82
баламды шошыттың ғой. Артымнан іздеп келме деп ем ғой. Сен маған «енді
іздеп келмеймін» деп уәде бергенсің. Неге сөзіңде тұрмайсың? Үйге кірмейсің.
Балаларымды тағы шошытасың. Қазір-ақ кет. Қайда қонатыныңды өзің шеш.
- Құлыным,балапаным,сонау жерден өзің деп келдім. Мен бұған өкінбеймін.
Хабарласпай кеттің ғой. Еш болмаса, телефон шалсаң нетті?! Өздеріңді уайым-
даумен шашым да ағарды. Күндіз күлкімнен, түнде ұйқымнан айырылдым. Сені
үйленіпті деп естідім. Балаң да бар екен. Үйге кіргізші. Немеремнің бетінен бір
сүйіп кетейінші тым болмаса.
- Айттым ғой «жоқ» деп.Кірмейсің.Бір көзің жоқ.Кішкентайларды
қорқытасың.
Әңгіме осы жерден үзілді. Екеуі де үнсіз. Көк аспан күңіреніп, ақ жауын ана-
мен бірге жылап тұрғандай. Табиғат та тентек балаға кейіс білдіріп, періштелер
де қайғы жеп тұрғандай… Кейуанаға кеудесін керген баладан енді қайыр жоқ.
Ана жүрегі мұны әбден сезді. Үсті-басы малмандай су. Амал жоқ, келген жолы-
мен кері кетті.
Достарыңызбен бөлісу: