Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет49/85
Дата05.06.2022
өлшемі1.55 Mb.
#458973
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85
Критериалды бағалау технологиясы

Пирамида құру 
 
Жаңа мəліметпен жұмыс жасалғаннан кейін, түрлі деңгейлерде 
түсінік құрастыру тəсілі. Бұл тəсіл жүзеге «жеке – жұп – топ – 
аудитория» схемасы арқылы асырылады: 
Оқушылар берілген материалмен ( мəтін, лекция, оқулық) жекелей 
танысып болғаннан кейін, ол бойынша өзіндік түсінік жəне пікір 
қалыптастырады. 
Оқушылар жұптарға бірігіп, өздерінің идеялары, ойлары мен 
пайымдауларымен серіктерімен бөліседі. 
Оқушылар төрт адамдық шағын топтарға бірігіп, туындаған 
проблемалар мен мəселелердің шешімдерін талқылайды, 
қорытындылайды, бір шешімге келеді. 
Соңында оқушылар бүкіл аудитория болып, проблеманың 
шешімдерін келтіреді, олардың ең тиімділері тақтаға (плакатқа) 
жазылады. 
Бір 
минут…
 
Бір оқушы сен туралы айтып келе жатады, оның алғашқы бір сөзді 
қайталағанына, кідірісіне немесе жіберген қателігіне байланысты 
тоқтатып, тізгінді келесі оқушы ары қарай жалғастыру сұралады, 
бұл 1 минут өткенше жалғасады.
Аквариум 
Оқушылардың 
қандай 
да 
болмасын
проблеманы 
«көрермендер» 
немесе 
«жұртшылық» 
алдында диалог 
үрдісінде талдау 
мүмкіншілігін 
беретін тəсіл. 
Шағын топ ішінде (4-6 адам) оқушылар порблеманы шешу 
жолдарын талқылайды. Талқылауды топ ішіндегі бір оқушы 
(немесе екі оқушы де болады) жүргізеді: ол басқаларға сөз беріп
олардың пікір алмасуын ұйымдастырады, топты ортақ мəмлеге 
келуге бағыттайды. Аудиториядағы басқа оқушылар көрермендер 
сияқты жаңағы топты қаумалай қоршап тұрады: олар топ ішіндегі 
оқушылардың проблеманы қалайша шешетіндігіне, олардың 
диалог құруына көңіл қояды. Алайда олар диалогқа араласа 
алмайды, олар тек топ ішіндегі əрекеттерімен салыстырады. 
Шағын топтағы оқушылар осылайша сырт назарында болады: 
олар құдды аквариум ішінде отырған сияқты. Бұл тəсіл 
оқушыларға өз жолдастарының қалайша қарым-қатынас 
құратындығын, басқаның пікірін қалайша қабылдайтындығын, өз 
ойларын қалайша дəлелдейтіндігін, пайда бола бастаған 
кикілжіңдерді қалайша болдырмай тастайтындығын көріп, оларды 
талдап, белгілі бір қорытындыға келтіру мүмкіндігін береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет