полкта адам аз қалды, не кӛрсем де полкпен бірге кӛремін»,- деп ол ұрыс
9
Талдау(анализ)
- деген жолдар арқылы жеткізді. Бауыржан Момышұлының бойында
жігерін қайрай білетін, бірбеткейлік батырға тән мінез бар. Ол ауыр
жараланса да, ұрыс даласынан кетпеді.
Аргументтен кейін автордың оқырманға танытып тұрған батыр
мінезіне талдау жасайды.
Абзацты қорытындылаушы сӛйлем
Мұндай батырларды қазақ халқында қара батыр деп атайды.
Абзацта айтылған пікір, аргумент, анализдерден кейін абзацты
қорытындылап, жинақтап, бекітетін сӛйлем.
Негізгі бӛлімнің бір абзацынан екінші абзацқа ӛтуші сӛйлем (қажет болғанда)
Батырға тән қасиет алып қара күш иесі және қорықпайтын жаужүрек
болумен ғана шектелмейді.
Бұл сӛйлем эсседегі ой бірізділігін сақтау қажет болған жағдайда ғана
жазылады. Осы сӛйлем келесі абзацтың не туралы болатынына сілтеме беріп
тұр.
2-абзац
Тезисті қолдаушы пікір
Сонымен бірге,
(сӛз оралымы)
адам бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі
батырға да тән. Сондай қасиеттердің бірі ретінде автор туындыда Бауыржан
Момышұлын кемеңгерлігімен танытады.
Аргумент
Автордың «...не бары жаудың екі-ақ танкін жойдым» деген сӛзіне: «Сен
сияқты солдаттың әрқайсысы екі танктен қирата берсе, ол осал іс пе екен!? ...
сегіз фашисті ӛлтіріпсің, ... Ал екі мың отандасыңды ажалдан аман алып
қалыпсың. Бұл, біле білген кісіге, аз еңбек емес, қарағым!»
Талдау(анализ)
- деген сӛзі арқылы жазушы батырдың ақылдылығын, кішіпейілдігін,
кеңпейілдігін
кӛрсетті.
Батыр
Бауыржан:
«Сенің
мұның
менің
батырлығымның қасында түк емес» - деген сияқты менмендік танытпай, ӛзі
сияқты соғыс жауынгерінің бағасын арттырып, құрметтей білді. Автор, тіпті,
«Апырай, а! ...күні бүгінге дейін еліме мұндай еңбек сіңірдім деп ойламаушы
едім» - деп қанаттанып қалды.
Абзацты қорытындылаушы сӛйлем
Мұндай даналық батырлықпен пара-пар.
Достарыңызбен бөлісу: