Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» акционерлік қОҒамының филиалы атырау облысы бойынша педагогикалық



Pdf көрінісі
бет14/70
Дата11.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#483011
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70
«Өзін-өзі-тану»-пәні-бойынша-көмекші

Рухани ізгілік–бүкіл білім беру саласын тізіп өтуі тиіс. Өзін тұлға ретінде 
сезіну, адамгершілік нысаналарын іздеу, өмір мәнін және өмірдегі өз орнын таба 
алу–әрбір адам үшін бақытты болудың негізгі шарттары.Тек игілік, тыныштық, 
ізгілік,сүйіспеншілік, руханилық арқылы өктемшілдік пен оның салдары–
қоғамдағы руханисыздық және азғындықты еңсеру–педагогикалық сананы 
өзгертуге әкеле алады деген-Шалва Амонашвили 
Ізгі педагогика Манифесті. 
Ұстаз–рухты жан, жарық иесі және оны сыйға тартушы.Шәкірт– 
Жарыққа құштар және оны іздеуші жан. Олардың кездесуі Сабақ деп аталады
(педагогикалық үдеріс)–ол бірлескен маңызды өмірдің ерекше кезеңі,мұнда 
өскелең адам-шәкірт ұстаздан тараған Жарыққа бөленеді. Тәрбиелеу өскелең 
адамның рухани осін қуаттандыру, ол болса рухани азық қажет етеді. 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы жаңа білім беру мазмұнының базалық 
принципі-әрбір мектепте тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды 
ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құру.
Өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жетілдіруді жалпыадамзаттық 
құндылықтар негізінде меңгеру. 
Рухани-адамгершілік білім өзін-өзі тәрбиелеу мен мәңгілік сұрақтарға
жауап іздеуден басталады: 
- Мен кіммін? 
- Адам табиғаты қандай? 
- Адамның шынайы бақыты неде? 
Ол ой, сөз, іс бірлігінде өмір сүретін мінсіз мінезге ие адамды 
қалыптастыруды мақсат тұтқан білім. Руханилық пен адамгершілік заңдары – ол 
Ғалам заңдары, олар жаратылысымыздан әрбіріміздің бойымызда бар. 


21 
«Өзін-өзі тану» бағдарламасының негізгі ұстанымдары мен ұғымдары 
«Өзін-өзі 
тану» 
рухани-адамгершілік 
бағдарлама 
мазмұны 
жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделеді. 
Бағдарлама мақсаты–білім мен тәрбие беру үдерісінің рухани негіздерін 
қалпына келтіру. 
Рухани-адамгершілік білім беру үдерісінің барысында оның дара рухани 
субъектілері ретінде мұғалім де, оқушы да трансформацияланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет