Әдеби-талдау эссе
Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі
автордың батыр мінезін танытуын талдап жазыңыз.
Батыр – ерен күш иесі, еш нәрседен қорықпайтын, жауға тік келетін
айбарлы адам. Адамның батырлығы, батырға тән мінезі жағдаят үстінде
танылады. «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі кейіпкер – Ұлы Отан
соғысының батыры Бауыржан Момышұлы. Әзілхан Нұршайықов туындыда
аты аңызға айналған батырды оқырманына барынша жеткізуге тырысқан.
Оны қан майдандағы батыр ретінде ғана емес, адам құндылықтары
тұрғысынан да таныта білген.
Роман-диалогте Бауыржан Момышұлы қара батырға тән мінезімен
кӛрінеді. Оны автор Серебряковтың Жоғарғы Президиумға жазған
хатындағы: «...ұрыс үстінде Момышұлы жаралы болды. «Енді шегінерлік
жер жоқ, полкта адам аз қалды, не кӛрсем де полкпен бірге кӛремін», - деп,
ол ұрыс даласын тастап кетуден бас тартты», - деген жолдар арқылы
жеткізді. Бауыржан Момышұлының бойында жігерін қайрай білетін,
бірбеткейлік батырға тән мінез бар. Ол ауыр жараланса да, ұрыс даласынан
кетпеді. Мұндай батырларды қазақ халқында қара батыр деп атайды. Батырға
тән қасиет алып қара күш иесі және қорықпайтын жаужүрек болумен ғана
шектелмейді. Сонымен бірге, адам бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі
батырға да тән. Сондай қасиеттердің бірі ретінде автор туындыда Бауыржан
Момышұлын кемеңгерлігімен танытады. Автордың «...не бары жаудың екі-ақ
танкін жойдым» деген сӛзіне: «Сен сияқты солдаттың әрқайсысы екі танктен
қирата берсе, ол осал іс пе екен!? ... сегіз фашисті ӛлтіріпсің, ... Ал екі мың
отандасыңды ажалдан аман алып қалыпсың. Бұл, біле білген кісіге, аз еңбек
емес, қарағым!» - деген сӛзі арқылы жазушы батырдың ақылдылығын,
кішіпейілдігін, кеңпейілдігін кӛрсетті. Батыр Бауыржан: «Сенің мұның менің
батырлығымның қасында түк емес» - деген сияқты менмендік танытпай, ӛзі
сияқты соғыс жауынгерінің бағасын арттырып, құрметтей білді. Автор, тіпті,
«Апырай, а! ...күні бүгінге дейін еліме мұндай еңбек сіңірдім деп ойламаушы
едім» - деп қанаттанып қалды. Мұндай даналық батырлықпен пара-пар.
Қорытындылай келе, роман-диалогтегі автор жеткізген батырдың әр
сӛзі, әрекеті – оқырманына үлгі. Үлгі болып қана қоймай, отан, туған жер,
абырой, парыз туралы ойлануына түрткі болады. Бұл роман-диалогті қазақ
қана оқып қоймай, әлемнің әрбір тіліне аударылып, жалпыадамзаттық
құндылыққа тәрбиелеудің кӛркем құралы ретінде таратылуы керек.
|