Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі ұйымдардағы тамақтануды ұйымдастыру және қадағалау



бет2/4
Дата19.06.2016
өлшемі0.6 Mb.
#147807
1   2   3   4

4) Тәрбиеленушілердің ас мәзірін әзірлеуде қойылатын талаптарды балалардың денсаулығының ескере отырып (аллергиялық сырқаттары бар, артық салмақ не арықтық мәселелері, ас қорыту жүйелерінің созылмалы аурулары және т.б.) орындау;

5) Тамақтарды әзірлеу мен технологиялық өңдеудің ережелері;


6) Ас әзірлейтін бөлімдерді санитарлық талаптарға сай таза ұстау.

3. Қорытынды

4. Қосымша

1) балалардың жас ерекшеліктері ескерілген маусымдық ас мәзірінің үлгісі;

2) тағамдардың технологиялық карталарының үлгісі;

3) тамақтануында ерекшеліктері бар балалардың ас мәзірінің үлгісі.



АС ӘЗІРЛЕЙТІН БӨЛІМДІ БАҚЫЛАУ, АС МӘЗІРІН ЖАСАУДАҒЫ ТАЛАПТАР, ТАҒАМДАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ, ТОПТАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бақылаудың мақсаты мен талаптары

Бақылаудың мақсаты: балабақшаны сапалы тағаммен қамтамасыз етудің келісімділігі.

Талаптары:

- ҚР санитарлық әдістемелік құжаттарына сәйкес техникалық қағидаларының орындалуын қадағалау;

- балабақшадағы балалардың сапалы тамақтануын ұйымдастырып қамтамасыз ететін бөліміне қатысты ереже бұзушылық пен бұйрықты орындамаушылықты анықтау;

- талап бұзушылыққа қатысты ескерту жұмыстарын жүргізіп, себептерін сараптау;

- тамақ сапасына жауапты тұлғалардың атқарған жұмыс нәтижелеріне сәйкес, кәсібилік деңгейлеріне баға беріп, сараптау;

- балабақшаның нормативтік-құқықтық актілері мен басқа да бұйрықтарының орындалу нәтижесін бағалау және сараптау;

- тамақтану жүйесін ұйымдастырушы тұлғаларға әдістемелік көмек көрсету;

- бақшадағы сапалы тамақтандырудың ұйымдастыру құрылымын жетілдіру.



Ұйымдастырудың әдістері, қадағалау жұмыстарының формасы мен түрлері

Бақылау – келесідей әдістерді қолдана отырып жүзеге асады:

- құжаттарды зерделеу;

- нысанды қарап шығу;

- ас әзірлеу мен тамақтандыру үдерісін бақылау ;

- қызметкерлермен сұхбаттасу;

- тексеріс;

- құрылғылық әдіс(өлшегіштік-бақылау құрылғыларын пайдалану)

Қадағалаудың мақсатына жету үшін қолданылатын басқа да заңды әдістер.

Бақылау – жоспарлы және оперативті тексерістер кезінде жүзеге асады

Жоспарлы тексеріс жұмыстары – балабақшаның меңгерушісімен бекітілген оқу жылына арналған жоспар кестесі бойынша жүргізіледі. Балабақшадағы сапалы тамақтандыруды ұйымдастыруға әкімшілік қадағалаудың жоспар-кестесі – 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1684 "Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының қаулысы негізінде жасалған

Бақылау жұмыстарының тақырыбы мен ережелері Балабақша меңгерушісінің құзыреттілігіне жүктелген.

Балабақшадағы балалар тамақтануын ұйымдастыру жұмыстарының нәтижелері жайлы ақпарат алу үшін, оперативтік тексеріс жүргізіледі. Тексеріс жүргізген тұлғалар, туындаған сұрақтарға қатысты ескертпелерді шұғыл түрде жасауы керек.

Балабақшадағы балалар тамақтануын ұйымдастыру жұмыстары бойынша туындаған сұрақтардың жиынтығына сәйкес, бақылау жұмыстары тақырыптық болуы тиіс.
Негізгі ережелер
Балабақшаның меңгерушісінің бұйрығына сәйкес, мекемедегі тамақтану сапасын әкімшілік бақылау: бас медбикеге, емдәм медбикесіне, бақша меңрушісіне жүктелген.

Бақылау жұмысын жүргізу үшін, балабақша меңгерушісінің бұйрығына сәйкес,құрамы бекітілген арнайы комиссия ұйымдастырылады. Комиссия жұмысына қадағалаушылар ретінде: ата-аналар комитеті мен әдістемелік кеңес мүшелері, СЭҚ өкілдері қатыса алады.

Ас әзірлейтін бөлімді тексеретін тұлғалар міндетті түрде ереже мен бұйрыққа сәйкес, медициналық тексерістен өткен болулары керек. Осы тармақтың орындалуына жауапты тұлға ретінде балабақшаның медбикесі жауапты.

Бақылау жұмыстарына негіздеме құжаттары:

- жоспар-кесте;

- балабақша бойынша бұйрық;

- ата-аналардың үндеуі (заң өкілдерінің) және балабақша қызметкерлерінің өтініші

Қадағалаушы тұлғалар: құжаттарды зерделеуге, тамақтануға қатысты ақпараттарды алдын-ала сұрастыруға құқылы.

Тексеріс барысында анықталған, ҚР заңына сәйкес ереже бұзушылық болса, балабақша меңгерушісіне хабарланады.
Бақылау жұмыстарының мазмұны мен сұрақтарын үлестіру

Бақылау жұмысының мазмұны:

- тамақтану үлесі мен тәртібін бақылау;

- тамақтану туралы қағидаларды бақылау ;

- өндіріс технологиясы, гигиена, санитарлық талаптар сұрақтары

бойынша құжаттарды бақылау;

- ас әзірлейтін бөлім қызметкерлерінің күнделікті медициналық тексерісі

мен тағамның сараптау нәтижесін бақылау;

- азық-түліктердің сақтау мерзімі мен шарттарын бақылау;

- тамақ әзірлеу технологиясын бақылау;

- технологиялық үдерістердің нақтылығын бақылау;

- дайын тағамдарды бақылау;

- ас әзірлеу бөлімінің санитарлық-технологиялық жағдайын бақылау;

- өндіріс заттарының санитарлық өңделуін бақылау;

- қызметкерлердің жеке басының тазалық ұстануын бақылау;

- балалардың тамақтануын бақылау;

- бухгалтерлік құжаттарды бақылау;

- азық-түліктерді жеткізушілермен жасалған келісімшарттарды бақылау.

Бақылау жұмыстарының нәтижесін қадағалаушылар (№1 Қосымшада)

Бақылау жұмысының нәтижелерін рәсімдеу жұмыстары балабақшаның ішкі бақылауына сәйкес болады.



Құжаттама

Емдәм медбикелері үшін тамақтың сапасын бақылау құжаты:

- 10 күндік ас мәзірінің үлгісі;

- технологиялық карталар;

- азық-түліктердің кіріс журналы;

- азық-түліктердің сапасы мен қауіпсіздігін нақтылайтын құжаттар;

- қоймалар мен тоңазытқыш сөрелерінің ылғалдылық-температурасының тәртібін тіркеу журналы;

- бір апталық тағамдардың сараптамасының тізімі;

- дайын тағамдардың сақтау мерзімін тіркеу журналы;

- шикі (ет,балық) азық-түлікті тіркеу журналы;

- тез бұзылатын тағамдарды тіркеу журналы;

- балалардың күнделікті тамақтану ас мәзірінің тіркеу журналы.

Бас медбике үшін тамақтың сапасын бақылау құжаты:

- ас әзірлейтін бөлімді бақылау журналы;

- тағамдарды С-дәруменімен байыту журналы;

- ас әзірлейтін бөлім қызметкерлерінің денсаулығын қадағалау журналы;

- қызметкерлердің медициналық кітапшалары (ортақ үлгідегі);

- апаттық жағдайлар журналы;

- СЭҚ зертханасының жүргізетін бақылау жұмысының журналы .

Тамақтандыру жүйесін ұйымдастырудың бухгалтериялық құжаттары

- жинақтаушы тізімдеме;

- тағамдардың қалдықтарын алу актісі ;

- азық-түліктерді жеткізушілермен келісімшарт.

Қоймашы үшін тамақтың сапасын бақылау құжаты:

- азық-түліктердің кіріс-шығыс журналы;

- азық-түліктердің пайдалану мерзімін тіркеу журналы;

- куәлік есебінің журналы.

Балабақшадағы оқу жылына арналған тамақтануды

ұйымдастыруды бақылаудың жоспар-кестесінің үлгісі





Бақыланатын нысан

Жауапты

Мерзімі

Бақылау құралы

Бақылау түрі

1

Тамақтанудың табиғи қалпын сақтау

Медбике

Емдәм бике



Күн сайын

10 күндік ас мәзірі

Ас мәзірін жасау

Шаруашылық

меңгерушісі



Күн сайын

Ас мәзірінің сараптамасы

2

Дайын тамақтың сақтау мерзімін бақылау

Медбике

Емдәм бике

тамақтың сақтау мерзімін бақылау

комиссиясы



Күн сайын

Күн сайын



«Тамақтың сақтау мерзімін бақылау» журналы

сынама


Тамақтың құндылығын бағалау әдісі

3

Жеке тамақтандыруды ұйымдастыру

(аллергиялық сырқаттары бар балаларға арналған)

Медбике

Емдәм бике



Күн сайын

«Ем-дәм, тамақтану» журналы

Журналға тіркеу

Шаруашылық

меңгерушісі


Айына 1 рет


Бақылау

Құжаттар сараптамасы


Тәрбиешілер

Күн сайын

Тамақтану-дың жеке парақшасы

Тамақтанудың жеке парақшасына сәйкес тағамдарды алмастыру

Тәрбиешілер көмекшілері

Күн сайын

Тамақтанудың жеке парақшасы

Тамақтанудың жеке парақшасына сәйкес тағамдарды алмастыру

4

Азық-түліктерді сақтау ережелері, тез бұзылатын тағамдарды қазіргі заманғы әдістерді пайдалана отырып сақтау ережелері

Медбике

Емдәм бике Шаруашылық

меңгерушісі


Күн сайын

Шикі тағамдардың сақтау мерзімін бақылау

Сараптама, есеп

Шаруашылық

меңгерушісі


3 айда 1 рет


Акт

Құжаттардың сараптамасы


5

Тоңазытқышта сақталатын азық-түліктерге қолайлы температура жағдайын жасау

Медбике

Емдәм бике



Күн сайын

Қоймалар мен тоңазытқыш сөрелерінің ылғалдылық-температурасының тәртібін тіркеу журналы

Журналдағы жазбаларды тексеру

6

Қоймадағы қалған азық-түлікті шығару

Меңгеруші Шаруашылық

меңгерушісі Комиссия



Айына 1 рет

Акт

Тексеріс

7

Азық-түлікті тасымалдаудағы ережелер мен талаптардың сақталуы

Медбике

Емдәм бике Кладовщик



Азық-түлік жаңа түскенде

Ереже бұзушылыққа әрекет

Бақылау

Меңгеруші Шаруашылық

меңгерушісі



3 айда 1 рет

Тексеріс әрекеті

Бақылау

8

Дайын, шикі тағамдардың ұштасуы кезіндегі тазалықты сақтауды қадағалау

медбике

Емдәм бике



Күн сайын

-

Бақылау

9

Тағамдарды белгілеу

Медбике

емдәм бике



Күн сайын

-

Азық-түліктерді өлшеу құжаттамасы

Шаруашылық

меңгерушісі


Айына 2 рет


Акт


10

Тамақ дайындаудағы технологиялық талаптарды орындау

Медбике

Емдәм бике



Күн сайын




Бақылау


11

Құрылғылар мен ыдыс-аяқтарды белгілеу

Медбике

Емдәм бике



Үнемі

Оперативтік бақылау

Бақылау

Шаруашылық

меңгерушісі



Айына 1 рет, құрыған жағдайда

Тексеріс

Айына 1 рет



Бақылау , құжаттар сараптамасы

12

Тағамдарды өлшеу ережесі

Медбике

Емдәм бике



Күн сайын



Тағамдарды өлшеу



Бракеражная комиссия

Айына 2 рет

Акт

Меңгеруші

Шаруашылық

меңгерушісі


Айына 2 рет

Әрдайым акт жасау

13

Ас әзірлейтін бөлмелер мен қоймалардың санитарлық жағдайы

Медбике


Күн сайын

«Санитарлық күй-жай» журналы

Бақылау

Меңгеруші Шаруашылық

меңгерушісі



Әрдайым

Жоспарлама

Бақылау, құжаттар сараптамасы



Әрдайым


Жоспарлама

Бақылау, құжаттар сараптамасы

Жаңа оқу жылына дайындық барысында

Меңгерушілерге есеп беру

Бақылау

14

Қойма мен ас әзірлейтін бөлмелерін жуу жұмыстары

Медбике


Күн сайын кестеге сәйкес


«Санитарлық күй-жай» журналы

Бақылау

15

Тәуліктік сынаманың сақталуы мен реттелуін бақылау

Медбике

Емдәм бике



Күн сайын

Журнал

Бақылау

16

Тамақтану үлесінің калорийлігі

Медбике

Емдәм бике



Күн сайын

Технологиялық карта


Сараптама


Меңгеруші Шаруашылық

меңгерушісі



Айына 1 рет

Еркін кесте

Көрсеткіштердің салыстырмалы сараптамасы

17

Қызметкерлердің жеке гигиенасын ұстануды қадағалау

Медбике


Күн сайын

«Денсаулықты тіркеу» журналы

Журналдағы жазбаларды қадағалау

Меңгеруші Шаруашылық

меңгерушісі



Жартыжылдықта 1 рет

Журналдар.

Санитарлық кітапшалар



Құжаттар сараптамасы

18

Тамақтану тәртібінің кестесін ұстану

Медбике


Күн сайын

-

Оперативтік бақылау

Меңгеруші Шаруашылық

меңгерушісі



Айына 1 рет

Ереже бұзушылыққа әрекет

19

Сұйықтық ішу тәртібін ұстану

Әдіскер

Күн сайын

-

Оперативтік бақылау

20



Балабақшаға әкелінген азық-түліктердің сапасы мен қауіпсіздігі

Медбике

Емдәм бике Кладовщик



Азық-түлік түскен жағдайда

Техникалық құжаттармен бақылау,

сапа куәлігі, анықтамалар, фактуралар,



Құжаттар сараптамасы

Меңгеруші Шаруашылық

меңгерушісі



10 күнде 1 рет

21


Тамақтану шығыны нормативінің орындалуы

Меңгеруші Бухгалтер Шаруашылық

меңгерушісі




Үнемі

Ас мәзірі талабы

Жинақтаушы тізімдеме



1 баланың күндік тамақтану құны сомасының сараптамасы

22

Тамақтануды ұйымдастыру-дың құқықтық нормативінің орындалуы

Меңгеруші Бухгалтер

Шаруашылық

меңгерушісі


Үнемі

Заңнамалық құжаттар, ережелер, талаптар

Зерделеу,

Бақшаішілік құжатты дайындау, бұйрықтар, және т.б.



23

Тамақтануға жауапты құжаттың сараптамасы

Меңгеруші

Шаруашылық

меңгерушісі


Тоқсанына 1 рет

Есеп құжаты, технологиялық карталарды рәсімдеу

Сараптама

24

Залалсыздандыратын заттарды пайдалану, сақтау, қолдану ережелері

Медбике


Күн сайын

Журнал

жазба, сараптама


Меңгеруші Шаруашылық

меңгерушісі



Әрдайым

25

Ескертпелер мен ережебұзушылықтарды, жарлықтарды орындау

Меңгеруші Шаруашылық

меңгерушісі


Жиі

Есеп,анықтама, акттар және т.б.

Жарлықтардың орындалуы



26

Тағамдарды дәрумендендіру

Емдәм бике

Күн сайын

Журнал «Тағамдарды дәрумендендіру»

Журналдағы жазбалар мен белгілер

Меңгеруші Шаруашылық

меңгерушісі



Айына 1 рет

Журнал

Сараптама

27

Азық-түлікке тапсырыс

Медбике

Емдәм бике



Күн сайын

-

Сараптама

28

Оқу-тәрбие үдерісіндегі тамақтануды ұйымдастыру

- топты тамақтандыруды ұйымдастыру;

- тамақтану тәртібін ұстану (жас ерекшелігін ескеру, гигиеналық талаптарға жағдай жасау);

-гигиеналық талаптарды ұстану



Меңгеруші Шаруашылық

меңгерушісі



Аптасына 1 рет

Сызба-карточкалары,

сызбалар календарлық жоспарлар,

дид. ойындар.


Бақылау, нәтижелер сараптамасы

Әдіскер



Аптасына 1 рет

Медбике


Аптасына 1 рет

29

Ыдыс жуудың технологиясын сақтау

Медбике


Әрдайым


Ереже бұзушылыққа әрекет

Бақылау , сұрау

30

Арнайы киімді уақытында ауыстыру

Медбике


Күн сайын




Көзбен шолып бақылау

Меңгеруші

Шаруашылық

меңгерушісі


Тоқсанына

1 рет


Алу үшін тапсырыс

31

Қажетті заттар мен ыдыс-аяқтар санының жеткілікті болуы

Медбике


Үнемі


-

Көзбен шолып бақылау



Меңгеруші

Шаруашылық

меңгерушісі


Тоқсанына

1 рет






Танысқандар:

_____________ әдіскер

_____________ шаруашылық меңгерушісі

_____________ медбике

_____________ емдәм бикесі

_____________ бухгалтер

_____________ бас аспаз



ТАМАҚТАНУ ТӘРТІБІ МЕН ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Салауатты өмір салты мен тамақтану гигиенасының негізгі талаптары:

- азық-түліктердің құрамы;

- сапасы мен көлемі;

- тәртібі мен ұйымдастырылуы.

Балабақшада басты назар ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен тамақ дайындау технологиясына аударылады. Тамақ әзірлеу ережелерін сақтап, ас мәзірін қадағалау жұмыстары бас медбикеге жүктеледі және ол балалардың дұрыс тамақтануын қадағалап отырады. Балабақшадағы балалардың тамақтану үдерісін қадағалау жұмыстарындағы медбикенің міндеттері:

- жеткізілген азық-түліктердің сапасын бақылау;

- сақтау мерзімінің талаптарын орындау;

- ас мәзірін құрамы, тағамдардың мөлшерін қадағалау;

- тағам дайындау технологиясы ережелерінің сақталуы;

- балалардың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты құрылатын ас мәзірінің сапасын қадағалау болып табылады.

Бас медбике балабақшадағы ас әзірлейтін бөлімнің санитарлық тазалығы мен қызметкерлердің жеке басының гигиенасын ұстауын күнделікті тексеріп, топтағы балаларға тамақтардың жеткізілуін қадағалайды. Жеткізілген азық-түліктердің сапасы мен сақталу мерзімі, шарты, пайдалану уақытының бақылау жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Мектепке дейінгі ұйымдарға жеткізілетін тамақ өнімдері мемелекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес тексеріледі. Тез бұзылатын өнімдердің сапа куәлігінде: сұрыпы мен санаты, пайдалану мерзімі, зертханалық мәліметтері, сақтау мерзімі көрсетілуі керек.

Балалар ас мәзірінің қажетті мазмұны – тамақ үлесінің химиялық құрамының мөлшелеріне байланысты жасалады. Мектеп жасына дейінгі балалардың дұрыс тамақтану тәртібі – нақты ұйымдастырылған ережелер болуы керек. Мектепке дейінгі ұйымдардың балаларын, күніне төрт мезгіл тамақтандыру қажет.

Негізгі тамақтанудың арасы 3,5-4 сағ. болғаны дұрыс. Қосымша жеңіл-желпі тісбасарлар беріледі. Дұрыс тамақтану тәртібінің тағы бір талабы - тәуліктік тұтынатын тағамдардың сәйкестендірілген тізімі. Күннің бірінші жартысында бала ағзасына пайдалы дәрумендермен байЫтылған және ақуыз бен майға қаныққан тағамдарды беру ұсынылса, кешкі асқа: тез қорытылатын жеміс-жидектер мен көкөністер, балық, сүт өнімдерін дайындап беруге кеңес беріледі. Балалар – тағамының тәуліктік үлесінің көп мөлшерін мектепке дейінгі ұйымдар беретініН ескере отырып, тамақтануды ұйымдастырушылар, балаға күш беретін құнарлы тағамдармен қамтамасыз етулері керек.

Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын тамақтанудың қалыпты мөлшері 9 қосымшада, санитарлық талаптарымен көрсетілген.

Жалпы білім беретін мектептер және интернаттар, жетім балаларға арналған білім беретін ұйымдарындағы балаларға екі апталық маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) ас мәзірі дайындалады.

Ас әзірлейтін бөлiмін, ас мәзiрі және шығарылатын өнiмнiң түрлілік тiзiмiн пайдалануға беру үшін, мемлекеттiк органмен келіскен санитарилық-эпидемиологиялық мақұлдауынан өтіледі. Осыдан кейінгі тамақтануға қатысты мәселелерді: ас мәзірінің құрылуы, тамақ әзірлейтін бөлімнің тазалығы, тағамдардың құрамы өз кезегімен анықтала береді.

Тамақтанатын балалар саны, әр тамақтану үрдісіне арналған тағамдардың тізімі: жас ерекшелігіне сәйкес тамақтың граммдық мөлшері, көрсетілген ас мәзірі күнделікті құрастырылады (санитарлық ереже бойынша 9,10 қосымшада).

Тамақтану тәртібі келісілген ас мәзіріне сәйкес болуы керек. Ерекше жағдайларда, ас мәзіріндегі тағамдар мен тәтті өнімдерді алмастыруға рұқсат етілген.



Тағамдар, міндетті түрде, ас құрамын мен мөлшері көрсетілген технологиялық картадағы нұсқаулықтар бойынша әзірленуі керек.

Ас мәзіріндегі тағамдар мен аспаздық өнімдер тізімі күн ішінде, келесі 2-3 күнде қайталанбауы керек.

Күнделікті тамақтану тәртібінің тізіміне енетін өнімдер: ет, сүт, сары және өсімдік майы, бидай наны немесе қара бидай наны, қант және көкеністер. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс етін 2-7 күнде 1 рет.

Түскі астың құрамы: салат, бірінші, екінші тағамдары (негізінен ет, балық, құс еті қосылған ыстық тағамдар) және үшіншіге (жеміс қайнатпасы, кисель, шай).Көкеністердің (қияр, қызанақ, орамжапырақ, сәбіз, қызылша, аскөк) қайнатылған, шикі түрлерінен жеңіл салаттар дайындау. Бесін астың мәзіріне сусындар кіреді( сүт, сүт қышқылы өнімдері, кисель, шырын) майсыз тоқаштар мен кондитерлік өнімдер.

Кешкі астың құрамы: көкеністер мен сүзбеден тағамдар, ботқалар; негізгі екінші тағам ( ет, балық, құс еті), сусын (шай, шырын, кисель). Екінші кешкі ас ретінде: кремсіз тоқаштар мен кондитерлік өнімдерді, жеміс-жидектер, сүт қышқылы өнімдерін беруге болады.

- Мектепке дейінгі ұйымдарының ас ішетін бөлмелерінде күнделікті ас мәзірінің бекітілген үлгісі ілулі тұруы керек.



(«Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық талаптар № 9 Қосымша)


Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын тамақтанудың қалыпты мөлшері

1- кесте

Азық-түліктердің атауы

Балалардың жас шамасы

3 жасқа дейін

3 жастан 7 жасқа дейін

Мектепке дейінгі ұйымдарда болу ұзақтығы

9 10,5 сағат

12 24 сағат

9 10,5 сағат

12 сағат

24 сағат

1

2

3

4

5

6

Бидай наны

55

55

80

95

100

Қара бидай наны

25

25

60

65

70

Бидай ұны

15

15

15

15

15

Картоп ұны

3

3

3

3

3

Дәнді-дақылдар, бұршақ тұқымдастар, макарон өнімдері

30

30

40

45

45

Картоп

120

125

180

180

180

Көкеністер барлығы

250

250

300

310

320

Жемістер барлығы

150

150

130

140

150

Кептірілген жемістер

10

10

10

10

10

Қант

35

35

50

52

55

Кондитерлік өнімдер

4

7

10

10

10

Ет

90

90

110

110

120

Балық

30

30

50

50

55

Жұмыртқа (дана)

0,25

0,5

0,5

0,5

1,0

Сүт

Сүт қышқылы өнімдері



500

500

500

500

500

Сүзбе

40

50

60

60

70

Қаймақ

5

5

15

15

15

Ірімшік

3

6

8

8

10

Табиғи сары май

12

12

23

23

25

Өсімдік майы

6

6

7

9

9

Шай

0,2

0,2

0,2

0,2

0,2

Кофе

1

1

2

2

2

Какао

1

1

2

2

2

Тұз

2

2

5

5

8

Ашытқы

1

1

1

1

1

Алмастырушы азық-түліктер

2 - кесте



Алмастыруға жарайтын өнім

Граммдық өлшемі

Алмастырушы өнім

Граммдық өлшемі

1


Сиыр еті

 

 



 

 

 



 

 

 



 

100,0

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Сүйекті ет 1 санаттағылар: қой, жылқы, қоян еттері

100,0

Сүйексіз ет 1санаттағылар:

қой, жылқы, қоян еттері



80,0

1 санаттағы жылқы еті

104,0

Үзілген құс еті

100,0

Құс еті

120,0

1 санаттағы қосымша ет өнімдері: бауыр, бүйрек, жүрек

116,0

Қайнатылған шұжық

80,0

Консервіленген ет

120,0

Жаңа ауланған балық

150,0

Жартылай майлы сүзбе

250,0

Жаңа сауылған сүт

600,0

2

Сауылған сүт

 

 



 

 


100,0 

 

 



 

 


айран

100,0

Қоюлатылған сүт

40,0

Кілегей

20,0

Майлы сүзбе

30,0

3

Қаймақ

100,0

Кілегей

133,0

Сүт

667,0

4

Сүзбе

100,0

Сүт

333,0

Ірімшік

40,0

Сүзбе-ірімшік

80,0

Қаймақ

50,0

Кілегей

66,0

5

Ірімшік

100,0

Сиыр сүті

50,0

Қаймақ

125,0

Ірімшік

250,0

Сүзбе-ірімшік

200,0

Сүт

825,0

Жұмыртқа

3 шт.

6

Жұмыртқа

1 шт.

Сүзбе

33,0

Қаймақ

40,0

Сүзбе

80,0

7

Балық

100,0

Ет

67,0

Тұздалған балық

100,0

Балықтың жұмсақ еті

70,0

Сүзбе

168,0

Ірімшік

50,0

8

Жеміс-жидек

100,0

Жидек шырыны

100,0

Кептірілген алма

20,0

Кептірілген өрік

8,0

Қара өрік

17,0

Миіз

22,0

Қарбыз

300,0

Қауын

200,0

Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық талаптар № 10 Қосымша)

Жасына сәйкес ұсынылатын тамақ мөлшерін граммен есептеу

Тамақ ішу

Жасы

3 жасқа дейін

3-7 жас

7-11жас

11-18 жас

1

2

3

4

5

Бірінші тағам:

150

200

300-400

400-450

Екінші тағам:













Гарнир

100

130

150-200

210-250

Ет,котлет, балық, құс еті

60

80

100

120

Көкеністен, жұмыртқадан, сүзбеден,еттен жасалған тағам және ботқа

150

200

300

400

Салат

40

60

70-80

100-150

Үшінші тағам

150

180

200

200

Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық талаптар № 11 Қосымша)
Тез бұзылатын өнімдерді сақтау және тұтыну



Өнімнің атауы

Сроки хранения и реализации при +2 6 °С температурада сақтау және тұтыну, сағаттан аспауы керек

1

2

3

1

Жартылайфабрикатты үлкен ет тілімдері

48

2

Қатырылған бауыр

48

3

Мұздатылған бауыр

18

4

Мұздатылған құс еті мен қоян еті

48

5

Қатырылған құс еті мен қоян еті

18 °С температурада 2 немесе 20 тәулік

6

Қайнатылған шұжықтар:







Жоғары сұрып

72




Бірінші сұрып

48

7

Жоғары, бірінші және екінші сұрыпты ет шұжықтары

48

8

Қайнатылған сүт, ацидофилді кілегей

36

9

Айран

36

10

Сүзбе: майлы , майсыз, диеталық

36

11

Майсыз сүзбе

24

12

Қаймақ 20, 25, 30%

72

13

Сметана 15% и ниже

36

14

Ірімшік-сүзбелі өнімдер

0 2°температурада 36

15

Майлы ірімшіктер:




16

Полистирол және басқа да полимерлік материалдардан жасалған қораптардағы: жемісті, тәтті

48

17

ащы

72

18

Мұздатылған балықтың барлық түрлері

0 2°температурада 48

19

Катырылған балықтың барлық түрлері

0 8°температурада 48

20

Аршылмаған қайнатылған көкеністер

6

Балабақшада, технологиялық картаны бас аспаз дайындайды. Осы ретте, қазіргі таңда, көптеген компьютерлік бағдарламар бар.

Технологиялық карталарды қолданудың тиімділі: 

  • аспаздық өзгеріске ұшыраған тағамдардың химиялық құрамы мен тағамдық құндылығының есебін жүргізу ;

  • 100 граммдық мөлшердегі тағамға қосылатын өнімдердің есебі

  • "тағамдағы тамақ" технологиясы бойынша, тағамдардың рецебіне өзгерістер енгізуге мүмкіндік.


БАЛАЛАР ТАМАҒЫН ДӘРУМЕНДЕНДІРУ
Аскорбин қышқылы тәуліктік қажеттілік есебінен:1 жасқа дейінгі балаларға 30 мг; 1-6 жастағыларға 40 мг. Дәрумендендіру – дайын тамақтарға, ас әзірлейтін бөлмеде, бас медбике, емдәм медбикесінің және т.б. медициналық қызметкерлерінің, арнайы осы мақсатқа тағайындалған, қадағалауымен іске асырылады. Дәрумендендірілген тағамдарды қайта жылытуға кеңес бермейміз, өйткені тағамдар, құрамындағы аскорбин қышқылын жоғалтады.Тағамдарды аскорбин қышқылымен (С дәрумені) дерумендендіру үдерісі жыл сайын: бөбекжайларда, бөбекжай-балабақшаларды, балалар үйінде, балабақшаларда, мектеп-интернеттарда, емханалар мен шипажайларда, перзентханаларда жүргізіліп отырады. Күнделікті дәрумендендіру: бірінші және үшінші тағамдар мен шайға жүргізіледі.

- Тәулік бойы балалар тұратын білім және тәрбие беретін ұйымдардың балалары мен жасөспірімдерінің ағзасында қорғаныштық қабатының әлсіреуін болдырмау үшін мұздатылған сусындарды (жеміс қайнатпасы, кисель) жасанды жолмен дәрумендендіру.

- Қайнатпа сусындарын дәрумендендіргенде температура +15°С-ден аспауы керек, кисельге аскорбин қышқылы +30 35°С температураға дейін мұздатылған жағдайда ғана қосылады. С дәруменінің тәуліктік мөлшері: бөбекжайдағы балаларға - 50 миллиграмм, мектепке дейінгі жастағы балаларға 60 мг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет