Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» акционерлік қОҒамының филиалы атырау облысы бойынша педагогикалық


ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР: ҰЛТТЫҢ ТІЛІ, ДІЛІ, ДІНІ, САЛТ-



Pdf көрінісі
бет6/70
Дата11.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#483011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
«Өзін-өзі-тану»-пәні-бойынша-көмекші

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР: ҰЛТТЫҢ ТІЛІ, ДІЛІ, ДІНІ, САЛТ-
ДӘСТҮРІ, ӘДЕП-ҒҰРПЫ, ТАРИХЫ, МӘДЕНИЕТІ, ӨНЕРІ, ӘДЕБИЕТІ, 
МУЗЫКАСЫ, АТА МҰРАСЫ және т.б. 
Еліміздің білім беру жүйесінде жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде 
руханилық пен адамгершілікке бағдарлап білім-тәрбие беру ісі өткір мәселе 
саналады. Осы тұрғыда «Өзін-өзі тану» пәні ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, 
оны білім мазмұнына енгізу арқылы ұлттық тәрбие беруді, оны үздіксіз білім 
берудің көзіне айналдыруды, оның тереңдігі мен рухани шындығын балалық 
кезден бастап сіңіруді мұрат етіп отыр. Бұл орайда пән мазмұны арқылы ұлттық 
тәрбие беру желісі нені тұтқа етеді деген мәселеге келсек, мұндағы басты құрал 
оқу материалдары, яғни тақырыбы мен мазмұны жағынан бала рухын 
тербететін, жанын елжірететін, масаттандыратын, табындыратын, әсемдік 
сезімін, ар-намыс сезімін оятатын, білуге құмарлыққа, ақ көңілділікке, ерлікті 
көксеуге, күш-қайратты шыңдауға ұмтылдыратын–нағыз ұлттық, қазақша 
ойлайтын, қазақша сөйлейтін, тілеуі, қалауы, арманы қазақша болатын, өз 
бойынан ата-бабасының қаны мен рухын сезінетін, өз халқының би, батыр, 
шешен, даналарының өнеге-үлгісін ұстанатын, елінің тағдырына, тарихына 
жаны тебіренетін–көркем шығармалар,адамгершілік бастаулары, әдептілік 
қағидалары, өсиет әңгімелері, шешендік сөздері және т.б.


11 
Міне, осындай қуат бойына дарыған жас ұлан келешекте бәсекеге қабілетті 
болатыны сенімді.«Өзін-өзі тану» оқулықтарында тақырыптық және мазмұндық 
таңдау жасау, әдістемеліжүйе құру арқылы ұлттық құндылықтар арқылы оқып-
үйренуге тірек болған оқу материалдары, яғни ұлттық қазыналар, олар–ана тілі, 
ән-күй, өлең-жыр, ертегі және т.б.
Тіл. Халықтың өткені, жаны, бүкіл рухани дүниесі және барша 
шығармашылық ой-толғаныстарының ғажайып сыры тіл қойнауында 
бейнеленген. Мұның бәрі ана сүтімен бірге бала бойына дариды. Ең бастысы, 
осының бәрі «ананың тілі, аяулы үнімен» жеткені абзал. 
Ән-күй. Бала бесік жырын тыңдап өсуі тиіс. Өйткені, алғаш рет баланың 
жан сезімін тербейтін, рухани жігер беретін – халық әуені. Қазақтың ән-күйлері 
сарынды, кең тынысты, шалқымалы болып келеді. Жанға жағымды нәзік 
әуендер адамға эмоционалдық- эстетикалық әсер береді. 
Өлең-жыр. Ғажайып ғаламат сырға толы қазақтың өлең-жырлары адам 
жанын арбайды, үйлесімділік пен ырғаққа шырмайды, адам өмірі мен қоршаған 
әлемнің тылсым сырына үңілдіреді, рухани шаттыққа бөлейді. Баланың тілі 
шығып, хат тани салысымен ана тілінде жазылған нұрлы, қуаныш пен шаттыққа 
толы өлеңдерді естіп, тыңдап, оқып, айтып, тани бергені жөн. 
Сонда бала жаны сүйіспеншіліктің, үміттің, сенімнің, арманның биігіне 
ұмтылатын болады. 
Ертегі. Ертегі – арман-қиялға жетеуші. Балаға алғаш рет ерлік, батылдық 
сезімін оятатын, қауіп-қатер, қиыншылықты бастан кешіру, сыннан өту, айла-
күш жұмсауға баулитын, арманы орындалу, мұратына жету дәмін таттыратын – 
ертегілер. Адам тағдырын, дүниенің саналуандығын, мейірімділік пен қатігездік, 
әсемдік пен ұсқынсыздық туралы да осы ертегілерден танып біледі. Әр адам 
өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін ертегіден алады.Ендеше, осындай 
адамзат баласының рухани тәжірибесінен туындаған, халықтың қалпынан 
шыққан, ұлттың жан-дүниесін ашатын рухани игіліктер жаны мен тәні сау, 
бақытты ұрпақ өсіріп, дәулетті елде өмір сүретінімізге сенім мол. 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы 
жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі, әлемдік 
деңгейдегі саяси беделі және әл–ауқатының артуына бағытталған негізгі басым 
бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру көзделген. Білім мазмұнын жаңарту мен 
қатар, оқытудың әдіс–тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру, жас 
өскелендерді ұлтжандылыққа тәрбиелеу қажеттілігі көрсетілген. Елбасымыздың 
келешек ұрпақ болашағы жайлы айтқан осы ой түйіні, жаңа заман талабына 
сай жаңаша оқыту технологиясын игеру міндетін жүктеп отырғаны белгілі. 
Ендеше ақпарат ғасырында, ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда, 
ұстаздардың ортақ мақсаты заман талабына сай, білімді, жан – жақты ойлай 
білетін, өз елінің, халқының қамын жейтін, сүйе білетін, қоғамды алға қарай 
дамытатын ұрпақ тәрбиелеу екені даусыз. Ұлттық тағылымдардан сусынданған 
ұстаз ізденіссіз сапалы білімге қол жеткізу мүмкін емес. Жастарға рухани-
адамгершілік тәрбие беру–қазіргі мектептердің ең маңызды міндеттердің бірі. 


12 
Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының рөлі 
барған сайын артып, моральдық фактордың ықпал аясы кеңейіп келеді. Ұлттық 
мәдениет тарихының қайта жаңғырып өркендейі, халықтың рухани мұрасын 
дәстүрлерін қастерлеу–оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік 
дербестігінің көрсеткіші. Осы өркениетті өзгертіп, оны дәріптеп, дамытатын 
адам болып табылады. Рухани-адамгершілік құндылықтар педагогиканың 
тарихы мен теориясында кеңінен зерттеліп жүрген мәселелердің бірі. Рухани-
адамгершілік құндылықтарының мәні, тәрбиелік маңызы туралы қоғам 
қайраткері,ғұламалар,ұлы педагогтар,ақын-жыраулар өз еңбектерінде ой-
пікірлерін қалдырып кеткені белгілі.Халықтың тәрбие тұрғысын рухани-
адамгершілік құндылықтарды негізденген ғалымдар ұлттық педагогиканың 
теориялық негізін айқындаумен қатар, мектептегі тәрбие жұмысын жетілдірудің 
практикалыжақтарын, тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру жолдарын және 
олардың ерекшеліктерін ашып көрсетті. 
Халық 
педагогикасының 
дәстүрлері 
негізінде 
бастауыш 
мектеп 
оқытушыларының және оған дейінгі ұрпақты рухани-адамгершілікке 
тәрбиелеуде тәрбиешілерді, болашақ мұғаімдерді даярлау мәселелері ең басты 
назарда болуы қажет… Білім берудің басты құндылығы ретінде тұлға, рухани-
адамгершілік, ізгілікті қағидалар:бірлік, теңдік, өзара ықпалдастық және 
төзімділік бекітілген.
Оқушы тұлға мен қоғамды қалыптастыратын мәдениетті түсіну және 
бағалай білу үшін адамдармен құндылық – саналы ынтымақтастық әрекет 
жасай алуы тиіс. Осы ұстанымды жүзеге асыру ізгіліктің тұжырымдамасына 
негізделген, мақсатты ұйымдастырылған, өзара байланысты әркеттер және 
мұғалім мен оқушының арасында өзара ынтымақтастығы үдерісін қажет етеді. 
Педагогика мен тәжірибенің адамға, оны дамытуға, ізігілікті дәстүрді қайта 
жаңғыртуға бағытталуы-өмірлік мақсат ретінде танылады. Бұл мақсатқа қол 
жеткізу үшін педагогиканы патриотизммен байланыстыра оқыту керек сияқты.. 
Аталған адамзаттық және ұлттық құндылықтар адам өміріне қажетті рухани 
байлық болып табылады. Рухани байлыққа халқымыздың мәдени-мұралары, ата-
баба салт дәстүрлері, танымдағы және эстетикалық ләззаттағы қажеттіліктер 
жатады. Халық игілігі ретінде рухани асыл қазыналар ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғасып, сабақтасып жатады. Елінің бүгіні мен ертеңін алыстан болжап, халық 
үшін еңбек еткен адамдардың өмірі де рухани байлық болып саналады. 
Бабалардан қалған қасиет пен құрмет, тіл мен діл, ел мен жер–бәріде біздің 
рухани байлығымыз. Рухани байлық – адамның өмірін, қоршаған орта, тіршілік 
аясымен тұтастыратын және оның бар мақсат мүддесін игі істермен 
ұштастыратын асыл арна. Рухани байлық адамның белгілі бір қажеттерін 
қанағаттандыратындықтан ол үнемі игілікке бағытталады. 
Адамгершілік – адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм 
принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Адамдарға деген ізгі ниеттілік, 
құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілдік, басқалардың мүддесі үшін жан 
аямаушылық сияқы жеке өсиеттерді қамтиды. Кеңпейілдік, адалдық, 


13 
шыншылдық та адамгершілікке жатады. Адамгершілік ұғымы ізгілік, 
гуманизмнің синонимі ретінде, адамның игілігі мақсатқа айналғанда пайда 
болатын қарым-қатынастар жүйесі мен қоғамдық ахуал ретінде неғұрлым кең 
мағынада қолданылады. Адамгершілік қоғамдық қатынастардың дамуы мен 
тарихи-мәдени, рухани қажеттілігінің нәтижесі. Адамгершілік дегеніміз үлкенді 
үлкен, кішіні кіші деп қадірлей білуде, тектіліктің тірегін қалайтын тәлім 
тәрбиеде. Ал тәрбие қуаты отбасында. Қазіргі таңда еліміздегі оқу–тәрбие 
жұмысында болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысына көп мән 
беруді міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде жеке тұлғаға 
ұлттық тәрбие және адамгершілік жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы 
тәрбиелеу басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты алға қойылатын 
негізгі мақсат–өркениет, прогресшіл бағыттағы ұлттық бағыттағы азаматтық 
адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тәлімін жоғалтпаған, өзге елдегі 
замандастары мен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі білімді, тағылымы 
мен тәлімі келіскен ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен бірге жеке тұлғаның сапасын 
көтеру. Тәрбие–қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын 
қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның 
жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы білімі 
мен пайымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес ұлттық сезімін және сенімін 
тәрбиелеу әрбір тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты. 
Тәрбиенің негізгі міндеті:қоғамның қажетті талаптарына әрбір баланың 
борышы, намыс, ар-ождан, қадір-қасиет сияқты қасиеттерін биік рухани 
адамгершілікке айналдыру.
Білім беру жүйесіндегі бірінші міндет–ол дүние жүзі елдерінде жастарды 
бейбітшілік рухқа ынтымақтастыққа, руханилыққа тәрбиелеу және әлемдік 
мәдениет пен әр халықтың ұлтық мәдениетін кіріктіре меңгеру. Екіншіден, 
жастардың 
бойындағы 
адами 
құндылықтарды: 
қайырымдылықты, 
сүйіспеншілікті қалыптастыру және тәрбиеге негіздей отырып оқыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет