Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет56/64
Дата28.04.2024
өлшемі3.97 Mb.
#500027
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64
3-2020

V. Рецензиялау тәртібі
5.1 Берілген ғылыми мақалаларды журналдың редакциялық кеңесінің құрамына кірмейтін тиісті тақырыптары 
сәйкес кемінде екі ғалым қарайды.
5.2 Бір пікір беруші сыртқы болып табылады, материалдарды ұсынған кезде автор оны бірге ұсынады.
5.3 Қолжазбаның мазмұнына қатысты білім саласында жұмыс істейтін ғалымдардан редакция кеңесі пікір алуды 
қарастырады.
5.4 Ізденушілердің ғылыми жетекшілері, сондай-ақ автор жұмыс істейтін бөлімшенің қызметкерлері пікір беруші 
бола алмайды. 
5.5 Рецензия еркін түрде келесі ережелерді міндетті түрде көрсете отырып жазылады: 
– берілген мақаланың өзектілігі;
– ұсынылған ғылыми материалдардың жаңалығы;
– зерттеу материалдарының жеткіліктілігі;
– талданған материалдың көлемінің жеткіліктілігі (пайдаланылған дереккөздер тізімі)
– жазу стилі;
– жұмысқа қойылатын талаптарға сәйкестігі;
– жариялау туралы қорытынды немесе жөндеу қажеттілігі; 
5.5 Егер мақаланы қайта өңдеу қажет болса, пікір беруші бұл қорытындының себептерін нақты анықтап жазған 
жөн.
5.6 Пікірге тегі, аты және әкесінің атын, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, жұмыс орны, лауазымын және қол 
қойылған күнін толық жазып қол қояды.
5.7 Жауапты редактор берілген пікірлерді авторға жеткізеді. Бұл жағдайда пікір беруші туралы мәліметтер көр-
сетілмейді.
5.8 Тексеруден кейін мақала қайта пікір алуға жіберіледі. Пікір берушінің таңдауы редакциялық кеңеске қалды-
рылады. 
5.8 Автор пікір берушінің пікірін қабылдамаған жағдайда мақаланы қайтарып алуға құқы бар. 
5.9 Мақалаларды қарау мерзімі - 2 айдан аспайды.
5. 10 Қолжазбалар қайтарылмайды.
VI. Редакциялық және авторлық этика
6.1 Редакциялық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа ала-
ды.
6.2 Редакциялық кеңес қолжазбаны жариялауға жарамсыз деп шешім қабылдағаны үшін жауап береді. 
Осыған сәйкес шешімді қабылдау мақаланың мазмұнының өзектілігі мен маңыздылығы тұрғысынан ғылыми 
бағалауға ғана негізделеді. 
6.3 Қабылданбаған қолжазбалар туралы ақпарат құпия болып табылады, ол жарияланбайды.
6.4 Басылымға жариялау үшін материалдарды беру арқылы автор өзі туралы барлық ақпараттың дұрыстығына, 
плагиаттың жоқтығына, редакциялық кеңестің қойған барлық техникалық талаптарына сәйкестігіне кепілдік береді.
6.5 Ұсынған қолжазбалар басқа ғылыми журналдарда жарияланбаған болу керек.
Мақаланы рәсімдеу үлгісі
ҒТАМР 14.15.01
К. Е. АМАНОВА 
п.ғ.к., доцент,
Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті


БІЛІМ-ОБРАЗОВАНИЕ, ISSN 1607-2790
№3, 2020 
79
www
.nao.kz
Көкшетау қ., Қазақстан Республикасы
е-mail: 
аkasheva@gmail.com
ПРОГРАММАЛАУДЫ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ТУРАЛЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет