ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
_____________________________________
Әдістемелік құрал
Астана
2013
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ТАМАҚТАНУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
_____________________________________
Әдістемелік құрал
Астана
2013
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген
Пікір жазғандар:
А. И. Омарбекова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
С. Д. Дүйсенбенова, Астана қ. №32 «Балдәурен» балабақшасының әдіскері
Мектепке дейінгі ұйымдардағы тамақтануды ұйымдастыру және қадағалау: әдістемелік құрал. – Астана, 2013. – 42 б.
Әдістемелік құралдың мазмұны – балабақшалардағы тамақтануды ұйымдастыру және қадағалау жұмыстарына негізделген.
Әдістемелік құрал: мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына, медициналық және асхана қызметкерлеріне, мектеп жасына дейінгі балаларға дұрыс тамақтандыруды ұйымдастыру мен қадағалау үшін арналған.
«Мектепке дейінгі балалық шақ»
республикалық орталығы, 2013
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Мектеп жасына дейінгі баланың дұрыс тамақтануының негізгі ережесі, күнделікті азығының құрамы барынша сан алуан болғаны дұрыс. Бала ағзасына пайдалы дәрумендері бар: ет, балық, сүт және сүт өнімдерін, жұмыртқа, жеміс-жидектер мен көкөністер, қант және кондитерлік бұйымдарды, нан, дәнді-дақылдар және т.б. азық-түліктерін күнделікті тамақ үлесіне қосып отырған жағдайда, баланын берік денсаулығын қамтамасыз ете аласыз. Бала ағзасының әртүрлі инфекцияларға қарсы тұруын: ет, балық, жұмыртқа, сүт, айран, ірімшіктің құрамындағы жоғары сапалы табиғи ақуыздары қамтамасыз етеді. Сондықтан осы азық-түліктерді баланың күнделікті тамақтану үрдісіне қосыңыз.
Дұрыс тамақтану – өсіп келе жатқан жас ағзаның денсаулығы мен дұрыс өсуіне жағдай жасап, үнемі әсерін беретін маңызды фактор.
Тамақтану ережесін ұйымдастыру
Тамақтану ережесін ұйымдастырудың негізі – ұсынылған азық-түліктер жиынтығын ұстану болып табылады. Осы топқа енетін тағамдардың құрамы – мектеп жасына дейінгі балалардың физиологиялық қажеттіліктері мен калориийлік құндылығын қамтамасыз етеді. Бұл жерде ең маңыздысы – топ ішінде жағымды эмоциялық көңіл-күй мен жақсы орта қалыптастыру. Балалар үстел үстінде ыңғайлы отырып, қажетті ыдыс-аяқтармен қамтамасыз етілуі керек. Балалар тамақтануын ұйымдастырушылар, баланың үйде пайдалы тамақтануымен үйлесімін табуы керек. Үйдегі тамақтанудың, балабақшаның тамақтану үлесін толықтырып отыруына қол жеткізуі керек. Осы мақсатта, ата-аналар балаларының балабақшадағы күнделікті ас мәзірінен хабардар болып отырады. Балаңызды балабақшаға апарар кезде, тамақтану тәртібі мен тәбетін бұзбау үшін, үйде тамақтандырмауға кеңес береміз. Бірақ, балаңызды ертерек әкелетін болсаңыз, шай, шырын немесе жеміс беруге болады.
Бейімделу кезеңіндегі тамақтану.
Балалар тамағын ұйымдастыруда,ерекше назар аударатын жайт, баланың бейімделу кезеңіндегі тамақтану тәртібі. Үй тәрбиесіндегі баланың бақша тәрбиесіне өту кезеңі қашанда, анықталған психологиялық қиыншылықтармен бірге өтеді. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым балабақшадағы ортаға бейімделуі қиынға түседі. Осы тұста, көбінесе, баланың ұйқысы бұзылып, тәбеті төмендеп, жалпы ағзасының ауруларға қарсы тұратын қорғаныштық қабаты да әлсірейді. Бала үшін осы кезеңде, дұрыс тамақтандыруды ұйымдастырса, ол ортаға бейімделіп, ұжымға тез үйренеді. Өздігінен тамақтануға үйретілмеген балаларды тамақтандыру үшін, тәрбиешілерге, дұрыс тамақтандыру тәртібі жөнінде кеңестер беріледі. Ондай балаларды қолдан тамақтандырыңыз, егер осы кезде бала қарсылық танытса, күштеп тамақтандыруға болмайды. Осы әрекет баланың балабақшаға деген жағымсыз көзқарасын күшейте түседі (бақшада жарты күн болатындарын, үйлерінде тамақтандырсын).
Баланың үйде тамақтануы.
1. Балабақшадағы қабылданған тамақтану тәртібі және тамақ қабылдауының ұзақтығы мен жиілігі жайлы ата-аналар біліп, сол ережені үйде ұстанулары керек.
2. Балаларға тамақ арасында бутерброд пен тәттілерді беруге болмайды. Осы тағамдар, баланың асқорыту жүйесінің қалыпты жұмысын бұзып, тәбетін қаштырады.
3. Отбасындағы дұрыс тамақтану тәртібі – баланың бақшадағы тамақтану үлесіне қосымша болып, жағымды әсер береді. Үй жағдайында, балаңызға сүйікті тағамын әзірлеп беруіңізге болады. Бастысы, ата-аналар бала ағзасына пайдалы азық-түліктер жайлы білуі керек.
4. Ата-аналар баланың күнделікті тамақтануына қажетті азық-түліктер жайлы білуі керек.
5. Сүт, ет, көп мөлшерде көкөніс, жемістер, өсімдік және сары майдың тәуліктік мөршерінен асырмай пайдаланған жөн.
6. Балаға негізгі тамақтан соң аз мөлшерде тәттілерді (тосап, зефир, мармелад, жеміс езбесін т.б.) беруге болады.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Әдістемелік құралдың құқықтық негіздемесі
Әдістемелік құралдың құқықтық негіздемесі: бала құқығы Декларациясы мен балалар құқығы туралы Конвенция, ҚР Конституциясы, ҚР «Білім туралы заңы». Әдістемелік оқу құралының мазмұны 2011 жылдың 30 желтоқсанындағы ҚР Сан ҚжН сәйкес құрылған.
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың медициналық қызметкерлері мен ас әзірлейтін бөлім қызметкерлеріне, балаларға сапалы тамақтану ережесін ұйымдастыруда көмек көрсету.
Міндеттері:
1. мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне ас мәзірін әзірлеуде қойылатын талаптарды балалардың денсаулығын ескере отырып (аллергиялық сырқаттары бар, артық салмақ не арықтық мәселелері, ас қорыту жүйелерінің созылмалы аурулары және т.б.) орындау.
2. мектепке дейінгі ұйымдардың тамақтандыруды ұйымдастыруын қадағалаудың түрлерін ұсыну.
Оқу құралының құрылымы:
1. Түсіндірме жазба
2. Негізгі бөлім:
1) Ас мәзірін құрастырудағы талап, тағамдардың технологиялық картасы, күнделікті және мерекелік ас мәзірі, тамақтандыруды ұйымдастыру және ас әзірлейтін бөлімді қадағалау;
2) Дұрыс тамақтану тәртібі мен ұйымдастыру ережесі;
3) Бала тағамын дәрумендендіру;
Достарыңызбен бөлісу: |