Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Коммерциялық және жҥк тиеу-тҥсіру жҧмыстарын шоғырландыру



Pdf көрінісі
бет26/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

5.4. Коммерциялық және жҥк тиеу-тҥсіру жҧмыстарын шоғырландыру 
Жол желісінде ірі және орташа стансалармен қатар, жалпы жұрт пайдаланатын 
орындарда коммерциялық және жүк тиеу-түсіру операцияларын атқаруға ашық 
жұмыс кӛлемі шағын стансалар да болады. Мұндай стансаларда коммерциялық және 
жүк операцияларын атқару теміржол кӛлігінің бүкіл техникалық құралдарын тиімді 
пайдалануға мүмкіндік бермейді, тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыруға 
кедергі келтіреді, тасымалдау үрдісін ақпаратандыруды қиындатады, пайдалану 
штатын артық ұстауға мәжбүр етеді, жүк тиеу-түсіру және пойыз жұмыстарын 
басқаруды қиындатады. Жұмыс кӛлемі шағын стансаларға жүк тиеп-түсіретін 
вагондарды жеткізу мен оларды әкету кӛптеген шығын келтіреді. Сондықтан жүк 
тиеу-түсіру жұмыстарын оларды механикаландыруға қажетті құралдар мен 


35 
құрылғылар жеткілікті аздаған стансаларға шоғырландыру экономикалық тұрғыдан 
қарағанда ұтымды болып шығады.
Жүк операцияларын шоғырландырудың негізгі бағыты 
– жүк 
операцияларын жүргізуге арналған жұмыс кӛлемі шағын стансаларды жабу және 
негізгі стансаларды ашу. Негізгі стансаларды ашу тасымалдаудың ӛзіндік құнын 
кемітуге, тиеу-түсіру жұмыстарын жан-жақты механикаландыру деңгейін және 
кӛтергіш кӛлік техникасын пайдалану тиімділігін арттыруға, жылжымалы 
құрамның бос тұрып қалуын азайтуға, жүктің жеткізілуін жеделдетуге, темір 
жолдың ӛткізу қабілетін арттыруға, жүк жӛнелтушілер мен қабылдаушыларға 
кӛрсетілетін қызметін жақсартуға мүмкіндік береді. Жүк стансасына дейін 
қолайлы салынған автомобиль жолдары теміржол желілеріне паралель 
орналасатын жағдайда бұл айтылғандар толық дерлік жүзеге асады деуге болады. 
Жұмыс кӛлемі шағын стансаларды жауып, олардың жұмысын негізгі стансаларға 
берудің экономикалық орындылығы техникалық-экономикалық есептеулер 
арқылы анықталады. 
Жергілікті жағдайға және экономикалық орындылығына қарай жүк тиеу-
түсіру жұмыстарын шоғырландырудың басқа да түрлері қолданылуы мүмкін, 
мысалы, стансаны ішінара жабу (жылдың белгілі бір кезеңінде), жүктің кейбір 
түрлерімен (құйылатын, ағаш, минералдық тыңайтқыштар) жүргізілетін 
операцияларды шоғырландыру, ұсақ жӛнелтілімдер тасымалын шоғырландыру
пайдасы шамалы кірме жолдарды жойып, олардың жүк айналымын жалпы жұрт 
пайдаланатын орындарға беру немесе кәсіпорындар тобына арнап, біріккен кӛлік 
шаруашылығын құру. 
Қазір жаңа үлгідегі негізгі стансалар салынуда. Бұл стансалар ӛздеріне 
бекітіліп берілген аралық стансалардың жұмысы үшін жауаптылық пен 
басшылықты ӛз мойындарына алуда. Негізгі станса қамтитын аудан шегіндегі 
жалпы жедел басқару ісі станса ұжымдарының бірлігін қамтамасыз етеді, 
стансаларды басқару ісін тасымалдау үрдісінің бастапқы және ақырғы 
операциялары орындалатын орындарға жақындатады. 
Жаңа үлгідегі негізгі стансаларды құру тасымалдау үрдісін ұйымдастыру 
мен басқарудың жаңа құрылымын қалыптастыруға, кӛптеген пайдалану 
міндеттерін шешуге, маневрлік локомативтерді қысқартуға, стансаның кейбір 
жолдары мен парктерін, қоймаларын, жүк тиеу-түсіру құрылғыларын, тауар 
кеңселерін жабуға және басқа шараларға байланысты пайдалану шығындарын 
азайтуға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет