Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Оқушылардың өзара бағалауы емес сыныптастарын бағалауы



Pdf көрінісі
бет24/85
Дата05.06.2022
өлшемі1.55 Mb.
#458973
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85
Критериалды бағалау технологиясы

 
Оқушылардың өзара бағалауы емес сыныптастарын бағалауы 
Оқушылардың өздерінің немесе біреудің жұмысын жай ғана бағалауға 
қарағанда, өзара бағалауының мəні анағұрлым зор. Бұл үдерістің мақсаты 
олардың назарын өз жұмысының сапасына аудару жəне жақсартуға болатын 
жақтарын талдауға көмектесу болып табылады. Нəтижесінде бұл оқушыларды 
оқытуды 
дамытуда 
жауапкершіліктің 
жалғыз 
мұғалімге 
ғана 
жүктелмейтіндігін көруге мүмкіндік беріп, мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді. 
Өзін-өзі бағалау жəне өзара бағалауға арналған ережелер.(2-қосымша) 
Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір-
бірінен білім алуға жəне бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, 
əңгімелесуге, түсіндіруге жəне біріне-бірі сыни көзқарасын білдіруге 
мүмкіндік береді.Өзара бағалау өз жұмысының бағалау сапасын жақсартуға 
ықпал етеді, нəтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін 
жауапкершілігін арттыруға бағытталады.


35
Жазбаша жұмысты өзара бағалауға келер болсақ, ол мұғалім 
жұмыстарды тексеруді толығымен тоқтатады деген сөз емес. Мұнда мұғалім 
жұмыстарды қарап шығып, өзінің пікірлері мен ескертулерін айту қажеттігі 
сөзсіз. Жұмыстың белгілі-бір бөлігін мұғалімнің Дегенмен де, бұл үдерістің 
мақсаты мұғалімді алмастыру емес, оқушыларды өз жұмысын жақсарту 
жолдарын тануға көмектесу болып табылатындығын ұмытпау керек.
Өзара бағалауды дамытуға ықпал ететін көптеген стратегиялар бар. 
Төменде екі нұсқасы келтірілген. Бір рет қолданғаннан стратегияның əлеуетін 
толыққанды бағалауға мүмкіндік болмайтынын естеріңізде сақтаңыздар
сондықтан таңдап алынған стратегияны кем дегенде екі сабақта қолданып 
көру қажет (асылы, оны сыныпта қолданатын тəсілдеріңіздің қатарына қосқан 
дұрыс). 
1 стратегия: Оқушылардың жетекшілігімен жүргізілген пікірталас 
Егер де сіз əдетте сабақты қорытынды шығарып, өткен материалға 
қысқаша шолумен аяқтайтын болсаңыз, онда бұған балама ретінде оқыту 
мақсатын айтып, оқушылар қол жеткізген жетістіктерді қарау жəне алдағы 
қадамдарды талқылау үшін оқушылардың шағын тобын тағайындау тəсілін 
қолдана аласыз (егер оқушыларда бұған дейін мұндай тапсырмаларды 
орындау тəжірибесі болмаса, онда сізге оның мақсаттары мен міндеттерін 
бүкіл сыныпқа түсіндіріп, алғашқы топқапікірталасты жүргізудің бірнеше 
тəсілдерін ұсыну қажет). 
Төменде қолдануға болатын бірнеше нұсқалар келтірілген: 
1) Оқушыларға алдағы уақытта пікірталас жүргізу ұсынылатындығын 
жəне оның қалай өтетіндігін түсіндіретініңізді хабарлаңыз. 
2) Пайдалануға болатын тіркестер мен сөйлемдерге мысал келтіріңіз, 
олардың материалды меңгеру деңгейін жəне де жақсартуды, дамытуды талап 
ететін салаларды анықтауға көмектесе алатындығын түсіндіріңіз. 
3) Пікірталас жүргізуді сеніп тапсыратын топқаалдын-ала ескертіңіз.
4) Əрбір жаңа пікірталастан кейін жекелеген оқушының өз күшіне деген 
сенімінің артуын қадағалаңыз.
5) Оқушылардан өз топтарында жетекші топ ұсынған қорытындылармен 
келісетінін/ келіспейтінін қысқаша талқылауды сұраңыз.
6) Оқушыларға қосымша көзқарас білдіруді ұсыныңыз.
7) Талқылауды басқарып отырған оқушылардың сіздің тарапыңыздан 
толық қолдау көріп отырғандығына көз жеткізіңіз. (UK DfES AfL 
материалдары бойынша) 
 
«Баға қоюдан» басқа оқушыларды өзара бағалау үдерісіне тартудың көптеген тəсілі 
бар. Өзара бағалаудың барлық стратегиясына ортақ нəрсе түрлі критерийлердің 
қолданылуы болып табылады. Ол атқарылған жұмысқа қолданылатын сабақтың 
табыс критерийлері (ОүБ 1-стратегия) немесе жай ғана тиісті сұрақтарды құрастыру 
болуы мүмкін, кейіннен таныстырылым барысында құрбы-құрдастарына осы 
сұрақтарды қоя алады.


36


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет