89
ҚОРТАНДЫ
Сапалы білім беру – оқыту мен тəрбиелеудің
өзара тығыз байланыста
жүзеге асу үдерісі. Бүгінгі білім беру жүйесі оқушыны білімділік, белсенділік,
іскерлік, шығармашылық əдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып,
мұғалім-оқушы арасында ынтымақтастық жəне жауапкершілік сезімі
бірлестігінің болуын қажет етеді. Қазіргі кезде осы талаптарды жүзеге асыру
жолдарының бірі – еліміздің білім беру орындарына енгізілген критериалды
бағалау жүйесін əрі қарай жетілдіру болып табылады.
Оқу
құралында көрсетілгендей, Критериалды бағалау – алдын - ала
талдаудан өткен (оқушы, мектеп əкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар жəне
т.б.қатысуымен), оқушының оқу нəтижелерін білім беру мақсаттары мен
мазмұнына сəйкес нақты өлшемдер негізінде анықтап,
оқушының оқу
жетістіктерін салыстыру үдерісі. Бұл бағалау үдерісінің тиімді жүзеге асуы
білім орындарында еңбек ететін, осы үрдісті өз тəжірибелеріне енгізген
мұғалімдер қауымының жəне болашаққа ұстаздық
мамандығын таңдаған
студенттердің аталған мəселе бойынша дайындық деңгейлеріне тікелей
байланысты.
Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін
қолдану арқылы
оқушының тұлғалық белсенділігін қалыптастырып, өзіндік жауапкершілікке,
нəтижеге, бағытқа жетелеу, олардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын
барлық
кезеңдерде
анықтау,
бағалау
түрлерінің
нəтижесін
дифференциалдауда жəне жас маман ретінде кəсіби жұмыстарыңызда сіздерге
осы оқу құралының көмегі тиеді деп сенеміз.
Əрине, болашақ жас маман, кəсіби жұмысының бастапқы кезеңінде
мұғалімдерге арнайы даярланған дайын үлгілер негізінде «Жүйелік-
əдістемелік кешен» (smk.edu.kz) порталына
тіркелу арқылы бағалау
жұмыстарын ұйымдастыруына болады. Бірақ, мұғалімдік мамандықтың
ерекшеліктері, мамандыққа қойылатын талаптар, жас маманның өз кəсібіне
тез бейімделуін қажет етеді* (Журнал «Преемственность в образовании»
10.03.2016г. Матвеева М.В. «К вопросу об адаптации молодого специалиста к
профессиональной деятельности»).
Критериалды
бағалау
үдерісін
ұйымдастыру – мұғалімнің
шығармашылық ізденісі. Ал, шығармашыл, кəсіби – құзырлы маман, отандық
жəне халықаралық тəжірибені сараптап, оқушылардың жеке тұлғасын дамыту
үшін өз жаңалықтарын енгізуі тиіс. Осы себепті, оқу құралында, студенттерді,
мұғалімдік жұмысқа ынталандыру мақсатында, критериалды бағалау түрлері
бойынша «Кəсіпқор» коммерциялық
емес акционерлік қоғамының
басшылығымен даярланған 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы,
0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігінде жаңартылған оқу
бағдарламасы бойынша ұйымдастырылатын кəсіптік тəжірибе
барысында
базалық мектеп мұғалімдері жəне студенттер құрастырған практикалық
жұмыстар негізге алынды.
Достарыңызбен бөлісу: