Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы



Pdf көрінісі
бет31/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

1
3
4
2
7
5
6
6.1-cурет. Тұйық үлгідегі жүк ауданының сызбасы: 1 – ыдысты-дара жүктерге арналған жабық 
жүк қоймасы; 2 – контейнер алаңы; 3 – ағаш материалдары алаңы; 4 – биіктетілген жолдағы 
ақтарылма жүктерге арналған алаң; 5 – ӛзі жүретін бірліктерді түсіруге арналған платформа;
6 – тұтқыр құрылыс материалдар қоймасы; 7 – тікелей ауыстырып тиеу (вагон-автомобиль) 
платформасы 
Жүк ауданының алаңында жиналған суды шығаратын су бұрушы 
құрылыстар салынады. 
Жүк аулалары жедел, технологиялық және ақпараттық байланыс 
құрылғыларымен (телефон, телетайп, қол радиостанциясы, ұялы телефон) 
жабдықталады. 
Жұмыс кӛлемі үлкен стансалардың жүк аудандары технологиялық 
үрдістерді механикаландыру және автоматтандыру деңгейінің жоғарылығын 
ескере отырып жобаланады және кӛлік-қойма кешені (КҚК) деп аталады (6.2-
сурет). 


42 
1
2
3
Автомобиль ағындары
а)
б)
1 2
3
4
6.2-сурет. Қоймалары блокты орналасқан кӛлік-қойма кешенін жоспалау сызбасы:
а – ыдысты-дара жүктер қоймасы бӛлек орналасқан; б – ыдысты-дара жүктерді ӛңдеу бір алаңға 
шоғырланған; 1 – әкімшілік орталығы; 2 – ашық алаңдар; 3 – ыдысты-дара жүктер қоймалары; 
4 – автомобильдерге қызмет кӛрсететін бүйірлік рампа 
6.2. Теміржол қоймаларының міндеттері мен жіктелуі 
Теміржол стансаларына жақын орналасқан қоймалар жүкті тасымалдауға 
қабылдау мен вагондарға тиеу арасындағы, сондай-ақ вагондардан түсіру мен жүк 
қабылдаушылардың қоймаларына жеткізу арасындағы кезеңде аз уақыт сақтауға 
арналған. Сонымен қатар, қоймаларда жүкті қабылдау және беру, бағыттар бойынша 
сұрыптау, вагондық жүктерді іріктеу және т.с.с. операциялар атқарылады. 
Сақталатын жүктің тегіне қарай қоймалар арнайы және әмбебап (жалпы) 
болып бӛлінеді. Арнайы қоймаларда ерекше сақтау жағдайын қажет ететін бір 
атаудың жүктері ғана сақталады, мысалы, минералдық-құрылыс материалдары 
сақталатын қоймалар. Әмбебап қоймалар бір-біріне зиянды әсер етпейтін алуан 
түрлі атаудың жүктерін сақтауға арналған. 
6.3-сурет. Ангар қойманың жалпы кӛрінісі 


43 
Жүкті сақтау жағдайы мен құрылысына қарай қоймалар жабық қоймаларға, 
жабық және ашық жүк платформалары мен алаңдарға бӛлінеді. Жауып 
сақтауды қажет ететін ыдысты-дара жүктер тиеу-түсіру жолдары іште (6.3-сурет) 
немесе сыртта орналасқан бір қабатты жабық қоймаларда сақталады. Мұндай 
қоймалар 
тиеу-түсіру 
және 
қойма 
операцияларын 
механикаландыру 
құралдарымен, дизельді немесе электр тиегіштермен, қатарлағыштармен, ӛрт 
және күзет белгісімен, сӛрелермен, зарядтау қосындарымен жабдықталған. 
Ішкі тиеу-түсіру жолдары бар бір қабатты жабық қоймаларды бір аралықты 
(ені 16, 24, 30 және 36 м), екі аралықты (30+30) м және үш аралықты (24+30+24) м етіп 
салады. Мұндай қоймаларды бір ғимаратта жүкті қабылдау, беру, сондай-ақ ортаңғы 
платформаны сұрыптау платформасы ретінде пайдалану арқылы ұсақ жӛнелтілімдерді 
сұрыптау операцияларын біріктіруді ескере отырып салады. 
Пакеттеп тасымалдауда және едәуір биіктікке кӛтеретін қатарлағыш 
құралдарды қолдануда (оның ішінде жүкті сӛрелерде сақтайтын) биіктетілген бір 
қабатты қоймалар пайдаланылуда. 
Жабық платформалар жауын-шашыннан қорғауды қажет ететін. бірақ 
желдің, ылғал ауаның әсерінен қорықпайтын жүктерді (пішінді сортты болат, 
құбырлар, отқа тӛзімді материалдар, орауышы, қаптамасы жоқ жабдықтар және 
т.с.с.) сақтауға пайдаланылады. 
Ауыстырып тиейтін жабық платформа жүктерді «вагон-автомобиль», 
«автомобиль-вагон» тікелей нұсқасы бойынша ӛңдеуге арналған. 
Ашық платформалар доңғалақты техниканы және жауын-шашыннан
температураның 
ауытқуынан 
қорықпайтын 
жүктерді 
(автомобильдер, 
ауылшаруашылық машиналары, кірпіш және т.с.с.) тиеу, түсіру және сақтау үшін 
қолданылады. Олар қапталдық және жақтаулық платформалар болуы мүмкін. 
Ашық алаңдар контейнерлерді, ауыр салмақты, ұзын ӛлшемді, ағаш және 
басқа ақтарма жүктерді тиеуге, түсіруге, сақтауға арналған. Алаңдар тӛрттағанды 
немесе арқалы (мостовой) крандармен жабдықталады. Орташа тоннажды 
контейнерлерді ӛңдейтін алаңдар контейнерлерді қаусырғыш және босатқыш 
автоматтандырылған автостроптары бар, жүк кӛтерімділігі кемінде 6,3 т электрлі 
тӛрттағанды контейнер крандарымен жабдықталады. 
Жоба бойынша жабық қоймалардың, ашық және жабық платформалардың 
ӛлшемдері сақталатын жүктің мӛлшері мен тегіне, сақтау мерзіміне, олармен 
жүргізілетін операциялардың сипатына, қолданылатын механикаландыру және 
автоматтандыру құралдарына қарай белгіленеді. Жүк платформасының рельс 
шүйдесінен биіктігі және жол осінен платформаның шетіне дейінгі қашықтығы 
ГОСТ 
9238-83 
мемлекеттік 
стандартына 
сәйкес 
қабылданады. 
Жүк 
платформасының автомобильдер келетін жағындағы биіктігі ӛтетін жол 
деңгейінен кемінде 1200 мм болуға тиіс. 
Ірі тоннажды контейнерлерді ӛңдеу қосындары спредерлі жүк 
кӛтерімділігі 24,0 және 30,5 т, аралығы 25 және 32 м электрлі тӛрттағанды 
контейнерлік крандармен жарақтандырылады. Автоматтандырылған басқару 
жүйесі қолданылатын жағдайда кранның ЭЕМ-мен байланысы орнатылуы тиіс.
АСУКП – КТАБЖ (контейнерлерді тасымалдауды автоматтандырылған 
басқару жүйесі) есептегіш техникасы құралдарын орнатуға арналған үй-жайдың 


44 
болуы кӛзделеді. Қабылдап-тапсырушылардың жұмыс орындарында байланыс 
құралдары бар бейне терминалдармен жабдықталған үй-жайлар бӛлінеді. 
Контейнерлер алаңдарының ұзындығы алаңның сыйымдылығына қарай 
белгіленеді. Ақаулы контейнерлер қойылатын және оларды күнделікті жӛндеуден 
ӛткізетін орын қарастырылады. Ірі тоннажды контейнерлердің ӛңдеу алаңының 
сыйымдылығы жүкті ауыстырып тиеудің шамамен алғанда тӛрт еселенген 
тәуліктік есептік кӛлеміне тең. 
Теміржол қоймалары берілген тасымалдау кӛлемін, жүктің сақталуын, 
жылжымалы құрамның дер кезінде ӛңделуін, тиеу-түсіру жұмыстарына 
механикаландыру 
мен 
автоматтандырудың 
қолданылуын, 
пакеттермен 
тасымалданатын жүктердің ӛңделуін, автомобиль және теміржол тарамдарына 
қолайлы орналасуды, тікелей нұсқаны қолдану мүмкіндігін, жүктерді ӛңдеуге 
қатысты шығындардың бар аз жұмсалуын қамтамасыз етуі тиіс. 
Қоймалар салып, олардың жұмысын ұйымдастыруда ӛрт қауіпсіздігінің, 
еңбек қорғаудың және қауіпсіздік техникасының, сондай-ақ қоршаған ортаны 
қорғау талаптары сақталуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет