Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты султанова Нургуль Камильевна музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы



бет9/12
Дата16.06.2016
өлшемі1.11 Mb.
#139121
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

СӨЖ тапсырмалары:

  1. Африка мен Америка халықтарының музыкасы.

  2. Еуропа халықтарының музыкасы.

  3. Украйна музыкалық сипаттары мен жанр түрлері.

  4. Беларус, Поляк елдеріндегі халық музыкасы.

  5. Француз музыка мәдениетінің бір тармағы – шіркеуші музыка.


Қолданылған әдебиеттер:
1. А. Жайымов, Б. Ысқақов, Ж. Еңсепов, Ж. Сәрсенбенов «Музыка» 5-сынап. Алматы «Атамұра» 2001ж.

2. Б. Сүлейменова, Ш. Құманова, М. Оразалиева, Е. ЕлеШанова «Музыка» 4-сынап. Алматы «Атамұра» 2000ж.



3. Музыкалық әдістемелер 5-4 сынып 1997 ж «Атамұра» баспасы


12-Тақырыбы: Бастауыш және орта сынып оқушыларының психология – педагогикалық сипаттары

Жоспары:

  1. Оқушылардың психология – педагогикалық сипаттары

  2. Бастауыш жәна орта сынып оқушыларының жас ерекшеліктері

  3. Бастауыш мектептегі тәрбие мәні.

  4. Мектеп оқушыларының шығармашылық қасиетін дамыту.

  5. Мемлекетіміздегі музыкалық ағарту ісі.


  Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық қазыналар, ғылыми практиканың жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау», - деп ерекше атап көрсетілген. Бүгінгі жалпы білім беретін мектеп қоғамның алға қойған көкейкесті міндеттерін жүзеге асыру үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілеттерін дамытып, дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасайтын жеке тұлғаны тәрбиелеуі тиіс.  Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның құндылық қасиеттерін дамытып, қалыптастыруға аса мән беріліп отырғаны белгілі. Еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселенің бірі-өркениетті, адамгершілік сезімі дамыған, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, һрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының «Ұлттық энциклопедиясында» адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген: «Адамгершілік-адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. «Кісілік», «Ізгілік», «Имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық ізеттілік пен кішіпейлік, әділдік, қанағатшылдық т.б. Дүние жүзінде, оның ішінде Қазіргі таңда әрбір жеке түлғаның қүндылык, қасиеттерін дамытып, қалып-тастыруға аса мән беріліп отырғаны белгілі. Әсіресе үрпақтан-үрпаққа мирас болып келе жатк,ан салт-дәстүр, әдет-ғурыптар арқылы оқушылардың жеке бас қасиетін дамыту мумкіндігіне барынша көңіл бөлінгенін ғылыми-зерттеу еңбектерден аңғарамыз. Бастауыш сынып оқушысының есте сақтау мен танымдық қызығушылық қабілеті жақсы болады. Егер балаға қызығушылығына қарай жүйелі мәлімдемелер түсіп отырса, баланың даму үрдісі шапшан-дайды. Біз бұл жерде Л.В.Занковтың идеясын негізге алдық. Ол баланы қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарымен еркін араластыру керек, әртүрлі баланың дамуы ушін туындайтын шегіністерден қашпауымыз керек, керісінше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенін айқындай отырып, жүргізу қажет деген үсынысын зерттеуді  қарастырамыз. Тарихи ескерткіш мүраларға жүргізілген саяхат-сабақтар мен экскурсиялар балалардың танымын қалыптастыруда негізгі орын алатынын практика барысында айқын байқадық. Әртүрлі жүргізілген жүмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ынтымақтастығын жетілдіре түседі. Бүл туралы психолог Л.С.Выготский: "Дербес жүмыс істегеннен гөрі бала ынты-. мақтастықта күштірек әрі ақылдырақ болып, ол өзі шеше алатын интеллектуалды қиындықтар деңгейі жөнінен биікке көтеріледі...", - дейді. Жалпы жеке түлғаның бойындағы адамгершілік сезімдерін дамытуға байланысты арналған ғылыми-зерттеу еңбектерді зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік сезімдерінің дамуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенін байқадық. Қазақстанда толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтік-экономикалық психологиялық мәселелер күннен-күнге күрделене түсуде. Осыған орай, бүгінгі күн әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни оқушылардың адамгершілік сезімдерін дамыту жолдары шешуші фактор болуы заңдылық.Мектеп оқушысының адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күннен басталады. Мектепке дейінгі жаста балалрдың бастапқы адамгершілік дағдылары қалыптасады. Баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастарында көзге түседі. Бастауыш сыныптарда адамгершілік мезімдердің дамуы, мінез-құлықтың, сананың жаңа түрлері одан әрі дамытылады.Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік сезімдерін дамыту ең алдымен оқыту үрдісі барысында жүзеге асады. Түрлі пәндерді оқу кезінде бастауыш сынып оқушыларының достық, жолдастық, өмірге белсенді көзқарасы, Отан туралы ұғымдары қалыптасады және кеңиді. Үлкенді сыйлауды, ата-аналарды құрметтеуге, еңбектенуге, ізептілік сақтауды үйренеді. Бұл жаста балалар сапалы тіртіпке, жолдастық өзара кемекке, адамның көңіл-күйін түсінуге дағдыланады. Олар мектепте оқу-әрекетіне өзінің қатынасын, жанұяда, қоғамдық орында өзін-өзі ұстауды біледі. Соның нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлқы және адамгершілік сезімдері дамиды. «Өнер - білім бұлағы» дейді халқымыз-өнердің қай саласы болса да адамдарға рухани күш-жігер беріп, ерекше қуаныш, сүйініш, толқу сезімдерін оятады. Өнер саласының бірі-ол музыка. Оқушыларға музыкалық тәрбие беру барысында мектепте білгілі бір жүйелі бағытпен музыка сабағы жүргізіледі. Бастауыш сыныптарда, музыка сабағын қоршаған ортаның әсемділігін көрік, естіп отыратын, бағалай білуге арналған. Баланың музыка жайлы түсініктерін анықтай отырып, музыканың алғашқы негіздерімен, тарихымен таныстыра отырып, таным түсінігін отырып, таным түсінігін дамытып, музыкаға деген қызығушылығын арттыруға баулу қажет. Музыка туралы мағлұматты жүйелі меңгеру іскерлік пен дағдының қалыптасуы, ең алдымен қайырымдылық, имандылық, адамгершілік сезімнің музыкаға деген қызығушылығына бағытталу керек. Музыка дегеніміздің өзі балаға музыка тілімен жетеді. Музыка арқылы бала тәрбиелік және білімділік қасиеттерді бойына сіңіреді. Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның моральдық бейнесін қалыптастырады. Музыка баланың жеке басының адамгершілік сезімдерін дамыту үшін қажетті жағдайлар туғызады. Жалпы білім беретін мектепте- музыкалық білім беру мақсаты-оқушылардың рухани өмірін байыту, адамгершілік сезімдерін жоғары дәрежеге жеткізу, музыкалық өмірдегі құбылыстарды бағалауда дұрыс бағыт беру болып табылады. Мектептегі музыка сабағы тек қана музыка жөнінде мағлұмат беріп қана қоймай, ең бастысы-жас ұрпақты жоғары, адамгершілік және азаматтық қасиеттерге баулу болғандықтан музыка мұғалімінің алдына жоғары деңгейдегі міндеттер қойылып отыр.Мұғалім оқушыларға музыка сабағы үстінде адамгершілік сезімдерін дамыту кезінде мектеп реперуарының шешуші маңызы бар екенін есінен шығармауы тиіс. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты іріктеп алынған шығармалар ғана тәрбие жұмысына қажетті мол дүние бола алады. Олар өздеріне терең әсер етіп, талғандыратын көркем шығарманы қабылдаған жағдайда ғана адамгершілік сезімдерін оята алады. Мысалы: М.Бөлебаевтың «Тоғай арасында», И.Нүсіпбаевтың «Жомарт елім» әндерін, Ғ.Жұбановтың «Теміртау таңы» атты симфониялық картинасын атауға болады. Бұл шығармалар туған еліміздің кең байтақ жерін, көркем табиғаты мен шаттық өмірін бейнелейді.Музыка сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының музыкаға баулу адамгершілік сезімдердің озық үлгісін бейнелейтін орыс және шетел классиктері музыкаларының алатын орта ерекше. М.Глинканың, Л.Бетховеннің, Ф.шуберттің, Ф.Шопеннің шығармаларымен оқушылар мектептің төменгі және ортаңғы сыныптарда танысады. Музыка сабағында бастауыш сынып оқушылары Л.Бетховеннің «Эгмант» увертюрасын «Ерлік» атты үшінші және «Бесінші» симфонияларынан үзінді тыңдай отырып, адам тағыдырының басынан өткен барлық кезеңдерін сезінеді. Бұл симфониялардың халықтық рухы, күші және жігері оның кезіледі. Бетховен музыкасының адамгершілік сезімдерін дамытудағы мәні тек қана ерлікті бейнелеуде емес, сонымен қатар Бесінші симфония мен «Патетикалық санатаның» қаралы маршында, «Жетінші симфонияның» аллегретто бөлімінде қайғы, «Алтыншы симфонияда» ашық-жарқын ізгілік сезімдер естіледі. Классикалық музыканың үздік үлгілері әрқашан өз дәуірінің, ұлтының, әлеуметтік тобының адамгершілік сезімдерін нақты бейнелей білген.Музыка сабақтарында оқушылардың адамгершілік сезімдерін дамытуда тигізетін әсерінің неғұрлым тиімді болуы үшін, музыка жайлы әңгімені жан-жақты ойластырып, анық мақсат қойып, дұрыс ұйымдастыру шарт. Онда мына мәселелерді ескеру қажет:

  • шығарманың мазмұны, шығу тарихы, сазгердің шығармашылығы т.с.с. туралы оқушыларға белгісіз жайларды қоса, қызықты, толық мағлұмат беру;

  • сабақтағы музыка өмірімен байланысы;

  • шығарманың музыкалық тілінің мәнерлілігі;

  • педагогтік мақсатқа бағыттылығы.

    Оқушылардың адамгершілік сезімдерін дамытудың сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың, музыка туралы әңгіме, тақырыптық концерттер, музыкалық сайыстар, викториналар, жұмбақ концерттер, концерттік залдар мен музыкалық театрларға бару сияқты әр түрлі формаларының өте керек екендігін айту қажет. Мектептегі музыка сабағында мөлшерлі ғана уақыт берілетінін еске алғанда, бұл жұмыс формалары оқушыларға музыкалық адамгершілік сезімдерін іске асыруға үлкен үлес қосады.Мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарды жүйелі түрде жеткізіп отыру оқушылардың музыка сабағынан алған білімін бекітеді және толықтыра түседі, өмір мен өнердегі әсемділіктен алған адамгершілік сезімдері, балалардың музыкалық ой-өрісін дамытады. Мектептегі сыныптан тыс өткізілетін жұмыс формаларының, әсіресе, ұзартылған күн топтары үшін маңызы айырықша.Бұл топтарға қатысатын балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыра білу өте қажет. Музыка туралы әңгімелер, сүйікті шығармаларды тыңдау, талқылау,  тағы да басқа сыныптан тыс жұмыстар түрлері осы музыка сабақтарында оқушылардың адамгершілік сезімдерінің даму рөлі өте зор. Мектеп оқушылары қашанда осы музыкалық -адамгершілік сезімдері дамуы арқылы әр түрлі жетістіктерге жете алады.  
 Шығармашылық – күрделі құбылыс, көптеген әлеуметтік педагогикалық және психологиялық тапсырыстар жиынтығы. Бала өмірге қандай да бір керемет қасиетпен келсе де, оқусыз, шығармашылықсыз ол дамымайды. Бұл туралы көптеген ғалымдар былай топшылайды: қабілеттердің бәрі еңбектену арқасында ғана шыңдалып, гүлдейді, ал еңбексіз ол өшіп, сөнеді. Баланың қандай да кез-келген шығармашылық талпынысын құптауымыз керек. Себебі, оның астарында баланың таза, ашылмаған шығармашылық бастауы жатыр. Ол бір суретші, музыкант немесе ақын болып кетпесе де, керемет математик, дәрігер, мұғалім немесе жұмысшы болары анық. Міне, дәдл сол кезде балалық шақтағы шығармашылықтың, еліктеулердің өз бағасын көрсеткендігін байқаймыз... Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз бетімен әрекет жасауға үйрету бүгінде көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша ХХІ ғасырдың іске асуға тиісті өзекті проблемасы болып табылады. Лемберг, Лоланд, Богоявленский, Занков және тағы басқа да көрнекті ғалымдардың еңбектерінде шығармашылыққа баулу - оқушылардың өзін-өзі бақылауын қалыптастыру. Ақыл-ой тәрбие беру құралы ретінде анықталады. Ғалымдар шығармашылықты біртұтас бүтін, өзара байланысты құбылыс ретінде қарай отырып, жеке бастың шығармашылық сапасын дамытуда оқытудың маңыздылығын ерекше атайды. Өнер мен ғылым қайраткерлерінің еңбектерінде шығармашылық ең алғаш процесс есебінде қарастырылған. Ағылшын ғалымы Г. Уоллес (1924) шығармашылық процесті 4 базаға бөледі: дайындық, идеяның тууы, шарықтау мен оны тексеру. Процестің негізгі бөлімдері күш-жігер тексерісіне саналы тұрғыда ықпалға түспейді. Ол дәл осы шығармашылықтағы иррационалды факторларға шешуші роль беретін концепсия пайдасына дәлел есебінде қарастырылады. Дегенмен, экспериментальды психология көрсеткендей, шығармашылық процесінде есту, сезім, парасат, ақылдылық юірін-бірі толықтырады. Өзінің ойлау қозғалысының жалпы бағытын белгісіз сезінуінен жеке тұлға өзін-өзі бақылауға мүмкіншілігі аз. Дегенмен, нәтижелі ойлауды, оқыту айқындағандай, кенеттен жаңа шешімдер шығармашылық процесінің ұйымдастыруына сәйкес ізденіс мүмкіншілігінде туындайды. Балалар музыкалық шығармашылығына музыкалық-педагогикалық жүйенің прогрессивті құрастырушылары үлкен көңіл бөлуде. Мұндай шығармашылық ой әйгілі К. Орф жүйесінің негізінде З. Қодай методологиясының өзегі болып саналады. Соңғы жылдары музыкалық педагогика мен психология балалар шығармашылығына оқыту мен тәрбиелеудегі алғы әдістерінің бірі есебінде қарайды. Қазіргі таңда балалар музыкалық шығармашылық қабілеттерінің дамуы маңызды музыкалық-педагогикалық талаптар ретінде қарастырылады. Балалардың музыкалық дамуында шығармашылықтың мәні оларды музыкаға баулудың тура жолы, музыкалық тіл ерекшеліктерін танымының белсенді әдісі, жалпы музыкалық жинағын қалыптастырудың тиімді әдісі ретінде анықталады. Шығармашылық ұғымы болмаған жаңа, сапалы бір жағдаятты тудыратын іс-әрекетті анықтайды және де шығармашылықты тікелей психологиялық тұрғыдан қарастыруға бағыттайды, яғни жаңаны тудырудың психологиялық процесі есебінде, осы процеске кірігуін қамтамасыз ететін тұлғаның қасиеттер жинағы есебінде қарастырылады. Н. А. Ветлугина еңбектері музыкалы-синсорлық және балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру проблемасына арналған. Шығармашылықты талдауда жаңа шекті көрсететін музыкант психологтарға өте қажетті қызықты да мәнді еңбектердің бірі - Б. М. Блинованың еңбегі. Мұнда шығармашылық қорытындылау ерекшеліктері жоғары жүйке қызметінің физиологиясы тұрғысынан ғана қаралмайды. Шығармашылықтың жеке, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық жағын есепке алады. Жаңа технологияларды қолдана отырып, шығармашылыққа жетелейтін сабақтар оқушыға ерекше ахуал береді. Ол мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық қатынаста қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіруші, бақылаушы, бағалаушы ғана емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы болып саналады. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Сонымен қатар шығармашылыққа үйрету интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық мінез-құлық ерекшеліктерін көздейді. Оқу хүрдісіндегі шығармашылықтың мәнін жеке басын қасиеті емес, оқушының оқу үрдісіндегі іс-әрекет құралы және табыстың белгісі деп білуіміз керек. Оқу процесіндегі негізгі мәселе оқушылардың белсенді іс-әрекеті және ол шығармашылықтың дамуына негіз болады. Оқушылардың іс-әрекеті неғұрлым үйқлесімді, кемелденген,ғ тиімді оқыту әдістерімен ұйымдастырылса, онда олардың белсенділігі де соғұрлым жоғары болып, шығармашылықтың дамуы қарқынды түрде көрінеді. Балалар музыкалық шығармашылығын қалыптастырып, дамыту үшін балалаық шақта қызықты музыкалық шығармаларды, балалар музыкалық аспаптарын тиімді де орынды пайдалана отырып, олардың білуге құмарлығын, ынтасын, қиялын дамыту қажет. Себебі, тек сонда ғана балалардың шығармашылық әрекетінің мәнін анықтауға болады.
СӨЖ тапсырмалары:


  1. Оқушылардың психология – педагогикалық сипаттары

  2. Бастауыш жәна орта сынып оқушыларының жас ерекшеліктері

  3. Бастауыш мектептегі тәрбие мәні.

  4. Мектеп оқушыларының шығармашылық қасиетін дамыту.

  5. Мемлекетіміздегі музыкалық ағарту ісі.

Пайдаланылған әдебиеттер:


    1. «. Қ.М. Меңдіаяқова, Г.Ж..Қарамолдаева «Мектепте музыка тәрбиесін беру әдістемесі»       Алматы 1997 ж. 

    2. Пернебек Момынұлы «Музыкалы-эстетикалық тәрбие» Алматы 2000 ж. 

    3. О.А.Апраксина «Методика музыкального воспитания в школе» Москва 1983 г. 

    4. Музыкалық білім беру: проблемалары мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 29-30 мамыр, 2001 ж


13-Тақырыбы: Музыкалық білім мен тәрбиенің атқаратын міндеттері

Жоспары:

  1. Музыкалық білім беруде тәрбиенің орны

  2. Музыкалық білім беруде тәрбиенің атқаратын міндеттері


Қазақ музыкасының тарихы ғылым ретінде Ұлы Октябрь социолистік ревалюциясынан кейін ғана қалыптасаи бастады. Ұлы Октябрь революциясы қазақ халқының мәдениетін дамыту үшін барлық жағдай жасады. Егер Совет үкіметінің алғашқы жылдарында бұрынғы артта қалған елдің сауатсыздығын жою жұмысын қолға алған болса, ал енді жиырмасыншы жылдардан бастап, халық ағарту ісімен бірге, Қазақстан халық ағарту комиссиариаты күн тәртібіне көркем өнерді дамыту мәселесін қойды. Музыкалық тәрбие берудің алғашқы мұғалім даярлайтын курсы, мектеп хорларынбасқарушылардың аса жедел курсы ашыла бастады, халық музыка таланттарын іздестіру және халық аспаптарын жасай білетін шебер мамандар табу мақсатымен анкета өтініш таратылды. Өткен дәуірде нотаға түскен ән-күйдің саны аз болғанымен ғылым үшін маңызы үлкен. Феодалдың ру тартысының талай тауқыметін тартқан, үстем тап өкілдері қатыгездікпен қанап, езіп келген қазақ халқы қаншама қиын-қыспақты басынан кешірсе де, өзінің елдік қасиетін сақтап қала білді, өніп-өскен ортаның ұлылы – кішілі құбылыстарын ән мен күйге бөлеп, жадында сақтады. Феодалдық – патриархиалдық өмір қалыбы, Шыңғыс ханның елді талан-таразға салған жортуылдары, халықтың басын айналдырып , үстем таптың қолындағы қанау мен езгінің құралы болған ислам дінінің кертартпа мәні халық творчествасына да із тастап кеткені сөзсіз. Домбыра тарту, әсіресе, әйелдің домбыра ұстағаны күнә деп саналады. Жан иесінің кейіпін кескіндеуге болмайды деп, ислам діні халықтың бейнелеу өнерін тежеді. Алайда, халық тасқауылдың қандай түрін болса да жеңіп шығып, өзінің жарқын болашаққа, алдағы бақытты өмірге деген сенімін ән мен күйге қосып шыпқай берді. Жаратылыстың жат сырларына «киелі» күтеріне қарсы тұрар қауқары болмай, жалбаруымен күн кешкен, жаны ауырса, сыйынары – бақсының зікір салуы болған халық бұл (жағынан) жалғаннан сірә да «тұяқ серіптеспен» жөней берген жоқ, қайта алдағы, арайлы таңды, өлмес, өшпес күнді көксеп өтті. Қазақ арасына аңыз боп тараған «Қорқыт күйі» осындай өміршең қиялдың жемісі еді. Ел ауызындағы әңгімеге қарағандағы әңгімеге қарағанда ата-анасы жаңа туған нәрестенің атын Қорқыт деп тектен – тек қоймаса керек. Қорқыт шыр етіп жерге түскенде қағанағы жарылмай туыпты – мыс. Шикі емес секілді шарананы көргенде, абысын – ажылдары қорқып үйден тұра қашады. Тек туған шешесі ғана ештеңеден қорықпай, баланың тонын өз қолымен сыпырып тастап, талықсып жатқан бөбегінің аузына емшек сүтін тамызады.Сол кезде барып, жас баланың «іңгәлаған» дауысы шығады. Дүниеге келген басқа емес, кәдімгі адамзат, ата-ананың күткен перзенті екенін түсінген ауыл адамдары қайта жиналып, баланың атын Қорқыт деп қойысады. Қорқыт өсіп, ер жетіп, жиырма жасқа толған шағында, күндердің күнінде бір түс көреді. Ақ киімге оралған әлде мендей бір бейнелер оған түсінде аян беріп, «сен қырық жастан артық жасамайсын ! » деп ескертеді. Түсінен шошып оянған Қорқыт желмаясын ерттеп, ажалдың құрығы жетпейтін бір қиянға қашпақшы болады. ( Жолшыбар жүріп келе жатқан адам ) Ол төрт құбыланы түгел шарлап шығады, бірақ ажал аяқ баспаған жерді кездестіре алмайды. Ақырында, Қорқыт желмаясын құрбанға шалып, оның көнімен қобызының бетін қаптап алады да, дарияның үстіне кілем кілемін төсеп отырып, қобызын сарнатып күй тартады. Бұл «Өмір күйі» болатын. Содықтан Қорқыт оны күні- түні үзбей таратады. Қорқытты аңдыған қобыз күйі тартылып тұрған шақта оған жолай алмайды. Бір заманда шаршаған күйшінің көзі сәл ғана ілініп кетеді. Арбасқан ажал қас қаққанша «қайрақ жыланның» кейіпіне келіп, кілем үстіне шығып Қорқытты шағып өлтіреді.Міне, содан бері күй өмірге арашашы болып келе жатса керек; музыка үні шығып тұрғанда, ажал аяқ аттамайды- деп білген халық. «Қазақтар- еті тірі, қунақ,өмірге құштар халық,- дейді Г.Н. Потонин,- олар сауықшыл келеді, киімді ашық түстен киеді, өмірде той- думанды жақсы көреді. Бұл халықтың өлген адамдарына ас берудің өзі ұлан – асыр салтанатпен өтеді, жиналған халық ойын ойнап , ат жарыстырып, ән салып ақындардың айтысын тындар жасайды».

Қазақ даласына жайылған әндердің біспырасы халықтың дербес ұлт болып жаңа – жаңа қалыптаса бастаған кезінен бермен қарай белгілі болса керек. Бұған тұрмыс – салт жырларына жататын «Тойбастар», «Беташар», «Жар - жар», «Алтыбақан» әндері т.б. дәлел бола алады.

Қазақ халқынын басынан кешкен толып жатқан тарихи оқиғалар музыка тілінде де аңыз болып сақталады. Мысалы, «Ақсақ құлан» күйінде халқымыздың өсіп - өркендеуіне ұзақ уақыттыр бойы қырсығын тигізетін татар- монғол басқыншылығы тұсындағы бір көрініс бейнеленеді.

Қазақ елімнің басына өткен тарихи ауыр оқиғалардың біразы Шыңғыс хан, Ақса Темір есімдерімен байланысты. Сондықтан ән күйлерде де сол қатыгез әміршілердің аты жиі ұшырап отырды. Мысалы, «Ақсақ Темір» деп аталатын өлең осындай ел басына түскен ауыртпашылықтарды , қиын- қыстау кезеңдерді баяндайды. Қазақтың әншілері бұрын әнді тек жеке дауыспен унисонда домбыраның, не қобыздың сүмелдеуімен орындалған, көп дауыс қосылып, хормен айту дәстүрі болмаған. Бірақ, соған қарамастан тақырыптың, айтылу өрнегі жағынан әндердің түрлері сан алуан болған. Оларды лирикалық, драмалық, әзіл- сықақ, қайғылы- шерілі, мақтау- арбау әндері деп бөлуге болады. Қазақ халқының әнді қастерлегені белгілі, олар әннің қасиетті киесіне сеніп келген. Көпшілік қауым өткен кеткенді жырға қосып, халықтың өмір жолын әнімен жадында сақтаған , әнші- жыршыны мақтап қастерлеген. Халықтың музыкаттарынын озық ойлы шығармалары байлардың байлығын дәріптейді, керсінше, халық өмірін, халықтан шыққан ерлерді, батырларды жыр етеді, Мысалы, XVIII ғасырлардың 80- ші жылдарында хандық қырылысқа қарсы Сырым Датов бастаған халық қозғалысы еңбекші бұқараның таптық сезімін оятқан елеулі оқиғалар болды. Халық ол жайында « Сырым сазы» атты күй шығарып, өнерімен ескерткіш тұрғызды. Исатай, Махамбет бастаған ұлтазаттық қозғалыста халық музыкасынан өзіне лайық көрініс тапты. ХІХ ғасырдың 40- жылдарында Бөкей хандығында орыс мектептері ашыла бастады. ОЛар қазақ арасына білім тарумен бірге, бұқара халықтың кертарпа ислам діні ықпалдарына қарсы күресінде де едәуір игі міндеттер атқарады. Орыс мәдениетінін игі ықпалымен қазақтық музыкалық халық твочествосы ХІХ ғасырдың 2- ші жартысынан бастап жедел өркендей бастайды. Қазақтың ХІХ ғасырдағы аса көрнекті халық композиторларының бірі- Құрманғазы Сағырбаев. Құрманғазы туындыларының өзегі еңбекші бұқараның феодалға , үстем топқа, ауыл ұлықтарна қарсы күресі болды. Бұл қылығы үшін ол «ақ патшаның » итаршыларынан өмір бойы қуғын көрді. Құрманғазы күйлері өмірдіңең көкейкесті құбылыстарын паш етті. Күй музыкасы айқын да әуенді келеді, күй программалары нақты, қалын көпшілікке түсінікті болды, тыңдаушысын бай сазыммен, әсіресе, кербез нақышысымен билеп алады. Шыққан тегі жөнінен үстем топ өкілі бола тұра, творчествосын халқына арналған композиторларда жоқ емес, мысалы, Бапас деп көпшілік атаған, атақты күйші Даулеткерей Шығиев ата- бабасынан мұра болып қалған сұлтан- правиталь шенінен гөрі күйшілікті артық санаған. Даулеткерейдің творчествосы негізінен лирикалық сипаттта өрбиді. Ақпаратты феодалдың баласы Тәттімбет Қазалғапұлы да халық музыкасын таңдаған. Ол өз өмірін өнерге бағытайды. Теттімбетің бұқарашыл бағыттағы музыкалық және ақындық шығармаларында қыр елінің тіршілігі асқан шындылықпен суреттеледі.



Қазақстандағы ХІХ ғасырдың 2- жартысындағы саяси- әлеуметтік жағдай, қазақ қоғамында таптық қайшылықтардың өрши түсуі, озат орыс мәдениетінің қыр өміріне сіңе бастауы. Міне, осының бәрі қазақ өнерінің барлық салаларында бұқарашыл ағындардың күшейуіне жол ашты. Қазақ халық композиторлары шама- шарқы жеткенше осы осы жаңа ағымдарды твочество тұрғысынан игере алуға тырысты. Бұл кезеңдегі әндер мен күйлерде халақтың бостандыққа қол созған талап – тілегі, әлеуметтік нараздылық мотивтері айқындала түсті. Лирикалық әндерде әйелдердің бас бостандығы тақырыбы жарылды. Тұрмыс – салт әндері мен халық ойындарында оқуға, білімге деген тарпыныс, феодалдық дәуірдің сарқыншақтары мен күрес тақырыбы сөз болды, діндарлар, қожа- молдалар ажуа болды. Ақын- әншілердің айтысы, күйшілердің күй тартысуы, көбіне- ақ дүйім жұртың басын қосқан үлкен мерекеге айналатын. Әсіресе қазақтың «сал», «серілерінің» орыны бөлек болатын. Олар халықтың ауыр тұрмысын аз да болса жеңілдетіп, оған сән беретін, әрі жергілікті шонжарлардан, әрі патша үкіметінің ұлықтарынан екі жақты қысым көрген халықтың рухын көтеретін. Осындай көтің еркесі болған «салдардың» бірі Біржан сал мен Ақан сері. Белгілі халық композиторы Жаяу Мұса, орыс тілін жақсы білген, Петербургте, Қазанда, Чехослования мен Польшада болған. Сондай- ақ қазақтың халық музыкасында Балуан Шолақ, Мәди, Қазанғап,Ықылас, Самалай сияқты өнер иелері болған. ХХ ғасыр үлкен қоғамдық өрлеу үстінде басталды. Тек күресі күшейді. Қоғамдық- тарихи жағдайдың шұғыла – сәулесі прогресия демократиялық және реакцияшыл кертартпа бағыттардың өзара тартысы сипатында әдебиет пен өнер туындыларынан да орын алды. Бұл кезеңде Орынбор, уфа, Ташкент, қалаларындағы медреселерде музыка, драма, хор үйірмелері ұйымдастырылып, «Тез», «Садақ», «Ай» атты қолжазба журналдар шығып тұрды. Талантты жастар халықты білімге шақырып, өлең, қарасөз түріндегі мақалалар көздеді. Үйірме жетекшілері қалалық семинарияларды біріктірген, нота әліппесінен хабардар мұғалімдер болды. Патша өкілетінің озбырлығын, айырбас сауданың әділетсіздігін, уез бастықтарының, ұлықтарының парақолығын тұспалдап айтатын жұмбақ- өлеңдер тарады. Бұл тұста ел ішінднгі ескі салтты, қызды қалын малға сатуды, көп әйел алушылықты, молдалардың дінді жамылып қаранғы халықа жасап жүрген қиянатын, жемқор, парақор би- болыстарды сынап- мінейтін, қазақ әйелінің басындағы ауыр халді баяндайтын пьесалар да шыға бастады. Қазақстандағы 1916 жылғы солдатқа адам алуға байланысты оқиғалар халық композиторларын да мықтап төбірентті. Қазақтың әншілері патша үкіметінің зорлық- зомбылығын айтып ән шығарды. Домбырашылар күй шығарды. Бұл салалардағы туындылырдың ішінде Дина Нұрписованың «Набор», Сейтек Оразаливтің «Он алтыншы жыл» атты шығармалары бар. Халық композиторлары өздері шығарған күйлерінде майдан жұмыстарында алынып жатқан қазақ кедейлерінің ауыр да аянышты хал- жағдайларын паш етеді. 1917 жылы Ұлы Октябрь социолистік революциясы жеңді. Қазақ халқы қанаудан, теңіздіктен,, қараңғылықтан, саяси және экономикалық шырмаудан құтылып, жаңаша өмір сүретін болды. Ұлы Октябрь Революциясына дейін қазақ музукасы фольклорлық қалыта келді. Ауыз әдебиетіміз сияқты музыкамыз да жазба мәдениетке жете алмады. Бірақ сол бір «ауызша дәстүрдің» өзіне де қазақ музукасы сан жағынан да, сапа жағынан да бай болатын. Бірақ қазақ музыкасы ол дәуірде профисионалдық сатыға көтеріле алмады, көтерілуге жағдай болмады. Әндерді, күйлерді шығарушы да, орындаушы да біркісі болып, профисионалық еңбек бөлісу деген болмайтын. Сөзін біреу, музыкасын екіншісі, орындаушы үшінші кісі болатын біздің заманымыздағыдай ол кезде кездеспейді. Орыс музыка мәдениетінің көрнекті өкілі Александр Викторивич Затаевич 1920 жылы ол кездегі Қазақстанның астанасы Орынбор қаласына келіп, қазақтың ән- күйін қағазға (нотаға) түсіре бастады. Сөйтіп, 1920 жыл мен 1931 жылдың арасында А. Затаевич қазақтың 1500 ән- күйін екі жинақ етіп бастырып шығарды. Бұл жұмыс қазақ музыкасының профисионалдық жолға қадам басуының алды еді.

Жиырмасыншы жылдарда музыка өнерпаздағы көріне бастады. Орынборда рабфак студенттері ұйымдастырған сауық кештерін, Ташкентт, Қарқаралы да болған ән жарыстарын қазақ музыкасының алғашқы қызу халық қадамдары деуге болады. 1921 жылы Ташкенттегі Халық ағарту институтының жанында Құманберік Жалдарбековтың басқаруымен «Біржан – Сара » музыкалық спектакілі қойылды. 1925 жылы Ақтөбеде педогогтка техникумы мен совет – партия мектебі оқушылардың күйімен М.Әуезовтың «Еңлік кебек» пьесасы музыкалық спектакль болып қойылды. Атақты әнші Әміре Қашаубаев сол бір жылдарда Парижге Майіндегі Франкфуртке барып қазақ әндерін шырқап Европаға жайды. Қазақ музыкасынын профисионалдық қадам ұруында үлкен роль атқарған- 1926 жылы ашылған қазақтың тұңғыш драма театры. 1933 жылы музыкалық студия құрылып, оған драма театрынан бір топ адам келіпті. Бір жыл өткенен кейін қаңтардың 13 күні музыкалық театры ашылып, ол өз шымылдығын М. Әуезовтың «Айман- Шолпан» пьесасымен көтерілді. Театрдың екінші бір творяестволық асуы «Қыз Жібек» спектакілі болды. Отызыншы жылдардың басында Қазақстанда музыкалық білім алу жұмысы да қолға алынды. 1932 жылы музыка техникумы ашылып, бір жылдан кейін оның жанында театр білімі құрылды. Музыка техникумы профисионалдық музыкалық орта дәрежелі білімі бар қазақ жастарын тәрбиелеп шығаруда бірінші қарлығаш еді. Қазақтың советтік музыка, театр өнерлерінің дамуында үлкен роль атқарған оқиғаның бірі-1934 жылы өткізілген. Бүкіл қазақстандық бірінші халық өнерпаздарының слеті. Ол слетке республикалық жер- жерінен көптеген әншілер, күйшілер, бишілер, тақпақшылар, ойыншылар келді. Олардың ішіндегі қабілеттері таңдалып алынып, Алматының театр және оқу орындарына қалдырылды. Слет халықтың өнерпаздық туын бұрынғыдан да жоғары көтерді, оның одан әрі дами беруіне жол салды. 1933 жылы жоғарыда аталған музыка техникумының жанынан Қазақстан үкіметінің қаулысы бойынша қазақ музыкасын зертейтін кабинет және қазақтың халық аспаптарын жаңаландырып, дамытатын тәжрибе ұстаханасы ашылды. 1934 жылы Алматыда бірінші рет музыка – хореография мектебі ашылды. Қазақстанның советтік музыка мәдениетінде үлкен орын алатын жанрдың бірі – хор. Бұл жөнінде философиядағы Қазақтың мемлекеттік хор капелласын атау орынды. Капелла – хор мәдениетінде жоғарғы сат. Біздің музыка мәдениетімізде, музыкалық халықтық тәрбие беруде шешулі коллективтің бірі –симфониялық оркестор. Симфониялық оркестор болуы, әсіресе композиторлардың творчестволық жағынан өсу жұмысында үлен көмекші. 1944 жылы Алматыда ашылған консерваториның музыкалық жоғары білім беруде орыны зор болды. Консерватория қазақтың ұлы композиторы Құрманғазы атында. Қазақтың сөзінде бұрын композитор деген атау да жоқ еді. Бірақ одан кейін Алматыда Қазақ совет композиторлар одағы құрылған.Советтік Қазақстанның музыка майданына айтарлықтай үлес қосып кеткендер: Мұқан Төсебаев, консерваторияда композициядан сабақ беретін пофесор Е. Брусиловский, композитор Құдддыс Қожамияров, Латив Халиден және сыдық Мұхамеджанов, Бақытжан Байқадамов, Қапан Мусин,Ерғали Рахмадиев , Мәкәлім Қойшыбаевтар және т.б.Ұлы Отан соғысы (1941- 1945) кезеңіндегі қазақ музыкасы. Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында да Қазақстанның музыка өнерінің дамуында талас болған жоқ. Соғыс жылдарында Алматы қаласына көшіп келген Москва және Ленинградтың көркем фильм студиялары мен бірге көрнекті өнер қайраткерлері де келді. Олар республикамыздағы өнердің, музыка мен көркемөнердің дамуына айтарлықтай үлес қосты. 1939 жылы ұйымдастырылған Қазақстан Композиторлар одағы Москва консерваторияларында оқып жүрген бірнеше жас музыканттарды 1941 жылы мүшеліке қабылдады. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Рамазан Елебаев, Мәлік Жаппасбаев, Смағұл Көшекбак, Әли Базанов, Д. Мацуцин, Владимр Поливанов, Ғабдұлман Матов сияқты композиторлардың қаламдарын қаруға айырбастап, майданға атанды. Ұлы Отан соғысы жылдарында музыкатану ғылымы өз жұмысын тоқтатақан жоқ. «Қазақстанның музыка өнері» атты мақалалар жинағы мен 1942 жылдың аяғында А.Қ. Жұбановтың «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақтың халық композиторлары» атты кітабы шықты.Бұл кітап қазақ әншілері мен музыканттарының өмірі мен творчествосы туралы тұңғыш жүйелі мәлімет берген өте құнды еңбек болды.Соғыстығ ауыр жылдарының қиыншылықтарына қарамастан республиканың өзіне жоғары білімді маман кадрлар дайындау мақсатында 1944 жылы Қазақстаның орталығы Алматы қаласында тұңғыш жоғары көркем оқу орны консерватория ашылды. Соғыс жылдары совет халықтарының совет халықтарының майдандағы ерлігі мен тылдағы еселі еңбегін жыр еткен әндер аз болған жоқ. Содай әндердің бірі композитор Р. Елебаевтың «Жас қазақ» әні. Ол – 1941 жылы Москва түбінде ерліктен қаза тапқан Совет Одағының батыры Төлеген Тоқтаровқа арналған реквием. Ұлы Отан соғысы тақырыбы Р. Елемовтан басқа да бірқатар Қазақстан композиторларының шығармаларына арқау болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет