Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті



бет4/6
Дата09.06.2016
өлшемі3.99 Mb.
#124538
1   2   3   4   5   6

Дәрістің жоспары


  1. Әртүрлі типті өндірістік ағымдар мен құрылыс типтеріне қарай бас жоспарлардың схемалары.

  2. Жалпы құрылыстық шешімдер және жоспарланған шешімдерге қойылатын талаптар

Бас жобаны жобалау келесі негізгі сатылардан тұрады: участкі территориясы бойынша мәлімет жинау, өндірістік мекемелердің бас жобасына қойылатын жалпы талаптарды тіркеу, ғимараттар мен үймереттерді орналастыру және бас жобаны жалпы сипаты, бас жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіштері. Бас жобаны жобалау үшін участкі территориясы бойынша мәлімет жинаудың мақсаты – темірбетон бұйымдарын өндіретін кәсіпорын салуға арналған территорияның жарамдылығын анықтау. Бұл жұмысты инженерлік-геологиялық мәліметтерді, ауданның шикізаттық энергетикалық базаны, отын және су ресурстарын, грунттың құрылысын, метеорологиялық мәліметтерді зерттегеннен кейін жүргізеді. Алдын ала құрылыс ауданының М 1:10000 масштабта түсіру жоспарын және М 1:10000 масштабта жағдайлық жоспарын немесе М 1:50000 масштабта қосымша ғимараттар мен үймереттер, өзен мен су жолдары орналасқан жағдайлық жоспарын құрастырады.

Ауданның рельефі мен көрші участкелер мен құрылыстар туралы мәліметтер үшін горизонталь түрінде М 1:1000 масштабта алаңның топо-геодезиялық түсіру жоспарын құрастырады.

Бас жобада барлық ғимараттар мен үймереттерді рационалды орналастыру үшін құрама темірбетон өндіретін кәсіпорынның өндірістік зоналарының сипаттамасын ескеру керек. Осыған сәйкес құрылыс учаскесін келесі зоналарға бөлу керек: административті ғимараттар мен үймереттерді орналастыруға арналған зауыталды алаңы, өндірістік объектілері бар зона – шаруашылық алаң, қоймалар мен қосымша ғимараттар мен үймереттер.



Транспортты жобалау. Өндірістік транспорт жұмыс істеу принціпі мен мақсаты бойынша ішкі (кәсіпорынның ішінде қозғалуға арналған) және сыртқы (кәсіпорынға шикізат материалдарының әкелуін, дайын өнімнің апаруын қаматамасыз етеді) болып бөлінеді. Өндірістік кәсіпорынның темір жолдары ішкі (мекеменің территориясында орналасқан) және сыртқы (екі немесе бірнеше кәсіпорын темір жолымен біріктіретін подъезді жолдар) болып бөлінеді. Сондай-ақ автомобильді көлік жолдары да ішкі (мекеменің аумағындағы) және сыртқы (кейбір обьектілерге келу жолдары мен магистральдарға шығуға арналған) деп тармақталады. Зауыттағы ішкі көлік цехтің ішіндегі және цех арасындағы болып бөлінеді. Цех ішіндегі – бұл конвейерлі және аранйы транспорт, авто жүктемелер мен электр арбашалар, цех аралық – бұл автомобиль және темір жол және тасымалдың басқа да түрлері.

Ішкі жол үшін көліктің тиімді түрін тандау бас жоспар мен өндірістің технологиясына тікелей байланысты. Сыртқы жолдарды жобалау кезінде мекеме транспортының магистральді транспортпен және негізгі өндіріспен байланысын жүк фронтының техникалық және технологиялық параметрлерін, қойманың сыйымдылығын, контейнерлі алаңдардың өлшемдерін ескере отырып қабылдаған қажет.

Темір жол жолдарын істеп тұрған МПС станцияларына қосылуын қамтамасыз ету керек. Бұл жағдайда арту және түсіру құрылғыларының орналасуына байланысты темір жол жолдарын пайдалану тәртібі мен жүйесін анықтау. МПС станцияларына темір жолдардың келуі құрамдардың беру мен тазартуын жеңілдететіндей болу керек.
Ұсынылатын әдебиеттер

1. Ю.М. Баженов, Л.А. Алимов и др. Проектирование предприятий по производству строительных материалов и изделий. Учебник.- М, Издательство АСВ, 2005, - 472с с илл.

2. Горяйнов К.Э. и др. Проектирование заводов железобетонных изделий. - М.: Высшая школа, 1970. - 345 с

3. Домбровский В.Д., Конгольд В.А. Проектирование предприятий сборного железобетона. - Киев: Будивельник, 1978. - 328 с.



СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (1 тақырып) [6,7,12,14]


1. Бас жоспарды жобалау негіздері.

2. Өнеркәсіптік құрылысқа арналған бас жоспар.

3. Су шаруашылығы құрылысына арналған бас жоспар.

14 дәріс.Тақырып: Ғимараттардың қабырғалары


Дәріс жоспары

1.Қабырғалардің түрі

2.Қабырғаларға қойылатын талаптар.
Өнеркәсіптік ғимараттардың қабырғасы азаматтық ғимараттың қабырғасына қарағанда көп кешенді күштеме әсеріне тап болады. (сурет 27.1). Сондықтан өндірістік ғимараттың конструктивті шешіміне өте қатаң тәртіптер





Сурет 2 Өндірістік ғимараттардың тік қоршамасына әсер ететін ішкі әсерлер

1 — үстіңгі бөліктерден түсетін күштеме, 2 — желдің қысымы, 3—4 — сыртқы және ішкі ауаның температурасының әсері; 5, 6— бөлмедегі ауа ылғалы мен атмосфералық ылғалдың әсері; 7,8 — сыртқы және ішкі ауада болатын химиялық бөлшектердің әсері; 9 — күннің радиациясы; 10 — жылудың әсері; 11— дыбыс; 12 — дірілдетудің динамикалық күштемесі және күші; 13 — микроорганизмдер

Жабын мен беттік қабырға ғимараттың ішкі қабатын түрлі әсерлерден қорғайды.

Ғимараттың конструктивті схемасына және жұмыстың статикалық түріне байланысты көтергіш, өздігімен көтергіш және аспалы деп бөлінеді.

Көтергіш қабырғалар жабынның өз салмағын қабылдайды және кейбір жағдайда көтергіш көлік құралдарының салмағын қабылдайды. Өндірістік құрылыста несущие қабырғаны өте сирек пайдаланады, құрылғысы үшін кірпіш, ірі және ұсақ блоктарды пайдаланады.

Өздік көтергіш қабырғалар өздік салмағын қабылдайды, желдің әсерін иілгіш және сырғымалы байланыстың көмегімен каркасқа беріледі. Өздік көтергіш қабырғаларды ірі панельдер, блоктар және тас материалдары түрінде өндіреді; бірінші шешім-тиімдірек.

Аспалы қабырғалар көп қабатты ғимараттың бір қабатында желдің әсері байқалады. Бұл қабырғалар негізінен қоршауыш конструкциялардың ролін атқарады, себебі өз массасын тірек болат үстелдері және байлам балкалары арқылы каркасқа жіберіледі.

Қыздырылатын ғимараттың тасты беттік қабырғасының қалыңдығы жылутехникалық шарттарға байланысты 250-510 мм құрайды. Бүйір қабырғасының желдік күштеменің әсеріне төтеп беруін ұлғайту үшін пилястр орналастырады.

Аспалы қабырға үшін көп қабатты ғимараттарда фахверка орнатады, болат тіректен, ригельден құралған каркас ғимараттың жабын аралық каркасына бекітеді. Бұл жағдайда аспалы қабырғаны жеке бөліктерге бөледі.






Сурет 3 Көп қабатты өндірістік ғимараттың аспалы қабырғасының конструктиті шешімі: а — қас бет бөлігі, б — қабырға конструкциясы; 1 — фахверка колоннасы, 2 — полистирол, 3 — газды бетон тақтайшасы 50 мм, 4 — ауалық қаттама 40 мм, 5 — әкті штукатурка 20 мм, 6 — кірпішті қалам, 7 — жолақты болат 20 X 5 мм, 8 — продух, 9 — ригель

Өндірістік ғимараттың қабырғасына арналған ірі блоктарды жеңіл немесе ұяшықты бетондардан дайындайды (керамзиттібетон, гравийлі бетон). Құрылыс болатын аймаққа байланысты сыртқы қабырға блоктарының қалыңдығын 300, 400 және 500 мм, ал ішкі қабырға үшін 300 мм.

Унификациялау мақсатында қабырға элементтерін және панельдердің биіктігі 0,9; 1,2; 1,5 және 1,8м, ұзындығы бойынша колонна қадамына 6 және 12 м тең (Сурет 4)

Қабырға панельдерінің унификациясы ғимараттың негізгі унификациясымен тығыз байланысты. Төменгі қабырғалық панельдерді фундаментті балкаға бекітеді, төменгілерді бірінші қабаттың еденінен 30 мм төменде бекітеді. Бұл жағдайда цокольді панельдер ұяшықты бетоннан дайындалған және атмосфералық әсерлерден қорғалмаған (мысалы, цемент илемімен тегістелмеген) қабырғаның бүйір қабырғасын кірпіштен жасайды.






Сурет 4 Қыздырылмайтын ғимараттың қабырғасына арналған қырлы темірбетон панельдері: а — қабырғалардың қиылысу панельдері, б — қабырғалық панельдер

Каркасты ғимараттың аспалы қабырғасы кірпіштен және жасанды тастан құралған жағдайда оларды колонна алдына орналастырып фундаментті байламды балкаға бекітеді, себебі олар колоннадан шығыңқы болады. (Сурет 5). Сыртқы қабырғаның мұндай орналасуы каркас элементтерін атмосфералық әсерден және сыртқы ортаның температурасының өзгерісінен қорғайды.





Сурет 5 Бір қабатты өндіріс ғимаратының Аспалы қабырғасының конструктивті шешімі: 1 — байлам балкалары, 2 — пилястра, 3 — колонна, 4 —колонна консолі, 5 — көтергіш қабырға, 6 — кранасты балка, 7 — каркас колоннасының фундаменті
Қазіргі заманға сай құрылыста негізінен құрамалы темірбетон каркастарын қолданады.

Конструктивті шешіміне байланысты колонналарды біртармақты және ектармақты деп бөледі, ғимараттың орналасуына байланысты соңғы, ортаңғы және бүйір қабырғаға орналасқан деп ажыратады.

Екі тармақты темірбетон колонналарының аралығы 24, 30 және 36 м, колонна қадамы 6 және 12 м жүк көтергіштігі 75/20, 100/20 және 125/20 т болғанда шешімдері өңделді. Колонна градациясы биіктігі бойынша қысқа модульді 600 мм.

Биіктігі еденнен көтергіш конструкцияның түбіне дейінгі арасы 9,6 м, көпірлі кран болмаған жағдайда 400X400, 500X500 және 600x500 мм колонна қиылысын қолданады. Қиылысы 400Х400 мм ортаңғы көтеруші конструкцияның тірек жабынының бүйірінде екі консоль болады. Колонналардың қиылысуы аралық өлшеміне және оның санына, колонналардың қадам көлеміне, стропильасты конструкцияға, аспалы көлікке және жабынның конструктивті шешіміне байланысты.

Өндірісті ғимараттарда негізгі каркас колонналарының аралығында, қабырғалық панельдердің шекті ұзындығынан асқан жағдайда қосымша каркас орнатады, әдетте оны фахверк деп атайды.

Фахверк темірбетон болат ригельден, ал кейбір жағдайда раскостан құралады. Ірі панельді қабырғада және құрамалы темірбетон каркастарында фахверк тек қана тік элементтерден- темірбетон немесе болат колоннадан тұрады.



Болат стропильді және стропиль асты арқалықтар мен фермалар.

Дәріс жоспары

1. Болат стропильді арқалықтар мен фермалар.

2. Стропиль асты арқалықтар мен фермалар.



Темірбетон арқалықтарын өндірістік ғимараттың аралықтары 6, 9, 12 және 18 м болғанда жабынды орнату үшін қолданады. Балкалы жабынның қажеттілігі 6, 9 және 12 м аралықта туындайды, себебі көтергіш конструкцияға монорельсті немесе кранды аспалы кезеңі болады.

Темірбетон арқалықтары бірскатты, екіскатты және параллельді белдікпен болады (Сурет 2).






Сурет 2 Темірбетон арқалықтары

а — бірскатты, б — екіскатты, в — параллельді белдікпен
Темірбетон фермаларын әдетте аралығы 18, 24 және 30 м, сондай-ақ қадамы 6 немесе 12 м болғанда жабын үшін қолданады. Аралығы 18 м ферманың темірбетон арқалығы соларалыққа қарағанда жеңіл, бірақ дайындау барысы қиынырақ..

Темірбетон аркаларын аралық үлкен болғанда пайдаланған тиімдірек (40 м және одан көп). Оларды үшшарнирлі, аралық ортасындағы тіректегі шарнирлер және шарнирсіз деп бөледі. Арка осі қысым желісімен сәйкес келуі тиіс, арканың басты жұмысы ол сығылуға жұмыс жасауы тиіс. Арка тіректері болып ғимарат колонналары немесе арнайы фундаменттер бола алады. Үлкен аралықта аркаларды ережеге сай фундаментке бекітеді.



Сурет 3 Шарнирсіз колоннаға тірелген темірбетон аркасы: 1 — арка буыны, 2 — бортты тірек арқалығы, 3 — асылма, 4 — тартпа, 5 — жабын тақтайшасы, 6 —каркас колоннасы, 7 — аспалы жабын

Стропильасты конструкциялары. Каркас колоннасының қадамы жабынның көтеруші қадамынан көп болса – балка және ферма, онда оларды стропильасты конструкцияға бекітеді (Сурет 5). Темірбетон стропильасты конструкцияларын биіктігі 150 мм немесе ферма биіктігі 2200 және 3300 мм болғанда балка түрінде орнатады. Стролильасты конструкцияларын кең қадамды тірек қажет болатын технологиялық үрдістегі ғимаратта пайдаланады. Стролильасты конструкцияларын арқалық немесе ферма - стролильасты конструкцияларының төменгі бетіне бекітеді, себебі бұл ғимарат биіктігінде шешімін тапты.


Сурет 5 Стролильасты конструкциялары

а —типтер; б, в — аралығы 12 және 18 м ферманың стропильасты орнатылуы; 1 — стропильасты ферма, 2 — стропильді ферма, 3 — колонна, 4 — жабын тақтайшасы, 5 — сегментті ферманы тіреудегі стропильасты ферма, 6 — арқалықты бекітудегі стропильасты ферма, 7 —параллель белдікті ферманың стропильасты бекітілуі

СӨЖ үшін бақылау сұрақтар (тақырып 9)

1. Болат стропильді арқалықтар мен фермалар.

2. Стропиль асты арқалықтар мен фермалар.


Жабындылар түрі және оларға қойылатын талаптар.

Өндірістік ғимараттарда азаматтық құрылысқа қарағанда, жабындар әр түрлі әсер етеді (сурет 6). Оның көтергіш конструкциясы өз массасының салмағымен, сонымен қатар қар мен желдің салмағына қарсы жұмыс істейді. Сонымен қоса, аспалы көлік пен көтергіш конструкцияның жабынының динамикалық салмағы болмаған жағдайда.






Сурет 6 Жабынның ішкі әсері: 1 —Тұрақты салмақ (қондырғы конструкциясының массасы), 2—уақытша салмақ (қар, көлік құралдарының салмағы, пайдаланудағы салмағы), 3— жел, 4 және 10— қоршаған ортадағы температураның әсері, 5 — атмосфералық ылғал (жауын-шашын, ауа ылғалы), 6 және 11— химиялық әсер етуші бөлшектер, 7 және 12 — микробтар, сыртқы және ішкі ауадағы, 8 — күннен алынған радиация, 9 — ішкі ауадағы ылғал, 13 — жылу соққылары, 14 — динамикалық соққылар.

Күшті және әлсіз әсерлер жабынға тұрақты, уақытша әсер етуі мүмкін.

Өндірістік ғимараттардың жабындарын ережеге сай шатырсыз жазық шатырмен, ішкі сужинағышпен орналастырады. Конструктивті шешімнің негізіне сүйене отырып, жабын аралықты және аралықсыз схемамен беріледі (сурет 7). Аралықсыз схема анағұрлым тиімдірек және көп пайдаланылады.



Сурет 7 Жабынның қоршағыш бөлігінің конструктивті схемасы: а — аралықсыз, б — аралықты; 1 — колонна, 2— жабынның көтергіш конструкциясы — ферма, 3— жабын тақтайшасы, 4— аралық, 5— кішіөлшемді тақтайша

Қыздырылмайтын ғимараттарда жабынды жылытқышсыз суық етіп жасайды. Кішкене жылу бөлінетін ғимаратта жабын болат шатыр болған жағдайда суық етіп, ал орамды шатырда температураны азайту мақсатында және гидрооңашалағыш жабынды орналастырады.

Жылытылған жабынды қоршағыштың бөлігі көтергіш конструкциялардан, буоңашалағыштан, жылуоңашалағыштан, тік тартқыштан және шатырдан, ал суық жағдайда тек қана көтергіш конструкциялардан, тік тартқыштан тұрады.

Жабынның аралықсыз схемасында негізгі көтергіш конструкцияға ірі өлшемді тақтайша төсейді- настилдер жабын бөліктерінің элементтері қызметін атқарады.

Соңғы кезде болат настилден, алюминийден, пластикалық массадан, асбестцементтен және тағы да басқа құрылыс материалдарынан жасалған жабын тақтайшалары көп қолданыс тапты.

Қыздырылатын ғимараттардың астынан әсіресе ішкі ауаның ылғалы көп болған жағдайда бір немесе екі қабатты орамнан буоңашалағыш орнатады немесе тақтайшаның бетін битуммен жағады.

Аралық биіктігінің өзгеретін жерінде температуралық шов орнатады, бұл жағдайда орамды гидрооңашалағыш кілемшені 250 мм биіктікте орнатады.

Темірбетон аралықтары Т- немесе П- тәрізді қиылыста аралық 6 м жабынмен жабады (сурет 7, а, б,). Темірбетон құрамалы тақтайшаны қырлы және қырсыз етіп дайындайды (сурет 7, в, г). Тақтайшаның ұзындығы қабылданған аралық осьтерінің арасына сәйкес болуы керек. Үлкен аумақты қамтамасыз ету үшін тақтайшаның тірек ұшын трапециялы ойып кесумен және аралас қатарда орнатады (сурет 7, д).






Сурет 7 Жабынның қоршағыш элементтернің бөліктері: а — темірбетон аралықтары, б — көлденең аралық қиылысы, в — темірбетон және армокөбіктібетон тақталры, г— тақтайшалардың қиылысуы, д — тақтайша жапсары

Едендер және түрлері
Еденге әсері. Өндірістік ғимараттарда азаматтық құрылыстағындай еденді топырақ жабынына орнатады.

Еденді технологиялық үрдіске байланысты сынайды. (сурет 2). Еден конструкциясына қондырғыдан, адамдардан, шикізат және дайын өнімнен күш түседі.

Қондырғылардың жұмыс жасау барысында ауыр құралдардың құлауы кезінде дірілдеткіш, динамикалық және соққылы күштемелер пайда болады.



Сурет 2 Еденге әсер етуші ішкі әсерлер: 1 статикалық күштеме, 2 — дірілдеткіш күштеме, 3 – динамикалық күштеме, 4 — қозғау күші, 5 — қоршаған орта температурасы, 6 — жылу соққылары, 7 — газ, сұйық күйіндегі химиялық бөлшектер, , 8 сұйық және бутәріздес ылғал, 9 — статикалық электр желісі, 10 — адасқан токтар, 11 — биохимиялық әсерлер.

Еденге қойылатын талаптар. Өндірістік ғимараттардың еденіне жалпы талаптардан басқа арнайы талаптар да қойылады. Мұндай талаптарға механикалық беріктікті, статикалық және динамикалық сипаттағы күштемені, еденнің жануға төтеп бері қасиетін, ыстыққа қарсы қасиетін, физико-химиялық және биологиялқ әсерін және тағы да басқа талаптарға сай болуы керек.

Конструктивті еденнің схемасы. Еден конструкциясы жабыннан, тартпадан, гтдроизоляциядан және жылу немесе дыбысоңашалағыш қабаттан тұрады.

Өндірістік ғимараттарда еденді жабынға байланысты үш негізгі топқа бөледі.



Бірінші топ- біртекті немесе шовсыз. Олар мынадай болуы мумкін:

а) табиғи материалдар негізінде: топырақты, гравийлі, қиыршық тасты, саздыбитті, саздыбетонды;

б) жасанды материлдар негізінде; бетонды, болатбетонды, мозаикалы, цементті, шлаковые, асфальтты, асфальтібетонды, полимерлі (мастика түрінде, илем және бетон).

Екінші топ- даналық материалдан құралған еден: тасты- кірпішті және клинкерлі, жұмыртасты; тақтайшадан және бетон тақтайшасынан, металлцементті, мозаикалы— террацо, асфальтты, асфальтбетонды, керамикалық, шойынды, болатты, ағаш-талшықты.

Үшінші топ- орамды және беттік материалдар; орамды —линолеумнан, синтетикалық кілемшеден; жапырақша —винипласттан, ағаш-талшықты және ағашжоңқалы беттен тұрады.

Қоршаушы конструкциялар.
Дәріс жоспары

1. Қоршаушы конструкциялар

Өндірістік ғимараттарда азаматтық құрылысқа қарағанда, жабындар әр түрлі әсер етеді (сурет 6). Оның көтергіш конструкциясы өз массасының салмағымен, сонымен қатар қар мен желдің салмағына қарсы жұмыс істейді. Сонымен қоса, аспалы көлік пен көтергіш конструкцияның жабынының динамикалық салмағы болмаған жағдайда.

Сурет 6 Жабынның ішкі әсері: 1 —Тұрақты салмақ (қондырғы конструкциясының массасы), 2—уақытша салмақ (қар, көлік құралдарының салмағы, пайдаланудағы салмағы), 3— жел, 4 және 10— қоршаған ортадағы температураның әсері, 5 — атмосфералық ылғал (жауын-шашын, ауа ылғалы), 6 және 11— химиялық әсер етуші бөлшектер, 7 және 12 — микробтар, сыртқы және ішкі ауадағы, 8 — күннен алынған радиация, 9 — ішкі ауадағы ылғал, 13 — жылу соққылары, 14 — динамикалық соққылар.

Күшті және әлсіз әсерлер жабынға тұрақты, уақытша әсер етуі мүмкін.

Өндірістік ғимараттардың жабындарын ережеге сай шатырсыз жазық шатырмен, ішкі сужинағышпен орналастырады. Конструктивті шешімнің негізіне сүйене отырып, жабын аралықты және аралықсыз схемамен беріледі (сурет 7). Аралықсыз схема анағұрлым тиімдірек және көп пайдаланылады.




Сурет 7 Жабынның қоршағыш бөлігінің конструктивті схемасы: а — аралықсыз, б — аралықты; 1 — колонна, 2— жабынның көтергіш конструкциясы — ферма, 3— жабын тақтайшасы, 4— аралық, 5— кішіөлшемді тақтайша

Қыздырылмайтын ғимараттарда жабынды жылытқышсыз суық етіп жасайды. Кішкене жылу бөлінетін ғимаратта жабын болат шатыр болған жағдайда суық етіп, ал орамды шатырда температураны азайту мақсатында және гидрооңашалағыш жабынды орналастырады.

Жылытылған жабынды қоршағыштың бөлігі көтергіш конструкциялардан, буоңашалағыштан, жылуоңашалағыштан, тік тартқыштан және шатырдан, ал суық жағдайда тек қана көтергіш конструкциялардан, тік тартқыштан тұрады.

Жабынның аралықсыз схемасында негізгі көтергіш конструкцияға ірі өлшемді тақтайша төсейді- настилдер жабын бөліктерінің элементтері қызметін атқарады.

Соңғы кезде болат настилден, алюминийден, пластикалық массадан, асбестцементтен және тағы да басқа құрылыс материалдарынан жасалған жабын тақтайшалары көп қолданыс тапты.

Қыздырылатын ғимараттардың астынан әсіресе ішкі ауаның ылғалы көп болған жағдайда бір немесе екі қабатты орамнан буоңашалағыш орнатады немесе тақтайшаның бетін битуммен жағады.

Аралық биіктігінің өзгеретін жерінде температуралық шов орнатады, бұл жағдайда орамды гидрооңашалағыш кілемшені 250 мм биіктікте орнатады.

Темірбетон аралықтары Т- немесе П- тәрізді қиылыста аралық 6 м жабынмен жабады (сурет 7, а, б,). Темірбетон құрамалы тақтайшаны қырлы және қырсыз етіп дайындайды (сурет 7, в, г). Тақтайшаның ұзындығы қабылданған аралық осьтерінің арасына сәйкес болуы керек. Үлкен аумақты қамтамасыз ету үшін тақтайшаның тірек ұшын трапециялы ойып кесумен және аралас қатарда орнатады (сурет 7, д).






Сурет 7 Жабынның қоршағыш элементтернің бөліктері: а — темірбетон аралықтары, б — көлденең аралық қиылысы, в — темірбетон және армокөбіктібетон тақталры, г— тақтайшалардың қиылысуы, д — тақтайша жапсары

Баспалдақтар, арақабарғалар, дарбазалар және т.б. ғимараттардың элементтері.
Өндірістік ғимараттың сатысын негізгі, қызметтік, өрт сөндіруге және апатты жағдайларға арналған деп бөледі (сурет 5).

Негізгі саты қабат аралық жүріп тұруға, сондай-ақ өрт немесе апаты жағдайда адамдарды эвакуациялауға арналған.

Қызметтік сатылар қондырғы орнатылған жұмыс аумақтарымен байланысты қамтамасыз етді, кейде қабат арсында қосымша байланыс ретінде қолданылады. Сонымен қатар қызметтік сатылар тұратын және жөнделетің аумақтарының көпірлі крандарын атқарады.

Өртке қарсы сатылары өрт болған жағдайда үстіңгі қабаттар мен ғимарат жамылғысына жету үшін арналған. Апат сатылары өрт пен апат кезінде ғимараттан адамдарды эвакуациялау үшін қолданылады.






Сурет 5 Өртке қарсы сатылары: а — тігінен, б — көлбеу, в — авариялық

Ғимараттарындағы терезелер – түрлері және олардың қабырғада орналасуы. Терезе жақтаулары мен панелдері.
Қажетті жарық пен аэрация үшін өндірістік ғимараттардың беттік қабырғаларына орнатылатын терезенің көлемі азаматтық құрылысқа арналған терезенің көлеміне қарағанда үлкен болады. Олардың өлшемдерін унификация мақсатында ені бойынша 0,5 м биіктігі бойынша 0,6 м деп алады. Түптеулердің жармалары аспаның тік және көлденең осі болады. Олар жоғарғы, төменгі, ортаңғы аспалы болады.

Көп жағдайда өндірістік ғимараттардың терезелерінің түптемелерін біртекті етіп орнатады.

Өндірістік ғимараттардың терезелерінің ойықтары ағашты, болатты және темірбетон түптемелерінен, шыныблоктардан, шыныпакеттерден немесе полимер негізінде жасалған жарық өткізгіштерден жасалады.

Терезе блокын орнатып болғаннан соң беттік қабырғаның ойықтарына цинкті болаттан жасалған тұмшалағыш, ал ішкі бетіне ағаштан немесе бетоннан жасалған терезе асты тақтасын орнатады.

Ыстық цехтарда (құймалы және т.б), ауа ылғалы жоғары цехтарда болат терезе түптемелері орнатылады. Олар ағаш түптемелеріне қарағанда ұзаққа шыдайды және пайдалануда жеңіл. Терезе ойықтарын жеке түптемелермен толтыруға болады.

Қарапайым болат түптемелерге қарағанда қазіргі таңда болат терезе панельдері кең қолданыс тапты. Олар әдетте қарапайым, қатты және биіктігі 20 м дейінгі терезе ойықтарын бекітуге мүмкіндік береді. Терезе панельдерін труба тәрізді немесе иілген профильден жасайды. Олардың өлшемдері қабырға панельдерінің биіктіктерінің 1200 және 1800 мм, биіктігі 6 м өлшемдеріне сай болуы керек. Олар саңылаусыз және ашылатын жармалармен, біртекті және екі қабатты швынылаумен болуы мүмкін. Панель жалпы рамадан және шыныланған элементтерден (рамадан) тұрады, оларды ілгекке немесе дәнекердің көмегімен бекітеді. Ойықтарының биіктігіне байланысты панельді бір-біріне орнатады, олардың өздік массасы төмендегі қабырға панеліне жіберіледі. Әр панельді каркас колоннасына төрт жерден болтпен бекітеді.



Темірбетон терезе түптемелері отқа төзімді, берік, шіруге икемделмеген, пайдалануда тиімді, бірақ дайындауда қиынырақ.. Оларға жарма бөліктерді орнату қиын, сол себепті көп жағдайда темірбетон түптеулерін саңылаусыз етіп орнатады, ал қажетті жағдайда болаттан немесе ағаштан жасалған форточка орнатады. Темірбетон түптемелерін қабырғаға болат бекітпелердің көмегімен бекітеді. Шыныларды түптеулерге цинкті кровельді болат кляммермен бекітіледі, олар 150-300 мм қадам сайын орнатылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет