Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» акционерлік қОҒамының филиалы атырау облысы бойынша педагогикалық



Pdf көрінісі
бет40/70
Дата11.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#483011
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70
«Өзін-өзі-тану»-пәні-бойынша-көмекші

 
Ақиқатты қайдан іздейміз? 
(аңыз әңгіме) 
Бірде құдайлар жиналып адамдар әлемін жасақтау туралы ойласыпты: 
біреу-даланы,біреуі-тауларды,біреуі-теңізді,төртіншісі-айды,бесіншісі– 
жұлдыздарды, ал алтыншысының құзырына адамның өзін жарату бұйырыпты. 
Әлемді жасақтап болған соң барлығы ақиқатты қайда жасырамыз деп қиналады. 


55 
Олар ақиқат адамға қол жетімді болса, адамдар апатқа ұрынуы мүмкін. Алғашқы 
құдай: «Ақиқатты жерге көміп қою қажет, сонда оны адамдар таба алмайды»,- 
деді.
Екіншісі: «Жоқ, олай етуге болмайды, қу адамдар күрек немесе жер қазатын
көлік ойлап тауып, жер қазады ғой. Менің ойымша, ақиқатты жасырудың басқа 
жолын қарастыруымыз қажет»,-деп жауап береді. 
Келесісі:Ақиқатты танудың ең жоғары шыңына жасыру керек», дейді. 
Басқалары шулап қоя береді:«Жоқ, олай етуге болмайды,ол тіпті шыңға өрмелеу 
спортын да ойлап тауып, альпинист те бола алады. Адам шыңға жетудің жолын
табады, оған сенуге болмайды».
«Жарайды,-дейді сенімі таусылған Құдай,- онда 
біз ақиқатты айға жасырсақ қайтеді?». Басқалары: «Оған да ұшып жетер, алып 
келер, тіпті бірінен-бірі жасырып қояр», деп жауап береді. «Онда, алыстағы 
жұлдыздарға жасырсақ қайтеді?»,- деді тағаты таусылған Құдай. «Жоқ, олай 
етуге болмайды, телескоп ойлап табады, ғарыш кемесін жасақтар, бәрібір 
ақиқатқа қол жеткізеді»,-деп қарсылық білдірді басқалары.Адамды өзі жаратқан, 
бағаналы бері үнсіз отырған Құдай ғана қулана жымиды: «Ақиқатты жасырудың 
қарапайым ғана жолы – оны адамның өзіне жасыру. Адам тауға да өрмелер
теңіз түбіне де сүңгір, көкке де самғар, жерді де қопарар, дегенмен, ақиқаттың өз 
бойында екенін білер ме екен?!» - депті. 
Бұрын шын бар, бүгін шын 
Ертең шын бар–үш бөлек 
Керегі жоқ бұлардың
Бұзылмайтын шын керек деген Ш. Құдайбердіұлы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет