Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет10/66
Дата27.10.2023
өлшемі0.6 Mb.
#481740
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66
Мектепке дейінгі мекеменің "Зерек бала" бағдарламасы

Валеология
Валеологиялық тәрбие дербес қимыл іс-әрекеттері, мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу, салауатты өмір салты, сауықтыру-шынықтыру шаралары туралы білім және қарапайым дағдыларды қалыптастыру арқылы жүзеге асады.
Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың алғашқы валеологиялық түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Өзінің денесі туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру, өз ағзасы мен денсаулығына ұқыптылықпен қарауға дағдыландыру.
2. Мәдени-гигиеналық әдеттері мен дағдыларын кеңейтіп, жетілдіру.
3. Қоршаған ортада өзін-өзі ұстаудың қарапайым қауіпсіздік дағдыларымен таныстыру.
Мазмұны:
Салауатты өмір салты
Бала ағзасын нығайту мен шынықтыру шараларын жүргізу (беті-қолын, мойнын салқын сумен жуу, жалаң аяқ жүру, аузы мен тамағын салқын сумен шаю, суық және жылы ауа ванналары).
Түрлі гимнастикалар мен массаждар жасау (таңертеңгілік, дем алу, артикуляциялық гимнастикалар, көзге арналған гимнастика, тіс тазалау және қызыл иекке массаж жасау, нүктелі массаж).
Күн тәртібіне сәйкес балаларды күнде таза ауаға шығару.
Өз-өзіне күтім жасау дағдыларын дамыту (ауа-райына байланысты киіну, жуынып таза жүру, шашын тарау, қол орамалын қолдану).
Күнделікті тұрмыста және табиғат аясында өз-өзін ұстау тәртібі мен қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау (далада өсіп тұрған жидектер мен саңырауқұлақтарды жемеу, жануарлармен байланысқа түспеу).
Бағдаршамның түстерімен, көшеде өзін-өзі ұстау мен жол ережелерін сақтаудың қарапайым дағдыларымен (көшеде қалай және қай жерден өту керек) таныстыру.
Мәдени-гигиеналық дағдылар
Өз бетінше жеңдерін түріп, қолдарын сабындап жуып, қолы мен бетін құрғатып сүртуді, тіс пастасы мен щеткасын дұрыс қолдана отырып, тісін жақсылап тазалауды, киімдерін суламауды, сүлгіні өз орнына ілуді көрсетіп түсіндіру.
Тамақтану барысында қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдануға, (жылдың соңына қарай) тамақты аузын жауып отырып, асықпай, әбден шайнауға, нан қиқымын шашпауға, шай мен сорпаны төкпей ішуге, тамақтан соң аузын шаюға үйрету.
Қол орамалды қолдану мен дәретхананы дұрыс пайдалануға және барлық жерде тазалық сақтауға үйрету. Өзінің сырт келбетіне назар аударуға, жарасымды, таза киініп шашын әдемі тарауға дағдыландыру.
Өзінің және өзгенің заттарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Жыл соңында валеология бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- гигиеналық шаралар (жуыну, тарану, қол орамалын қолдану, киімдерін суламау, сүлгіні өз орнына ілу) өткізуді;
- белгілі бір жүйелілікте киіну және шешінуді;
- жануарлармен байланыста қауіпсіздік ережесін сақтауды;
- балабақшаның жақын айналасында бағдарлай білуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет