Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет68/85
Дата05.06.2022
өлшемі1.55 Mb.
#458973
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   85
Критериалды бағалау технологиясы

 
 


90
ГЛОССАРИЙ [20]. 
Əр түрлі деңгейлік тапсырмалар – білім алушылардың қабілеттерін 
ескере отырып, саралап оқытуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын 
күрделілігі əр түрлі деңгейдегі тапсырмалар. 
Баға – бағалау процесінің қорытындысы, бағалау бойынша іс əрекет 
немесе қызмет, кері байланыстың сапалы ақпараты.
Бағалау – оқушының оқу жəне танымдық қызметін бақылау, сонымен 
қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды 
жинақтау, жазу, тіркеу жəне интерпретациялау процесі. 
Бағалау нəтижелерін тіркейтін электрондық журнал – жиынтық 
бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нəтижелерін тіркейтін жəне 
тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды формула бойынша автоматты 
түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжат. 
Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл 
қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте. 
Белгі – оқушының білім алудағы жетістіктерінің бағасын цифрмен, 
əріппен немесе басқа да түрде жинақтап өрнектейтін шартты – формальды 
символ. 
Білім алушының оқу жетістігі деңгейі – бағалау критерийлеріне 
сəйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі. 
Дескрипторлар – əрбір критерий бойынша оқушының жетістік деңгейін 
сипаттайды жəне белгілі ұпайлармен бағаланады: жетістік жоғары болған 
сайын ұпай да жоғары болады.
Диагностикалық бағалау – оқушының білімінің, іс-əрекетінің, 
дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау. 
Жиынтық бағалау (оқуды бағалау)- оқытудың нəтижелерін жіктеу, 
сертификаттау жəне тіркеу мақсатында оқытудың қорытындыларын шығару. 
Жиынтық бағалау оқу циклдері мен сатылары аяқталғанда жүзеге асырылып, 
оқушының белгілі бір кезеңдегі дайындық деңгейінің көрсеткіші болып 
табылады, біртұтас бағалау критерийлері негізінде іске асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет