39
Топпен бірге жұмыс жасау кезде қандайда бір істің атқарылуы маңызды
емес, оның топпен қалай жасалғаны маңыздырақ.
Бұл жағдайда жұмыстың
нəтижесі ғана бағаланбайды, сонымен қатар жұмыс барысы да бағалануы тиіс,
өйткені топта жұмыс істей білу оқушының құзіреттілігін қалыптастырады. Бұл
жағдайда қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің бір бөлімі болып табылады,
себебі топпен бірге жұмыс істеу арқылы
оқушылар бір-бірімен ақылдасып,
сұрақтар қойып олар өзара байланыс жасайды. Осы арада мұғалімнің топтық
жұмыс кезінде міндетті түрде бағалау керек еместігін есте ұстағаны жөн.
Топтық жұмысты бағалаудың бірнеше бағыттары бар:
мұғалімнің əрбір топтағы белсенділерді бағалауы;
мұғалімнің белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалауы;
өзін-өзі бағалау - топпен бірге жұмыс
кезіндегі оқушылар мен
мұғалімнің байланысын бағалауы;
Топпен бірге жұмыс істеуді ұйымдастырғанда
мұғалім төмендегі
шарттармен таныстырып өтуі керек:
топтық жұмыстың мақсаттарын хабарлау жəне
оның оқытылатын
тақырыпты оқыту əдісімен үйлесімділігі;
тапсырмаларды бағалау кезіндегі сындарды анықтау;
соңында кім
бағалайтыны жайлы хабарлап алу; (мұғалімнің өзі;
мұғалім мен оқушылар бірлесе отырып; тек қана оқушылардың өздері; арнайы
əділқазылар)
топтық жұмыстың уақыты мен өткізілу түрін анықтау;
бағалаудың ұстанымдарын хабарлау.
Мұғалімнің топтық жұмысты бағалау
кезінде топтағылардың
əрқайсысына əр түрлі баға қоюы ұсынылмайды, себебі ол топтық жұмыстың
белсенділігіне кері əсерін тигізеді. Бірақ мұндай жағдайда да ұстаздың топтық
жұмысқа қатысып отырған жəне мүлдем белсенділік
танытпай отырған
оқушылар жайлы айта кетуі жөн.