Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті



бет2/3
Дата17.06.2016
өлшемі390 Kb.
#142785
1   2   3

Темір — табиғатта кең таралған элементтердің бірі болып табьшады. Ол жср қыртысының шамамен 5%-ын құрайды. Бірақ темір таза түрінде кездеспсйді, себебі ол оттегімен оңай косылады да тотық - оксидтар пайда

болады.


Темір рудасынан алынатын алғашқы өнім — шойын. Құрылымы ірі түйірлі 4% кеміртегі бар сұр шойын құйма үшін, ал құрылымы майдатүйірлі ак, шойын болат өндіру үшін пайдаланылады.

Болат — темір мен көміртектің қорытпасы. Болаттың негізін феррит құрайды. Ферриттің беріктігі төмен және өте пластикалы келеді, сондықтан оны таза түрінде құрылыс конструкциясында пайдаланбайды. Беріктігін жоғарылату үшін: көміртек қосады- көміртекті болат; қоспа компоненттермен (сыңарлармен) легирлендіріледі – легирлендірілген болат; термиялық беріктендіріледі.

Көміртекті болат, құрамына байланысты, азкөміртекті, ортакөміртекті және жоғарыкөміртекті болып бөлінеді.

Азкөміртекті болатта көміртектің шамасы 0,09-0,22%-дан аспайды. Олар, дағдылы беріктіктегі азкөміртекті болат деп аталып, құрылыс конструкцияларында пайдаланылады.

Ортакөміртекті болатта көміртек 0,25-0,5% арасында қосылады. Бұны машина құрылысында қолданады.

Жоғары көміртекті болаттағы көміртек 0,6-1,2%-ға дейін жетеді. Осындай болаттар аспаптық (инструментальный) өнеркәсіпте пайдаланылады. Лигерлендірілген болаттар легирлендіруші элементтердің мөлшеріне қарай: төменлигирлендірілген, орталегирлендірілген және жоғарылигирлеңдірілген деп ажыратылады.

Төменлегарлендірілген болатта легирлеңдіруші элементтердің шамасы 2,5%, орталегарлендірілгенде — 2,5-5%, жоғарылегирлеңдірілгенде -10% дан астам болады. Құрылыс конструкцияларында төменлегирлендірілген болаттар пайдаланылады. Олар төменлегирлендірілген беріктігі көтеріңкі болаттар деп аталады.

Металл конструкцияларды әзірлеген кезде болаттың сапасы мынадай механикалық қасиеттерімен анықталады:

  1. Статикалық әсерлерге кедергі беру, яғни уақытша кедергісі δи мен аққыштық шегі δу бойынша;

  2. Динамикалық әсерлер мен морт қирауға кедергі беру, яғни әр түрлі температура кезіндегі соққы тұтқырлығы (ударная вязкость) бойынша;

  3. Пластикалық көрсеткіштері, яғни салыстаырмалы қалдықты ұзаруы бойынша.

Бұлардан басқа болттың сапасы тағы бірнеше рет қайталанатын жүктеуге кедергісімен, болаттың химиялық құрамымен және оны өндіру технологиясымен кепілденетін, дәнекерленуімен және тотығуға тұрақтылығымен анықталады.


Дәріс №4 Тақырыбы КЕРНЕУЛЕР ШОҒЫРЛАНҒАН КЕЗДЕГІ БОЛАІТЫҢ ЖҰМЫСЫ
Кернеулердің біркелкі таралуы, күштеулер әссрі арнайы кұрылғы конструкциялары арқылы жеткізілген кезде ғана мүмкін. Әдстте кернеулер біркелкі таралмайды, әсіресе қимасы күрт өзгереп жерлср маңайында, біркелкі еместігі қатты байқалады, мысалы тесіктер, ойықтар, кесіктіліктер калыңдаған жерлер маңайларында. Мұндай орындар кернеулер

шоғырланатын орындар деп аталады.

Кернеулердің шоғырланатын жерлерінде күштеулср ағынының жолдары қисайып, бөгет маңайында жиілснсді, бұл жағдай осы орыңдарда кернеулердің көтерілуіне келтіреді.

Кернеудің шоғырлану мәні қима түрінің бүлінуіне байланысты: дөңгелек тесік кезінде ол күш әсеріне тікше бағытталған үзынша тесіктегіден аздау келеді. Әсіресе көлденең жарык кезінде оның мәні өте үлкен болады. Үшкір кертікте дөңгелектенген кертіккке қарағанда кернеу кебірек шоғырланады.





Кернеулердің шоғырлануы.

Кернеулердің шогырланған жеріндегі максималды кернеудің негізгі (номиналды) біркелкі таралған кернеуге қатынасы шоғырлану коэффициенті деп аталады К

мұндағы „ = N / Ао - осалданған қимадағы номиналды кернеу;

Ао - осалданған қиманың ауданы;

ах - шоғырланған жердегі максималды кернеу.

ІІІеңбер тесік және жарты шеңберлі қырнау (выточка) маңайындағы кернеулердің шоғырлану коэффициенті шамамен 2-3-ке тең, ал үшкір тілік (надрез) бар жерде ол 6...9-ға дейін жетеді.

Статикалық жүктеме және қалыпты температура кезінде кернеу шоғырлануы көтергіштік қабілетке айтарлықтай әсерін тигізбейді. Соңдықтан металл конструкциялар элементтерін есептегенде мұндай жағдайлар олардың беріктігіне тигізетін әсері ескерілмейді. Температураның төмендеуі, болаттың тозуы кернеулер шоғырланған жерлердің морт сынуға кедергісін төмендетеді

Дәріс №5. Дәрістің атауы. Металл конструкцияларының элементтерін есептеу ерекшеліктері

1.Кернеу түрлері және есептеу кезінде олардың ескерілуі. Конструкция элементтерін есептеу

2. Ортадан созылған элементтің жүктемеге жұмысы

3. Металл коррозиясы және онымен күресу жолдары

Елімізде 1955 жылдан бастап есептеулср шекті жағдайлар әдісі бойынша жүргізіледі. Қазіргі уақытта өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттар мен көпірлердің, құрастыру аспаптарының барлық конструкциялары шекті жағдайлары бойынша есептеледі. Тек қана машинажасау конструкциялар саласына қарасты механикалық түйіндср мен бөлшектер әлі бұрынғысынша шекті мүмкіндік кернеулер бойынша есептеліп келеді

Шекті жағдайлардың бірінші тобы максималді (есептік) жүктемелер мен әсерлерге есептеп тексеріледі. Ал, олардың екінші тобы болса, конструкциялардың қалыпты пайдалануына сәйкес келетін эксплуатациялық (мөлшерлік) жүктемелер мен әсерлерге тексеріледі.

Шекті хсағдайлардьщ бірінші тобы көтергіштік кабілеті, яғни бірінші нышаны бойынша, ғимараттарды пайдалану мүмкіншілігін камту үшін, конструкцияға әсер етуші жүктемелер пайдалануға шек қоятын мәнінен аспауы керек. Бүл шарт жалпы түрде былай жазылады

Nmax≤ Smin (2)

мүпдағы Nmax - есептелетін конструкция элементіндегі әсер етуші күштеу (жүктемелер функциясы);

Smin - есептелетін элементтің қабылдай алатын шекті күштеуі, яғни көтергіштік кабілеті. Оның мәні материалдың физикалық-механикалық қасиеттері мен элементтердің елшемдеріне байланысты.

Nmaxкүштеудің мәні пайдалану уақытында әсер етуіне қисыны бар ең үлкен күштеуді керсетуі керек. Бұл күштеу Fi есептік жүктемелерден анықталады. Ал, есептік жүктемелер, әдеттегі пайдалану жағдайларына сәйкес келетін, Ғмөлшерлі жүктемелерді γfiжүктеме бойынша сенімділік коэффициентіне жәнеγnжауаптылығы бойынша сенімділік коэффициентіне көбейту арқылы табылады.Коэффициент γfi жүктеменің қолайсыз жағына ауытқуын, γпғимараттардың жауаптылық дәрежесін есепке алады.

Бірнеше уақытша жүктемелер бір мезгілде әсер еткен кезде конструкциялар есебінде жүктемелердің немесе күштеулердің ең қолайсызүйлесімі ескеріледі. Үйлесім жуктемелерді немесе күштеулерді Ψ-үйлесімкоэффициентіне көбейту арқылы есепке алынады. Сонымен, Nтaxкүштеуін мына түрге келтіруге болады



(3)

мүңцағы N, - F = 1 кезіндегі күштеу, яғни жүктемеден күштеуге ауысуын белгілейді.

Көтергіштік қабілеті Smіn, қисыны барынша минимады болып қабылдануы керек. Оның мәні А-қиманың геометриялық сипаттамаларын (ауданын,кедергі моментін) R-есептік кедергісіне және үс-жұмыс шарттары коэффициентінкөбейтіліп табылады. үс-коэффициенті температураның, қоршаған ортаагрессивтігінің, әсерлер ұзақтылығы мен көп қайталануының ықпалдарын ескереді.

Есептік кедергі R мөлшерлі кедергіні Rn, материал бойынша сенімділік ғойкоэффициент үm-ге бөлумен анықталады



(4)
Ең соңында, шекті теңсіздік мына түрді қабылдайды

(5)
Егер Niкүштеу мен мөлшерлік жүктеменің көбейтіндісі мөлшерлі күштеу(NіҒ=N) екенін ескерсек, онда

Мөлшерлік кедергісін аққыштық шегі бойынша есептеген кезде



(6)

уақытша кедергісі бойынша есептегенде



(7) ,

мұндағы үи=1,3-беріктіккс уақытша кедергісі бойынша есептелетін конструкциялар элементтерінің сенімділік коэффициенті.

Шекті жағдайлардың бірінші тобы (2-нышаны) үшін, каддық немесе толық деформациялары (орын ауысуы) бойынша конструкцияның пайдалануын токтатуға мәжбүр тудыратын жағдайы, жалпы түрде былай жазыла алады

(8)

мүндағы δ1 - бірлік жүктеме әсерінен пайда болатын орын ауысу; δ1-шекті қалдықты немесе толық орын ауысу.Шекті жағдайлардың екінші тобыүшін шекті шартты мына түрде жазуға болады


(9)

мұндағы δ2-бірлік жүктеме кезінде пайда болатын конструкцияның серпімді деформациясы немесе орын ауысуы; δ2- ережелерде белгіленген немесе жоба тапсырмасында көрсетілген, әдеттегі пайдалануға шек қоятын, шекті деформациялары немесе орын ауысулары.

Шекті жағдайлар екінші тобының деформациялары сөздің толық мағынасы бойынша шекті болып табылмайды. Себебі олар конструкцияның артығырақ жүктемелерге жүмыс жасау мүмкіндігін сақтайды, бірақ бұл жағдай пайдалануға қиындықкелтіреді.

2 Кернеулерді, пайда болуына байланысты, төрт түрге бөлуге болады: негізгілер,қосымшалар, жергіліктілер және бастапқылар.

ТМД елдері бойынша коррозиядан жыл сайын 30 млн. тоннаға жуық металл шығындалады. Коррозияланған металдың 90%-ы кайта балқытуға жіберіледі, ал қалған 10%-ы (яғни шамамен 3 млн тоннасы) қайтарылмас шығын болыл табылады (тот, темір қагы жөне т.б.).

Соңғы жылдары металл корының, яғни металл конструкциялар, машиналар, құбырлардың және т.б. жалпы массасының көбеюінен, ауаның жердің, табиғат суы ластануының ұлғаюынан коррозия шығыны көбейіп кетті. Мәселен, кей кезде жылу электростанциялар тас көмір жағып ауаға орасан зор көлемде күкіртті газ шығарғандықтан күкірт қышқыдан жаңбыр жауады.

Коррозия дегеніміз металдың агрессивті ортамен әрекеттесуі аркасында химиялық немесе электрохимиялық қирау үрдісі. Химиялық коррозия бір мезгілде өтетін тотығу және тотықсыздану үрдісі нәтижесінде пайда болады. Мұндай коррозия қай арада болса да қисыны бар, бірақ көбінесе жоғары температура кезіндегі ауада, сұйық электролит еместерде(мұнай, бензин, керосин, қорытылған күкірт) байқалады. Жоғары температура болған уақытта газ түрінде ортадағы химиялық коррозия сонымен қатар газкоррозиясы деп аталады.

Металл коррозиясының кең таралған түріне электрохимиялықкоррозия жатады. Ол металдардың сұйық электролиттерімен (тұздардың қышқылдардың, сілтілердің су ертіндісі) әрекеттесуі кезінде пайда болады. Кай су болса да (өзендік, жер астылық, жауын-шашындық) барлығы әрдайым электролит ертіндісіне жатады.

Коррозиялар келесі түрлерге белінеді: атмосфералық, жерастылық, контактілік, адасқан ток коррозиясы, микроорганизмдердің тіршілік әрекеті нәтижесіндегі биокоррозия, химиялық. Құрылыс металл конструкциялары көбінде атмосфералық коррозияға ұшырайды. Сұйық агрессивті ортаның және жерастылық коррозиялар әсеріне тазарту ғимараттарының конструкциялары, резервуарлар, газгольдерлер үшырайды.

Атмосфералық коррозия барлық пайдаланылып жүрген металдардың 80% шамасындағысын зақымдайды. Оның шығыны барлық коррозия шығынының 50%-ын құрайды. Атмосфералық коррозия жаңбырдан немесе конденсация нәтижесіңде ауадан металл бетіне түскен ылғал әсерінен пайда болады.

Атмосфераның коррозиялық агрессивтігі оның ылғалдығы мен ластығына байланысты. Агрессивтік дәрежесі бойынша агрессивсіз, әлсін агрессивті, орта агрессивті және күшті агрсссивті орталарға бөлінеді. Металды коррозиядан қорғау үшін оны легирлендіреді немесе қорғау үлпегімен жабады. Легирлендіруші элементтер негізі металмен коррозияға тұрақтылығын көтеретін қорытпалар құрайды. Шамалы мөлшердегі (1%-ға жетпес) мыс пен хром болаттың коррозияға қарсы кедергілігін едәуір жоғарылатады. Ал, қоспаларды 20%-ға дейін жеткізіп тот баспайтын болаттарды алуға болады.

Осымен қатар металды коррозиядан қорғау үшін оның бетіне үлпек жасалады. Үлпектер металдан, лакбояулардан, оксидтерден болуы мүмкін.
Дәріс №5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Металл коррозиясы және онымен күресу жолдары

  2. Майысатын элементтерді серпімділік аралығында есептеу жолдары

  3. Ортадан созылған элементтің жүктемеге жұмысы

Дәріс №6 Тақырыбы: МЕТАЛЛ КОНСТРУКЦИЯЛАРДЫН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ.


Басқа матариалдардан жасалған конструкциалармен салыстырғанда металл конструкциялардың негізгі кұндылыктары болып табылатындар : сснімділігі, жеңілдігі, өткізбеушілдігі, индустриялдығы және де техникалық қайта жабдықтанының, жөндеуі мен қайта құрылымдауының қарапайымдылығы. Металлл конструкциялардын сенімділігі болаттың идеалды серпімді немесе серпімді пластикалы материалдардың сипаттамаларымен жақын сәйкес келуі арқылы қамтылады. Олар үшін матариалдар кедергісінің серпімділік теорнясының және құрылыс механикасының негізгі қағидалары дәлелденген. Болаттың құрылымы

Біртекті ұсақ түйірлі, барлық қасиетгсрі бойынша бірдей, кернеулері



Деформацияларымен үлкан диапазонда сызыктык тәуелділікпен байланысты. Ал кернеулері белгілі шамасына жеткен кезде аққыштық алаңшасы түрінде идеалды пластикалылық жүзеге асырылуы мумкін. Мұның бәрі есептеудің теориялық алдыңгы шартын өңдеген кезде негізгі ретінде қабылданған гипотезалар мен болжамдарга сәйксс келеді. Сондыктан осындай алдын ала қабылданған жагдайлар негізінде құралган есептеу болат конструкцияның нақты жұмысына толыгымен сәйкес келеді. Алюминий қорытпаларының касиеттері де, төмендеу дәрсжедс болса да, осындайга жақын.

Жеңілділігі. Осы кезде әзірленетін көтергіш конструкциялардың ішінде металл консгрукциялар ең жеңілдісі болып келеді. Жеңілдіктің көрсеткіші ретінде материал тығыздыгының беріктігіне қатынасы қабылданган. Маркасы Д16-Т алюминий корытпасы үшін бұл корсеткіш 1,1 • 10-4 (м"1) - ге тсң. Бүл көрсеткіштің ең кіші шамасы болып табылады. Оны бірлікке тең деп қабылдасақ, басқа материалдар үшін салыстырмалы мәліметтері былай болады: болат үшін - 1,5... 3,4; агаш үшін - 4,9; беріктік класы орташа бетон үшін- 16,8.

Өткізбеушілігі. Металдың беріктігі гана емес, оның газ бен сұиықтарды өткізбейтін тыгыздыгы да жоғары келеді. Резервуарларды, газгольдерді, құбырларды, басқа да сиымсауытгарды әзірлеген кезде болаттың және дәнекерлеу арқылы жасалған табақтар қосылысының тығыздығыі міндетті шарты болып табылады.

Индустриялдығы. Металл конструкңиялар арнайы қондырғылармен

Жабдыкталған зауыттарда әзірленеді, ал жинақтауы жоғары өнімді техника аркылы орындалады. осының бәрі қолмен жасайтын ауыр жұмыстарын барынша қысқартады немесе толығымен жояды.



Жөндеуге жарамдылығы. Болат конструкциялардың күшейту және қайта құрылымдау мәселелері оңай шешіледі. Дәнекерлеу арқылы тұрған қаңқа элементтеріне, қажет болса оларды алдын ала күшейтіп жаңа технологиялық жабдықты бекітуге болады.

Металл қорын сақтаушылығы. Металл конструкциялар физикалық жэне рухани тозу арқасында пайдаланудан қалдырыылады, бірақ олар сынық металл түрінде шаруашылық салаларына қайтарылады.

Мсталл конструкциялардың кемшілігіне оларлың коррозияға ұшырауы және от әсеріне төзімділігі жатады.

Коррозия - сыртқы арамен химиялық немесе электрохимялық әрекеті арқасында металдың қирауы. Ылгалмен агрессивті газдармен, тұздармен, шаңмен жанасудан қорғалмаған болат коорозияға ұшырап, біртіндеп қирай береді. Алюминий және оның бірсыпыра қорытпалары, бетінде берік тотығу үлпегі пайда болуы арқасында, коррозияга тозімділігі жоғары болады. Көптеген қорытпалар электрохимиялық коррозияға төзімді емес. Шойынның коррозияға төзімділігі жоғары келеді. Метал конструкциялардын

коррозияга төзімділігін көтеру үшін, олардың бетіне алюминийден, мырыштан, эмальдардан, сырлардан жэне тағы басқалардан жұқа үлпек түріндегі қорғаушы қабат жасалады. Конструкцияларды жобалаған кезде ылғал мен шаң жиналатын қуыстары, саңылаулары болмауын қарастыру керек. Кейде құрамында легирлендіруші элементтері бар коррозияға төзімділігі жоғары болаттар колданылады.



Конструкциялардың от әсеріне төзімділігі өртке кауіпсіздігінің дәрежесімен сииитталады. Температурасы болат үшін - 600°С, алюминий қорытпалары үшін - 300°С кездерінде конструкцияның металлы өзінің көтергіштік қабілетін жоғалтады. Өртенуіне қауіпі бар ғимараттар (тұрғындык және қоғамдык ғимараттары, жаңғыш немесе оңай гүтанатын материалдардың қоймалары) болат қаңқасының от әсеріне төзімділігін көтеру, конструкциялардың ашық отпен тікелей түйісуін болдырмау арқылы жетілдіріледі. Ол үшін аспалы төбе, отқа төзімді қаптамалар, арнайы құрамды сылақтар пайдаланылады. Арнайы сылақта р пайдалану арқылы отқатөзімділік шегін едәуір көтеруге болады.

Ғимарттарды сауатты жобалап пайдаға асырған кезде конструкциялардың өзіндік міндеттерін атқаруға жоғарыда келтірілген кемшіліктері қауіп төндірмейді, бірақ бастапқыдағы және пайдаға асырғандағы шығынын көбейтуге ұшыратады.


Дәріс №6 Тақырыбы СОҚПА ТҰТҚЫРЛЫҚ
Металл конструкциялардың кейбір жұмысы жағдайларында көтергіш кабілеттілігі морт сынудан жойылуы мүмкін. Сондықтан материалдың мортты күйге ауысуға бейімділігін анықтай білу керек.

Материалдың морт қирауға бейімділігі мен кернеулердің шоғырлануына сезгіштігі соқпа тұтқырлыққа сынау арқылы тексеріледі. Бұл сынақ динамикалық жүктемелер әсеріне ұшырайтын конструкцияларды дайындауға пайдаланылатын металпрокаттар үшін міндетті түрде өткізіледі.

Соқпа тұтқырлық, Шарпи жүйесінің маятникті коперінде сынаған кезде кесік жасалган стаңцартты үлгіні сындыруға жұмсалатын, салыстырмалы (уделдік) жұмысымен сипатталады. Кесік жасалған үлгіде кернеулер кесік түбіне шоғырланып біркелкі таралмайды. Соқпалы әсер металдың мортты күйге ауысуына мүмкіншілігін көбейтеді. Салыстырмалы қортындылар алу үшін сынақ стандартты үлгілерде жүргізіледі.



сурет. Соқпа тұтқырлыққа сынауға арналған үлгі.


Соқпа тұтқырлық көбінесе температураға байланысты. Белгілі темпсратура аралығында ол күрт төмендейді. Соқпа тұтқырлық төмендейтін, яғни ол 0,ЗМДж/м2-ден төмен азаятын температураны суықсынғыштық табалдырығы (порог хладноломкости) деп атайды.

Соқпа тұткырлық әсіресе тозған металда ерекше шұғыл төмендейді. Сондықтан жауапты конструкциялардың соқпа тұгқырлығы жасанды түрде тоздырғаннан кейін анықталады. Соқпа тұтқырлықтың жарамсыздық (браковочные) мәндері болатка арналған Мемлекеттік стандартта тағайындалады.




МЕТАЛЛ КОРРОЗИЯСЫ
ТМД елдері бойынша коррозиядан жыл сайын 30 млн. тоннаға жуық металл шығындалады. Коррозияланған металдың 90%-ы қайта балқытуға жіберіледі, ал қалған 10%-ы (ягни шамамен 3млн тоннасы) қайтарылмас шығын болып табылады (тот, тсмір қағы т.б.)

Соңғы жылдары металл корының яғни металл конструкциялар машиналар, құбырлардың және т.б. жалпы массасының кобеюінен, ауаның жердің, табиғат суы ластануының ұлғаюынан коррозия шығыны көбейіп кетті. Мәселен, кей ксзде жылу электростанциялар тас көмір жагын ауаға орасан зор көлемде күкіртті газ шығарғандықтан күкірт қышқылдан жаңбыр жауады.

Коррозия дегеніміз металдың агрессивті ортамен әрекеттесу

аркасында химиялық немесс электрохимиялық қирау үрдісі. Химиялық

коррозия бір мезгілде өтетін тотығу және тотықсыздану үрдісі нәтижесінде пайда болады.. Жоғары температура болған уақытта газ түрінде ортадағы химиялық коррозия сонымен қатар газ коррозиясы деп аталады.

Металл коррозиясының кең таралған түріне электрохимялық коррозия жатады. Ол металдардың сұйык. электролиттерімен (тұздардың. қышқылдардың, су ертіндісі) әрекеттесуі кезінде пайда болады. Кай су болса да (озендік, жср астылық ) барлығы әрдайым электролит ертіндісіне жатады.

Коррозиялар келесі түрлерге бөлінеді: атмосфералық, жерастылық. контактілік, адасқан ток коррозиясы, микроорганизмдердің тіршілік әрекеті нәтижесіндегі биокоррозия, химиилық. Құрылыс металл конструкциялары көбінде атмосфералық коррозияға ұшырайды Сұйық агрессеивті ортаның және жерастылық коррозиялар әсеріне тазарту ғимараттарының конструкциялары, резервуарлар, газгольдерлер ұшырайды.

Атмосфералық коррозия барлық пайдаланып жүрген металдардын 80% шамасындағысын зақымдайды. Оның шыгыны барлық коррозия шығынының 50%-ын құрайды. Атмосфералық коррозия жаңбырдан немесе конденсация нәтижесінде ауадан металл бетіне түскен ылғал әсерінен пайда болады.

Атмосфераның коррозиялық агрессивтңгң оның ылғалдығы мен ластығына байланысты. Агрессивтік дәрежссі бойынша агрессивсіз, әлсін агрессивті, орта агрессивті және күшті агрессивті орталарға бөлінеді. Металды коррозиядан қорғау үшін оны лигірлендіреді немесе қорғау үлпегімен жабады. Легирлендіруші элементтср негізгі металмсн коррозияға тұрақтылығын көтеретін қорытпалар кұрайды. Шамалы мөлшердегі (1%-ға жетпес) мыс пен хром болаттың коррозияға қарсы кедергілігін едәуір жоғарылатады. Ал, қоспаларды 20%-ға дсйін жеткізіп тот баспайтын болаттарды алуға болады.

Осымен қатар металды коррозиядан қорғау үшін оның бетіне үлпек жасалады. Үлпектер металдан, лакбояулардан, оксидтсрдсн болуы мүмкін.


.
Дәріс №7 Тақырыбы ШЕКТІ ЖАҒДАЙ ӘДІСІМЕН ЕСЕПТЕУДІҢ НЕПЗГІ КАҒИДАЛАРЫ
Шекті жағдай, конструкциялардың пайдалану немесе тұрғызу кезіндегі

талаптарын қанағаттандыру мүмкіндігінің біткен күйін сипаттайды. Пайдалану

талаптары әр түрлі болғандықтан, конструкциялар да бірнеше шекті жағдайларға ие бола алады. ҚМжЕ [4] сәйкес шекті жағдайлар екі топка бөлінеді: а) Бірінші топ — көтергіштік қабілетінің таусылуы немесе конструкцияның пайдалануға толық жарамсыздығы бойынша; Екінші топ - ғимараттарды әдеттегідей пайдаланудың қиындалуы бойынша.

Конструкцияның көтергіштік қабілеті мына себептерден жойылады:

а) түрінің орнықтылығын жалпы жоғалтуы;

о) жағдайының (положение) орнықтылығын жоғалтуы;

б) түтқыр, морт немесе тозып қирауы;

в) конструкцияның өзгермелі жүйеге өтуі;

г) пішін үйлесімінің (конфигурациясының) сапалы өзгеруі.

Ал, ғимараттар толық пайдалану жарамсыздығына, материалда аққыштық пайда болып, қосылыстары ығысып, жарамайтын үлкен қалдық деформациялар дамуы нәтижесінде келеді. Сонымен, шекті жағдайлардың бірінші тобы екі нышандармен сипатталады. Бірінші нышан калдық деформациялары шамалы немесе жұмыс шарты бойынша күмәнді, катаңдығы зор конструкцияларға қатысты. Мұндай конструкцияларды көтергіштік қабілеті біткенге дейін пайдалана беруге болады. Деформациялы конструкциялар үшін екінші нышан маңызды болып табылады, себебі көтергіштік қабілеті әлі бітпесе де аса дамыған қалдықты деформациялар оларды одан әрі пайдалануга жарамсыз етеді. Шекті жағдайлардың екінші тобына, болдырмайтын майысымдар, шөгулер, бұрылу бұрыштары және шайқалу салдарынан ғимараттардың әдеттегідей пайдалануы қиындалатын күйі жатады.

Конструкциялардың есебі шекті жағдайларды келтірмеу мүмкіншілігіне кепіл болуы керек. Шекті жағдайлардың бірінші тобы максималді (есептік) жүктемелер мен әсерлерге есептеп тексеріледі. Ал, олардың екінші тобы болса, коиструкциялардың қалыпты пайдалануына сәйкес келетін эксплуатациялық (мөлшерлік) жүктемелер мен әсерлерге тексеріледі.

Шекті жағдайлардың бірінші тобы көтергіштік қабілеті, яғни бірінші нышаны бойынша, имарат немесе ғимараттарды пайдалану мүмкіншілігін камту үшін, конструкцияға әсер етуші жүктемелер пайдалануға шек қоятын мәнінен аспауы керек. Бұл шарт жалпы түрде былай жазылады



мұндағы Nmaх - есептелетін конструкция элементіндегі әсер етуші күштеу (жүктемелер функциясы);

S min - есептелетін элементгің кабылдай алатын шекті күштеуі, яғни көтергіштік кабілеті.

Оның мәні материалдың физикалық-механикалық қасиеттері мен

элементтердің өлшемдеріне байланысты.

N max күштеудің мәні пайдалану уақытында әсер етуіне қисыны бар ең үжен

күштеуді көрсетуі керек. Бұл күштеу Ғ, есептік жүктемелерден анықталады. Ал,

есептік жүктемелер, әдеттегі пайдалану жағдайларына сәйкес келетін, Ғп1 мөлшерлі жүктемелерді уп жүктеме бойынша сенімділік коэффициентіне және



жауаптылығы бойынша сенімділік коэффициентіне көбейту арқылы табылады Коэффициент уп жүктеменің қолайсыз жағына ауыткуын , уп имараттар мен ғимараттардың жауаптылық дәрежесін есепке алады.

Бірнеше уақытша жүктемелер бір мезгілде әсер еткен кезде конструкциялар есебіңде жүктемелердің немесе күштеулердің ең қолайсыз үйлесімі ескеріледі. Үйлесім жүктемелерді немесе күштеулерді -үйлесім коэффициентіне көбейту арқылы есепке алынады. Сонымен, N тах күштеуін мына түрге келтіруге болады





Мұндағы Ni –Fi= 1 кезіндегі күштеу, яғни жүктемеден күштемеге ауысуын белгілейді.

Көтергіштік қабілеті S min қисыны барынша минималды болып қабылдануы керек. Оның мәні А-қиманың геометриялық сипаттамаларын (ауданын, кедергі моментін) R-есептік кедсргісіне және ус-жұмыс шарттары коэффициентіне көбейтіліп табылады. ус-коэффициенті температураның, қоршаған орта

агрессивтігінің, әссрлср ұзақтылығы мен көп қайталануының ықпалдарын ескереді.

Есептік кедергі R мөлшерлі кедергіні Rn„ материал бойынша сенімділік коэффициент у,п-ге бөлумсн анықталады

Ең соңыңда, шекті тсңсіздік мына түрді кабылдайды




Егер Nі күштеу мен мелшерлік жүктсменің кобсйтіндісі мелшерлі күштеуі Ni* Fni= Nni екенін ескерсек, онда

Мөлшерлік кедергісін аққыштық шегі бойынша есептеген кезде




Уақытша кедергісі бойынша есептеген кезде

Мұндағы - 1,3- беріктікке уақытша кедергісі бойынша есептелетін конструкциялар элементтерінің сенімділік коэффициенті.


Дәріс №8 Тақырыбы ЖҮКТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ӘСЕРЛЕР

Көтергіш құрылыс конструкцияларының негізгі міндеті оларға әсер ететін эксплуатациялық жүктемелерді өзіне кабылдап алу болып табылады. Конструкцияларды есептеген кезде жүктемелер мен әсерлер ҚМжЕ 2.01.07-85* Жүктемелср және әсерлер" бойынша қабылданады.

Әсер ету уақытына байланысты жүктемелер тұрақты және уақытша (ұзақмерзімді, қысқамерзімді, ерекшелі) болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет