53
(продуктивный) кері байланыс оқушыларға нені жақсы істегенін, олардың
қабілеттерін көрсетіп, сол қабілеттерін одан əрі қалай шыңдауға болатынын
көрсетуге бағытталады. Кейбір оқушыларға
мұндай кері байланыстың
жазбаша жасалғаны тиімдірек, себебі олар оны оқып шығып, ой елегінен
өткізуіне мүмкіндік алады. Ал
кейбір оқушылар, керісінше, өздерінің нені
жақсы орындағандарын мұғалімнің ауызша кері байланысынан көргісі келеді
[17].
«Оқушыларға сипаттамалық кері байланыс ұсыну өздерінің қай деңгейде
екендігін жəне оны реттеп, түзетуге мүмкіндік береді» [18,19].
Мұғалімнің табысты кері байланысы оқушылардың түсінуіндегі арнайы
мағыналар бойынша дұрыс немесе бұрыс жауапты басып айтпай,
сипаттап
беруі болып табылады. Оқушылар сондай-ақ мұғалімнің сипаттамалық кері
байланысымен немесе үлгі жұмыстармен өз жұмыстарын салыстыра алады.
Оқушыларға сипаттамалық кері байланыс анық, түсінікті жəне сындарлы
тілмен берілуі тиіс. Оқушының жіберген қателері мен кемшілігін тек көрсетіп
қойғанға
қарағанда, оқудың тиімді жақтары туралы кері байланыс
оқушыларды тұтас оқу үдерісі кезінде əлдеқайда табыстырақ оқуға
бағыттайды. Мұны одан да табыстырақ етудің тағы бір жолы – белгілі бір
уақытта бір бағытты ғана жақсартып отыру.
Достарыңызбен бөлісу: