6
Бағалау үдерісінің талдау кезеңінде оқуда пайда болған кемшіліктердің
себеп-салдары сұрыпталады. Мысалы: оқыту немесе оқу барысында қай жерде
қателік кетті, оқу бағдарламасының мазмұнының жеңіл немесе күрделілік
деңгейі қандай, бүкіл сыныптың ішінде тапсырманы түсінбеген оқушылардың
үлесі қанша жəне тағы басқалар. Ақпарат жинау нəтижесінен туындаған
жоғарыдағы
ақпаратты талдай отырып, мұғалім: «Оқуды жақсарту үшін не
істеуім керек?» немесе «Оқушыларға қалай көмектесуге болады?» деген
сұрақтардың шешімдерін іздейді.
Бағалау үдерісінде пайда болған
кедергілердің шешу жолдарын
төмендегі бағыттарда қарастырған тиімді:
• оқу бағдарламаларын құрастыру;
• мұғалімдерді оқыту мен олардың құзыреттіліктерін арттыру;
• мектеп бағдарламаларын жетілдіру
Жоғарыдағы бағыттарда жұмыс
жасау барысында мұғалім
оқушылардың қа-жеттіліктеріне қарай жасаған өз əрекеттеріне рефлексия
жүргізіп отыруы керек. Ол оқушының қажеттілігін түсінген
жағдайда ғана
əлсіз немесе үлгерімі орташа оқушылармен қалай жұмыс істеу керектігін
түсінеді. Мысалы, «Оқушының оқу тұжырымы қалыптасқан ба?», «Оқушылар
бағалау үдерісі мен қисынын түсінді ме?». Осыған ұқсас сұрақтардың аясында
мұғалім оқушының қажеттілігіне қарай əрекет етуі маңызды. Бұл əрекет оқыту
мен оқу үдерісін ұйымдастыру тəжірибесін жаңартуға жəне өзгертуге ықпал
етеді. Нақтырақ айтқанда, бағалау - оқудың шешім жолдары мен оқу үдерісін
жақсарту мəліметін беретін оқушылардың оқып-үйренуіне
талдау жасау,
ақпарат жинау үдерісі.
Бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін əр түрлі сапалық жəне сандық
бағалау түрлері, құралдары, əдістері мен формаларынан тұратын жүйе ретінде
іске асырылады. Ол тек оқудың соңғы оқу нəтижесін қорытындылауда ғана
емес, сонымен бірге оқу жəне оқыту үдерісімен толықтай жəне үздіксіз бірге
жүріп отырады. Бағалау үдерісі оқу үдерісін жақсартуға
ықпал ететіндіктен
бір-бірімен тығыз байланысты жəне оқыту əдістемесін өзгертіп жаңартуға, оқу
жəне оқыту тəжірибесін жетілдіруге көмектеседі. Оқушылардың оқудың
негізгі тұжырымдарын, логикасын жəне үдерісті дұрыс түсінуі басты назарға
алынады.
Тұжырымдап айтқанда, бағалау – оқу үдерісінің ажырамас бөлігі.
Сондықтан бағалау оқу бағдарламасы, мақсаты, оқу мазмұны жəне
əдістемелерімен тығыз байланысты болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: