлшемі380.66 Kb.
#461380
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63
aleumettik-sayasi bilimder moduli (madeniettanu)

Афазия (сөйлеудің бұзылуы) – жүйке жүйесінің кейбір бөліктерінің зақымдануынан адамның сөйлеу қабілетін жартылай немесе толық жоғалтуы.
Аффект – адамның көңіл-күйінің кенеттен өзгеріп, зор қарқынмен бұрқан-тарқан болып сыртқа тебуі (долдану, ызалану, торығу, т.б.).
Афференттеу – сыртқы (экстерорецепция), сондай-ақ, ішкі (интерорецепция) тітіркендіргіштерден қабылданған ақпараттың сезім органдарынан орталық жүйкеге келіп түсетін жүйкелік импульстарының тұрақты тасқыны.
Афференттік синтез – функциялық жүйе теориясында шешім қабылдау мақсатымен қоршаған орта және іске қосылатын стимул жөніндегі есте сақталған материалды, мотивацияны, ақпараттарды жинақтау.
Әдептілік – белгілі бір моральдық нормалар мен принциптерді бұлжытпай орындау. Әдептілік өте қажет қасиет, сезім мөлшерінің негізгі белгісі.
Әдет – жеке адамның өмірінде тұрақтанып қалыптасқан, бойына дарып үйреншікті болып кеткен қылық, адамның санасына тәуелсіз түрде қажеттілігіне айналып, қалыптасып кеткен тұрақты дағды.
Әділдік – моральдық сана ұғымы. Әділет қоғам өміріндегі жекелеген адамдардың атқаратын ролі мен олардың әлеуметтік орны арасындағы, қылмыс пен жаза, адамдардың абыройы мен оның сыйақысы, құқықтар мен міндеттер арасындағы арақатынасты бағалайды.
Әлеуметтік психология – адамдардың әлеуметтік топтарға қосылуынан туындаған мінез-құлық және әрекет заңдылықтарын, сондай-ақ осы топтардың өздерінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін психология саласы.
Әлеуметтік стереотип – әлеуметтік объектің (топ, адам, оқиға, құбылыс және т.б.) қоғамда қабылданған орнықты және үстірттеу бейнесі. Әлеуметтік стереотип индивидтің жеке тәжірибесін талдап қорытудың нәтижесі және күні бұрын кесіп-пішілген түсінік, пікір ретінде ақпараттың тапшылығы жағдайында қалыптасады.
Әңгімелесу, әңгіме – мақсатты бағытталған сұрақтар нәтижесінде, адамдармен қарым-қатынас негізінде ақпарат алудағы эмпирикалық әдіс.
Әрекет – іс-қимыл бірлігі (единица); саналы түрдегі мақсатқа жетуге бағытталған тікелей жасалатын еркін, ниеттік белсенділік.
Әрекет, амал – адамның белгілі бір істі меңгеруге бейімделе кірісуі. Әрекет қажеттіліктен, мақсатқа ұмтылудан туындайды. Адамның әрекетке ұмтылуына негізгі түрткі болатын ниет. Ниетті мақсаттан бөліп алып қарауға болмайды. Ойға алған ниетті іске асыру үшін адам алға мақсат кояды да, мақсатты іске асыру үшін іс-әрекетке кіріседі. Іс-әрекет арқылы мақсат, ниет орындалада.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет