Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет11/66
Дата27.10.2023
өлшемі0.6 Mb.
#481740
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66
Мектепке дейінгі мекеменің "Зерек бала" бағдарламасы

«ҚАТЫНАС» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ


Мақсаты: мемлекеттік және ана тілін үйренуге дайын, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауға талпынысы бар мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.
«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:
а) ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
- тіл дамыту;
- көркем әдебиет;
- қоршаған ортамен таныстыру;
- мемлекеттік тіл және өзге тілдер арқылы;
ә) балалардың өмірлік іс-әрекеттері мен тәрбиесін ұйымдастыру:
- дербес көркем-тілдік қызмет;
- кіші-қойылымдарды сахналау;
- сөздік мазмұнды үстел үсті-баспа ойындар;
- театрландырылған ойындар;
- ойын-драмаластыру арқылы іске асады.


Тіл дамыту
Мақсаты: тілдік қарым-қатынас іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Баланың сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлігін дамыту.
2. Сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану.
3. Тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.
4. Өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білу дағдылырын қалыптастыру.
5. Мектепке дейінгі кіші жастағы баланың халық ауыз әдебиетіне қызығушылығын баулу.
6. Қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамыту.


Мазмұны:
Тілдің дыбысталу мәдениеті
Тілдегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, таза айтуға үйрету. Сөйлеу қарқынын өзгерте білу ептілігін дамыту: ақырын сөйлеу, жаңылтпаштар айту.
Есту қабілеттерін жетілдіріп, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуіне мүмкіндік туғызу. Дауыс және артикуляциялық аппаратын дамыту.
Сөздік жұмыс
Қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру барысында сөздік қорын дамыту. Оны түрлі сөз таптарына (зат есім, етістік, сын есім, үстеу) қатысты сөздермен байыту.
Заттардың бөліктерін (көйлек пен жейденің – жеңі, жағасы, түймелері) ажыратып, атай білуге үйрету.
Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын (көлемі, түсі, пішіні, қандай материалдан жасалғаны және не үшін керектігі) білдіретін сөздермен толықтыру.
Заттарды топтастыруға, оларды атай білуге (ойыншықтар - доп, машина, қуыршақ және т.б., киімдер - жейде, шалбар, тон және т.б., ыдыс-аяқтар - кесе, қасық, тостаған және т.б.) үйрету.
Балалардың сөздік қорына қарама-қарсы мағыналы сөздер - антонимдерді (үлкен-кіші, жақсы-жаман, мейірімді-мейірімсіз, алыс-жақын) енгізу.
Балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттардың атауларымен: кір жуғыш машина, тоңазытқыш, шаңсорғыш, теледидар толықтыру.
Балалардың сөздік қорын ұлттық және бұрын көрмеген «таңқаларлық» заттардың атауларымен (желпуiш, теңге) толықтырып, аттары мен қызметтерін түсіндіру.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Балаларға сөздерді жақ, шақ, септіктерде қолдана білуге үйретуді жалғастыру.
Зат есімдер мен көмекші есімдерді байланыстырып қолдануға үйрету (үстелдің астында, шкафтың үстінде, үйдің жанында, әжесінің қасында, есіктің артында, айнаның алдында және т.б.).
Жануарлар мен олардың төлдерін (аю-аюлар, қонжық-қонжықтар, жылқы-жылқылар, құлын-құлындар) білдіретін зат есімдерді жекеше, көпше түрде айтуға үйрету.
Өздері білетін заттар мен ойыншықтарды септік жалғауларын жалғап, көпше түрде айтуға үйрету (доптардың, қуыршақтарға, қонжықтарда т.б.).
Сөйлеу тілінде бірыңғай мүшелерді (мен атама, әжеме, апама барамын) қолдана білуге үйрету.
Байланыстырып сөйлеу
Сөзді тыңдап және оны түсіну, әңгімеге араласып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзін қызықтырған сұрақтарды сұрауға үйрету.
Тәрбиешінің көмегімен ойыншық туралы, сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын қысқаша әңгіме құрау.
Балаларға таныс әдеби шығармалар мен ертегілердің үзінділерін драмалауға қатыстыру.
Шығармашылық тілдік дамыту
Шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.
Ұйқасты сөздермен ойналатын ойындарды балалар қызығатындай етіп өткізуге тырысу керек.
Өздеріне таныс ертегілердің қойылымы мен оны драмалауға, ойыншықтары туралы кіші оқиғалар құрастыруға, саусақты жаттықтыруға арналған ойындарға қатысуға ниеттерін дамыту.
Сөйлеу барысында дауыс ырғағы мен қарқынын қадағалап, кейіпкерлердің бейнесін, мінез-құлқын дұрыс жеткізуге жаттықтыру.
Жыл соңында тіл дамыту бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтуды;
- сөздерді көпше және жекеше түрге қоюды; септік жалғауын қолданып сөз бен сөздің арасын байланыстыруды;
- біріңғай сөйлем мүшелерін қолдануды;
- сұрақтарға жауап беруді;
- тәрбиешінің ойыншық жайлы және сурет бойынша құрастырған нұсқасына сәйкес әңгімені қайталауды;
- өздеріне таныс әдеби шығармалардан және ертегілерден үзінділерді драмалауға қатыса білуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет