Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты султанова Нургуль Камильевна музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы



бет2/12
Дата16.06.2016
өлшемі1.11 Mb.
#139121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Өздік жұмыстар мен тапсырмалар:

  1. Сіздің ойыңызша, терминдер: мекткптегі дамыту, тәрбиелеу, оқыту құрылымы рет-ретімен қалай орналасады?

  2. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыруда қоршаған ортаның рөлі қандай?

  3. жалпы білім беретін мекемелерді бітірушінің музыкалық мәдениетіне арналған үлгіңізді құрастырыңыз.

  4. Әлеуметтік құбылыстағы музыкалық өнер.

  5. Жеткіншіектердің музыкалық тәрбие мен білім алудағы маңызы

Қолданылған әдебиеттер:


  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде// Алматы ақшамы. – 1998. 19 маусым)

  2. Егеменді Қазақстан, 1996, 20 қыркүйек.

  3. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. Алматы. 32-бет.

  4. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. Алматы. 13-бет.

3-4 Тақырыбы: Музыкалық өнер, оның білім, тәрбие және дамыту

мүмкіндіктері
Жоспары:

  1. Музыка өнерінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі

  2. Ежелгі кезеңдегі музыкалық тәрбие

  3. Музыкалық тәрбие беру

  4. Музыкалық өнерді дамыту мүмкіндіктері

Музыка өнерінің мақсаты - өскелең ұрпақты терең ұлттық өнер қазыналарымен сусындату, дүниежүзілік үздік музыка өнерінің шығармаларына баулу, олардың әсемдік пен эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып, оған деген аялы қатынасын орнату. Көркем талғамын қалыптастыру, сұлулықпен әсемдік дүниесіне өз тарапынан ойлы пайымдауларын білдіруге тәрбиелеу. Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі қоғам дамуындағы жалпы адамзат құндылықтарына деген, адамның өзіндік дара қызметіне деген үндеуді сипаттайтын бүгінгі жағдайды айқындау болып табылады. Тәрбие деген жаңа көзқарас болып жатқан өзгерістерге қарай педагогикалық процестің жаңа сапасын, тәрбие процесінің әлеуметтік саласының өзіндік ерекшелігін болжайды. Аса маңызды өзгерістер жағдайында жеткіншектердің санасында қарама-қайшы процестер дамиды. Тапқырлық, іскерлік, ынтымақтастық, кәсіпқойлық, кейбір кезде тіпті паригматизммен, руханилықсыз қасиеттермен жиі жанасады. Қалыптасқан әлеуметтік қоғам өміріндегі жағдай, іскерлік қасиеттері жоғары адамгершілік қасиеттерімен (парасаттылық, адалдық, әділеттілік т.б.) адамның адамгершілігін сыйлай білу үйлесімді келген тұлғаны қалыптастыруды міндеттейді.

Міне, осыған байланысты жеткіншектердің музыкалық тәрбиесі - әлеуметтік қоғам өмірінде мағызы арта түсуде.

Қоғам өмірінде жеткіншектердің музыкалық тәрбиесі мен білім алуында халықтың мәдени мұрасының, кәсіби музыка үлгілерінің рольі ерекше.

Адамның адамгершілігі кіші жастан қаланып, олардың қалыптасу процесі көбінесе мектеп жылдарында қалыптасқаны аян.

Тұлғаның адами түрғыдағы қалыптасуында өнердің маңызы да ерекше, кіші сынып жасынан бастап баланың табиғи түрде әсемдікке әсерлене білуі, көркем дүниелерге талмсануы, сұлулықты сезіне білуі қалыптаса бастайды.

Қазіргі бүгінгі қоғамда жеткіншектерді тәрбиенің мазмұнын халықтық ғасырлар бойы тарихи даму барысында жинаған өнер туындыларымен сапаландыру қажеттілігі туындайды.

Халықтың дамуында нақты тирихи жағдайлардан қалыптасқан халықтың аса бай мәдени мұрасы міндетті түрде кең көлемді пайдалану қажет. Халықтың және дүниежүзі музыканың алатын қазынасында құнды педагогикалық идеялар және ғасырлар бойы тексерістен өткен тәрбиесінің тәжірибесі көрініс тапты. Бұл дамумен бірге бүкіл әлемдік педагогикалық ой-пікірді байытып, сапасын арттырады.

Музыка өнері - адамзат қауымының пайда болуымен бірге қалыптасып, қоғам дамуының барлық сатысында өмірлік мәні зор тәрбиелік қызмет атқарып, бүгінгі күнге жеткен сарқылмас рухани қазына. Қоғамдағы мәдениеттің деңгейіне, өндірістік қатынастардың, өндірістік күштердің дамуына сәйкес, оның мақсаты мен мазмұны, сипаты, әдіс-құралдары, тәрбие формалары белгілі бір өзгеріске ұшырап отырды. Музыка өнерінің дамып, қалыптасуына жасалған ретроспективтік талдау және археологиялық мәліметтер музыкалық тәлім-тәрбиенің қоғам дамуының деңгейіне тікелей байланысты болғандығын дәлелдейді. Музыкалық тәлім-тәрбие адамзат қауымының түрлі іс-әрекеттерінде, ойын-сауықта, еңбек ету әрекеттерінде берік орын алып отырды. Ол қоғамның мәдениетін, әлеуметтік тәжірибесін жеткізудің құралы болуымен қатар, сол қоғамның дамуына, музыкалық білімнің жинақталуына, адамдардың өмір әрекеттерінің түрленуіне байланысты әлеуметтік категория ретінде өзі де үнемі дамып, қалыптасу үстінде болды. Музыкалық білім беру педагогикасы қоғам дамуымен біте қайнасқан өзіндік даму тарихы бар ғылым саласы. Аға ұрпақтың жинақтаған тәлім-тәрбие тәжірбиесі ұрпақтан ұрпаққа жеткізіле келе, қоғамның, мәдениеттің дамуына, әлеуметтік тәжірибенің бай қорының жасалуына ықпалын тигізді. Сөйтіп, өткендегі музыкалық білім беру тәжірбиесі және кейінгілердің оның дамуына жасампаздықпен өз үлесін қосып, белсенділікпен меңгеруі бірысында бірте бірте дербес ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады. Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Музыка адам санасына, жүйке жүйесіне ықпал ететін ерекше психофизиологиялық құбылыс болып табылатын дыбыстар арқылы бейнеленеді. Ал ол дыбыстар - түрлі биіктік пен күштіліктегі жай дыбыстар емес, адам сезімін бейнелеуші, реттеуші сұлулық заңына сәйкестенген әсерлі әуен өрнектері. Әуен-саздың жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы әсер-ықпалына адамдар өте ерте кезде-ақ назар аударған. Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы кезеңдерінің өзінде оны идеялық-психологиялық қару ретінде қолдана білген.

Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орнын, әсер-ықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастыруға тікелей байланысты. Өнердің осы түрінің адамның жан-дүниесіне ықпал ету механизмдері мен оның табиғатын танып білуге ерте кездің өзінде-ақ антика ғұламалары назар аударған. Тарихи-археологиялық деректерге қарағанда, музыка ежелгі грек қауымының өмір тіршілігінде айтарлықтай орын алған және олар музыкалық тәлім-тәрбиеде назар аударарлық тәжірибе жинақтаған. Ерте пифагоризм (б.э.д VI - IV ғ. ғ.) теориясында адамның жан-дүниесінің музыка арқылы тазаруын білдіруде catarsis ұғымы қолданылғаны белгілі. Б.э.д VI ғасырда өмір сүрген философ әрі математик Пифогор музыканың акустикалық заңдарын ашқан. Ал б.э.д. III ғасырда механик Ктесибий бүгінгі орган аспабының көне үлгісі сулы саз аспабын (гидравлос) ойлап шығарған. Ежелгі грек елінде белгілі бір музыкалық тәлім-тәрбие жүйесінің қалыптасқандығына ұлы Гомердің «Илиада», «Одиссея» поэмаларының мазмұны; лира, кифара аспабында ойнап, ән салып тұрған грек вазаларындағы суреттер, статуэткалар; бүгінгі музыка теориясында қолданып жүрген көне терминдер («музыка», «мелодия», «гармония»,

гамма» және т.б.); Дамон (Перикл мен Сократты музыкаға үйретуші), Платон, Аристотель сияқты ғұламалардың музыка, музыканың әсер-ықпалы жөнінде жасаған пайымдаулары; музыкалық аспаптарда ойнап үйрену мектептерінің, музыканың оқытушы арнайы ұстаздарының болуын мысалға келтірсек те жеткілікті. Музыка өнері, музыкалык тәлім-тәрбие жөніндегі мағлұматтарды Африка, Латын Америкасы, Шығыс елдерінің тарихи ескерткіштерінен де байқауға болады. Бұның бәрі дүниенін түкпір-түкпірінде ерте кездердің өзінде музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің формалары мен оны ұйымдастырудың амал-жолдарын жөнінде жалпы және дерексіз білім, тәжірибе жинақтаудың алғышарттарының қалыптаса бастағанына көз жеткізеді. Қоғам мен мәдениеттің, білім мен ғылымның дамуына қарай музыкалык-педагогикалық ой-пікірлер де қанат жайып, өркендей түсті.

Музыкалық тәрбие ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында алғанда ол музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірибені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ал тар мағынада түрлі деңгейде музыкалық тәрбие беру (жалпы және кәсіптік) мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекетті білдіреді.

Музыка - қоғамдық сананың формасы ретінде адамдардың эмоционалдық сезіміне тікелей ықпал етуші эстетикалық тәрбие құралы. Музыкалық шығармаларды аспаптарда ойнап үйрену, орындау жеке тұлғаның эстетикалық, эмоционалды-сезімдік, құндылықты сана-сезімін дамытып, қалыптастырады, әсемдікті қабылдап, сезінуге талпындырады. Ол эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты болып табылатын жеке тұлғаның эстетикалық талғамын, эстетикалық идеалын қалыптастырады, болмыстағы құбылыстар мен өнер туындыларындағы әсемдікті саналы түрде қабылдай білуге үйретеді және өздік шығарымпаздық қабілеттерін дамытады. Адамгершілік тәрбие бүгінгі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер барысында ең басты көкейкесті проблемаға айналып отыр. Музыкалық шығармаларда өмір құбылыстарының сан қырлы бейнеленуі, поэзия мен музыканың өзара байланыста болып, бірін-бірі толықтыра келуі бала жанына жағымды ықпал етеді. Рухани қазынаның мөлдір бастау-бұлағынан жас кезінен нәр ала білген бала адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі. Сөйтіп, қоғамдық, педагогикалық маңызы жоғары адамгершілік тәрбие мақсаттарын жүзеге асыруға қолайлы жағдай туындайды.

Музыкамен шұғылдану барысында еңбек тәрбиесі міндеттері жүзеге асырылып отырады. Бір жағынан, тыңдалатын музыкалық шығармаларды қабылдау, есте сақтау қабілеттері дамытылса, екінші жағынан, ән салған кездегі дауыс аппаратының іс-қимылы немесе музыкалық-ырғақтық қозғалыстар жасау сияқты еңбек процестері жүріп жатады. Бұндай іс-әрекеттер өз кезегінде оқушылардьщ ынта-ықыласымен еңбектенуін, тәіртіптілігін, іске деген жауапкершілікті қарым-қатынасын талап етеді, әрі тиянақтылықпен еңбек ету іскерліктерін қалыптастырады.

Ән салу, музыкалық шығармаларды түрлі аспаптарда орындау физиологиялық процесс болғандықтан, балалардың дене тәрбиесіне, денсаулығына жағымды ықпалын тигізеді. Осындай іс-әрекетпен жүйелі түрде шұғылдану өкпедегі оттегі алмасуын белсендіріп, дауыс аппаратының, дем алу органдарының шымыр да, икемді жетілуіне, жалпы денсаулығының жақсы болуын қамтамасыз етеді. Ән салу, музыка тыңдау адамның тонусын, яғни жүйке жүйесі мен бұлшық еттерінің физиологиялық жағдайдағы күш-қуатын арттырады. Отырып немесе түрегеп ән салу процесінде дене бітімін, басты, қолдарды дұрыс ұстауға дағдыландыру сияқты талаптардың қойылуы балалардың дене қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Музыкалық есту қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі түрде жүргізілетін жаттығулардың да мәні зор. Ондай жаттығулар жасау барысында оқушылар тек дыбыстардың биіктігі мен ұзақтығын, тембрін, күшін бір мезгілде немесе бір ізділікпен сабақтаса естілетін дыбыстар кешендерін ажырату қабілеттерін иеленеді. Сөйтіп, есту рецепторларының қызметі белсендіріледі.

Басқа да өнер түрлері сияқты музыка - танымдық процестерді белсендіру құралы. Музыкалық шығармаларды тыңдау, ойнап үйрену, орындау барысында оқушылардың өмір тәжірибесі байытылады, болмысты байыптау өресі кеңейеді, ойлау процестері жеделдетіледі. Музыкамен қарым-қатынаста болу әуен-саздың өзара байланысын, мәнерін, бірізділіктегі құрылымын (әуенді образды қабылдау), олардың кешенділігін (тембр мен гармонияның мәнерлілігін қабылдау), сонымен қатар шығарманың түрлі фактураларының айырмашылықтарын (гомофония, полифония) танып білуге көмектеседі. Оқушылардың музыкалық іс-әрекеттерінде дамитын ойлаудың осы сферасы олардың болмысты тануына көмектеседі, дүниетанымын кеңейтеді, ақыл-ой қабілеттерін жетілдіреді. Қиялдың, фантазияның дамуы – тәлім-тәрбиенің маңызды жақтарының бірі. Осы ретте бала қиялын шарықтатып, арман-мақсатының ересін биіктетуде, шығармашылыққа жетелеуде музыканың маңызы зор. Педагогика - жалпы және арнайы білім беру саласында теориялық, практикалық іс-әрекеттің негізі болып табылатын білім берудің мазмұны, формасы мен әдістері туралы ғылым. Осыған сәйкес белгілі бір білім саласы бойынша педагогикалық проблемаларды зерттейтін музыкалық білім беру педагогикасы сияқты бөлімдерінің болуы заңды құбылыс.

«Музыкалық білім беру педагогикасы» ұғымы - көптен бері қолданылып келе жатқан ұғым. Бұл ұғым көпшілікке музыкалық тәрбие беру саласында, соның ішінде білім мазмұны мен оқытудың әдістемесі белгілі бір педагогикалық жүйені құрайтын және сол музыканың өзі тәрбие құралы ретінде саналатын жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәніне байланысты қолданылады. Сонымен бірге музыкалық білім беру педагогикасы түрлі типтегі музыкалық оқу орындарында (балалар музыка мектебі, балалар өнер мектебі, балалардың хор студиясы және т.б.) жүзеге асырылатын бастауыш музыкалық білім беру және осы саланың бірден-бір күрделі әрі маңызды сатысы колледждер мен консерваторияларда кәсіби музыкалық білім беру мәселелерін қарастырады. Кез келген ғылым саласы сияқты, музыкалық білім беру педагогикасы әдіснамалық негіздерге сүйенеді. Табиғаттың, адамның, қоғамның, танымның даму заңдылықтары философияның заңдылықтарына негізделеді. Сондықтан ұзақ жылдар философияның аясында өркендеген және өркендеу үстіндегі педагогиканың бір саласы - музыкалық білім беру педагогикасы да философиялық тұжырымдардың негізінде дамиды.

Музыкалық білім беру педагогикасы қоғамдық құбылыс ретінде музыкалық тәрбие заңдылықтарын, қоғамдық өмірдегі музыкалық тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Сондықтан музыкалық білім беру педагогикасы - балалар мен жастардың ғана емес, үлкендердің де тәрбиесі жайлы ғылым.

Музыкалық білім беру педагогикасының пәні мен міндеттерін толық түсіну үшін ең алдымен негізгі ұғымдарын қарастыру қажет.

Музыканы оқыту - екі жақты процесс. Бұл музыкалық білім мазмұнын меңгертуге бағытталган оқытушы мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылып, мақсатты бағытталған өзара әрекеттестігі. Музыкалық білім беру педагогикасы - тарихи құндылықтарды зерттеу, жинақтау, жеткізуге деген қоғам қажеттіктерінен пайда болған ғылым. Музыканы оқытудың негізін музыкалық білім, іскерлік, дағдылар, дүниетанымдық көзқарастар құрайды.

Музыкалық білім беру - арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінде немесе өз бетімен білім алу арқылы білім, іскерлік, дағдылар жүйесін меңгерту ретінде қарастырылады. Білім, іскерлік, дағдылар жиынтығы музыкалық білімділік мазмұнын құрай келе, кәсіби салада (сазгерлік, орындаушылық, оқытушылық, музыканы зерттеу және т.б.) немесе музыкамен әуесқой ретінде өз бетімен шұғылдану әрекеттерін жүзеге асыруға көмектеседі.

Меңгертілген музыкалық білім көлеміне сәйкес бастауыш, орта және жоғары білім, ал сипаты мен бағыттылығына қарай жалпы музыкалық білім, кәсіптік музыкалық білім деп бөлінеді.

Қайсыбір ғылым саласы сияқты музыкалық білім беру педагогикасы ғылыми-теориялық, практикалық және болжау функцияларын атқарады. Музыкалық білім беру педагогикасының мазмұны маңызды деген ғылыми педагогикалық идеяларға (білім беруді ізгілендіру, ынтымақтастық педагогикасы, оқытудың өмірмен байланыстылығы және т.б.) ғылыми теорияларға (дамыта оқыту теориясы, білім мазмұнын сұрыптау теориясы, тәрбие жүйесі теориясы және т.б.) сүйенеді. Музыкалық білім беру педагогикасын теориялық және қолданбалы ғылым ретінде сипаттауға болады. Өйткені ол, бір жағынан, педагогикалық құбылыстарды баяндап түсіндірсе, екінші жағынан, музыкалық білім берудің міндеттерін шешуге бағытталған қалай оқыту және тәрбиелеу жолдарын қарастырады. Музыкалық білім беру педагогикасы теориялық жағынан дами отырып, музыкалық білім беру бойынша оқу-тәрбие процесін жетілдіруді көздейді. Оған озық педагогикалық тәжірибенің, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларының мектеп практикасына ендірілуі мысал бола алады. Музыкалық білім беру педагогикасына болжам жасау функциясы қоғамның дамуының, мәдениет пен экономиканың, музыкалық білім беру саласындағы ғылыми-мәдени жетістіктердің даму тенденцияларына талдау жасау негізінде музыкалық білім берудің болашағын жобалауда көрініс береді. Болжамныңобъектісі - ғылыми теориялар қалыптасқан жағдайда оны болашақтағы практикалық іс-әрекеттерде қолдану жолдарының үлгісінің жасалуы.

Осы тұрғыдан алғанда, музыкалық педагогиканын ғылым саласы ретінде музыкалық тәлім-тәрбиеге байланысты педагогикалық және қоғамдық іс-әрекеттің түрлі жақтарын қарастыруы оның зерттеу мақсаты болып табылады. Музыкалық білім беру педагогикасын ғылым ретінде қарастыру қайсыбір ғылым саласын сипаттайтын факторларды анықтап алуды қажет етеді.

1. Музыкалық білім беру педагогикасы - ғылым саласы, оның пәні - музыкалық білім беру.

2. Музыкалық білім беру педагогикасының зерттеу объектісі -оқушы, музыка пәні мұғалімі, кәсіби сазгер.

3. Музыкалық білім беру педагогикасы музыкалық білім беру мен — тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді. Ол түрлі фактілерді жинақтап, қорытады, музыкалық-педагогикалық құбыластардың себеп-салдарлық байланыстарын анықтайды, музыкалық білім беру мен тәрбиелеу ісінің болашағын болжайды.

4. Музыкалық білім беру педагогикасы өз пәнін зерттеуде жалпы педагогикалық және арнайы зерттеу әдістерін (бақылау, әңгімелеу, эксперимент және т.б.) қолданады.

5. Қайсыбір ғылым саласы сияқты музыкалық білім беру педагогикасына қатысты негізгі категориялар (музыкалық тәрбие, музыканы оқыту, музыкалық білім беру) қалыптасқан.

Бүгінгі таңда республикамызда болып жатқан түрлі әлеуметтік-экономикалық процестерде халықтың ұлттық сезімін оятады, тарихи мұраға аялы көзқарасты қалыптастыруды, жалпы адами сипаттағы факторларды дамытуды, жеткіншектерді ұлттық және жоғарғы музыка өнері арқылы партиоттыққа тәрбиелеу жұмыстарын жаңартуды талап етеді.

Бүгінгі таңдағы балалар музыка мектебі әрбір мәдениет өкілдерінің балалары өз халқының мәдениетін меңгерумен бірге басқа халықтардың да музыка мектебінде мәдениеттік рухани азық алатын мекеме. Оқушылар әрбір мәдениеттің өкілдері бар қоғамда өмір сүретін болғандықтан, оларға барлық халықтардың музыка өнерінде көрініс алған, жалпы адамзаттық құндылықтардың негізінде де қарым-қатынас тәжірибесі қажет. Ал оқушылар болса әртүрлі ұлттардың балалары қарым-қатынаста болатын мектептердің өзіндік ерекшелігін ескере бермейді, ал оқу-тәрбие процесі ұйымдастыруда этикалық-педагогикалық қателар жібермейді, осыған байланысты оқушылар тарапынан оларға силастық азаяды, ал, бұл болса оқу әрекетінде жағымды себептердің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Бұл жерде музыка мектептерінің мұғалімдерін ұлттық психологиямен оның ерекшеліктерін ескерумен бірге, кіші жас оқушылардың да эстетикалы, психологиялық және әлеуметтік даму ерекшеліктерін ескеруі қажет.

Жеткіншектердің музыкалық дамуындағы нақты міндеттерді шешуге қолайлы ерекшеліктерді әрбір педагог музыкан басшылыққа алу тиіс.

1. Музыка мектебі оқушының қоғам құбылыстарын дұрыс қабылдап, ой шегінен өткізуге даяр болуы, мұғалімнің сөзіне сенімді көзқарасы.

2. Оқушының өзінің дербестікке және де тәелсіздікке ұмтылысы.

3. Оқушының өзіндік санасының қарқынды өсуі.

4. Жеткіншектің музыка шығармаларына әсерленуі, белсенділігі.

5. Өнер туындыларының көркемділік идеясын түсінуі.

Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарындағы музыка сабақтары – білім мен тәрбие беру не ісіндегі маңызды саланың бірі.

Мектепте жүргізілетін музыка пәні қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін танып бюілудегі ой-өрісін байытып, дүниетанымын кеңейтеді.

Кез келген сабақтың мазмұнды өтуі оның негізгі тірегі оқу бағдарламасы екені белгілі.

Қоғамда болып жатқан түбегейлі өгерістер, халқымыздың ұлттық сана-сезімінің өсіп өркендеуі кезінде жаңа оқулықтар жасау қажеттілігі туындайды. Қ.Р. Білім мен ғылым министрлері бекіткен бағдарламаның негізінде болашақ ұрпақтарға білім беретін оқулықтар даярлана бастады.

Музыка пәнінің оқулығы – бастауыш сынып оқушыларының музыка жөнінде түсінігін кеңейтіп, бағдарлама көлеміндегі білімін толық меңгерту міндетін орындайды. Білім жүйесі негізінде даярланған оқулық көп жалғы ғылыми ізденістерді бақылаудың практикалық тәжірибесінің нәтижесінде дүниеге келген.

Музыка – оңай мамандық емес, көп еңбекті қажет етеді. Қабілет болу істің басы. Музыка арқылы эстетикалық тәрбие беріп қоршаған ортаны, адам сезімін, түрлі ойды, көркем дыбыстар арқылы жеткізе алады. Студенттің сабаққа зор ықылас қоюы – ең алдымен мұғалімнің оқу шеберлігіне байланысты. Сабақты қызықты өткізу үшін студентке өз ойын толық жеткізу үшін оқушының сабақ беру әдісі студенттің ой-өрісіне сай болуы керек.

Студент – болашақ оқытушы, орындаушы музыкант. Сондықтан оның алғаш үйрену кезінен бастап шырармаларды тыңдау, нотамен ойнау, түрлі жаттығулар мен қажетті дағдыларды қалыптастыру сияқты өз бетінше жұмыс жасап үйренуіне жағдай жасап, көңіл блген жөн музыка мамандығы – артық қабілет пен ауыр еңбекті талап ететін мамандық.

Тұлға дамуындағы өнердің орны, музыка – тұлға мағынасын білдіретін арна. Жастардың субмәдениеті және музыкалық өнер, балалардың музыкаға құштарлығы – уақыт. Оқыту, тәрбиелеу, дамыту бірлігі ретіндегі музыкалық өнер. Тұлғаның музыкалық мәдениетін қалыптастырудағы музыкалық білім. Оқушылар тұлғасының психологиялық қасиеттерінің ерекешеліктерін ескере отырып, мінез-құлық пен қарым-қатынас нормаларын меңгеруде адамгершілік түсінігін, музыкалық талғамын, ұғымын, пікірін, бағалауын жэәне өзін-өзі бағалауын қалыптастыру. Оқушылардың жас ерекшеліктерін (іс-әрекет себептер, танымдық және шығармашылық үрдістер) ескере отырып, музыкалық білімнің мазмұны мен үрдісін ұйымдастыру. Оқушыларға музыкалық білім беруде рухани музыка мен фольклордың ролін күшейту. Музыка және қазіргі жастар: өмірлік белсенді ұстанымы, көзқарасының көріну өрісі ретінде жас ұрпақтың көркемдік талғамы мен қызығушылығындағы байыпты, жеңіл, классикалық, халық музыкасы. Оқушылардың музыкалық білім мәдениетін қалыптастыруда қоршаған ортаның ролі (мектеп, жанұя, достар ортасы және т.б.)

Өздік жұмыстар мен тапсырмалар:


  1. Сіз дүниежүзілік музыкалық білім дамуының болашағын қалай елестесіз?

  2. Мектептегі музыка бағдарламасындағы репертуарындағы шығармаларды қандай өзгерістер болды?

  3. Кейінгі жылдары музыкалық өнердегі фольклорға, рухани музыкаға ерекше қызығушылықтың болцы немен түсіндіріледі?

  4. Музыкалық білімнің шығу тарихының мазмұны неде?

  5. Оның тәрбиелік мазмұны

  6. Музыкалық білім берудің тарихы бойынша реферат орындау


Қолданылған әдебиеттер:


    1. «Музыка әлемі» №4 (12) 2005, №6 (9) 2007.

    2. Музыкалық әдістеме 5-сынып бойынша, 1997, Атамұра баспасы.

    3. Ән-күй сапары А.Қ. Жұбанов. Алматы 1976.

    4. Музыка. А. Жайымов, Б. Ысқақов, Ж. Еңсепов, Ж. Сәрсенбенов.

Алматы. Атамұра. 2000. 5-сынып.

    1. Р.Қ. Дүйсембинова «Музыкалық білім беру педогогикасы».- Талдықорған, 2006 ж.

    2. Таубалдиева.Ж.Ш «Мектептегі музыкаға тәрбиелеу әдістемесі».- Алматы, 2002 ж.

    3. Мектептегі «Музыка» пәнінің оқушыларына арналған методикалық нұсқау. А.Байментаева.- Алматы, 1985 ж.

    4. Ғизатов.Б «Мектептегі музыка сабағы. Музыка сауаты, ән үйрету, музыка тыңдау». Методикалық көмекші құрал.- Алматы, 1962 ж.


ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТӘЖІРБИЕЛЕРІНДЕГІ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ
5-6 Тақырыбы: Қазақстандағы музыкалық тәрбие.
Жоспары:

  1. Құрманғазы шығармашылқытарының ықпалы мен маңызы

  2. Дәулеткерей шығармашылқытарының ықпалы мен маңызы

  3. Тәттімбет шығармашылқытарының ықпалы мен маңызы

Қазақстан музыкалық өнердің дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет және т.б. ұлы композиторлардың шығармашылығының мазмұны мен маңызы өте зор.

Қазақ қоғамының тапқа жіктелуі күшейген кезде еңбекші халықтың арман – мүддесін, ілгері ұмтылысын бейнелеген музыкалық өнері демократиялық мазмұнымен толыға түсті. Бұл – атақ-даңқы байтақ далаға тараған халық музыканттарының орындаушылық шебері шарықтауға шегіне жеткен және аса үздік, дарынды профессионал әнші – компазиторлар мен күйші компазиторлар өмір сүрген олардың творчествосын дәуірлеген кез еді. Өздерінің үздік дарын – талантымен өз заманының қайшылықтарын дөп түсінген. Тыңдаушылардың әлеуметтік жіне эстетикалық талпталғанымен нәзік сезінген халық компазиторлары көркемдік мәнері бай, әр қайсысы өзіндік дербес стильді шығармалар тудырды. Бұл шығармалар жаңа соңғы қағамда өмір сүрген қазақ халқының советтік музыкалық мәдениетін қалыптастырған класикалық халық музықасының негізі болды.

Аспаптық музыка Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы, Сарыммалай, Дайрабай, Байсерке Қылышұлы, Қазанғап Тілепбергенұлы, Есбай т.б. халық компазиторларының творчествосы мен орындаушылық өнерінде ең жоғары сатыға көтерілді.

а) Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-89ж., құлпы тасында 1806-1879) Бөкей ордасында қарасты жерде кедей шаруаның семьясында туып өскен. Ол – күйші-компазитор. Әрі асқан домбырашы, халық музыкасындағы аспаптық музыканың классигі. Ол өз творчествосында халықтың күнделікті тұрмысын, азаматтық үшін күресін, асыл арманын бейнеледі, туған жердің табиғатын асқақ шабытпен жыр етті. Біздің заманымызға Құрманғазының 60 тан астам күйлері («Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай», «Ақба», «Көбік шашқан», «Серпер» т.б.) жетті, оның көпшілігі көркемдік мәнері және мазмұнының алуан қырымен назар аударады. Компазитор күйлерінің өмір туралы философиялық терең тебіреністер талғаулар, «бүлікшіл» жаның құйынды екпіні мен нәзік махаббат лирикасы, сондай-ақ халық ойынтайының салтанатты, көріністері де өз өренгін тапты. Сондықтанда Құраманғазының көптеген күйлері де («Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Алатау» т.б.) өмірбаяндық сипатта келеді. Оның күйлерінде әлеуметтік тақырып, әлеуметтіп бағыт, өмір шындығы шынайы суреттеледі.

ә) ХІХ ғ. өмір сүрген аса көрнекті халық компазиторларының бірі домбырашы күйлеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887) Каспий теңізінің жағалауында бай самьяда туған. Оның 40 шақты күйі («Қыз Ақжелең», «Желдірме», «Құдаша», «Қосалқа», «Мұңды қыз» т.б.) сақталған. Компазитор күйлерінің бәрі де жарқын мәнерлі образы мен лирикалық сазымен назар аударады. Форма мүсінділігі, көркемділік, терең мазмұн, күрделі психологизм стиль бірлігі - Дәулеткерей күйлеріне тән қасиет. Дәулеткерейдің «Жігер» күйінде патетикалы тебіреніс байқалса, «Бұлбұл», «Керілме» күйлерінде табиғат әсерінен туған көңіл күй терең сезбей аңғарылады.

б) Тәттімбет Қазанғапұлының (1815-1862) творчествосы халықтың аспаптық музыкасына қосылған өлкен үлес балды. Ол – шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Орта шаруа семьясында туған Тәттімбеттің әр түрлі тақырыпты қамтитын 40 астам күйлері бар. Ол – «Қос басар, «Сары өзен», «Сары жаулар», «Теріс-қақпай», «Сылқылдақ», «Былқылдақ», «Көкейкесте», «Сал қоңыр», «Бес төре» т.б. күйлердің авторы. Тәттімбет тек күйші-компазитор, шебер орындаушы-домбырашы ғана емес, сөзге ұста, шешен, шыншыл, әділетті көксеген ақын сері адам болған. Реті келгенде байманаптарды өткір тілімен мінеп отырған. Компазитор «Бес төре» күйін халықты қыспаққа алып, жәбірлеп отырған төрелерге арнап шығарады.

Солардың ішіндегі біздің тақырыбымыздың негізгі бөлігі - қазақтың ХІХ ғасырдағы аса көрнекті халық компазиторларының бірі, қазақтың музыкалық тәрбиесін қалаушылар – Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет. Жасынан жоқшылық көріп өскен жалшының баласы Құрманғазы қазақ ауылындағы таптық қайшылықтардың жігін ерте ажырата бастады. Құрманғазы туындыларының өзегі де осы еңбекші бұқараның бай-феодалға, үстемтапқа, ауыл ұлылықтарына қарсы күресі болды. Бұл қылығы үшін ол «Ақ патшаның» қырдағы итшаршыларынан өмір бойы қуғын көрді. Алайда Құрманғазы өзін «Жалғызбын» деген жоқ, өйткені оның өнері шын мәнінде бұқарашыл еді, қазақ халқының арман тілегімен мұң шерін қозғаған туындылардан тұрады. Оның ең тұңғыш шығармаларының бірі – «Кішкентай» күйі Исатай Тайманов бастаған халық көтерілісіне бағышталды.

Ал, «Сарыарқа», «Көбікшашқан» күйлері қиын-қыстау кезеңдердің өзінде жауына басын имеген, бір сәт қайыспаған батыр халықтың бейнесін суреттейтін кең тынысты көркем туындылар болып табылады. Бұл күйлерде халық қасиеттері кеңінен сипатталады. Құрманғазы «Сарыарқасы» - перзентінің сезімтал жүрегінен жарып шыққан халықтың өз үні, кең-жазира қазақ даласының табиғи әуені.

«Сарыарқа» - Құрманғазы творчествосының шарықтау шыңы. Майталман муреткер «Сарыарқа» күйін шерткенде өз кезеңіне, өз дәуірінің рухына сай дыбыс өрнегін тапқан. Күй құйғыта шапқан аттың жеңіс жырының жауынгерлік екпінімен басталады.

Тыңдаушысын салған жерден баурап әкететін күй қуаты. Компазитордың қиял хатының пәрменділігін танытады.

Ұлы күйші, дарынды композитор - Құрманғазы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Жиделі деген жерде 1816-18 жылдар шамасында туды. Әкесі — Сағырбай он екі ата Байұлының ішіндегі Қызылқұрт руынан шыққан, бүкіл өмірін байлардың малын бағумен өткізген адам. Құрманғазының кішкентайынан домбыра үні естілсе бәрін ұмытатын музыка құмарлығы әкесі Сағырбайға ұнай қоймады. Домбырасын үкілеп ел кезіп жүретін сал-серілерге ілесіп, әсіре қызыл «әуесті» болып кете ме деп іштей уәйімдейтін. Содан ба тілі шығар шықпастан домбыра шанағына жармасқан баласын адал еңбекке бейімдеуге ұмтылды.

Отызыншы жылдардың аяғында Құрманғазының алғашқы творчестволық дәуіріне жататын күйінің бірі «Кішкентай» дегенге келеді. Ол күйді Құрманғазы «кішкене інісінің үлкен ағасы Исатайға арнауы» депті. Күйдің «Кішкентай» атанып кеткен себебі осы болса керек. Өйткені «Кішкентайдың» сырттай көлемі де мазмұны да, техникалық дәрежесі де терең, күрделі күй. Тіпті бұл күйдің жоғары деңгейлі шығарма екендігін тани отырып Құрманғазының кейініректегі творчестволық белестерінің біріне жатқызуға болар еді.

Құрманғазы күйлерінің хронологиялық тәртібін (шығару мезгілдері тәртібі есебінде) дәлме-дәл көрсетіп отыру мүмкін емес. Ол үшін композитордың қағазға түскен толық өмірбаяны біздің қолымызда жоқ. Бірақ шәкірттерінің жолын қуған домбырашылардың, күйшіні кезімен көріп әңгімелескен қарттардың айтулары бойынша осы бір алғашқы кезеңге жататын күйдің бірі «Балбырауын» болса керек, ррындап бергең адамның айтуынша «Балбырауын» жастардың ойын-сауығына арналған шығарма. Күйдің музыкалық кейіпіне қарағанда онда бидің негізі де бар сияқты. «Балбырауын» жігерлі өмір жырын жырлайтын, көктем желіндей көңілді оптимистік шығарма деп баға беруге болады.

Күйшінің осы шамаға соғатын шығармасының бірі «Бас Ақжелең». Хиуада болған қазақ, өзбек, түрікмендердің үлкен бір мәжілісінде көптеген күйші, дутаршылардың жарыс тартыстары болады. Сонда «Бас Ақжелеңді» Құрманғазы күйі деп Лекер деген домбырашы тартады да, одан Өскенбай домбырашы алады, кейін Маңғыстауға жаяды. Бұл күйдің де белгілі программасы айтылмайды, қандай жағдайда шыққаны жөнінде ешбір дерек жоқ. Адай төңірегіндегі домбыра тартыстың түрінен бе, бұл «Ақжелеңнің» орындалу түрі басқалардан өзгеше, бірақ Ақжелеңдерге тән көңілді, жүрдектік, жинақылық мұнда да бар.

Құрманғазы бұл кездерде Бөкей хандығының шеңберінде қала алмайтынына көзі жетіп, Жайықтың шығыс жақ бетіне өтуге бел байлайды. Күндердің бір күндерінде Үстіртке келіп оның көтерілер жердегі құзқиясын көріп тамаша етеді. «Қара-түйе - Манатаның» жоғары қарасаң бөркің түсетін, төмен қарасаң басың айналатын жартас құздарын басып етіп, Үстірттің текше тегіс үстіке шығады. Асулардың дыбысы мен жаңғырықтары деп, «Маната» күйін шығарады. «Қаратүйе — Манатаны» жылдар бойы садақаға шалған мал етінің исі мен жерошақтың түтіні ғана шалса, Құрманғазы толғанысы-нан шыққан күйдің сиқырлы үндері енді оның құздарын шалып өтіп, шың қуалап кетеді. Бірінші рет езінің туып өскен жерінен кетіп. «жасанды шекара» болса да Жайықтан өтіп, Үстірт сияқты жер шоқтығына» көтеріліп отырғанын жәй жиһан-кездік деп ұқпай, осы бір асумен әмірдің жаңа бір белесіне қадам басқандай толғаныста болған күйші рухани биікке өрмелеп бара жатқандай ой теңізіне жүзген тәрізді.

Құрманғазының «Адай» шыққан кезеңіндегі күйінің бірі «Серпер» — қаншама иілтсе де, қаншама еңсесін басса да сынбайтын, мойымайтын, қайта серпіп бұрынғы қалпына келе беретін болаттай берік, халықтың қайыспас күшіне, қайтпас ерлігіне арналған шығарма. Образдық жағын алсақ, мұнда: «Қайтпаған қалың жаудан Құрманғазы, тағдырдың бөгелмейді дырауына» де-ген сияқты, өзін халықтың бір мүшесі, күш иесі деп қарағандай ұғым бар. Бір әңгімеде Құрманғазы жоғарыда айтылған адайдан қайтқан сапарында өзі жүйрік, жүрісі де әсем аттың үстінде көңілді келе жатып күреске беттеген өз ойын суреттей шығарыпты. Атының серпіп тастап отыратын жүрісін образға алып, жігітте күш те осындай болу керек, жорытқанда белі берік тұлпардай қайыспайтын болу керек деп шығарған екен дейді.

Құрманғазының «Төремұрат» деген күйі «Төремұраттың» аулына жау тиіп, сол түнде үлкен ерлік көрсеткен батырдың іс-қимылына риза болып шығарған күйі деседі. Кей жерлерде ол күйді «Қыз Данайдың қырғыны» деп те тартады. Бірақ күйдің өзі сол біз білетін "Төремұрат" күйі Құрманғазы осы сапарынан қайтып келе жатып, шөлдеп, тілі аузына сыймай, бір жалғыз отырған қараша үйге келеді. Үй ішінде бір бой жеткен қыз бар екен. Ол тез шәй қайнатып, үй айналасында жүрген жалғыз сауулы інгеннің сүтін құйып: «барым әзір, жоқ жәй» деп Құрманғазыға сый көрсетеді. Күйші әбден шөлін басып, көңілденіп, қызға қарап әрі бері отырады да, қолына домбырасын алып күй шертеді. Қыз ықыласпен тыңдайды. Күй біткесін қыз тұрып: "Рахмет, күйіңіз аса ұнады. Сіз кім боласыз?» — деп сұрайды. Сонда Құрманғазы аты-жөнін айтып: «Шырағым, сенің бүгінгі шәйің жәй шәй емес, құйған сүтің де жәй сүт емес маған бұл берген асың балқаймақ сияқты тәтті болды. Сондықтан мына күйді саған арнап тартып едім. Күйдің аты «Балқаймақ» — депті дейді. Сөйтіп Құрманғазының бұл сапарынан «Балқаймақ» күйі туады. Бұл аттас күй басқа авторлардың қолдарынан да шыққан, бірақ олардың әрқайсысы өзінше тартылады.

Құрманғазы өзінің күй шығарудағы қадамын осылай бастады. Творчестволық қанатын осы айтылғандай қоғамдық үлкен мәңгі бар оқиғаны суреттеу бағытына қарай қақты. Құрманғазының осы дәуір күйлерінің бірі «Ұзақ Ақжелең». Олай дей-тініміз, Дина бір әңгімесінде: "Ұзақ асқан орындаушы болды, бірақ өз жа-нынан күй шығарған емес, мына Ақжелең Құрекеңнің Ұзақ ұстазына арнаған өз күйі» — деген болатын. Күйдің ауызда жүрген белгілі программасы жоқ. Музыкасының ауанына қарағанда бұл күй бір шабыт келген кездің «көңіл үні» болуы керек. Өзін біржолата күй жолына бұруға себепші болған Ұзаққа, шәкіртінің «Рахмет» күйі деуге болар еді.

Құрманғазы бір жолында Еділ саласындағы көп тарам судың біріне тіреліп, пароммен өтуге тура келеді. Онда ат-арбасымен тұрған бір шаруаның қатарына әйелімен урядник келіп қалады. Бір кезде ат қозғалып кетіп, арбаның тертесі урядниктің әйелін қағып кетеді. Урядник ашуланып, шаруаны сабағысы келіп қоқырақтайды. Айқай шу шығарып, паромды басына көтереді. Сол кезде Құрманғазы оған қарап, өзінің айбатты үнімен арыстандай ақырып селт еткізеді де, орнына отырып домбыра тартады. Урядниктің айқайы басылып екі көзі күйшіде болып, тыңдайды. Күй біткен кезде паромдағы жұрт: «Құреке, бұл не деген күйіңіз?» деп сұрағанда, ол «бұл анау ұрыншақ урядникке «Не кричи, не шуми!» деп тартқан күйім» дейді. Сонымен бұл күй «Не кричи, не шуми!» атанып кетеді.

Құрманғазы Орынбор түрмесінде жатқанда бір күні генерал-губернатор Перовский шақырып алады. Ол Құрманғазыға домбыра тарттырады. Бірнеше күй тартып келіп Құрманғазы аяғында бір күйді өзгеше тартады. Музыкадан төбесі тесік генерал: «Мына соңғы тартқаның күй емес қой, ол не еді?» деп сұрайды. Сонда Құрманғазы «Ол марш еді» деп жауап береді. Перовскийдің алдында тартылған себепті бұл марш «Перовский марш» атанып кетеді. «Перовский марш» шын мағынасында марш екпіні мен өлшеуінде шыққан. Форма жағынан да маршқа дәлме-дәл келеді.

Аңыз бойынша Перовский осыдан кейін Құрманғазыны түрмеден босатуға жарлық беріпті мыс. Басқа жорамал бойынша Құрманғазы түрмеден қашып кетеді. Осы сапарда ол тағы бірнеше күй шығарады.

Қүрманғазының бұл кезеңдегі шығарған күйлерінің ішіндегі ірілері: « Кісен ашқан », « Қызыл қайың »,« Машина».

«Кісен ашқан» басынан аяғына дейін орнықты, жәй екпінді күй. Әуенінің өткірлігі сай сүйегіңді сырқыратады. Әрине, онда кісенді кесіп Жатқан алмас араның құлағыңды жаратын дыбысы жоқ. Күйде аяғын кісен қыйған жан ауруы бар. Тіпті бір Құрманғазының емес, жалпы еңбекшінің аяқтары кісендеулідей ауыр жағдай суреті бар. Бұл психологиялық күй десек қателеспейміз. Бірақ ескере кететін нәрсе күйде мол трагедиямен қатар үлкен жігер мен халықтың үні бар.

«Қызыл қайың» аттас күй халық арасында көп кездеседі. Құрманғазының «Қызыл қайыңы» әрине, басқа ол аттас күйлерге ұқсамайды. Мұнда ана қойнындай жылы, халқының әр ұлын аялатқан жаратылыстың ұлы қойнының, ұлы панасының суреті бар. Шебер суреткер қайың образында туған жерінің өз ұлына деген жылылығын, аналығын көрсеткен.

Өмір қыспағымен Құрманғазы көптеген қалаларды көрді. Осы замандағыдай айта қалғандай болмағанымен, жеңіл-желпі болса да өндіріс орындарын, қаланың шуын көрді. Шамалы да болса техника көрді. Ауыл жағдайымен салыстырғанда Құрманғазы үшін ол үлкен жаңалық болды. Сезімді суреткер бір күні домбырасын алып осы бір жағдайларды да екі шектің бойына түсіргісі келді, күй шығарды. Күйдің атын «Машина» деп қойды. «Машина» күйін бірінші тыңдаған адамдар бірден ол күйдің осындай жағдайға арналып шыққанын сезіп, күйшінің шеберлігіне риза болды. Шынында «Машина» десе машина.

Көп күн жүріп Құрманғазы ауылына келгенде, оның алдынан тағы суық хабар кездеседі. Құрманғазы қашып кеткеннен кейін Орынбордан казак-орыстар шығып күйшінің жұбайы Әуесті емшектегі баласы Қазимен қоса алып кетеді. Құрман-ғазы бір байдың жылқысынан екі ат ұстап алып, әскерді қуып береді. Үш күн өткеннен кейін жылқышылар-дың сілтеуі бойынша бекініп жатқан әскердің үстінен шығады. Мылтықтарын бір-біріне сүйеп қойып, өздері қаннен қаперсіз ұйықтап жатыр екен. Айдық астын ала, екі атты бір сайға қосақтап тастап, шапан жамылып, баласын бауырына басып егіліп отырған Әуеске белгі береді. Солдаттардың сүйеулі тұрған бір мылтығын олжалап, сүйген жары Әуес пен кішкентай Қазиын атқа мінгестіріп қараңғыға сіңіп ғайып болады. Тұтқын әйелдің орнын сипап қалған солдаттар Орынборға келіп, Әуес қашып кетті, ен далада қасқыр жеп қойған болу керек, барар жері жоқ еді деп рапорт береді. Құрманғазы еліне келіп, баяғы еңбектеп бұғып барып Әуес пен Қазиды алып қашқанын айтып отырып «Бұқтым-бұқтым» деген күй шығарады. Бұл күй қалжың, мазақ сияқты көңілді шығарма. Домбырашылар да оны бір түрлі қағыспен тартады. Шектің үстінен баса қағып, саусақтың ұшын домбыраның бетіне тигізіп қояды. Домбырашылар оны «домбыра бұқтым-бұқтым деп сөйлеп тұр» дейді.

Құрманғазының «Назым» атты күйінің шығуы жөнінде де бірнеше түрлі аңыз бар. Оның бәрін бұл арада келтіріп жатпаймыз. Назым — қыздың аты. Сол қызды абайсызда нар інген теуіп, талып қалған қызды өлдіге жорып, ағайын-туғандар жылап-сықтап көмейін деп жатқанда Құрманғазы тап болып, қыздың тірі екенін айтып у-шуды басады. Кейін есін жиған қыз өзін құтқарған Құрманғазыны өмір бойы өз әкесіндей құрметтеп кеткен көрінеді. Бұл Назым қызға арналған күй.

Құрманғазы өмірінің соңғы кездерінде « Демалыс »,« Итог », атты күйлер шығарады. Бастан орыс сөздерін алуға бастартпайтын, күйлерінің атын «Каспий », « Не кричи, не шуми » деп беретін күйші, өзінің творчестволық қорытынды күйлерінің бірін «Итог» деп атайды. «Итогта» бұрынғыдай арпалыстың ноталары жоқ, тыныш-ыққа көшкен адамның жан кейіпі бар. Бірақ өмірін халықтың бақытына арнаған күреспен өткізген көп жасының босқа кетпегеніне өзіне-өзі дем беру, ризалық, халық алдында ар-ұяты таза адамның ақ пейілі бар десе болады.

Құрманғазы 1889 жылдар шамасында сол тұрған жері Сахмада қайтыс болды. Оның зираты Албасты төбе деген жерде. Ол төбе Шайтани батағасының қасында. Біреулер Құрманғазы Шайтанида өлді дейді. Бірақ оның айта қалғандай айырмасы жоқ. Шайтани мен Сахманның арасы дауыс естім жер.

Құрманғазының баласы Құбаш (інісі Байғазыдан басынан Құрманғазы асырап алып,өзінің баласы болып кеткен) біздің ғасырдың басында Астраханьнан біртас шабатын татарды алып келіп Құрманғазының басына құлпытас қойдырған. 1959 жылы Құрманғазы төбенің (осы күнде Албасты төбе осылай аталады) басындағы күйшінің зираты қайта оңдалып, оған биіктігі сегіз метрлік темір бетоннаң құйылған үлкен ескерткіш қойылды. Сол төбенің етегіндегі бұрын «Қызыл қазақ» атанып келген қолхозға Құрманғазының есімі берілді.

Құрманғазының күйлері біздің заманға оның шәкірттері, жолын қуған домбырашылар арқылы жетті. Күйшінің Дина, Мәмен, Көкбала, Сүгірәлі, Меңетай, Ерғали тағы сол сияқты көптеген шәкірттері болды. Ол шәкірттерінің шәкірттері болып, бірден бірге алып келіп біздің заманға Құрманғазының асыл күйлері жетті.

«Құрманғазы – музыкада сирек ұшырасатын пенде Ерег ол еуропа білімін алған болса, онда музыка әлемінің ең жарық жұлдызы болар еді», - деп Тараз Шевченконың досы Н. Совицев бекер жазған жоқ. Ол 1868 жылдың қыркүйек айында Құрманғазыға жолығып, оның домбырасын тыңдаған адам.

Құрманғазы ұлы мағынада алғанда, осы заманға сурет береді. Ол поэзиядағы Абай тәрізді, тағдырдың тәлкегіне мойымайтын, өз теңдігі үшін арыстандай алысып жүрген әрбір жанның қайраты мен қайсар тұлғасын жыр еткен суреткер.

Халық өмірінің алуан типті сыр-сипатын, қалың бұқараның жақын болашақ жолындағы күресін күй тілмен суреттеу үшін компазитор қазақтың қауқары шағын қара дүрсін домбырасының қоңыр үнінен жаңа бояу, бейтаныс бедер іздейді. Құрманғазының күй шығару және күй тарту өнеріндегі жаңашылдық ізденістреі осыдан басталады.

«Көбікшашқан» күйінде Құрманғазы қазақы перненің жүйісінен шығып кетеді. Орыс жұртымен көп араласқан күйшінің «Машина», «Перовский марш», «Не кричи, не шуши!», «Лаушкен» атты шығармаларынан әредік орыс интонациялары байқалады. Жоғарыдағы күйлердің атының өзі де Құрманғазының орыс мәдениетін тосырқамай қарағанын аңғартады.

Құрманғазы күйлері өмірдің ең көкейкесті құбылыстарын паш етеді. Күй музыкасы айқын да әуенді келеді. Күй программалары нақты, қалың көпшілікке түсінікті болады, тыңдаушысын бай сазымен, әсіресе, кербез нақышымен билеп алады. Осы себептен Құрманғазының күйлері халықтың асқан сүйіспеншілігіне бөленіп, ұрпақтан-ұрпаққа тарала келіп, бұгінде советтік қоғамның игілігне айналып отыр.

Архивтік және баспа жүзіндегі деректер бойынша Дәулеткерей 1820-21 жылдар шамасында туған. Өсіп-өнген жері Бөкей ордасындағы Қарамола атанатын ата қонысы. Әкесі Шғай басқа өнерден құр, жай ғана адам болады. Аз ғана жас жәгір ер жеткенше Бөкейден кейін қандық етеді. Бірақ ел билеу жұмысына не жаратылыстан алған бейімділігі, не жолдан қосылған білімі болмай, ол дәрежедер тез тайғанап түсті. Осы жағдайлардың бәрі де Дәулеткерейдің қолын халықпен араласуына біраз уақыттқа шейін бөгет болап келеді, жай бөгет емес, ол Дәулеткерейдің творчестволық жұмысына да әсер етеді. Белгілі мерзімге шейін Дәулеткерей күйлерінің тақырыптық, мазмұндық жақтары тереңдей алшай келеді.

Дәулеткерей Шығайұлы.

Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887)-қазақтың күйші композитор. Домбыра күйлерінде лирикалық бағыттың негізін салушы. Әкесі Шығай Нұрлыханов (Бөкейханның інісі) сұлтан болған. (1815). Дәулеткерей бала кезінен ағасы Меңдікерей Бөкейхановтың тәрбиесінде болды. Болашақ композитор халыққа деген көзқарасын қалыптастыруда Исатай мен Махамбет көтерілісі зор әсер етті. Дәулеткерей Бөкей ордасын басқару жөніндегі уақытша советтің председателі Г.В.Ващенкомен тығыз қарым-қатынаста болған. Дәулеткерей ноғай, серкеш, қызылқұрт руларына, кейін Бөкей ордасына сұлтан болды.

Орыс интеллигенциясымен жақын болып, Орынбор, Москва, Петербургке сапар шегуі, Дәулеткерей музыкалық тұрғыдан композиторлық талантын ұштай түсті.

Дәулеткерей 20 жылдары орындаушылық даңқы Ордаға ғана емес, шет елдеріне де жайылған. Қазақтың қара домбырасымен қатар орыстың балалайкысында, гитар, мандолинада шебер ойнаған.

Дәулеткерей алғашқы күй шығармаларының басталуы 40 жылдардың басы. Ең алғаш шығарған – «Ақжелең». Аңыз бойынша аң аулап жүріп Ноғайлының бұла өскен сұлу қызы домбыра тарту шеберлігімен, көріктілігімен көзге түскен Ақбала деген қазақ өнеріне таң қалып шығарған күйі. Бұл күйді қыз биі деп аталатын болады. Күй қазір 3 нұсқада орындалып жүр.

«Қосалқа» күйі Затаевичтің «1000 ән» жинақталып кірген. Затаевич сөзі бойынша «бұл күй әр ауыл мен рудан келіп, ала қотан отырып, ақсақалдар құрған кеңес суреті». «Қосалқа» музыка жүргенде сияқты басуға орай тербелген қос сырғаны еске түсіреді.

1938 ж. домбырамен Ғабдулман Матов хабарлаған Құрманғазы оркестіріне лайықтап түсірілген «Қосалқаның» 2 нұсқасы шықты. Сазгер күйінде қос алқаны теңселіп, қос шелекпен су алып келе жатқан сұлу қыздың әсем кейпі, құдық басына атын суғаруға келген жігіт екеуінің сөйлесуін суреттеген.

«Қоңыр» күйі. («Элегия» - Затаевич; дәл аты – «Қос ішек») Қоңыр екшек» күйі.

«Желдіреме» күйі – аттың жүрісін суреттейтін күй.

«Керілме» күйі – ерке қыздың жарыста қылығы.

«Ысқырма» күйі – жаяу серуенде шыққан күй.

«Жұмабике» - әлеуметтік мәні бар, қыз тағдыры жырлаған күй.

«Мұңды қыз» - бақыты үшін күрескен әйел тағдыры.

«Бұлбұл» - Дәулеткерей шығармашылығының ІІ кезеңіндегі ең үздік күйі.

«Азаттық жыры» тәріздес. Дәулеткерей өмірінің соңғы кезінде шыққан күйі – «Қарақожа» күйі. («Қара сопы») – салмағы еңсеңді езердей ауыр, тегеурінді музыка.

Дәулеткерей өзінің жиені, Қарауылқожадан туған Салық Бабажановтың мезгілсіз өліміне арналған «Салық өлген» күйі ерекше.

50 ж. Дәулеткерей әкімдік жұмыстан аулақ жүріп, енді уақытын ел аралап, сауық құрып, домбыра тартып, репертуарын байытуға жұмсайды.

Дәулеткерей Құрманғазымен кездегі музыкалық шығармашылығы әсер етті.

Дәулеткерей шығармашылығы ІІІ кезеңіндегі ең толысқан күйі – «Тартыс күй». Бұл күй бірнеше күнге созылатын қыз ұзату тойының аяғында қалыңдықты туыстары қыздарымен қоштасу мақсаты ойын – сауық ұйымдастырды «болыс үй» құрады. «Тартыс» деген салттық ойын ойналады.

Дәулеткерей – Бапас қазақтың аспаптық музыкалық лирикалық бағытынан басталды.

«Шалтық» күйі – 1968 – 1969 ж. Ресей отаршылдағы.

Халқының тағдырын ойлап, тебірілген үздік күйлері «Топан» мен «Жігер», философиялық деңгейге дейін көтерілді.

Қазақ тақырыбына арналған шығармалар өзге Баһас түркмен тақрыбына да күй-прафраздар шығармалар «Нар идірген», «Көрұғлы», «тәштит» күйлері жатады.Дәулеткерей талай (бізге жеткен 20шақты) күйлерді дүниеге әкеліп кемел шағында қайтыс болды. (1875;(1872))

Мұрасын жалғастырушы – замандасы Әлікей Бейсалиев, баласы Сауалаткерей, Мақар Жапаров, Науша Бөкейханов еді.

Дәулеткерей жас күнінен музыкаға бейім болады. Домбыраны сол өнерінің дәстүрі бойынша ерте ұстады. Әкесі «жастықтың мастығы шығар» деп біраз уақыт Дәулеткерейдің құмарлығына мән бермей келсе де, өнерпаздың күннен-күнге дейін үдеп бара жатқан ынтасы оны қауіптендіреді. Сол тұстағы халықтың басқа халық компазиторларынан Дәулеткерейдің ерекшелігі – ол жас басынан хат таныды. Қазақша хат тану үстіне аздап орысша да оқып, жетілдіріп жаза білмесе де, ауызша түсінуге қолы жетті. Ол жағдайдан кейін үлкен әсері болды.

Дәулеткерейдің бірінші күйлері 40 жылдардың басында шыққан деседі. Бірінші творчестволық кезеңіне жататын күйлері: «Қыз Ақжелең», «Қосалқа», «Керілме», «Желдірме» т.б. күйлері болса керек. Бұл күйлердің көпшілігі үлкен қоғамдық құбылыстар емес, жеке адамның басынан өтетін оқиғаларға арналған.

«Қыз Ақжелең» - қызға, «Қоңыр» күйі – көңіл күйі сияқты, «Желдірме» - аттың желіс жүрісіне, «Керілме» - кербез сұлулыққа, «Қос ішек» - домбыра тартудың кейбір техникалық жақтарына бағышталған. Бұл бір топ күйлер компазиторлардың алғашқы талабы, «ойын жолы», іздену кезеңі сияқы жеке адамның мінезін, қасиетіне арнау орыстың ұлы компазиторларында да жоқ емес. Музыкалық жағынан бұл күйлерге А. Затаевич ұлкен мән берді. Ол «Қоңыр» күйінен Эдвард Григтің музыкасының үндері естіледі дейді.

Екінші кезеңінің күйлері тақырыптық, мазмұндық жақтарынан өзгере түскенін көреміз. «Жұмабика», «Мұңды қыз» күйлері сол замандағы әйел тағдырына арналған. өте жылы, нәзік үнді музыка арқылы Дәулеткерей қыз арманын, оның заман тудырған ауыр халін баяндайды.

Осы жылдары шыққан «Бұлбұл» күйі жеке орын алады. Онда Дәулеткерей өзінің өсіп бара жатқандығын көрсетеді.

Дәулеткерейдің жүрегінен жарып шыққан күйініші сияқты шығармаларының бірі – «Салық Өлген» күйі. «Салық Өлген» күйін қазақша қаралы марш десе де болады. Күйдің музыкалық жағы аса терең сай-сүйегіңді сырқырататын үндері бар. Өмірге жаңа көзбен қарайтын, ілгері басқан, жақсылықты орыспен достықтан іздеген жас талапкердің жастай кеткені Дәулеткерейді тебіренткені болуы керек.

Дәулеткерей түркімен күйлеріне еліктеп күй-парафразалар да шығарды. «Көрғұлы», «Таштит», «Көнек шашқан» т.б. күйлері қазақ күйлернің қорынан орын алды. Біз осы жылы Дәулеткерейдің 36 күйін жинап баспаға бердік. Әрине, ол әлі бәрі емес. Күйшінің ел арасында жүрген шығармалары әлі де болу керек. Дәулеткерей 1875-1882 жылдар арасында қайтыс болады.

Тәттімбет күйінің нотаға түсіп, жарыққа шыға бастағанына бірқатар жылдар өтті. Күйшінің «Былқылдақ» атты шығармасы. Тәттімбет Қазанғапов 1818 жылдар шамасында Қарқаралы мен Мемей арасындағы бұрынғы жол үстінде «Машеке бұлағы» атанған бекет тұрған жерде туған. Қағазға жазылып қалған азаматтық акт болғанымен күйшінің жұрағаттары мен, немере, шөберелерінің талдағанда осы жорамал шындыққа келіп қалады. Тәттімбеттің үлкен баласы Мұсатай 1911 жылы 74 жасында қайтыс болған. Ал, Мұсатай әкесі өлгенде, 25 жігіт екен. Бұл айтылғандарға қосымша – Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралыда дуанбасы болып тұрғанында Тәттімбетпен әлденеше рет кездескені, Балта ақынмен айтырсқаны Шөжемен Тәттімбеттің дос болғаны, оның Сегізауызда болған Өскенбайдың асына көп жолдастарымен, қазақ салтын бұзып, тігілген үйге шейін жаяу түспей, атымен келгені жөнінде ел аузында көптеген аңыз қалса керек. Бұл жағдай Тәттімбетті Құнанбаймен тұтас балғандығын дәлелдейді.Тәттімбеттің арғы аталарында қарасөзге шеберлер көп болыпты да, өз әкесі Қазанқап жай, момын адам болса керек. Ал, Тәттімбеттің қай жастан домбыра тартып, кімнен күй үйренгені жайлы қазір біздің қолымызда мәліметтер жазылған емес. Тәттімбеттің «Тепетеңдік», «Қаражорға», «Бозайғыр» күйлері жақсы таралды.

Тәттімбет Қазанғапұлы – Қазақстанның орталық, шығыс, оңтүстік өңірінде кеңінен танылған. Шертпе күй өнеріндегі ең әрі көрнекті күйші –компазиторларының бірі. Тәттімбет ұлы күйші болумен бірге өз дәуіәрінің көкірек көзі ашық азаматы ретінде әлеуметтік өмірге өз көзқарасын білдіріп, музыка тілімен үн қатып отырған компазитор. Ол замандастары: Жантақ, Шөже, Кемпірбай, Біржансал, Жаяу Мұса, Жанай, Орынбай сияқты әнші ақындармен, Тоқа, Ықылас, Итаяқ, Шыңғыс, Шорманның Мұсасы сияқты игі жақсылармен тығыз қарым-қатынаста болған кісі.

Тәттімбет күйлері бүгінгі күнге атақты күйші Әбікен Қасенов орындауында жетті. Тәттімбеттің қазақ күй өнеріндегі шоқтығы биік: «Бес төре», «Былқылдақ» күйлерінің көптеген түп нұсқасы, «Қоянды», «Көкейкесті», «Майда Сары», «Сара қамыс», «Сары өзен», «Сары жайлау», «Сары атан», «Сылқылдақ», «Тепеңкөк», «Терісқақпай» сияқты т.б. көп күйлері ғасырлар бойына сан ұрпақтың таңдаулы рухани азығына айналып келеді.

Тәттімбеттің «Былқылдақ» күйңі «қызқты, ойнақы күй, ерекшелігі – жалғыз дауыстылығында, Пысаның орта жерінде жоғары көтеріліп, ақырында төмен түсетіні қажырлы, толқын тәрізді мелодия, ұшы қиры жоқ лентадай бұрала дамиды» - дейді.

«Сарыөзен» күйінде онша ат шабысы емес, үнемі бір нотада тұрып, тыным-тыныштықсыздықтағы «перпетум мебиль», - мәңгі қозғалыс судың ағатын әдемі-ақ сураттеледі. «Былқылда», «Қаражорға» күйлеріне қарағанда «Сарыжайлау» күнгей лирика күйі. Мұнда терең ойда, қиял теңізінде жүзген, алдынан үміт күнін күткен жанның суреті айтылады. Ауызша деректерге сүйенсек Тәттімбеттің күйлерінің көбін елге таратқа, ұзақ уақыт күйшінің қасына еріп жүрген 1911жылы 90 жасқа келіп өлген, әкесі бір, шешесі басқа інісі Жақсымбет деген кісі көрінеді. Бірақ жасы 70 келген кезде Қаратау жақтан келген бір қажаның «домбыра ұстау күнә болады» дегенімен ол күйшілікті мүлде қойып кетеді. Осының салдарынан Тәттімбеттің өз ауылында күйлері сақталып қалмаған. Тәттімбет тек домбырашы ғана емес, әрі әнші, әрі сөзге шешен болады. Бұған дәлел есебінде Омбы генерал-губернаторының алдында халық атынан біраз шақпа, шешендік әңгімелер айтады. Халық аспапты музыканыңбиік тұлғасы Тәттімбет бастаған Арқа мектебі өз алдына бір сала. Тәттімбет күйлері шертпе дәстүрінің классикалық үлгілеріне жатады.Оның күйлерінің желісі орталық Қазақстан өнер кенішіндегі ән сарындарымен тамырласып, көбінесе бір дауысты болып келеді де, ырғақтық өлшемдері әуеннің өзіндей еркін шалқиды. Ал күй жүйесінен тақырып қайырымын әрқалай түрлендірулер көркемдік – эстетикалық мақсаттағы қайталаулар орын алады. Тәттімбет күйлерін шерту тәсілдері әртүрлі, құбылмалы, ал композициялық қайталаулар шығармашылық даралық негізін құрайтын шеберлік үлгілерін танытады. Тәттімбат күй тарту мектебін даралап толықтырушы Арқада есімі Тәттімбетпен бірге аталатын арқалык күйшілердің бірі – Тоқа. Елдің ыстық ілтипатына ие болған Сайдалы сары Тоқа көптеген күйлер шығарған. Оның "Саржайлау", "Ерке қыз", "Белшешер", "Жалғыз ішек", Қос басар , "Төрт толғау" сынды көптеген күйлері бар. Бұл күйлер өзінің тақырыптық-көркемдік мазмұны жағынан эстетикалық талғамға сай терең ойлы, толғанысқа бай, сырлы да сазды.



Сондықтан да, қазақтың музыкасында Құрманғазының, Дәулеткерейдің Тәттімбеттің орны үлкен. Қазақстандағы музыкалық өнердің дамуына Құрманғазының, Дәулеткерейдің Тәттімбеттің шығаормашылықтарының ықпалы мен маңызы ерекше. Олардың күйлері Советтік Қазақстан компазиторларының көптеген шығармаларына енді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет