Инфляция- ақшаның сатып алу қабілетінің ұзақ уақытқа төмендеу процесі.
Иренология-бейбітшілік туралы ғылым.
Капитал-1)өндірісте қолданылатын жабдықтардың, тұрақтардың, құрал- саймандардың жиынтығы; 2)жабдықтарды, тұрақтарды және құрал жабдықтарды алу үшін орналған қаржы.
Капитализм-Феодализмді алмастырған адамзат қоғамның даму сатысы.
Кадрлық партиялар- қатарына сайлаушылардың 10 %-тен кемі ғана болатын, мүше саны аз партиялар. Олар ұйымшылдығымен және тәртібімен көзге түседі. Мысалы, Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар партиясы, Германия Федеративтік Республикасының одағы, Жапония либералдық- демократиялық партиясы, Швеция орталық партиясы т.т.
Квитэссенция - бір мәселенің ең бастысы, ең өзектісі, нағыз мазмұны.
Кворум- құрылтайшы органның жұмысын бастау немесе шешім қабылдау үшін оған қатысушылардың қажетті саны. Ондай саны жетіспей қабылданған мәжіліс шешімі заңсыз болып саналады.
Квота-рұқсат етілген бір шараның тиісті бөлігі, мөлшері, үлесі.Мысалы, сайлаушылардың пропорционалдық жүйесінде округ бойынша бір үміткерді сайлау үшін қажетті дауыс. Ондай үлес есебі көшіп келушілерге, шетел тауарларын кіргізуге және т.с.с. қойылуы мүмкін.
Келісім - мәжіліске қатысушылардың немесе саясаттың басқа субъектілердің келісімі негізінде қабылданатын шешім.
Клина – өздерінің жеке бастарының мақсаттарына жетуді, барынша баюды көздеген билік басындағы сыбайлас адамдар тобы. Олар осыған орай шешімдер қабылдаттырып, қоғамның барлық саяси өміріне нұқсан келтіруі мүмкін.
Коалиция-1)ортақ жауға қарсы екі немесе одан да көп елдердің жасаған одағы; 2) мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін немесе бірлесіп іс-әрекет жасау мақсатымен партиялардың я қоғам қайраткерлерінің бірігуі, келісімі.Коммунистік партиялар-К.Маркстің ілімін басшылыққа алатын партиялар. Жеке меншіксіз, тапсыз қоғам құруға тырысады. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея,Куба, бұрыңғы КСРО. Батыс елдерінде мұндай партиялардың айтарлықтай салмағы жоқ.
Конвергенция-ғылыми-техникалық революцияның шарықтап, дамуының нәтижесінде капиталистік және социалистік жүйелер түбінде осы ғасырдың 50-60 жылдарында Батыстың Р.Арон, Дж. Гелбрейт, У.Раслоу сияқты белгілі әлеуметтанушылары салды.
Конгресс-1)съезд. Көбінесе халықаралық сипатта болады. Мысалы, бейбітшілік күштерінің Дүниежүзілік конгресі. 2)заң шығарушы органның аты. Мысалы, АҚШ-та және т.б. Латын Америкасы елдерінде; 3)кейбір елдердегі қоғамдық- саяси ұйымдар.
Консерватизм-1)тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік- саяси көзқарастар, теориялық жүйесі; 2)консервативтік партиялардың ұстаған бағдарламалық бағыты.
Достарыңызбен бөлісу: |