Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Н. А. Ахметов Ж. Е. Бекбергенова тоғЫЗҚҰмалақ ойынның


Жарысты ұйымдастырушылардың міндеті



бет10/14
Дата01.08.2022
өлшемі431.21 Kb.
#459859
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
-1968310545 план месец

Жарысты ұйымдастырушылардың міндеті



  1. Қазақстан Республикасында өткізілетін барлық жарыстар Ережеге сәйкес ұйымдастырылады. Республикалық және халықаралық жарыстар ҚР Тоғызқұмалақ Спорт Федерациясы және ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінде келісілуі тиіс.

  2. Әр жарысқа ұйымдастыру алқасы құрылады, оған негізінен жарыс өткізіп жатқан жергілікті әкімшілік, спорт басқармасы өкілдері кіреді.

Ұйымдастыру алқасының атқаратын іс-шаралары:
˗ жарысқа қатысушылар мен төрешілерді орналастыру;
˗ жарыс бағдарламасын әзірлеу, оны көрнекті жерге ілу;
˗ мандат комиссиясының жұмысын жүргізу;
˗ жарыстың жүгіну алқасын құру және бекіту;
˗ жарыс өткізуге қажетті құжаттармен және құралдармен қамтамасыз ету; ˗ жарыс алаңын даярлау;
˗ жарыс үстелдеріне реттік нөмірлер жапсыру;
˗ жарыстың ашылу және жабылу салтанатын ұйымдастыру;
˗ марапаттауға әзірлік жасау, дипломдар мен сый-сияпаттар әзірлеу;
˗ бұқарамен және баспасөз ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдерімен жұмыс жүргізу;

  1. Жарыстар бекітілген жарыс ережесіне сәйкес өткізілуі тиіс. Жарыстың ережесіне қойылатын негізгі талап – баптарға түрлі түсінік беру мүмкіндігін болдырмау. Жарыс ережесі жарыстың басталу мерзімінен 1 ай бұрын жіберіледі.

Жарыс ережесі келесі баптарды қамтиды:
˗ мақсаты мен міндеттері;
˗ өткізілетін жері мен мерзімі;
˗ жарыстың өткізілуіне басшылық жасау;
˗ жарысты өткізу жүйесі және жеңімпаздарды анықтау;
˗ марапаттау рәсімі;
˗ қатысушылар мен төрешілерді қабылдау шарттары; ˗ тапсырыс беру мерзімі.

  1. Қазақстан Республикасы ресми жарыстарының жарқағаздарында Қазақстан Республикасының ресми Елтаңбасы мен Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Спорт Федерациясының таңбасы болуы тиіс.

  2. Жарысты ұйымдастыру комитеті жарысты қажет төрешілер санымен қамтиды, Бас төрешілер алқасын тағайындайды және жарыстың төрешілігіне байланысты шығындарға қаражат бөледі.Әр жарыста бас төреші, бас төрешінің орынбасары, бас хатшы, бас хатшының орынбасары, төреші-хатшы және қатардағы төрешілер тағайындалады.

  3. Бас төрешілер алқасы бекітілген талапқа сәйкес жарыс құжаттарымен, жеребе жүргізу үшін компьютермен, кеңсе тауарларымен және басқа да шығын материалдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Жарыс құжаттары: ˗ жарыстың хаттамасы;

˗ жарыстың нәтижелер кестесі;
˗ партияны жазу бланкасы;
˗ ескерту бланкасы;
˗ наразылық бланкасы;
˗ ойыншы анықтамасы; ˗ төрешілік анықтамасы; ˗ жарыстың есебі.

  1. Жарыстың алдын-ала тапсырысы жарыстың басталу мерзімінен 15 күн бұрын беріледі. Түпкілікті тапсырыс жарысқа келген күні Бас төрешілер алқасына тапсырылуы тиіс.

  2. Ойыншылардың аты-жөні, туған жылы, айы, күні, жынысы, спорттық дәрежесі немесе атағы, квартал бойынша рейтингі, тақтасы, оқу немесе жұмыс орны, жаттықтырушысы көрсетіліп, дәрігердің қолы қойылған, мекеме басшысының қолы қойылған және мөрі басылған түпкілікті тапсырыс (қосымша 2) компьютерлік мәтінде теріліп, конверт ішінде қабылданады. Барлық республикалық жарыстарда тапсырысқа аты-жөні қаламсаппен енгізілген ойыншылар жіберілмейді. Тапсырыста команда немесе жекелей ойыншы жарысқа қай мекемеден келгенін растайтын мекеме басшысының қолы және мөрі болуы міндетті.

  3. Ресми жарыстарда классикалық алғашқы ойынның жеребесі жарыстың басталуынан 3 сағат бұрын жүргізіліп, алғашқы ойын түс ауа басталады. Келесі ойынның жеребесі кезекті ойын аяқталғаннан 1 сағаттан кейін өткізіледі. Әр ойынның жеребесіне команда өкілінің немесе жаттықтырушының қатысуына рұқсат беріледі. Әр ойынның арасындағы үзіліс 2 сағаттан кем болмауы тиіс.

Ресми жарыстарда соңғы тур аяқталғаннан кейінгі күннің қалған уақытын төрешілер алқасы жарыс қорытындысын шығаруға және ойын алаңын ретке келтіруге арнайды. Команда жетекшілері жарыстың қорытынды кестелерін соңғы тур аяқталғаннан 3 сағаттан кейін талап ете алады.

  1. Жарысты ұйымдастырушылар жарысты ҚР Тоғызқұмалақ Спорт Федерациясы келісімімен ұсынылған тақта үлгілерімен өткізеді.

  2. Ойыншылар ойналған ойындардың жазбаларын көшіріп алуы үшін сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін және 15.00-ден 17.00-ге дейін арнайы орынға шығарылады. Ең соңғы ойынның жазбалары ойын біткеннен 10 минуттан кейін 1 сағат уақытқа ғана шығарылады.

  3. Зағип ойыншыларға тақтаны таңдау артықшылығы беріледі. Бір уақытта екі тақтамен ойнауға рұқсат етілмейді.

  4. Жарысты ұйымдастыру комитеті жарыс қорытындысы бойынша жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін бағалы сыйлықтармен, төс белгілермен, мақтау қағаздарымен марапаттайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет