Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет65/85
Дата05.06.2022
өлшемі1.55 Mb.
#458973
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   85
Критериалды бағалау технологиясы

 
 
 


85
4.4.Бағалау нəтижелерін тіркеу журналы 
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық 
жиынтық бағалау нəтижелері электрондық нəтижелерді тіркеу журналында 
тіркеледі (9cурет). Барлық баллдар, бағалардың есебі электрондық журналда 
автоматты түрде жүзеге асырылады. Оқушылардың бөлім/ортақ тақырыптар 
бойынша жəне тоқсандық жиынтық бағалау нəтижелерін қою электрондық 
журналда оқыту тəжірибесін жетілдіру, талдау үшін қолданылатын баллдар, 
бағалар туралы ақпараттарды көрсетеді. Жиынтық бағалаудың нəтижелері
оқушыларға, ата-аналарға тоқсан барысында, тоқсанның соңында беріледі. 
 
9-сурет. Тіркеу журналы 
 
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Критериалды бағалаудың оқушы жəне ата-ана үшін маңыздылығын 
ата. 
2. Тоқсандық жиынтық бағалау нəтижелері немесе оқушы жетістігі 
қандай журналға, қайда тіркеледі? 
3. Тоқсандық баға қалай қорытындыланады? 
4. Оқу жетістігінің параметрлері қандай? 
5. 1- сынып оқушылары қай тоқсаннан бастап бағаланады? 
6. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары 
мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша нені анықтауға мүмкіндік 
береді? 
7. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда не 
ұсынылған? Неге сүйенеді? 
8. Спецификацияда нені басшылыққа алу міндеттелген? 
9. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың 
тапсырмаларын орындау кезінде түрлі ресурстарды қолдануға бола ма? 
10. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың 
тапсырмаларын орындау ұзақтығы қанша? Бес минут сайын оқушыға уақыт 
ескертіліп отыру керек. Неге? 
11. ЖБ материалдарын дайындауда қандай талаптарды ұстанған жөн. 
12. Жиынтық бағалау өткізілген кезде тыйым салынатын жайттар бар. 
Қандай? 
13. Модерация қай кезде өткізіледі? Қалай жоспарланады? 
14. ЖБ баллын қоюды үйлестірудің мақсаты қандай? 


86
15. ЖБ баллын қою неліктен бақыланады? 
16. Берілген сөйлемдерді толықтыр. Балл қою кестесін құрастыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет