32
Теміржол стансаларының тізбесі және олар атқаратын тасымалдауға
байланысты операциялардың түрлері № 4 Тарифтік нұсқаудағы ―Теміржол
стансаларының алфавиттік тізімі‖ деп аталатын 2-кітапта жарияланады. Әрбір
пункттің атауынан кейін оларда атқарылатын коммерциялық операцияларды
сипаттайтын шартты белгілер қӛрсетілген (П, Б, О, §§1, 2, 3, 4, 5, 6, ,7, 8, 8н, 9, 10,
10н, Х). Негізгі белгілердің мазмұны ―Жалпы ережелер‖ бӛлімінде кӛрсетілген.
Мысалы, 2 бұл стансасының жабық қоймаларда сақтауды қажет ететін жүктердің
ұсақ жӛнелтілімдерін қабылдап, беруді жүзеге асыратынын; 5 – стансаларда
брутто салмағы 3,3 (5) және 5,5 (6)т әмбебап контейнерлердегі жүктерді
қабылдап, беретінін білдіреді.
Жүкті тасымалдауға қабылдауда ―Алфавиттік тізімнің‖ шартты белгілері
бойынша баратын стансаның кӛрсетілген жӛнелтілімдер мен жүк операцияларын
орындауға ашық болатынын тексеру керек. Сонымен қатар, теміржол тораптары
стансаларында жүктердің вагондармен жӛнелтілу
бағыттарының жалпы жұрт
пайдаланылатын орындарда түсіру жӛніндегі жұмыстарға мамандануына сәйкес
дұрыстығын да тексеру қажет. Тораптарға енгізілген стансалардың тізімі № 4
Тарифтік нұсқаудағы Жалпы ережелерде (2-кітап) келтірілген. Торап ішінде жүк
тиеу-түсіру жұмыстарына маманданбаған теміржол тораптары стансаларына
вагондармен және ұсақ жӛнелтілімдермен тасымалданатын жүктер, әдетте, ӛздері
торапқа келетін желідегі стансаға жӛнелтілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: