Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Н. А. Ахметов Ж. Е. Бекбергенова тоғЫЗҚҰмалақ ойынның


Жарыс төрешілері мен жүгіну алқасы



бет11/14
Дата01.08.2022
өлшемі431.21 Kb.
#459859
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
-1968310545 план месец

Жарыс төрешілері мен жүгіну алқасы



  1. Жарысты ұйымдастыру алқасы Бас төрешілер алқасы мен жүгіну алқасын құрап, оны бекітеді. Республика көлемінде өтетін барлық ресми жарыстардың Бас төрешілер алқасының құрамы республикалық Тоғызқұмалақ Федерациясымен келісіледі. Бас төрешілер алқасының құрамын ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі бекітеді.

  2. Бас төрешілер алқасының құрамына бас төреші, бас төрешінің орынбасары, бас хатшы, бас хатшының орынбасары және төреші-хатшы кіреді. Қатардағы төрешілердің саны жарыстың дәрежесімен анықталады:

а) ресми, халықаралық және республикалық жарыстарда – 2-3 жұпқа 1
төреші;
б) облыстық, қалалық жарыстарда – 4-5 жұпқа 1 төреші.

  1. Жарыс төрешілерінің басты қағидалары бейтараптық болып, жарыс ережесінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

  2. Бас төрешілер алқасының міндеттері:

а) жарыстың басталуына дейін:
˗ жарыс алаңының даярлығын тексеру;
˗ жарысқа қатысушылардың тапсырыстарын тексеру және тіркеу;
˗ жарыстың алғашқы ойынының жеребесін өткізу;
˗ жарыстың коэфициентін есептеп шығару.
б) жарыс аяқталғаннан кейінгі бас төрешілер алқасының міндеттері:

  • жарыс қорытындысын шығару және нәтижелерін бекіту;

  • кезекті спорттық дәреже орындаған спортшыларға анықтама толтыру;

  • төрешілерге анықтама беру;

  • жарыс қорытындысы бойынша есеп беру.

    1. Ереженің бабымен толық реттелмейтін жағдайлардың соңғы шешімі ережеде қаралатын ұқсас жағдайлардың негізінде, жарыстың Бас төрешілер алқасының жиналысында дауыс беру арқылы қабылданады. Алқа мүшелерінің дауысы тең болған жағдайда бас төрешінің дауысы шешуші дауыс болып табылады.

    2. Төрешілер қолданатын жаза түрлері:

˗ бірінші ескерту (ауызша ескерту);
˗ екінші ескерту (жазбаша ескерту болып тіркеледі);
˗ үшінші ескерту (қатаң ескерту болып тіркеледі). Үшінші рет ескерту алған ойыншының мәселесі Бас төрешілер алқасында қаралады;
˗ төртінші ескерту (тәртіп бұзған ойыншының команда өкіліне немесе жаттықтырушысына берілген ескерту болып тіркеледі); ˗ бесінші ескерту (ойыншы жарыстан шығарылады).

    1. Бас төрешілер алқасының қолданатын жаза түрлері:

˗ ойыншыға жеңіліс жариялау;
˗ команда өкіліне немесе жаттықтырушысына ескерту беру;
˗ ойыншыны және команда өкілін немесе жаттықтырушыны жарыстан шығару;
˗ командалық жарыста тапсырыста көрсетілмеген ойыншы анықталған жағдайда, команданың сол ойындағы нәтижесіне жеңіліс жариялау.

    1. Төрешілерге қолданылатын жаза түрлерін Бас төреші мен жүгіну алқасы біріге отырып шешеді.

Сонымен бірге төреші бас төрешімен ақылдаса отырып, жағдайға байланысты қажет деп тапса:
˗ қарсыласының қалған уақытын көбейтеді;
˗ ережені бұзған ойыншының қалған уақытын азайтады.
˗ төреші берген ескертуді басқа төреші өзгерте алмайды.

    1. Ойын барысында ойыншылар ұялы телефондарын өшіруге міндетті. Қосулы телефон анықталған жағдайда ойыншыға жеңіліс жарияланады.

    2. Егер команда өкілінің немесе жаттықтырушының төрешілер тарапынан алған ескертуі қайталанатын болса, төрешілер оны жарыстың соңына дейін ерекше бақылауға алады. Жарыс барысында ескерту алған адамдардың тізімі бас төрешілер алқасында сақталынып, әр ойыннан кейін хабарланады.

    3. Бас төрешінің міндеттері:

˗ жарыс алаңын ұйымдастыру алқасымен бірге қабылдауға қатысу;
˗ мандаттық комиссияның жұмысына қатысу;
˗ жарыстың барысына басшылық жасау;
˗ төрешілерді тағайындау;
˗ жарыс бағдарламасын бекіту;
˗ жеребе өткізуді қадағалау;
˗ әр ойын күнін қорытындылау және жарыс барысында туындаған даулы мәселелерді шешу;
˗ жарыстың қорытынды есебін беру.

    1. Бас төреші орынбасарының міндеттері:

˗ жеребе өткізу;
˗ төрешілер жұмысына басшылық жасау, олардың міндеттерін белгілеу;
˗ төрешілерге анықтама толтыру;
˗ ойыншыларға анықтама толтыру;
˗ қажет жағдайда бас төрешінің орнын алмастыру.

    1. Бас хатшының міндеттері:

˗ жарыс бағдарламасын даярлау;
˗ бақылау сағатын белгілеу және оған бақылау жүргізу;
˗ нәтиже кестесін толтыру;
˗ қажет жағдайда бас төреші мен оның орынбасарын алмастыру.

    1. Бас хатшы орынбасарының міндеттері: ˗ жарысқа келгендерді тіркеу;

˗ ойын алдында жазу бланкаларын даярлау;
˗ қатардағы төрешілерден ойын нәтижелерін қабылдау; ˗ хаттамалар толтыру.

    1. Қатардағы төрешілердің міндеттері:

˗ жазу бланкаларын тарату;
˗ ойыншылардың жазу бланкаларын талапқа сай толтыруын қадағалау;
˗ уақытты бақылау;
˗ ойын нәтижелерін қабылдау;
˗ ойын нәтижелерін төреші-хатшыға өткізу;
˗ жеребе бойынша ойыншылардың жеке дерекнамаларын (табличка) ойын үстелдерінде дұрыс орналастыру.

    1. Әр ойын аяқталғаннан кейін ойналған ойындардың жазулары ойыншылардың көшіріп алуларына ыңғайластырылып, көрнекі жерге қойылады.

    2. Жүгіну алқасының міндеттері:

˗ жарыстың қабылданған ережеге сай өтуін қадағалау;
˗ команда өкілінің немесе жаттықтырушының наразылық хаттарын қабылдау;
˗ Бас төрешілер алқасымен бірге түскен наразылыққа байланысты шешім қабылдау.

    1. Жарыстың Бас төрешісі жарыс барысында тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидалары және жарыс өткізу ережелеріне бағынышты.

Жеребе өткізу

    1. Жеребе жарысқа қатысуға ниет білдірген команданың немесе жеке спортшылардың тапсырыстары негізінде өткізіледі.

    2. Жарысты ұйымдастырушылар алқасы қатысушылар тарапынан жарысқа қатысу туралы мағлұмат алмаса, төрешілер алқасы алғашқы ойынның жасалған жеребесін жаңартып жасамау еркіндігін қалдыра алады.

    3. Реттелмелі швейцар жүйесімен өтетін жарыстарда қанша ойын ойналатыны (турлар) спортшылардың жалпы санына байланысты анықталады.

    4. Ресми жарыстарда алғашқы ойынның жеребесі жарыстың басталуынан 5 сағат бұрын жүргізілуі тиіс.

    5. Келесі ойынның жеребесі кезекті ойын аяқталғаннан 1 сағаттан кейін өткізіледі. Әр ойынның жеребесіне команда өкілінің немесе жаттықтырушының қатысуына рұқсат беріледі. Әр 1 ойынның арасындағы үзіліс 2 сағаттан кем болмауы тиіс.

    6. Реттелмелі швейцар жүйесімен өтетін жарыстарда дәйекті себептерге байланысты ойналмаған ойындарды кезекті жеребе өткізгенде шартты түрде тең ойын деп есептейді.Кейінге қалдырылған ойындар келесі ойын жеребесі жасалғанға дейін ойналуға тиісті және сол ойын нәтижесі келесі ойын жеребесіне енгізіледі.

    7. Реттелмелі швейцар жүйесімен жұмыс жасау тәртібі:

а) реттелмелі швейцар жүйесінде ойыншыларға рейтингтеріне сәйкес кему
бағытында реттік нөмірлер беріледі. Рейтингтері бірдей спортшыларға реттік нөмірлері спорттық атақтары бойынша, одан кейін қазақ тілінің алфавиті бойынша беріледі. Әр ойында ойыншылардың жұптарын анықтау үшін компьютерді пайдаланған жөн (жеребе бағдарламалары);
б) компьютер жоқ жарыстарда алғашқы ойынның жұптарын анықтау үшін жеке карточка бойынша (Қосымша 4) жеребе өткізіледі. Онда жарысқа қатысушыларды тең екі бөлікке бөледі. Жоғары нөмірлі ойыншылар бірінші топты, ортадан төменге дейінгі нөмірлі ойыншылар екінші топты құрайды. Алғашқы ойында бірінші топтың 1 нөмірлі ойыншысы екінші топтың 1 нөмірлі ойыншысымен, 2-сі 2-ші нөмірлі ойыншысымен т.с.с. кездеседі.
Алғашқы ойында ойынды кім бастайтыны бірінші және екінші топтың ойыншыларына кезекпен беріледі, яғни бірінші топтағы 1-ші ойыншы бастаушы, 2-ші ойыншы қостаушы, 3-ші ойыншы бастаушы, 4-ші ойыншы қостаушы т.с.с.
в) келесі ойынның жұптарын анықтау үшін бірдей ұпай жинаған
ойыншыларды топтастырып, жұптар в) бабының ережесі бойынша құрылады.
Жеребе жасау кезінде төмендегідей шарттар орындалуы қажет:
˗ ойыншылардың саны тақ болғанда, (+) ұпайды рейтингі ең төмен ойыншы алады;
˗ бір ойыншы екі рет бос бола алмайды;
˗ ойыншылар бір-бірімен екі рет кездеспейді, ал жекелей-командалық жарыстарда бір команданың ойыншылары бір-бірімен кездеспейді;
˗ егер бірдей ұпай жинаған топтың ойыншысына қарсылас табылмаса, онда ойыншыны «төмен» түсіруге (↓) немесе «жоғары» көтеруге (↑) болады. Жарыс көшбасшылары мен жарыс соңындағы ойыншылардан басқа ойыншыларды қатарынан екі реттен артық «төмен» түсіруге (↓) немесе «жоғары» көтеруге (↑) болмайды;
˗ ойыншы қатарынан екі рет бір түспен ойнай алады;
˗ екі ойыншының түстері бірдей болған жағдайда реттік нөмірі кіші ойыншы түсін өзгертеді.
8. Айналма жүйемен жұмыс жасау тәртібі:
а) айналма жүйесі кезінде командалардың немесе жеке ойыншылардың
реттік нөмірі соқыр жеребе арқылы анықталады;
б) ойынның саны мен жұптар арнайы ойын кестесі бойынша анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет