Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Тасымалдау қҧжаттарын ӛңдеу технологиялық орталықтары



Pdf көрінісі
бет35/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

6.6. Тасымалдау қҧжаттарын ӛңдеу технологиялық орталықтары 
Тасымалдау құжаттарын ӛңдеу технологиялық орталықтары (ТехТҚ – 
ТехПД) кәсіпорындардың жүгін тасымалдағаны үшін, Теміржол кӛлігінің жарғысымен 
Жүк тасымалдау ережелері белгілеген алымдар мен айыппұлдар бойынша банк 
мекемелері арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысады. ТехТҚ есептелген 
тӛлемдердің толық және дер кезінде алынуын қамтамасыз етеді, тасымалдау 
тӛлемдерінің дұрыс анықталуын қадағалайды, олар бойынша есеп айырысуды 
стансалар жүргізеді. Банк мекемелерінде есеп шоттары бар ТехТҚ-ға қараған барлық 
кәсіпорындар мен ұйымдарға тасымалдау мен т.б. кӛрсетілген қызметі үшін есеп 


48 
айырысу мақсатымен тӛлемшілерге жеті таңбалы код беріледі. Кодпен бірге берілетін 
құжатта тӛлемшінің атауы, коды, оның барлық банк мағлұматтары, негізгі стансаның 
атауы мен коды, кодтың берілген уақыты кӛрсетіледі. Бұл құжат жүк операциясын 
жүргізетін стансаның тауар кеңсесіне беріледі. ТехТҚ-ның негізгі міндеттері 
Тасымалдау құжаттарын ӛңдеу орталықтарының үлгі технологиялық жұмыс 
процесінде анықталған.
Жұмыстың кӛлеміне қарай ТехТҚ құрамында: хат-хабар, жүк жӛнелту, жүк 
беру, қосымша алымдар мен айыппұлдар салу, техникалық және ақпарат 
дайындау секторлар немесе топтар құрылады. 
6.7. Тауар кассирінің автоматтандырылған жҧмыс орны 
Тауар кассирінің автоматтандырылған жұмыс орнын (ТК АЖО) қолдану жүк 
құжаттарын толтыруда еңбек ӛнімділігін арттырудың басты резервтерінің бірі болып 
табылады. Тауар кассирінің АЖО-сы электрондық тасымалдау құжатын жасауға, осы 
арқылы стансаға жүк келген сәттен бастап, оны жүк қабылдаушыға тапсырғанға дейін 
жүк тасымалдауды қағазсыз технология бойынша ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Ірі жүк стансаларындағы тауар кеңселерінде маманданған бірнеше АЖО 
құрылады: жүк қағаздарына бұрыштама соғу жӛніндегі, жүктің келуі мен кетуі
кірме жолдар, жүк қабылдаушыларды хабардар ету жӛніндегі тауар кассирінің 
АЖО-сы. Жұмыс кӛлемі шағын стансаларда аталған АЖО-лардың қызметі 
біріктіріп пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет