Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Критериалды бағалау дегеніміз не?



Pdf көрінісі
бет6/85
Дата05.06.2022
өлшемі1.55 Mb.
#458973
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Критериалды бағалау технологиясы

 
1.2. Критериалды бағалау дегеніміз не? 
Критериалды бағалау – бастауыш білімнің мақсаты мен мазмұнына 
сəйкес келетін, білім алушылардың оқу-танымдық біліктерін қалыптастыруға 
мүмкіндік беретін, айқын анықталған, ұжыммен əзірленген, білім беру 
үдерісінің барлық қатысушыларына (білім алушыларға, мектеп əкімшілігіне, 
педагогтарға, ата-ана мен басқа да заңды өкілдеріне) алдын ала белгілі 
критерийлермен білім алушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға 
негізделген бағалау үдерісі. 


7
«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер 
(1963) қолданған жəне бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол 
жеткізген жəне потенциалды деңгейлері арасындағы сəйкестікті анықтауға 
мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды
1
.
Критерий – оқыту міндеттерімен анықталады, оқушының жұмыс 
барысында орындайтын жəне нəтижесінде меңгеруге тиісті əртүрлі іс-əрекетінің 
тізбегі.
Критериалдық бағалау жүйесі - қандай да бір оқу материалы 
қаншалықты мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар 
қалыптасатын, оқу курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін 
меңгеру деңгейін салыстыру мүмкіндігі анықтайтын жүйе. 
Замануи мектепте білім алушылардың білім алу іс-əрекетін критериалды 
бағалау тəсілі қажет, себебі бұл тəсіл кері байланысты іске асыруға 
көмектеседі, білім беру үдерісіне барлық қатысушылардың оқыту нəтижесі 
мен өлшем критерийлерін көруге мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің 
негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу 
жəне оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну [1, 
2, 3] 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет