9. Педагогиканың жеке ғылым саласы ретінде бөлінуі қай педагог есімімен байланысты?
А) Д.Локк; В) Л.Н.Толстой; С) А.С.Макаренко;
D) И.Г.Песталоцции; Е) Я.А.Коменский.
10. Тұлға дамуының негізгі қозғаушы күші:
А) Тәрбие принциптері. В) Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері.
С) Тәрбие әдістері. D) Қарама-қайшылық.
Е) Тұқымқуалаушылық.
11. Тәрбие принциптеріне жатпайды: А) Ұжым арқылы тәрбиелеу; В) Тәрбиенің мақсаттылығы;
С) Оқытудың проблемалылығы; D) Тәрбиелік ықпалдардың үздіксіздігі; Е) Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі.
12. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің жүйесін анықтаңыз: А) Әңгіме, лекция, демонстрациялау, үлгі;
В) Педагогикалық эксперимент, сауалнама, әңгіме;
С) Репродуктивті және проблемалық–зерттеу әдістері;
D) Мектеп құжаттарын зерттеу; Е) Педагогикалық ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы.
13. Педагогикадағы табиғи эксперимент: А) Оқу-тәрбие процесін бұзбай зерттеу болжамын тексеру;
В) Зерттеу болжамын арнайы лабораториялық жағдайда тексеру; С) Болжамын жалпы тексеру;
D) Педагогикалық процестің жүру жағдайына өзгеріс енгізу арқылы зерттеу болжамын тексеру;
Е) Математикалық әдістер арқылы тексеру.
14. Оқушылардың шығармаларын, практикалық жұмыстарын және т.б. зерттеушінің талдауы:
А) Бақылау; В) Эксперимент; С) Іс-әрекет өнімдерін зерттеу; D) Сауал-сұрақ әдісі; Е) Мектеп құжаттарын тексеру.
15. Зерттелетін құбылыстар арасындағы сандық тәуелділіктерді анықтау, эксперимент және сауал-сұрақ барысында алынған нәтижелерді өңдеу үшін қолданылатын әдіс:
А) Теориялық талдау; В) Индуктивтік әдіс; С) Дедуктивтік әдіс; D) Статистикалық әдіс; Е) Тест.
16. Ата-анадан балаға тұқымқуалушылық арқылы берілетін қасиет: А) Ойлау қабілеті; В) Мінез-құлық белгілері; С) Әр түрлі іс-әрекетке деген қабілеті;
D) Нышан, адамның жеке қабілетін дамытудың қызметі;
Е) Адамдармен қарым-қатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: |