81
жіберердей. Ұстазынан ұялған болар. Ләм-мим демеді. Алайда, бойын ащы ыза
кернеді. Өз терісіне өзі сыймай, қайта-қайта бұлқан-талқан болды. Көп аялдаған
жоқ. Есікті қайта кірместей тарс жауып кетті.Өкініш пен өксік. Нұрбол ақшам
намазынан асқан уақытта үйіне келіп, назалы үнмен назын айтты. Бәйек болған
Бибісара күні бойы аш жүрген баласының тамағының қамына кірісті.
- Артынан қалмай қойған Нұрбол ащы дауыспен ренішін білдірді.
– Мама, сабаққа неге келесің? Мені масқаралағанша асханаңда жұмысыңды
істеп жүре берсең қайтеді? Саған осы не жетпейді? Түсінбей-ақ қойдым сені.
Мені енді іздеп келме. «Анасы соқыр екен», –
деген сөзді енді естігім
келмейді… Сенің қасыңда жүруге ұяламын. Маған жоламашы… Айтшы, неге
соқырсың? Қайда бір көзің? Сырын білсем бола ма?
- Байғұс Бибісара жалғыз жанарымен тағы жылады. Еңіреді, егілді. Көзінен
жас төгілді. Көкірегін ащы өксік кернеді. Шарасыздық па, әлде қорқыныш па?
Оны өзі де білмейді. Белгілісі, жүрегінің түбінде бір құпия бар. Тағы жасырып
қалды. Ана жүрегі тентек ұлын бұл жолы да кешірді:
- Кешір, балам. Сен не десең, сол болады. Енді сені ренжітпеймін. Анаңның
қателігін кешір, құлыным… Қоңыр қозым, сен ренжімеші.Сені жақсы көрем ғой.
Кел, тамағыңды іше ғой, айналайын.
- Ана осылайша уәде берді. Сөзін амалға асырды.
Баласына артық уайым-
қайғы туғызбауды көздеген еді. Ұлын енді қайта іздеп бармауды ұйғарды. Сыр-
тынан дұға етіп, аналық ақ тілегін Аллаға жолдады.Сағат сырғып, уақыт жыл-
жып, Нұрбол оқуын аяқтады. Мектепті үздік бітірді. Ендігі асыл арманы –
шетелде оқу. Сөйтіп, бір көзі жоқ анасынан біржола құтылуды көздеді. Алла
пендеге мейірімді ғой. Тілегін қабыл алыпты. Оқуға түсті. Мұхит асып кетті.
Ауылда қалған жалғыз анасына бұрынғыдан да бетер суық қарайды. Айтқандай-
ақ, ақ сүт беріп асыраған аяулы анасын мүлдем ұмытты. Білікті маман болды.
Жұмыс тапты. Үйленді. Бала сүйді. Бірақ шешені есіне де алмады. Немересінің
маңдайын әжесіне бір иіскету ойына да келмеді. Тасжүрек
одан сайын қатып
қалған екен. Анаға деген мейірім жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: