Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет13/66
Дата27.10.2023
өлшемі0.6 Mb.
#481740
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66
Мектепке дейінгі мекеменің "Зерек бала" бағдарламасы

«ТАНЫМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ


Мақсаты: қоршаған әлем жайлы қарапайым түсініктер мен танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген, игерген дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:
а) ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің:
- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;
- құрастыру;
- экология негіздері;
- қоршаған ортамен таныстыру арқылы
ә) балалардың өмірлік іс-әрекеттері мен тәрбиесін ұйымдастыру:
- танымдық іс-әрекеттер;
- серуендер;
- бақылау;
- дербес және ересектермен бірлескен іздестіру іс-әрекеті арқылы жүзеге асады.


Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Мақсаты: балалардың алғашқы ойлау операциялары: салыстыру, қорыту, заттар мен түсініктер арасындағы кейбір байланыстарды құру ептіліктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Жиын туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру.
2. Заттардың көлемі мен пішіні, олардың кеңістіктік қатынастарымен таныстыру.
3. Көру, есту, зейін, ес және ойлау қабілеттерін дамыту.
Мазмұны:
Сан мен санау
Заттар көлемі, пішіні, түсі бойынша бір немесе бірнеше болатыны және олардың кеңістікте түрліше орналасатыны туралы түсінік беру.
Санамай және санын атамай бір топтың затын екінші топтың затымен беттестіру тәсілін қолдана отырып, саны мен көлемі бойынша екі тең немесе тең емес (үш көлемінде) заттардың топтарын салыстырып көрсету.
Қоршаған ортадан бір немесе бірнеше ұқсас заттарды таба білуге үйрету.
«Қанша?», «қанша артық?», «қанша кем?» сұрақтарын түсініп, «көп», «бір», «артық», «кем» «сонша», «қанша», «тең» сөздерін қолдана отырып, жауап беруге үйрету.
Заттарды бір қатарға солдан оңға қарай оң қолымен орналастыруға үйрету.
Көлем
Қарама-қарсы заттардың өлшемі мен шамасы бойынша (үлкен-кіші), ұзындығы (ұзын-қысқа), биіктігіне (биік-аласа), екі бірдей заттарды бір-біріне қою және беттестіру тәсілдерін қолданып салыстыруға үйрету.
Геометриялық пішін
Геометриялық пішіндерді (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) танып, ажырата білуін жетілдіру.
Қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге (тіктөртбұрыш, сопақша, трапеция) ұқсас заттарды тауып, оларды тұрмыстағы заттармен (кірпіш, қияр, үйдің шатыры) сәйкестендіре білуге үйрету.
Заттар мен пішіндерді сипап сезу және көру тәсілдері арқылы зерттеу іскерліктерін дамыту.
Кеңістікті бағдарлау
Өзіне жақын кеңістіктегі бағыттарын ажырата білуін (оң-сол, алда-артта, жоғарыда-төменде, алыс-жақын, жоғары-төмен) дамыту.
Оң және сол қолын ажырата білуге үйретуді жалғастыру.
Уақытты бағдарлау:
Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтай білуін дамыту: таңертең-кеш, күн-түн.
Ересектер мен балалардың іс-әрекеттерінің өзгеруі бойынша тәулік бөлігін ажырата білуге үйрету.
Жыл соңында қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- қоршаған ортада көп зат пен бір затты табуды;
- заттар тобын жанына қою және бірінің үстіне бірін қою әдістерін қолдана отырып салыстыруды, заттың көлемі мен санына қарай салыстыру нәтижесін сөзбен белгілеуді;
- көлеміне қарай екі затты салыстыруды, заттардың көлемін, ұзындығын, биіктігін сөзбен белгілеуді;
- шеңберді, шаршыны, үшбұрышты атауды;
- жоғары, төмеңгі, сол жаққа, оң жаққа - сөздерін түсінуді;
- тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін: (таңғы уақыт – кешкілік уақыт, күндізгі уақыт – түнгі уақыт) анықтай білуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет