Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет45/85
Дата05.06.2022
өлшемі1.55 Mb.
#458973
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   85
Критериалды бағалау технологиясы

Сөздік үлгісі 
(еске салу) 
Ұстаз оқушыларға сөздік үлгі береді, (подсказка) көмектесушілер 
жауап құрады. Мысалы: Негізгі идея (ұстаным немесе процесс) 
_______ болып табылады, өйткені________т.с.с. 
Қате түсінікті 
тексеру 
Ұстаз қатысушыларға қандайда бір ұстанымның (идея) 
талдауларының қате болжамдарын немесе əдеттегі қате 
түсініктерді əдейі береді. Сонан соң ол қатысушылардан 
айтылғандармен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін, өздерінің 
көзқарастарын айтуларын сұрайды. 
Оқушылармен 
жеке əңгімелесу 
Ұстаз оқушылармен олардың деңгейі мен түсініктерін байқау 
үшін жеке əңгіме жүргізеді. 
Үш минуттық 
үзіліс
Ұстаз қатысушыларға сабақтың идеясы жайлы ойлануына,
тақырыпты түсіндіру барысында олардың осы тақырып 
төңірегінде қаншалықты өзінің түсінгеніне, жаңа өтілген тақырып 
бойынша өз тұжырымдамасына, пікіріне рефлексия жасай 
отырып, өзінің алдыңғы білімін жəне тəжірибесін байланыстырып, 
нақты түсінік табуына мүмкіндік беру.
Өтілу барысы: Тыңдаушыларға жаңа түсіндірілген тақырыпты ой 
елегінен өткізу мақсатында 3 минуттық үзіліс ұсынылады. 
Төмендегідей фразалар ұсынылады. 
Мен ...... туралы көзқарасым өзгерді..... 
Мен....... жайлы хабардар болдым...... 
Менің ...... жайлы айқын түсінік қалыптасқан тұсы......
Мені...... таң қалдырғаны....... 
Бір 
сөйлеммен 
барлығын айтып 
беру 
Оқушылардан оқытылған тақырып бойынша «Кім? Не? Қайда? 
Қашан? Неге? Қалай?» деген сұрақтарға жауап беретін бірақ 
сөйлем құруларын ұсынады. 
Температураны 
өлшеу 
Бұл əдіс оқушылардың тапсырманы дұрыс орындап 
жатқандықтарын тексеру үшін қолданылады. Ол үшін 
оқушылардың іс-əрекеттері тоқтатылады жəне ұстаз «Біз не істеп 


59
жатырмыз?» деген сұрақ қояды. Оқушылардың осы сұраққа жауап 
беруіне қарай мұғалім олардың тапсырманың негізгі шартын 
түсінгендіктері немесе оны орындау барысы жайлы мағлұмат 
алады. Кейбір жағдайда ұстаз жұптардың немесе топтардың 
бірінен тапсырманы қалай орындап жатқандықтары жайлы айтып 
берулерін ұсынады. Ал қалғандары оларды бақылап, өздері не 
істеу керегі жайлы түсінік алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет