37
оқушылардың өзара бақылауы негізінде бақылау-бағалау
қызметін қалай
ұйымдастыруға болады. Оқу жоспарында айтылған өзара бағалаудың кейбір
техникасына тоқталайық: түсінік, бақылау, пікір. Көрген «Ғаламшар жəне
өзіңді сақта» бейнесі бойынша репортаж жазу тапсырмасы берілді. Топтарда
өздерінің сыныптастарының репортаждарын тыңдап,
оқушылар мына
сұрақтарға жауап беріп, репортаж бойынша ауызша түсінік береді:
Толық
ақпарат алынды ма? Репортаж оқиғасына тартылды ма? Хабарлама анық жетті
ме? Нақты дəлдік сақталды ма? Мəтіннің композициясы сақтала ма? Мəтіннің
азат жолдары арасындағы байланыс анық жəне логикалық болып табылады
ма? Одан кейін оқушылар түсініктерге ілесіп,
бір-бірінің репортаждарын
түзетеді. Ауызша түсініктерден басқа, балалар жұппен жұмыс істеп, бір-
бірінің жұмыстарына түсініктер жазады.
Қалыптастырушы бағалаудың бұл түріндегі
оқушылардың бір-біріне
ұсынатын пікірлері екі серіктеске де: бергенге де, қабылдағанға да пайдалы
екенін атап өтуге болады, себебі өзінің
сыныптасының жұмысын талдап,
оқушы біреудің жұмысының мəнмəтінінде табыстылық белгілерін түсінеді, ол
оқушы үшін аз эмоциялық алаңдаушылықты тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: