74
ұсынысында тапсырма үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың
спецификациясы қолданылады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы мазмұнын,
құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады:
тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;
тоқсандық жиынтық бағалауға шолу:
жиынтық жұмыстардың ұзақтығы;
бағалау құрылымы;
тапсырмалар саны;
тапсырмалар бойынша баллдарды бөлу:
тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша нұсқау;
тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;
тапсырмалардың балл қою кестелері.
Спецификацияға сəйкес тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын
құрастыру бір параллельдегі сыныптарда бірыңғай талаптар бойынша жүзеге
асырылады яғни əр мектеп дайын үлгіні
немесе тапсырмаларды өздері
құрастыруына болады. Тапсырма түрлері: диктант, мазмұндама, эссе, тест,
зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, жобалар жəне т.б.
Тоқсан басында білім алушылар мен ата-аналарды хабардар ету үшін
тоқсандық бағалау кестесі құрылып мектеп директоры бекітеді. Тоқсандық
жиынтық бағалауды қайта көшіруге болмайды жəне параллель сыныптарда
бірдей жағдайда өткізіледі.
Белгілі себептерге байланысты (ауру,
жақын туыстар қазасы,
конференция, олимпиада, ғылыми, спорттық жарыстарға қатысу т.б.)
тоқсандық жиынтық бағалауға қатыспаған балаларға екі апта ішінде
тапсыруға рұқсат етіледі. Онда жиынтық бағалаудың қосымша нұсқалары
қолданылады.
Тоқсандық жиынтық бағалау материалдары оны өткізу уақытына дейін
білім алушыларға берілмеуі тиіс. Осы мақсатта тапсырмалар белгілі бір адамға
ғана сақтауға беріледі (мысалы, директордың орынбасары).
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу барысында кабинетте тек бір ғана
адам- мұғалім болуы тиіс. Бірақ, қолы бос мұғалімнің
бақылаушы ретінде
қатысуына рұқсат та бар. Бағалауды жүргізу барысында мұғалім білім
алушылардың тапсырмаларды орындауын қадағалап, басқа əрекеттермен
айналыспауы тиіс. (дəптер тексеру, компьютермен жұмыс жасау, т.б.).
Тоқсандық жиынтық бағалау өткізілетін кабинеттерді мұғалімдер алдын
ала дайындайды. Айналасы білім алушыларға таныс, күнделікті
сабақ өтіп
жүрген кабинеттері болуы ұсынылады. Кабинеттерді дайындау кезінде
ескерілуі қажет жайттар:
• білім алушылардың шуламай, жұмысты өз бетінше орындауына
қолайлы болатындай етіп отырғызуды ойластыру;
• білім алушыларды басқа білім
алушылардың жұмыстарын көре
алмайтындай, тақта жаққа қарайтындай етіп отырғызу;
75
• білім алушыларда сұрақ немесе мəселе туындаған жағдайда
парталардың арасы мұғалім мен бақылаушының еркін жүріп тұруына
мүмкіндік беретіндей орналасуы тиіс;
• негізгі нұсқаулық пен уақыт жазылып тұратын болғандықтан тақта
білім алушылардың алдында болғаны дұрыс;
• тапсырманы орындау барысында білім алушыларға көмегі тиюі мүмкін
деген
плакаттар, ақпараттық сипаттағы қабырға материалдарының алынып
тасталуы немесе беті жабылуы тиіс.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуге дейін мұғалім білім
алушылардың тапсырманы орындау барысында көмегі тиюі мүмкін тыйым
салынған заттарды əкелмегеніне көз жеткізуі қажет. Білім алушылар өздерімен
бірге тек тоқсандық жиынтық бағалау бойынша спецификацияда көрсетілген
материалдарды, құралдарды жəне заттарды ғана əкелуіне болады.
Тыйым
салынған заттардың болу жағдайы ережені бұзушылық болып саналады.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу туралы жан-жақты ақпарат
тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша мұғалімдерге арналған
нұсқаулықта берілген.
Достарыңызбен бөлісу: