Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет4/85
Дата05.06.2022
өлшемі1.55 Mb.
#458973
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Критериалды бағалау технологиясы

І.КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ 
1.1.Бағалау түсінігі жəне оқу үдерісіндегі ролі 
Бағалау - латынның ‘assidere’ (“біреумен отыру”) деген етістігінен 
шыққан. Бағалау барысында біз оқушымен біргеміз. Біз бағалауды онымен жəне 
ол үшін жүзеге асырамыз. Ол дегеніміз бұл рəсімді жай ғана оқушыларға 
қолданамыз деген сөз емес. Бұл термин «жақын отыру» деген мағынаны да 
білдіреді, ол кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа 
адамның не айтып, не істегенін немесе өзін - өзі бақылау жағдайында өзінің 
дербес ойлауын, түсінігін немесе тəртібін мұқият бақылауы болып табылады[1].
Егер де балалар – гүл деп елестетсек… Онда гүлдер –жиынтық бағалауға 
жатады, себебі біз оны көреміз, өлшейміз. Өлшеулер нəтижелерін салыстыру 
жəне талдау қызықты болуы мүмкін, дегенмен бұл өсімдіктердің өсуіне ықпал 
жасамайды.
Ал, өсімдіктердің қажеттіліктеріне сəйкес күту, жерін жұмсарту жəне 
суаруға эквивалент болып табылатын бағалаудың түрі, ол - қалыптатырушы 
бағалау, бұл болса өсімдіктердің өсуіне ықпал етеді.
Бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың 
нəтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін 
қолданылатын термин. Ол – оқушының ілгерілеу дəрежесін анықтаудан гөрі кең 
ауқымды нəрсе. Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес, əрі қарай 
дамуына ықпал ету үшін қойылады.
Бағалау – оқу үдерісі мен оның нəтижесі туралы ауқымды түсініктен 
тұратын педагогикалық үдерістің маңызды элементі. Ол - білім алушылардың 
оқу бағдарламасы бойынша алған білім, білік сапасын немесе олардың 
шығармашылық бағыттағы тұлғалық даму деңгейін анықтауға, арттыруға жəне 
түзетуге көмектесетін тəсіл. 
Бағалау – оқушының оқу жəне танымдық қызметін бақылау, сонымен 
қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды 
жинақтау, жазу, тіркеу жəне интерпретациялау үдерісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет