Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Педагогика және педагогикалық психология Жалпы педагогика


ІІ.13. Қазіргі мектептегі білім беру мазмұны



бет19/65
Дата27.09.2022
өлшемі0.79 Mb.
#461408
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65
Барлы педагогикалы маманды тар а арнал ан (шифр, маманды ) о у

ІІ.13. Қазіргі мектептегі білім беру мазмұны
Жоспар:
1. Білім берудің мазмұны туралы түсінік.
2. Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері.
3. Білім беру мазмұнының компоненттеріне сипаттама.
4. Жалпы білім беру мазмұнын реттейтін құжаттар.

Білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізгі теориялары ХҮІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында қалыптасты. Қоғамдық-әлеуметтік және ғылыми-техникалық өркениеттің нәтижесінде білім беру мазмұнына жаңаша талаптар қойылып отыр. Білім беру мазмұны дегеніміз оқушыларды жан-жақты дамыту, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі [1, 158]. Ал Ж.Б.Қоянбаевтың пікірінше, білім беру мазмұны оқыту үрдісінің құрамдас бөліктерінің бірі деп түсінік берсе, А.А.Бейсенбаева анықтамасы бойынша білім беру мазмұны дегеніміз жеке тұлғаны қалыптастырудағы іс-әрекет тәсілдерін меңгеру мен жүйелі білім алуды іскерлік пен дағдыны жетілдіру деп айтады [2, 223; 3, 204]. Сондай-ақ белорус педагогі И.Ф.Харламовтың пікірінше: «Содержание образования следует понимать ту систему научных знаний, практических умений и навыков, а также мировоззренческих и нравственно-эстетических идей, которыми необходимо овладеть учащимся в процессе обучения», - деп түсінік береді [4, 128]. Демек оқу мазмұнына жеке тұлғаның әлеуметтену тұрғысынан жан-жақты түсінік беріледі. Яғни қазіргі кездегі әлемдік оқу мазмұнына сәйкес ізгілендіру, компьютерлендіру, жоғары интеллектуалдық қабілет, т.б. мақсат-міндеттермен сипатталады.


Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептерде білім мазмұнын жетілдірудің принциптері:

  • білім мазмұны негізінде ұлттық, мәдени, тарихи байлықты жалпы адамзаттық мәдени мұрасымен ұштастыру;

  • қазіргі өркениеттегі ғылыми-техникалық ақпарат технологияны пайдалану;

  • ана тілін, шетел тіледрін меңгеру және ұлттық мәдениетті қалыптастыру;

  • оқушылардың ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруіне жағдай жасау;

  • оқушыларды отансүйгіштікке және өмір сүруге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Бұл айтылған принциптер жеке тұлғаның өз тағдырын өзі шешуі үшін білімнің ізгілендіру дәрежесін жан-жақты дамытуға негізделгенін түсіндіруге болады.
Оқу мазмұнының негізгі құрылымына оқу жоспары, оқу бағдарламалары және оқулықтар кіреді. Оқу жоспары дегеніміз оқу жылының тоқсандарының демалыс күндерінің тізімін, оқытуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін құжат [5, 159]. Оқу бағдарламалары оқу жоспары негізінде құрастырылады. Оқу бағдарламасы деп оқу пәнінің мазмұнын, білімдердің, тәртібі мен ережесін белгілейтін мемлекеттік құжат [6, 54].
Оқулық оқу бағдарламасына сәйкес оқу пәнінің жұмысын және мазмұнын жүйелі баяндайтын кітап.
ҚР “Білім заңына” сəйкес елімізде білім стандарттары қабылданған.
“Стандарт” түсінігі латын сөзі негізінде қабылданып, “үлгі”, “өлшем” деген мағынаны аңдатады. Білім стандарты мəн-мағыналық тұрғыдан сауат, білімділіктің мемлекеттік өлшемі ретінде қабылданып, қоғамдық мұратқа орайластырылған, əрі нақты тұлға мен білім жүйесінің мүмкіндіктерін ескерген сол мұратқа жету негізгі белгі - талаптар (параметры) жиынтығын қамтиды.
Қазақстан республикасының “Білім туралы Заңында” көрсетілгендей, жоғары өкілетті мемлекеттік органдар негізгі білім ақпараттарының ең төмен көлемдегі мазмұнын, оқу жүктемесінің ең жоғары деңгейін белгілеп, түлектер дайындығына қойылатын талаптарды алға тартады. Қабылданған оқу жүктемесі шегіндегі міндетті білім көлемінен тыс, қосымша білім мазмұнын ұсыну жергілікті оқу орындарының билігінде. Стандарт құрамы келесі бірліктерді қамтиды: жалпы білімдік оқу орындарының түбір (типтік) жоспары, мазмұн құраушы мызғымас (инвариант) жəне баламалы бөліктер, оқушыларың жалпы дайындық деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптар.
Білім мазмұны оқу жоспарларында, бағдарламаларында, оқулықтар мен оқу құралдарында айқындалады. Оқу жоспары – оқу орнында игерілетін оқу пəндерінің құрамын, оларды меңгеру бірізділігі мен кезек тəртібін, əр пəн бойынша жылдық, апталық бөлінген сағат санын, оқу жылының бас-аяқ мерзімі жəне апта, айларын анықтап беретін құжат. Оқу жоспарлы түбір (типтік) жəне нақты оқу мекемесі тарапынан жасалған оқу жоспары болып бөлінеді. Түбірлі оқу жоспарында мектеп (ЖОО) қабырғасында оқу жылдарына орай жүргізілетін барша оқу пəндерінің тізімі беріледі. Игерілуі қажет пəндер оқу жоспарында үш топқа бөлінеді: 1) міндетті (базалық-мемлекеттік бөлік), 2) оқушылар қалауы бойынша (аймақтық бөлік) жəне 3) мектеп (ЖОО) кеңесі бекімімен өтілетін пəндер (мектептік (ЖОО) бірлік). Түбір оқу жоспарында əрқилы білім саласына, факультативтерге, оқушылар таңдауымен енген курстерге арналған сағаттар бөлігі өрнектеледі.
Түбір жоспар негізінде жеке ерекшеліктерін ескерумен мектеп (ЖОО) өз оқу жоспарларын жасайды. Оқу формаларына қарай күндізгі, ауысымды, сырттай, қашықтықтан оқыту жоспарлары да əр қилы келеді. Оқу жоспарлары негізінде оқу бағдарламалары түзіледі. Оқу бағдарламалары өз ішіне:1) нақты пəнді оқу жөніндегі түсініктемені; 2) оқушылардың (студенттердің) біліміне қойылатын талаптарды; 3) əр сыныпта (курста) пəн бойынша өтілетін материалдардың тақырыптық жоспарын; 4) пəн курсы бойынша білімдер мен тақырыптар тізімін, яғни бағдарламаның өзін; 5) пəнге орай оқу жабдықтары мен көрнекі құралдар тізімін; 6) қажетті əдебиеттер ауқымын; 7) бақылау сұрақтарын, 8) курстық, дипломдық жұмыстар тақырыбын (ЖОО да)-қамтиды.
Оқу бағдарламаларының түбірлі (типтік), оқу-жұмыс (рабочие) жəне авторлық түрлері ажыралады.
Түбір бағдарламалары Мемлекеттік білім стандарты негізінде нақты пəн бойынша құрастырылады. Оларды ұсыныс сипатында қабылдауға болады.
Оқу - жұмыс бағдарламалары түбір жоспары негізінде түзіліп, мектептің педагогикалық кеңесінің (ЖОО да жетекші кафедра) шешімімен бекиді. Бұл бағдарламалар білім стандартының талаптарына сəйкес, сонымен бірге ол нақты оқу орнының мүмкіндіктерін ескерумен жасалады.
Авторлық оқу жоспарларында білім стандартының талаптары міндетті сақталады, бірақ оқу материалын ұсынудың өзгеше қисыны, оқу барысында оқып-зерттелетін құбылыстар мен процестерге автор тарапынан өзіндік көзқарастар болуы мүмкін. Мұндай бағдарламалар көбіне таңдамалы курстар мен факультативтерде қолданыс табады. Оқу бағдарламаларын құрастырудың педагогика тарихында екі əдісі белгілі: концентрлі жəне тізбекті.

Негізгі әдебиеттер:


1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.
2. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990
3. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.
4. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001
5. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006
6. Селевко Г.К. Современное образовательные технологии. – М.: 1998
7. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогичнском процессе школы. – Алматы, 1997
8. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002
9. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. – Алма-Ата: Мектеп, 1984
10. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. – Алматы, 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с.
2. Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.
3. Каракулов К.Ж. Школоведение. – Алматы
4. Конаржевский Ю.К. Анализ урока. /М.: Центр «Педагогичнский поиск», 2000
5. коркина В.И. Дидактика в схемах и таблицах: Уч.пособие. – КарГУ. Караганда: Изд.ВО КарГУ, 2004
6. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.
7. Краевский В.В. Ведение в научное исследование по педагогике: уч.пособие. М., 1999




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет