Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты султанова Нургуль Камильевна музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы



бет6/12
Дата16.06.2016
өлшемі1.11 Mb.
#139121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Өздік жұмыстар мен тапсырмалар:


  1. Бағдарламалардың авторлары туралы жазбаша түрде реферат жазу

  2. (1920-1960жж.), 1960-2001жж.) бағдарламалардың мазмұны,

ерекшеліктерін анықтау
Қолданылған әдебиеттер:


  1. М.Жарқынбаев., Қорқыт күйлері. Алматы «Жалын» 1990

  2. Музыка әлемінде //2007ж №5-6: 22 бет Қ.Мұхитов. Т.Мерғалиев. С.Бүркітов. О.Дүйсенов. «Домбыра өнерінің дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» Алматы. 1998ж

  3. Музыка. Оқулықтары 1-6 сынып. Атамұра баспасы, Алматы. 1997-2007.

9-Тақырыбы: Балаларға музыкалық – эстетикалық тәрбие берудегі прогресшіл қайраткерлер

Жоспары:

  1. Қазақ халқының музыкалық мәдениетін қалыптастыруға Ш.Уалиханов идеяларының ықпалы

  2. Ы.Алтынсариннің педагогикалық жүйесінде оқушылардың музыкалық дамуының алатын орны

  3. А. Құнанбаевтың музыкалық-поэтикалық мұрасындағы тәрбие

  4. А. Жұбановтың балалар және жасөспірімдердің мукзыкалық тәрбиесіне педагогикалық көзқарасы

Музыка зерттеушi ғалымдар мен музыка қайраткерлерi Шоқан кезеңiн қазақ халқы музыка мәдениетiнiң гүлдену шағы, халық музыка творчествосының профессионалды – ( классикалық ) деңгейге көтерiлген дәуiрi деп санайды. Алайда, ғалымдардың бiр тобы XIX ғасырдың II - шi жартысында музыка өнерiнде демократиялық тенденцияны өрiстеуiн орыс мәдениетiнiң әсерiнен қарастырса, екiншi бiр қатары төл топырағымызда ықылым замандардан келе жатқан уақыт пен табиғаттың, ел мен мекеннiң өзi тiкелей тұлғалаған дәстүрлi өнер түрiнде таниды.

Қазақтардың музыкалық қабiлетiнiң аса биiктiгiн көрсететiн Шоқан айтқан аңызды жазып қалдырған Потанин қазақтардың поэзиясы мен музыкасының байланысы жайлы География қоғамы мәжiлiсiнде тиянақты тұжырым бiлдiрген. Жарты ғасырдан соң Потанин жаңғырқан қазақтарға ән қонған халық екендiгi жайлы осы аңыз бен музыканы поэзиямен сабақтастығы төңiрегiндегi Шоқанның пiкiрiн шамамен 1855 - 1856 жылдары жазған «Қазақ халық поэзиясының формалары » атты еңбегiнен ұшыратамыз.

Шоқан «Ер Көкше - Ер Қосай» мен «Орақ батыр» жырларынан мысал келтiре отырып, жырдың жалпы сипаттамасын қара сөзбен әңгiмелей келiп, бас кейiпкерлердiң iс-әрекеттерi мен ой-пiкiрi өлеңмен яки қобыздың сүйемелiнде әнмен айтылғандығын жiктеп жазған. Мұнан туатын қорытынды, поэзияның музыкамен ұштастығы Потанин мен Затаевичтен бұрын байқап тарқатқан Шоқан Уалиханов екен.

Шоқан: «Ән әлемдi шарлап жүрiп, бiрде Сырдың арғы бетiн, қарақалпақтар қонысына аялдапты. Өмiрi естiмеген, көрмеген қонақтың түскендiгi жайлы хабар жай осы жылдамдықпен шартарапқа мәлiм болып, бақыт қонған ауылға сансыз қарақалпақ ел – жұрты бас қосып ғажайып қонақты күн батқаннан таң атқанша, әбден қалжырап, әннiң көзiне ұйқы тығылғанша тыңдапты», - деп тарқатады да, түйiнiнде: «Сыр өзенiнiң жоғары жағында алысырақ қоныстаған қырғыздар мен түркiмендер түн ауа ғана жетiп, керемет әуеннiң тек соңын тыңдап » - деп тұжырымдайды.

Шоқан арсы – сақ-массагеттерге, берiсi печенег - оғыздарға барып тiрелетiн қыпшақ пен қарақалпақтарды халқымыздың арғы тегiнiң бiрi деп танығандығы байқалады. Бұған бiр мысал, Әбу Насыр әл-Фараби өмiрге әкелген қасиеттi қара домбыра тарихи деректермелерде «қыпшақи - қос шектi музыкалық аспабы» болып, қазақ атауына емес, байырғы Қыпшақтарға телiнiп айтылады. Бұлай аталу себебi Шоқан бiрде: «Қырғыздар өздерiн қазақпыз деп атайды. Ежелгi еңбектерде қазақ сөзi емiн-еркiн, ерiктi топ деген мағынада ұшырасады…» - деген дерек келтiредi.

Мұнымен қатар, Шоқан пiкiрлерiнiң iшiнде күнi бүгiнге дейiн өз жоқшысын таппай, кезеңiн күткен қуатты пiкiрлер де бар. Мысалы, қобызды домбыраны ығыстырып шығарғандығын көзiмен көрген әрi қазақ музыкасына ене бастаған түбiрлi өзгерiстердi жазып қалдырған Шоқан ысқылы музыкалық аспап - қобызды «ойналуы өте күрделi, тартымды да әсерлi аспап», - деп жоғары бағалайды.

Өлiмдi өнерiмен жеңген күй атасы Қорқыт Шоқанның «Тәңiр» атты еңбегiнде қобызға алғашқы тiл бiтiрген ақыл-ой алыбы тұрғысында танылып, өнер атаулының өрiсi, бүкiл өнерпаздық пiрi түрiнде көрiнедi.

Шоқанның жаңа әндер жыршылық өнердi көмескiлей бастағандығын тоқтала жазуы және замандастары Ақан серi Қорамсаұлы, Жаяу Мұса, Бiржан сал, Тәттiмбет тағы басқалармен творчестволық қарым – қатынасы А.В. Затаевич еңбегiнде де бар. Шоқан ел аралаған сапарларында жанына өнерпаз, көзi қарақты жастарды ертiп жүрген.

«Ата-бабаларымыз елеулi тарихи оқиғаларды, ел зердесiне өшпес iс қалдырған сүйiктi де аяулы ұл-қыздарының мақсат-мұратын жыр-дастандарында толықсыта толғаумен қатар «Құсмұрын», «Сырымбет», «Сапарнама» қобыз бен сыбызғыда орындалатын әуездi, әрлi ән менен күйiне өзек ете бiлетiндiгiн мақтан тұтқан Ғалым ұлттық музыка өнерiмiздi жеке-дара дәстүрлi өнер ретiнде қарастыра отырып, оны туыстас-бауырлас халықтардың өнерiмен салыстырмалы түрде әңгiмелеген. Шоқан Уалихановтың «Қырғыздар туралы жазбалар» атты еңбегінде: «Қырғыз – қайсақтар жаратылысының өзінен – ақ қабілетті, дарынды және ғажайып сезімтал келеді. Сұлтандардың ерлік істері мен ескілікті жырлайтын суырып салма ақындары олардың барлық руларында кезігеді. Қырғыз – қайсақтардың батырлар эпосы мен аңыздары, ертегілері өте көп және олар өлеңмен музыканы жақсы көреді. Ал ендi, Алатау қырғыздарында өлең, яғни лирикалық ән мүлдем айтылмайды », - деген пiкiр бiлдiредi. Ендi бiрде Шоқан Кiшi Бұхараның әдебиетi аудармаға неғұрлым бай болғанымен, қолтума дүниелерге кедейлiгiн, өзiнен шыққан бiр де бiр ақын – жазушысы жоқтығын айта келе, оларды «музыка жөнiнде бүкiл ортаазиялықтар қадiр тұтқандығын » жоғары бағалайды.

Ұйғыр ғалымы К.Хасенов: «Шоқан Уалихановтың ұйғыр ұлттық музыкасының көтерiнкi деңгейде екендiгiне назар аударғандығын» мақтаныш етуi сондықтан.

Қазақ халқының дәстүрлi музыка өнерi мен музыкалық қабiлетiне қатысты Шоқан Уалиханов көз қарасының басы ашық. Шоқан қазақтардың музыкаға деген ынта - ықыласы мен үлкен сүйiспеншiлiгiн бiрнеше дүркiн толғана, тебiрене жазған.

Қорыта келе Шоқан Уалиханов қазақтың рухани саласының бірі - ән мен күйде өзіне тән сюжет, идея, шиеленісу, өрістеу барлығы туралы айта келіп, халық арасындағы кейбір күйлердің драмалық мазмұны жағынан Еуропаның музыкасы, драмаларына ұқсастығын айтқан. Суырып салма ақындай, ән – күй шығарушы сазгерлер халқымыздың тарихи серігі қос ішекті домбыра арқылы түнек басқан заманда күңіренген елдің кейістігін баяндап кеткен. Күйімен жұбатып, көңіл айту, күй арқылы хабарды естірту, күймен кеңесіп, күй арқылы сырласу қазақтың әдет – ғұрпында үлкен орын алған.

Ш.Уәлихановтан кейінгі қоғамдық аренаға өткен ғасырдың 60-80 жылдарында шығып, өз халқының келешегіне үңіле қарап, қамқорлық еткен педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889ж.ж.) еді. Ы.Алтынсарин орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинскийдің прогресшіл ағартушылық идеясын қазақ даласында батыл іске асырушы болды. Ол Ырғыз, Торғай өңірінде тұңғыш орыс-қазақ мектептерін ашты. К.Д.Ушинский әсерімен тұңғыш рет «Қырғыз хрестоматиясын» жазды. Діни наным-сенімді уағыздайтын татар молдалары насихаттайтын жаттамалы діни оқуға қарсы шықты. «Олар басымызды құмға толтырады, тілімізді шұбарлайды»,-деді Ы.Алтынсарин өзінің хрестоматиясында енгізген бірнеше дидактикалық әңгімелерінде. («Жеміс ағаштары», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Мөлдір бұлақ», «Асыл шөп», «Атымтай жомарт») бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді.

Адамның мінез-құлқын қалыптастыруда тәрбиенің ролінің ерекшелігіне тоқтала келіп, «Бағып-қағуда үлкен мән бар. Бала тәрбиесі жеміс ағашын өсіруші бағбан еңбегімен пара-пар. Дүниедегі жақсылық атаулы күннің нұрымен, ананың ақ сүтімен бойымызға дарып сіңеді» деген қорытынды жасады. Яғни, тәрбиенің жеке адамның мінез-құлқын қалыптастырудағы маңызы мен мәніне ерекше көңіл бөлді. Адамның мінез-құлқын қалыптастыруда тәрбие рөлінің ерекшелігіне тоқтала келіп, «Жастарға егін егіп, күн көруді кәсіп еткен, Қыпшақ Сейітқұл сияқты еңбек адамдарын үлгі етті».

«Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде жастарға ғылым мен техниканы білім арқылы меңгеріп отырған озық елдерді үлгі-өнеге етіп ұсынды.

«Желкілдеп шыққан көк шөптей,

Жаңа өспірім достарым,

Қатарың кетті ау алысқа ай,

Ұмтылыңдар қалыспай» деп насихат айтады.

Ыбырай Алтынсарин өзінің хрестоматиясына «Лұқпан әкім», «Таза бұлақ», «Тазша бала», «Атымтай Жомарт», «Жиренше шешен» т.б. халықтық аңыз-әңгімелерді, ертегілерді енгізіп, оқушы жастарға Атымтай Жомарт, Жиренше шешен, Тазша бала сияқты халық ішінен шыққан тапқыр, дана адамдарды үлгі етті. Ол мектеп оқушыларына арнап, жазған хрестоматиясында қазақ халқы ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін енгізумен бірге өзінің тәрбиелік мәні зор өлең-жырларын әңгімелерін ұсынды. Орыстың аса көрнекті ақын жазушыларын, ұлы педагогтары: К.Д.Ушинский, Л.Н. Толстойдың, И.А.Крыловтың, И.И.Паульсонның әңгіме, мысалдарын да аударып басты. Сол арқылы жастарды төзімділікке, еңбек сүйгіштікке, өнер- білімге, шынайы достыққа т.б. адамгершілік жақсы қасиеттерге баулуды мақсат етті.

Батыс, орыс, қазақ әдебиетінің асыл үлгілерін өзінің хрестоматиясына енгізе отырып: «Бұл кітаптарды құрастырғанда, мен біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс, қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім. Мәселенің мәнді жері қазақтарға татар фанатизмінің ықпалын тигізбеу, қазақтардың білім алуына кесірін тигізбеу ғой»,- деді. Міне, Ыбырайдың бұл пікірінен оның жастардың миын шірітетін діни оқуға қарсы болғанын нағыз прогресшіл халықтың ағартушылық идеяны дәріптегенін көреміз.

Қазақ халқының мәдени тарихында Абай Құнанбаевтың алатын орны ерекше. Ағартушы ақын, жаңашыл композитор бір басына осындай сирек дарын қонған Абай қаламынан қазақтың музыка тілін абайлық стилмен байытқан тамаша әндер туды.

Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші жартысында көркемдік пен кемелдіктің шырқау шыңына өрледі. Бұл патша өкіметі мен жергілікті бай феодал өкілдерінің кертартпа саясатына қарамастан, қазақ халқы өнерінің еңбекші бұқараның мұң мұқтажы мен арман-үмітін білдіретін демократиялық идеялармен рухтанған, атақ-даңқы бүкіл қазақ даласына кеңінен тараған халық әншілері мен күйшілері шеберліктерінің гүлденуге бағыт алған кезеңі болған.

Абай әнінің адам өміріндегі мән-мағынасы туралы өте бейнелі әрі терең тұжырым жасады.

Өзгеге көңілім тоярсың,

Өлеңді қайтіп қоярсың.

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың.
Сайра да зарла, қызыл тіл,

Қара көңілім оянсың.

Жыласын, көзден жас ақсын,

Омырауым боялсың.

Қара басқан қаңғыған,

Қас нені ұға алсын?

Көкірегінде оты бар,

Құлағы ойлы ер салсын.


Абай тек ән шығарушы ғана емес, ән-күйдің әділ сыншысы да. Ол ән-күй жөнінде көптеген терең, үлгілілі пікірлер айтты.
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнауына кірер денең…»


Бұл арада өлең деген сөз ән мәнісінде айтылып тұр. Ол музыканың адам өміріне туғаннан бастап, қайтыс болғанға дейін ілесе жүретінін аңғартады.

Абай музыканы талдауға материалистік тұрғыдан келіп,оны сыртқы дүниенің сәулесі деп топшылайды.

«Жақсы әнді тыңдасаң, ой көзіңмен,

Өмір сәуле көрсетер судай тұнық…»-, деп Абай әннің сыртқы дүниенің сәулесі, бейнесі екенін көрсетті. Ол сыртқы шындық біздің сезім мүшелеріміз арқылы бастағы миға жетеді деген дәлел айтты:

«Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй…»

немесе

Жүрек тербеп, оятар баста миды»



Композитор шебер суреттей, образ жасай білсе, әнде өмір сәулесі тұнық, су түбіндегі заттай анық көрінеді, ән мен күйдің санамызда бейнелеуі, бойымызды алып, жүрегімізді тербеп, бастағы миымызды оятуы, құлақ (есту) арқылы келеді ,- дейді Абай.

Ән-күйдің сана-сезімге, көңілге әсер ететінін айта келіп, Абай: «Салған ән көлеңкесі, сол көңілдің» десе, екінші бір жерінде:

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Оның тәтті орнаған мәні оятар.

Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,

Жас балаша көңілді жақсы уатар» , -дейді әнде көңіл күйі сан түрлі болатынын (мажор, минор) Абай шебер түсіндіреді.

Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар…» немесе

«Құр айғай бақырған

Құлаққа ән бе екен» ,- деген өлең жолдарында Абай музыканың жан қылын шерту орнына, жанын түршіктіретіні де болатынын айтады.

Данышпан Абай күй жөнінде де өте өткір пікір айтты. Күйдің тексіз айтылатын ән екенін сезген Абай:

Мұңмен шыққан, оралған тәтті күйге,

Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?.. немесе
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді

Тыңдағанда көңілдің өсері бар ,-деді Абай әнші ақынның идеалдық тұлғасын биік адамгершілік және эстетикалық қасиеттердің иесі және сол өнегенін адамдар жүрегіне ұялата білетін тәлімгер тәрбиеші ретінде бейнелейді:


Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

Думан сауық бойда әуел баста- ақ


Прозалық (қара сөздері) және музыкалық поэтикалық шығармашылық ағартушылық идеяларын Абай халыққа, әсіресе, жас ұрпаққа кеңінен таратуға талпынды. Әндерінен жалынды ағартушы, ақылгөй дана, қазақ және орыс халықтарының достығы мен туысқандығын жақтаған қайраткер ақын бейнесін танимыз. Композитор Абай дарынына қанат бітірген, ән нәрімен сусындатқан орта қандай еді? Оның композиторлық өнерінің бұлақ бастауы қайда? деген сұрақ туындауы мүмкін. Абайтанушылардың көптеген еңбектерінен Абайдың жастайынан халқының музыкалық фольклорын сүйіп өскені, оны жетік білгені, ән айтып, домбырада ойнағаны мәлім. Ол Біржан салды және т.б. атақты әнші, күйшілерді жақсы таниды, олардың шығармашылығын, орындаушылық шеберліктерін жоғары бағалады. Шыңғыс тауының бөктеріндегі Абай ауылында ән сазы бір сәт толастаған емес, атақты ақындар мен әншілер бұл ауылдың әрқашан құрметті қонағы болатын. Олар Абай әндерін халық арасына кеңінен таратты. Халықтық музыка тілі - Абайдың өзіндік ән стилінің қалыптасуына аса зор әсер етті. Патша өкіметінің жер аудару саясатына сәйкес өткен ғасырда қазақ жеріне орыстар қоныстана бастағанын тарихтан білеміз. Абайдың орыс әндерін, музыкасын алғаш естуі де осы әлеуметтік жағдайға байланысты болды. Абайдың қазақ жеріне аударылған саяси тұтқындармен байланысты болуы, әсіресе Е.П.Михайлиспен тығыз қарым қатынас жасауы оның прогрессивті демократиялық дүниетанымдылығына көп әсер етті. Семейде айдауда жүрген халықшылдармен (соның ішінде Е.П.Михайлис, дәрігер Н.И.Долгополовпен) достасуы Абайдың дүинетанымының ой өрісінің кеңейуіне зор ықпал еткені сөзсіз. М.Әуезов былай деп жазды: «Абай өз шығармашлығында халықтың санасында тек бұлдырап жүрген, халық ақындары әлі де айтып жеткізе алмайтын идеяларды бейнеледі. Оның халық көкірегіндегі арман-мұраттардың асқақ жыршысы болуына поэзиядағы бұл ерлігіне алдыңғы қатарлы демократиялық орыс мәдениеті ең алдымен өзіне жақсы таныс, Чернышевский идеялары сүйеу болды». Қаладағы орыс достарымен араласа жүріп, Абай орыс халқының қалалық және кәсіби музыка өнерімен танысады. Семей, Омбы қалаларындағы концерттерде, театр сахналарында Гурилев, Алябьев, Глинка, Рубенштейннің романстарын, арияларын, әндерін тыңдап, тамашалаудан сырт қалмаған. Сөйтіп, Абайдың композиторлық шығармашылығының қалыптасуына «Үш ұлы бастау» әсер етті. Абайдың ән мұрасы, композиторлық шығармашылығы – қазақ музыкасына енген баға жетпес қазына, сол кезге тән жаңалық болды. Жаңа ырғақ - өлшеу, жаңа кейіпті мелодия жолы, жаңа үн сөздіктері – осы үшеуі Абай музыкасының жаңалығы болды. Ахмет Жұбанов Абай әндерін зерттей келе, әннің поэтикалық мазмұнының сазбен, саздың сөзбен сай болып ажырамастай біртұтастыққа сомдалу алғаш рет Абай да ғана кездеседі деп болжам жасады. Абайдың ән мұрасын зерттеушілер оның аса күрделі көрініс екенін аңғартады. А.Жұбанов: «Абай әндері әрқайсымыздың тұрмысымызда берік орын алды. Олар қазақ халқының жаны мен тәніне айналды», - деп Абай әндері өзінің табиғатымен, рухымен нағыз ұлттық ән үлгісі олар қазақтың халық музыкасы дәстүріне негізделген, орыс әндері мен романстарының мотивтерімен жекеленген элементтерін енгізу арқылы ұлттық музыка өнерін байытты, кеңейтті, толықтырды»,- деп тұжырымдады. Абайдың музыкалық талғамының қалыптасуы туралы белгілі музыка зерттеушісі Б.Г.Ерзакович «Абай қазақ халқының музыкалық шығармашылық негізінде қалыптасты. Ақан сері, Біржан сал, Тәттімбет сияқты халық композиторларының өнерінен нәр алды»,- дей келе біршама орыс музыка өнерінің әсері болғандығын баяндайды. Абай әндерінің алғашқы зерттеушілерінің бірі – Г.Шомбалова Абайдың композиторлық жаңашылдық тенденциясын ашып көрсете келе «Абай қазақ өлеңінің құрылысына жаңа формалар енгізді»,- деп өлең жолдарының құрылысы және музыка тілінің ерекшелігін анықтаған. Осы тұрғыда негізгі 6 ерекшелікті қарастырып өтейік:

1. Әннің сөз мазмұны мен байланыстылығы және соған байланысты элементтер қолдануы, мысалы, Абайдың «Айттым сәлем, қаламқас» әнінде жалпы алғанда үш элемент қолданған. Ол: аккордтық дыбыстарынан тұратын мотивтер, гамманың дыбыстарынан тұратын мотивтер, ішінде кварта кірген үш дыбысты мотивтер «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қор болды жаным», «Бойы бұлаң» т.б. әндердің элементтері де тура осындай. Осыған енді қосымша дыбыстар мен өткінші дыбыстарды және тиянақты, тиянақсыз дыбыстарды айналу әдістерін қоссақ, Абайдың барлық әндерінің элементтері шығады.

2. Абай әндерінің ладтық ерекшеліктері. Олар негізінде классик ладтарында жазылған. Бұл натуралдық және он сатылық минор-мажор ладтары. Бірен-саран халық ладтары бар. Анығырақ айтсақ, «Татьянаның Онегинге жазған хаты» әні дори ладтықта жазылған.

3. Абай әндерінің өлшемдері дұрыс емес. «Айттым сәлем, қаламқастың» өлшемі алты шерік, «Көзімнің қарасы» - төрт шерік т.б. әндері бар.

4. Төртінші ерекшелік Абай әндерінің формасына (құрылысына) байланысты. Абай әндері көбінесе екі кезең (период) төрт сөйлем, сегіз фразадан тұрады, кейбір әндерінде қорытынды бар. Әндері көбінесе, төменнен басталып, кульминацияға біртіндеп жетеді. Ал кейбір әндері А дегенде кульминациядан басталып, төмен түседі.

5. Гармониялық ерекшелік. Абай гармонияны сезген. Әндерін қарап отырсақ, классикалық гармония да кездесетін логикаға сәйкестік тұп тура Абайда да тұр. Он Т, S, D жүйелері. Сөйлемдерді аяқтайтын каданс, квартсэсктаккорд және доминантсепаккорд келеді. Тіпті Абай әндерін Еуропа гармониясымен сүйемелдесе, соғұрлым жақсы болатын шығар.

6. Мелодиялық ерекшелік. Абайдың халық музыкасымен байланыстылығы. Расында Абай халық композиторларымен өте жетік таныс болатын. Таныс бола тұрып, оларға еліктеуден де қашып, басқа жол іздеген.

Абайдың вокалдық шығармаларының тақырыбы сан қилы. Зерттеушілер Абай әндерін бірнеше топқа топтастырған.

1. Поэзия, музыка және жалпы өнерді дәріптейтін шығармалар. Бұған: «Сегіз аяқ», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Өлеңді қайтіп қоярсың» т.б. жатқызамыз.

2. Дидактикалық- нақлият сипатындағы әндер. Бұл: «Ата-анаға көз қуаныш», «Біреуден біреу артылса», «Сұрғылт тұман» т.б.

3. Терең философиялық ой-түйіндері кездесетін әндер: «Өлсем орным қара жер», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қарашада өмір тұр» т.б.

4. Сатиралық мазмұндағы әндері: «Бойы бұлғаң» әнін ерекше атай аламыз.

5. Сезімдік, психологиялық толғаныстары басым болып келетін махаббат лирикасы. Оның ғажаайып үлгісіне «Айттым сәлем, қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Татьянаның хаты», «Мен көрдім, ұзын қайың құлағанын», нәзік сырға толы кең де созылмалы мелодиялы «Желсіз түнде жарық ай» тамаша мысал бола алады.

Абайдың нақлият әндері өсиетке, ұлағатқа, ақыл парасатқа аса бай. Ғибраттық мәні зор «Ата-анаға көз қуаныш», «Сұрғылт тұман», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» әндерінің мазмұнында баға жетпес тағылымдық қазына жатыр. Махаббат лирикасы тақырыбындағы айшықты әндерінің бірі – «Желсізтүнде жарық ай». Бұл әнде композитор махаббат мұңын табиғат үнімен, табиғат бояуымен астастырып, тұтас бедерлі сурет тудырған. Өлең мен әуеннің мінсіз жымдасуынан туған біртұтас көркем дүние айлы түнде бозғылт тұманға бөккен өзеннің сылдырын, тау жаңғырығы мен сыбырласқан ғашықтар үнін көз алдыңызға әкеледі. Әннің қоңыржай әуені кешкі қоңыр самалдың үп еткен лебінен туғандай әсер қалдырды. Ән сазы байсалды, бірқалыпты, мәнерлі. Абайдың махаббат лирикасындағы айтулы әндерінің бірі – «Көзімнің қарасы». Оның кең тынысты мұңды әуені ғашығын жырлауға сөз асылын таппай қиналған жанның ішкі толғаныс сырларын ерекше көркемдік мәнермен жеткізеді. «Ата-анаға көз қуаныш» әнінде дана ақылгөй ақын жастарды қайғы-қамсыз, алаңсыз өмір сүруге, оқу-білімге ұмтылып өз болашақтары туралы ойлауға, ата-ананың үміті мен сенімін ақтауға шақырады. Әннің байсалды, бірқалыпты әуені жастарды халқының жарқын болашағы санап, әрқашан олардың тағдырын ойлайтын ұстаздық-даналық өсиетін бейнелі түрде жеткізетін. «Сұрғылт тұман дым бүркіп» әнінде Абай жігіттерді өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе білуге, жігерсіз, рухсыз, дәрменсіз болмауға үндейді. Ән әуені қаһарлы, қайратты. «Бойы бұлғаң» әні речитативті әуенге құрылған. Шарыққан, қатал әуен екі жүзді топас адамдардың әрекет-қылықтарына деген ақынның ашу-ызасын білдіреді. Бұл әнде Абай бай-феодалдардың бет-пердесін әшкерелеуші, өткір сыншы, сатирик-реалист ретінде көрінеді. Сағыныш пен жалғыздық сезімі бейнеленген «Сен мені не етесің?», «Қарашада өмір тұр», «Ішім өлген, сыртым сау» әндерімен композитордың драмалық серпіні мен музыкалы поэтикалық көркемдік шыңына құлаш ұрғаны аңғарылады. Бұл әндерден торығу, күйзеліс сезімі байқалмайды, қайратты, рухы күшті адамның трагедиясы, ең алдымен, халқын жарқын өмірге, мәдениетке үндеген патриот азаматтың асқақ ойлары мен терең сезім сырлары жырланады. Абайдың халық көкірегіне ұялаған және жұртшылыққа кеңінен тараған лирикалық әні – «Айттым сәлем, қаламқас».



Өзінің ғажайып поэтикалық шығармашылығымен қатар, музыкалық шығармаларында да Абай дарынының ерекше құдіретімен, ой сезімдері мен толғаныстарының сан алуан қыры бар болмысымен танылды. Абайдың музыкалық шығармашылығы жайлы қазақ музыкасы зерттеушілерінің арнайы жазған еңбектері аз емес. Композитор шығармаларын зерттеуге арналған тыңғылықты еңбектерінің бірі - Г.Шомбалованың «Абай әндері» атты очеркі. Автор мұнда қазақ халқының ұлы ағартушысы – Абай қызметін жоғары бағалай келіп, оның ақындық және композиторлық шығармашылығындағы өлең құрылысы мен музыка тіліндегі жаңашылдық тенденциясының сыр-сипатын ашуына басты назар аударды. Абайдың музыкалық мұрасына Ғ.Бейсенованың «Сегіз аяқ» очеркі арналды. «Сегіз аяқ» әні Ғ.Бейсенованың пікірі бойынша әлеуметтік мәні, көркемдік қасиеті және форма соңылығы жөнінен этапты шығарма болды. Ғ.Бейсенова «Сегіз аяқ» әні нұсқаларының ноталық жазба әуендерін салыстырмалы түрде зерттей келе, Абай әндеріне тән қасиет - өлең мен әуен ырғақтарының мінсіз жымдасып, қабысуын дәлелдеу арқылы композитор әуендерінің түпнұсқасынан біршама жақын түрлерін анықтайды. М.Ахметованың халықтық вокалдық музыканың эстетикалық және көркемдік қасиетіне баға берілген, ладтық-ырғақтық құрылысына тән негізгі белгілер анықталған «Ән және қазіргі дәуір» еңбегінде «Абай әндері» атты бөлім бар. Автор Абай әндері әуендерінің көркемдік бейнелеу құралдарын сипаттап, қайырмалардың мазмұнына байланысты драматургиялық функциясын анықтайды және әндерінің ағартушылық және әлеуметтік мәнін ашып, ондағы өлең мен әуеннің бірлігін баса көрсетті. Абайдың музыкалық шығармашылығын зерттеуге музыка зерттеушісі В.П.Дернова зор үлес қосты. Оның жариялаған үш мақаласы мазмұны жағынан ақынның музыка тілінің бастау бұлағын, оны түрлендіру арқылы өзіндік ән стилі қалыптастырған жаңашылдық сипатын зерттеген біртұтас еңбек болып саналады. Академик А.Жұбанов халқымыздың кәсіби әнші композиторлары туралы жазған «Замана бұлбұлдары» еңбегінде Абай шығармашылығына арнайы очерк арнаған. Бұл еңбекте тұңғыш рет музыкатану әдебиетінде ақын-музыканттар талантына бас июшілер, орыс достары келгендегі Абай ауылындағы музыкалы әдеби атмосфера суреттеледі. Бұл еңбекте А.Жұбанов Абай әндерінің табиғатын аша білді. Абайдың музыкалық мұрасын, оның халық өнерімен байланысын және Қазақстанның кәсіби композиторларының шығармашылығына тигізген әсерін зерттеу, қазақ музыкасының өркендеуімен бірге маңызы артып келе жатқан ғылыми-зерттеу жұмысының тұрақты мәселесі. Онымен қазақ музыка зерттеушілерінің көптеген ұрпақтары айналысатыны сөзсіз. Абай – Біржан, Ақан сері, Жаяу Мұса, Құрманғазы, Дәулеткерей тәрізді халықтың классик композиторларының таңдаулы өкілі. Оның қазақ музыка мәдениетінің өркендеуіне қосқан үлесі ұшан-теңіз және сан қырлы. Абай шығармалары оның көркем дүние ретінде ажырамас бөлігіне ұлттық өнердің жанрлары қалыптаса бастаған құнарлы топыраққа айналды. Абайдың қайталанбас музыка тілінің игілікті әсер үрдісі ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса береді, мұның өзі композиторларға жаңа шығармашылық міндет жүктейді. Абай әндерінің поэтикалық көркемдік қуат-қасиеті сарқылмақ емес. Сол қайнардан нәр алған әлі де талай жаңа шығармалар туатыны сөзсіз. Абайдың ән мұрасы - Қазақстан композиторлары үшін мол қазына. Қазақ халқы үшін шексіз мақтаныш пен өлшеусіз махаббат.

Әйгілі ұйымдастырушы, музыка зерттеушісі, дирижер, ұстаз, жазушы, әйгілі халық әртісі – Ахмет Қуанұлы Жұбановатың 100 жасқа толған мерей тойы басталып кетекеніне біраз уақыт болды.

Заманымыздың – халқымыздың біртуар азаматы, профессионал музыкасының ақсақалы, академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов бұдан 102 жыл бұрын, бұрынғы Орал облысы, қазіргі Ақтөбе облысы, 1906 жылы 29 сәуірде (айында) Темір уезі, Темірорқаш болысының Ақжар деген жерде, орта шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Қуанмен анасы Бибішынар екеуінің Аққат, Құдайбергеннен кейін Зиба, Дәмет, Ағиба атты үш қыздан кейін көрген ұлы Ахмет болатын.

Ахмет Жұбановтың әкесі Қуан жаратылысынан көпшіл адам болған. Ол өз бетімен қазақ, орыс тілінде жазып, оқуды үйренеді. Оның жаңашылдыққа, тың нәрсеге деген құштарлығы ұлына да әсерін тигізді.

Ахмет Қуанұлы Жұбановтың музыкаға деген қабілеті ерте оянды. 6 жасында домбыра ойнап, ән салды. 7 жасында Уркачевскідегі 2 жылдық училищеге оқуға береді. Оынң алғашқы мұғалімі Құсайын Әжіғалиев жан-жақты өте қарапайым, тартымды адам болған. Ахмет тек тілдерді ғана игеріп қоймай, өмірде болып жатқан өзгеріістерге прогрессивтік көзқараспен қарау қажет екендігін ерте түсінді. Үш жыл бойы Құсайын Әжіғалиев Жұбановтардың семьясымен бірге тұрды. Ол Ахметке түрлі аспаптарда домбыра, балалайка, мандалин, скрипка аспаптарында ойнауды үйретті.

Ахмет Жұбанов өте зерек оқушы болды, ол көп нәрсені жан-жағындағы білімді адамдардан үйренді. Жасынан зерделі, өнер білімге құштар Ахмет 1916 жылы Жұрындағы екіжылдық оры с мектебін бітіреді. Осы жанұяға 1919 жылы қайғы төнеді. Ауданға тараған «сүзек» ауруынан әкесі қайтыс болады. 1921 жылы ашаршылық жылы үйдегі малдың бәрі қырылады. Ахметке ерте бастан жұмыс істеуге тура келеді. Ол басында хатшы болып, одан кейін «Шаңырақ» оқу үйінің меңгңрушісі болып қызмет атқарды. 1925 жылы Темір уезіндегі халық ағарту бөлімі Ахмет Жұбановты Ақтөбеге 1 айлық курқа жібереді. Курсты тәмәмдаған соң, Ақжар мектебіне мұғалім болып келеді. 1928 жылы Ақтөбеге қайтадан оқуға жібереді. 1929 жылы А. Жұбанов Ленинградтың А.Енукидзе атындағы шығыс тілдері институтынының аспирантурасына түсуге бара жатқан туған ағасы Құдайбергенмен ілесіп музыка өнерінің қиында қызықты жолына аттанады. Ахмет осы жылы Ленинградтың М.И.Глинка атындағы музыкалық техникумында скрипка класында оқып, келесі 1930 жылы Ленинградтың Римский-Корсаков атындағы консерваториясының гобой класына оқуға түседі. Ахмет мұнда тек қана гобой мамандығымен қалып қоймай консерваторияда музыканың тарихи-теориялық факультетінде қоса оқиды. Консерваторияда оқып жүрген кезінде Ахмет Жұбанов қазақ тілінде алғашқы еңбегін жазады. Ол еңбегі «Музыка сауытының әліппесі» деп аталады. 1931 жылдың жазында Ахмет өз елінде 50 шақты ән мен күйді жазып алады. 1932 жылы консерваторияны бітіріп, Ахмет Жұбанов өнер зерттеу институтының аспирантурасына түседі. Қазір бұл оқу орны – театр, музыка V кино институты деп аталады. 1933 жылы Ленинградтың көркем өнер зерттеу академиясының аспирантурасында оқып жүрген Ахмет Жұбановты Қазақстан өлкелік комитеті мен халық ағарту комиссариятының сұрауы бойынша Академия басшылығы жаңадан ашылған музыкалық драма техникумына Алматыға жұмысқа жіберіледі.

Осы жылы Ахмет Жұбанов жаңадан ашылған муздрам техникумның оқу ісін басқарады. Ахмет Жұбанов техникумның директоры жазушы Сағыр Камалов пен ақылдаса отырып техникум ісін жолға қойды. Техникум жанынан қазақ музыкасын зерттейтін ғылыми кабинет және қазақтың халық аспаптарын жетілдіретін эксперименталдық шеберхана ашылды. Осы істерді жолға қою үшін Ленинградтан Е.Т. Брусиловскийді, Қазақстанның әр болысынан әйгілі талант иелері М.Бөкейханов, Л.Мұхитов, Ғ.Медетовтарды, музыка шеберлері Борис және Эмениул Романенколар шақырылды. Осындай істердің арқасында техникум жанынан халық аспаптар ансамблі, 1933 жылы қазіргі халық аспаптар оркестрі ұйымдастырылды, ол 1934 жылы КазЦИК атындағы «Қазақ ұлт оркестрі» болып қалыптасты.

1943 жылдың күз айынан бастап 1944 жылы ақпан айында Ташкент қаласында өтетін Орта Азия мен Қазақстанның әдебиетін өнер онкүндігіне баруға қызу дайындаық жүріп жатты. Бұл декада оркестрмен Ахмет Жұбанов үшін оңайға түспеді. Себебі оркестрдегі ер азаматтарды әскер қатарына алып кетуіне байланысты, оркестр мектеп оқушыларын жұмысқа алып олардың орындаушылық өнерімен қатар білімдеріне де ашу қажет болды. Мұндай міндетті іс жүзінде орындау үшін күніне он сағаттан жұмыс істеуге тура келді. Осындай қиыншылықтың бәрі соғыс жылдары күнге 400 грамм нанмен күн көрген уақытты өтіп жатты. Бірақ сол уақыттағы азаматтар сол қиындықа сыр білдірмей өмірдің қиыншылығын жеңе білді және жеңді де. Осы еңбегі үшін жоғарғы аттестатция комиссиясы Ахмет Жұбанов жолдасқа диссертация қорғатпай-ақ көркем өнер ғылымдарының зокторы деген атақ берді. Үкімет пен партия Ахмет Жұбанов жолдастың қазақ музыка ғылымдарын өркендеуге зор еңбегін бағалап, оны Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» орденімен және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен наградталды.

Оркестрдің күрделі жұмысының бағы бәр куәсі 1949,1958 жылдары Москвада өткен Қзақстан әдебиетімен өнер онкүндігі және 1950 жылы Қытай Халық республикасына өнер сапары еді. Бұл сапарларда өте жоғары кәсіби сатыда өтіп жатты. Осы жылдардың соңынан бастап Ахмет Жұбановтың композиторлық шығармашылығы басталады. Оны студент кезінен-ақ қазақтың халық музыкасының тағдыры қатты талғандырып, ойландырады. А.В. Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» кітабы шыққанда, ол қуанды. Ол өзі кең-байтақ республикамыздың түкпір-түкпірінде шашылып жатқан алтын қазына – халық әндері мен күйлерін жинап, халық композиторларының мұрасын бір жүйеген келтіруді арман етеді. Соларды оркестрге түсіруді, кітап етіп шығаруды ойлайды.

Ахмет Жұбанов Құрманғазы оркестрінің тұңғыш дирижері болды. Ол тұңғыш рет Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтектің, техникумТәттімбеттің күйлерін, көптеген халық әндерін оркестрге түсірді. Абай операсына дирижерлік еткен Ахмет музыка өнері бойынша Республикамызда тұңғыш рет академик болып сайланды. Оның қаламынан «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары», «Құрмаңғазы» еңбектері туды.

Композитор ретінде Ахмет Жұбанов музыкалық әр жанрда көптеген шақтығы биік шығармалар жазды. Л. Хамидимен бірігіп жазған «Абай», «Төлеген Тоқтаров» опералары, өзінің «Би күйі», «Тәжік биі», «Қарлығаш», «Ақ Шолпан», «Ұшытпа» әндері т.б. да көптегеншығармалары халықтық сипатқа ие болғанын айту керек.

«Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы» деген еңбегі қазақ көркемөнерінің кейінгі жылдардағы зор табысы. Халықтан шыққан дарынды әншілердің және күйшілердің еңбектерін жинақтап айтып бере білген. Олардың қоғамдық және мәдениеттік маңыздары кең айтылған. Сөз жоқ, Ахмет Жұбанов жолдас Қазақ ССР Ғылым Академиясының толық мүшесі болуға лайықты адам. Ол қазақ көркем өнеріне әліде талай еңбектер, тамаша үлестер қосатындығына күмән жоқ. Ахмет Жұбановтың шығармашылығына аспаптық-камералық шығармалар, фортепиано немесе халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен домбыра аспабына арналған шығармалар, жеке аспаптарға, скпипка мен фортепианоға арналған шығармалары топтастырылған. Айталық, Ахмет Жұбановтың шығармашылығы мен музыкалық саласындағы еңбектеріне тоқталсақ, ең алдымен, оның қазақтың тұңғыш ұлттық кәсіби композиторы екенін айту керек. Ол – Қақазстанның музыалық мәдениетінің сан-саналарында жан-жақты өлшеусіз еңбке сіңірген композитор, дирижер, музыка зерттеушісі, ұстаз, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, академик. Ол – Л.Хамидимен бірігіп жазған «Абай», қызы Ғазиза Жұбанова екеуі жазған «Құрманғазы» операларының, әр түрлі жанрдағы көптеген аспаптық шығармалардың, ән-романстардың авторы, Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық асппатары оркестрінің ұйымдастырушы, көркемдік жетекшісі, алғашқы дирижер, Жамбыл атындағы Мемлекеттік қазақ филормониясын ашушы, Республикалық Ғылым академиясының музыка ілімін бөлімін ұйымдастырушылардың бірі.

А.Жұбанов – аспаптық музыка саласында да өндірте еңбектер жазған композитор. Ол көптеген драмалық спектакльдерге музыка шығарды, фортепиано, қобыз, скрипка, виолончель асппатарына арнап камералық шығармалар жазды. Фортепианоға арналған «Он тәжік биі», «Сегіз қазақбиі», мен қобыз бен фортепианоға арналған «Бес пьеса» топтамалары аспаптық музыка қорымызға қосылған құнды туындылар және ол шығармалар музыкалықтоқу орындарындағы оқушылар мен студенттердің репертуарынан берік орын алып, оқу құралына айналды. Оның фортепианоға арналған би топтамаларын тек би ырғағы деп қарауға болмайды. Ол туындылардың әуен сарыны халықтық рухпен суарылған. Шығармалардың тақырыптық саз құрылымы шығыс халықтары әуездері мен қазақ күйлері желісінің құрылымынан тұрады. Композитор бұл топтатмалларында халық музыкасын фортепиано үнімен берудің өзіндік әдіс-тәсілін тақан. Тәжік биілері бөлімдернің айқын шеберлігі шекаралық шектеулері мен репризалық қайталауларға тақырыпты салыстырмалы қарама-қарсылықта қою негізінде құрылған. Бөлімдер желісінде регистр, лад, фактуралық өрнектер алмасып келіп, жаңа тақырып пай да болып оытарды. Шығрамадағы тұрақты метроырғақ пен композицияның үшбөлімдігі оның біртұтастығын сақтайды. А. Жұбановтың творчествосының бір саласы – вокалдық шығарма професионалдық қазақ музыкасына ән творчествосы арқылы елеулі үлес қосты. Ахмет осы әннің өзін әр салада , әр жанрда, алуна тақырыпқа жазған. Композиторлық ән творчествосынан біз кең байтақ ұлы Отанды, Коммунистік партияны бақытты өмірді , жасампаз совет халқын мадақтайтын, гимн рухында, салтанатты асқақ әуенде келетін патриоттық әндердә де, тыңдаушысының жан сезімін толқып, ләззат сезіміне бөлейтін лирикалық әндерді де, халқымыздың тұрмыс – салтын, өзіндік ерекшелігін , ақындық күш қуатынбейнелейтін жанрлық әндерді де кездестіреміз. Ахмет Жұбанов Т. Жароковтың сөзіне жазған «Партия туралы ән», Ж.Сыздықованың сөзіне жазған «Москвасы», Е.Жұбановтың сөзіне жазған «Отан туралы жыр» музыкалық әдебиетіміздегі елеулі көрініс. Профессионалдық музыкамыздағы көп дауысты ән творчествомызда (хорға) өзіндік үн баяуымен, шеберлігімен көзге түсті.

А. Жұбановтың вокалдық шығарма саласындағыбір ерекшелігі – жаңалық іздеуі. Осы жаңалықта ол тыңнан құдық қазбайды, қазақ музыкасының рухын, табиғатын ескере отырып, бүгінгі тыңдаушыға лайық, мелодиялық үн болуын, жаңа әуен, ырғақ іздейді. Композитор, тіпті қазақ музыкасындағы терме, желдірменің дәстүрінен де үйренеді, сол дәстүрді заман рухынасай шаттың әуенге бөлеп, шырайландыра түседі. Композитордың фортепианоға, қобызға арнап жазған пьесалары, ариалары мен романстары, күйлері, би музыкаларының аспаптық музыкамыздағы соңғыкөрініс екенін ерекше атап өту керек. Ахметтің вальс ырғағындағы «Көктем». Мұнда табиғат сұлулығы мен жалын атқанжастық дәуреннің албырт сезімі астасып жатқандай. Көктем! Жер дүниені, жан – жануарды тіршілік-салтанатына кенелткен сұлу көктем!

Бұл «Көктем» шығармасының көлемі шағын болғанымен шынайы жан тебіренісінен, өмірге, табиғат сұлулығына дегенқұштарлықтан туған жастық жыры дейміз.

Композитордың халық аспаптарына (қобыз бен домбыраға) арнап жазған шығармаларын сөз еткендеерекше атап өтетін бір жай бар. Ол халық аспаптарының дыбыс күшін, спецификасын, бір нәрсені бейнелеудегі мәнершілік мүмкіндікті творчествосында толық пайдаланалатындығы. Ахмет Жұбановтың музыка зергерлігінің сәтті көрінісі – оның қобызға арнаған «Романсы». Оның бұл шығармасы көңіл-күйді шыршылдықпен нәзік сезімде сөйлеткен ойшыл лирика «Ромасты» тыңдағанда Камиль Сен – Санстың «Аққу» атты пьесасындағы сұлулық суретін көргендей боламыз. Бірақ ол сұлулық аққу кейіпіндегі сұлулық емес, адамның арманшыл көрікті көңіл-күй ретінде баяндалады. Композитордың «Ромасы» аспаптық музыкадағы таңдаулытуындылардың бірі, айта берсеңіз бұл аспаптық музыка ғана емес, балеттік өмірге сұранып тұрған хореографиялық миниатюро.



«Қазақ музыка этнографиясының атасы» деп, Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өзі айтқан А.В. Затаевичтің жөні басқа. Ол қазақтың музыкалық мұрасын жинауда көп еңбек сіңірген, қазақстандағы музыкалық искусствоның жалпы дамуы үшін де, оның күрделі жанр түрлерінің тез таралып, өсуі үшін де музыка техниумызор ұйтқы болды. Өйткені, сол иездегі драмалықпостановкалардың музыкаларын жазғанда, кейінірек туған опера, ірі-ірі симфониялық шығармалардың авторы да, музыка ғылымдары да, талантты дирижерлер де сол музыка техникумының оқытушылары мен оқушыларынан шыққан. Ахмет Жұбанов Қазақстанда музыка искусствосының қай жанр, қай түрі болса да олардың дамуына белсене атсалысып, басшылық етуінің арқасында үлкен құрметке ие болды. Қазіргі Одак көлемінде мақтаулы жәрежеде дамыған музыкалық табыстың алғашқы бастамалары, ең қиын кезеңдері Ахмет Жұбановтың атымен байланысты. Музыка техникумын ұйымдастырушы да «Ұлт оркестірін» құрушы да, 1936,1949,1958 жылдары Москвада өткен қазақ әдебиеті мен искусствосының музыкалық жақтарын басқарушы да, 1937-1938 жылдар «Қыз жібек», «Ер торғын» операларына бірінші рет дирижер болған да, 1945 жылы қазақтың бірінші консерваториясынашуда барлық қиыншылықтардыөз мойнымен көтеріп, ұйымдастырушы да. 1945ж СССР Ғылым академиясының Қазақстандық филиалының жанынан искусство жанрын тану секторын құрып, оның жұмыстарын жоға қоюшы да – Ахмет Жұбанов. А. Жұбановтың көркем өміріндегі басқару, ұйымдастыру қызметтері де ғылыми-зерттеужұмыстары да, композиторық – творчестволық еңбектері де, «Халық музыкасының мұраларын» тексеру бұрыннан бар музыка мұраларын жетістіріп,толықтырып, көріктеп, көркемдеу жағын күшейту, халық музыкасындағы ерлік, талап, жігер тудыратын «элементтерін саралап алып» өрістету, қазақ музыкасын өркендетуде Ахмет Қуанұлы Жұбановтың негізгі нысанасы осы болғанын аңғарамыз. Ахмет Жұбанов көптеген шығармалардың авторы. Бұл саладағы оның юбистары елу ән мен поэма, композитор Л. Хамидимен бірігіп жазған «Абай», «Төлеген Тоқтаров» опералары, «Сары», «Бақыт таңы», «Азат қызы», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» сияқты музыкалық пьесаларды, сондай-ақ ол басқа композиторлармен бірігіп бірнеше драмалық пьесалар, «Райхан», «Аманкелді» т.б. кинофильмдердің музыкасын жазған. Сонымен қатар симфониялық күрделі туындылар, қазақ күйлерінің тақырыбына арнап, бірнеше сюиталар, қобыз, скрипка, виолончельде ойнауға лайықтаған ария, романс, күйлер, фортепианода ойнап жүрген 20-ға жақын қазақ, тәжік, билерін тағы да басқа музыкалық шығармалар жазған. Сол қазақ композиторларының ән мен күйлері: «Сырымбет», «Ғалия», «Қорлан», «Айнам көз», «Гәкку» әндері, Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей күйлері қазақтың осы күнгі опералық өнеріне нәр беріп, сүйегіне сіңген жатымды құбылыс болуы – халық мұрасына аса бір ізет, ғылыми терең талдаулар жасау арқылы келеді. Ахмет Жұбанов 30-жылдан аса педагог-оқытушы, композитор, дирижер болып, өзінен кейінгі шәкірттері ғалым, композитор, дирижер да болған. Осындай қиыншылықтарға қарамастан, туған халқының рухани өсуіне, оның көркейіп гүлденуіне орасан мол ұлес қосқан ардагер азамат, ғұлама ғалым, Алайда ғалымның мезгілсіз дүниеден өтуі ойлаған көптеген мақсаттарын іске асырылуға мүмкіндік береді. Қадірменді ұстаз, халықтың қолдаушы азаматы 1968 жылы 30 мамыр күні дүниеден өткен .

Ахмет Қуанұлы Жұбановтың – асқар таудай еңбек етсе де, өз халқының байырға өнерінің алдында бас иіп, домбыра, қобыз, сыбызғы аспапатарынан шыққан күйлерді ерекше құрметтеп, қастерлеген. Халқымыздың дарынды әнші-күйші, сазгерлері, ғалымдары мен өнер қайраткерлері т.б. жайлы кітаптар жазса да, өзі жайлы не бәрі екі-ақ бет сөз қалтырыпты.

Өткен XX ғасырдың аумалы-төкпелішағында, ұлттық өнердің жоқтаушысы, қиыншылық кезде қорғаушысы бола білген. Ахмет Жұбанов туралы тарихи шындықты бұрмалай, еліміз егемендік алған кезде анық та, қанық етіп көрсете отырып, кейінгі ұрпаққа ескерткіш ретінде қалдыру мойынымыздағы борыш екенін есімізден шығармауымыз керек. білімпаздығын, болашақты болжайтын көрегендіген, халқымаболса екен деген арманын қасында жүріп, өз көзімен көргені үшін ең бір үлкен өнер жолы, өмір мектебі болады. Әрине, Ахмет Жұбанов сүйген халқы мен келешек ұрпақтарының жүрегінде мәңгі сақталады дап сенеміз.

Қалай десек те, қазақ музыкасының қалыптасуы кезеңінен бастап бүгінгі өркендеудегі игі жетістіктер Ахмет Жұбаговтың өмір жолы, туған халықын шексіз сүйген ізгі жүректі суреттердің өмір тарихы.халық перзентінің үлгі өмірі, қажырлы еңбегі болашақ өнер сүйетін жастарға әрқашан да шамшырақтай. Ахмет Жұбановтың ғылыми еңбектері мен музыкалық туындылары өскелең өміріміздің қажетіне өте керек, өте пайдалы. Мұндай жетістіктің бәрі Ахмет Жұбановтың тек қана әйгілі ұйымдастырушысы емес, сонымен қатар оркестрдің жан-жақты өсуіне, оның репертуарының жан-жақты болуына еңбек істегенінің арқасы деп түсіну қажет. Осының арқасында оркестр күйден бастап орыс және Батыс Европа классиктерінің шығармаларын меңгеру дәрежесіне жетті. Қазіргі уақытта Ахмет Қуанұлының оркестрге түсірген ондаған күйлер 70 жыл бойы оның репертуарынан түспей, халқымыздың сүйіп тыңдайтын алтын қорына айналып отыр.

Ахмет Қуанұлының осындай еңбегін ескере отырып, тек қана әйгілі ғалым, белгілі композитор, дирижер, сыншы ғана емес – ол қазақ халық музыкасының әйгілі білгірі дер едік. Сонымен, Республикамыздағы мәдени құрылыстың маңыздылығын алғашқы жеткізгендер – отандық халық ағартушылар, педагог-музыканттар, композиторлар, олардың балалр музыкалық тәрбиесін дамытуға қосқан үлестері туралы дерекетер қозғадық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет